Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Терминдер

Туризм - бос уақыттағы адамның белсенді саяхаты, сапары, жорық жасап демалуы. Жеке тұлғалардың ұзақтығы жирма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты.

 

Турист - жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi мерзiм кезеңiнде уақытша болатын елдi (жердi) аралап көретiн және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнеп шығатын жеке тұлға.

 

Экскурсант - ол күндізгі уақытта, түнеуге қалмай бір жерге баратын (бір елге немесе тұрғылықты жерге) адам.

 

Туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;

 

Тур -белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір бағыт бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.

 

Туристік ресурс - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер.

 

Туристік операторлық әрекет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерінің туристік өнімдерін қалыптастыру, ұсыну және туристік агенттер мен туристерге өткізу жөніндегі қызметі.

 

Туристік агенттік әрекет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі қызметі.

 

Экскурсиялық әрекет - азаматтардың уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруін ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды.

 

Экскурсовод - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстар мен таныстыру жөніндегі туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты біліктілігі бар, кәсіби даярланған жеке тұлға.

 

Туристік инструктор - туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы.

 

Гид - туристерге уақытша келген елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсететін кәсіби даярланған жеке тұлға.

 

Туристік өнімді тарату - туристік қызмет көрсетуге бағытталған шаралар кешені (жарнама, арнаулы көрмелер мен жәрменкелерге қатысу, туристік өнімді өткізу жөніндегі туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату).

 

Туристік өнім - саяхат барысында туристтің қажетін қанағаттандыру үшін жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы.


<== предыдущая | следующая ==>
Искусство. вид духовно-практической деятельности, направленной на художественное осознание и эстетическое освоение мира | Зависимые выборки — выборки, состоящие из результатов одних и гех же испытуемых после двух или нескольких различных воздействий

Date: 2015-12-13; view: 2081; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию