Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Глосарий





Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекттік саяси – тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанмен ол кеңесші оргонға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, біріңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. Ол көбіне саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.

Авторитарлық партиялар – әдетте, дамып келе жатқан елдерде пайда болады және отаршылықа қарсы бағытталады. Олардың көбі ең алдымен өз елінің саяси және экономикалық тәуелсіздігі, әлеуметтік прогресі үшін күреседі. Өз әрекеттерінде көбінесе күшке сүйенеді.

Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау. Агрессия әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, басқа елдің жеріне әскер күшімен басып кірсе тура агрессияға,қарулы қарақшыларды пайдаланып немесе кеңесшілер жіберіп, материалдық-техникалық көмек көрсетіп және т.б. жасаса, жанама агрессияға жатады. Сондай-ақ агрессия жасаушы мемлекетке өз жерін пайдалануға беріп және т.с.с. арқылы агрессияға араласуы да мүмкін. Қарулы шабуылдың агрессиялығын БҰҰ-ның қәуіпсіздік кеңесі анықтайды.

Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.

Адам құқықтары – белгілі бір игілік алуда, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері. Олар, негізінен, 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған “Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында” көрсетілген.

Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін- еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (қоғамдық,кәсіби, шығармашылық ұйамдар, ассоцияциялар және т.б.) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылғантережелерге сай құқықтары сақталады.

Анархизм – жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін оргондарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен (құрама одақтармен) алмастырғылары келеді. Оның алғашқы идеялары Платонның еңбектерінде кездеседі. Орта ғасырда утопистердің, жаңа дәуірде ұсақ буржуазия (У.Годвин, М. Штирнер, П.Прудон), орыс және халықаралық революциялық қозғалыстың идеологтарының (М. Бакунин, П. Кропоткин) ілімдерінде кең тараған. Қазіргі кезде бұл ағымның саяси өмірде әсері шамалы.

Анархия – 1) мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді.

Антагонизм – мүдделері қарама-қарсы күштердің,қастасқан таптар, топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиеленіскен түрі.

Аристократия – 1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдікткрге ие ақсүйектер тобы; 2) ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі. Мысалы, мұндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде болды.

Ассамблея –халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.

Ассимиляция – бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару органдарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік оргондар қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік солардың бақылауында болады және олардың алдында есеп береді. Олардың жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі мүмкін. Президенттік республикаларда мемлекет басшысы да президент болады. Оны парламент сияқты халық сайлағандықтан ол парламент алдында тікелей жауап бермейді. Бірақ бұдан президент парламентпен санаспай іс істеуі керек деген ой тумауы керек.

Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы қамтамасыз етуге, әлеуметтік мүделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы. Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру, денсаулық сақтау, білімін көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. жатады.

Бейсаясаттық – азаматтврдың, халықтың бір бөлігінің саясатқа,саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы. Мысалы,ол қоғамдық- саяси өмірге қатысудан бас тартудан,сайлау немесе референдум кезінде дауыс беруге бармаудан және т.с.с. білінеді.

Бейтараптылық – 1) екі жақтың айтыс,талас, дау-жанжалдарына кіріспеушілік; 2) соғысқан алдерді жақтап, соғысқанкіріспеу мінденін алған мемлекеттің халықаралық құқықтық мәртебесі және сол бағытта жүргізілген саясаты. Ондай елдер бейбітшілік жағдайда әскери- саяси блоктарға кірмейді.

Билеуші партиялар – қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.

Билік – 1) адамдардың іс әрекетіне, қызметіне, тағдырына, белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік және әкімшілік өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары.

Биліктің тармақталуы – демакратиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу. Оның негізін салған ағылшын ойшылы Джон Локк (1632–1704), одан әрі дамытушы француз ғалымы Шарль Луи Монтеске (1689–1753) болды. Биліктің бұлай тармақталуы елдің конституциясында бекітіледі. Ол азаматтардың құқықтарының орындалуына негізгі кепілдік бола алады. Ал билік бір қолда болса, оның үстінен шағым айту қиын болар еді.

Бихевиоризм – жеке адамдар мен топтардың іс- әрәкетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. XX ғасырдың 20–30 жылдарында пайда болған. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс- әректтерін талдау арқылы түсініп білуге болады дейді.

Бонапартизм – 1) әскер мен бюрократиялық аппаратқа сүйенген диктаторлық тәртіптің түрі; 2) билік үшін талас кезінде әлеуметтік топтар арасында бұлтақтау саясатын жүргізу. Бұл термин 1799 жылы Францияда әскери диктатураны орнатқан Наполеон Бонапарттың есіміне байланысты туған.

Брифинг – үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамдардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі.

Бұқаралық партиялар – үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп партиялар. Олардың ресми мүшелері болмайды. Партиялық билет алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, АҚШ-тың республикалық және демократиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористер партиясы т.б.

Бұрмалаушылық – өз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау, жасандылық, жалғандылық.

Бюрократизм – істің мәніне немқұрайды, формальды қарау, істі көпке созу.

Вето – тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын орындардың қарарына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату.

Волюнтаризм – саяси серкелердің Қоғамдық өмір жағдайлармен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.

Вотум – өкіметке я оның кейбір мүшелеріне (министрлеріне) сенім білдіру (вотум доверия) немесе сенім білдірмеу (вотум недоверия) мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім. Мысалы, парламент үкіметке сенім білдірмесе, ол, әдетте, жұмыстан кетуге мәжбүр болады.

Геноцид – адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру емесе қудалау. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германия еврейлер мен цыгандарға қарсы осындай саясат жүргізеді. Қазіргі кезде ол халықаралық қылмыс болып саналды.

Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Бұл теорияның негізін қалаушы Ф. Ратцель, Х. Маккиндер т.б. қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайы мен даму барысы географиялық ортаға байланысты дейді.

Глобальдылық – бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядролық соғысты болдырмау, айналадағы ортаны экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде демографиялық жағдайды тұрақтандыру, халықаралық терроризм, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД-тің өріс алуын тоқтату және т.с.с. жатады.

Гуманизм – қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсаунан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. Саяси салада адамдардың дұрыс қалыптасуы мен дамуына қажетті әлеуметтік- эканомикалық, саяси және рухани жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған саяси көзқарастар,идеялар жүйесін білдіреді.

Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.

Делегат – съезде, конференцияда, конгресте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, ұжымның, партияның мақсатын көздейтін өкілі.

Демагогия – өз мақсатына жету үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.

Демократия – халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады.

Демократиялық партиялар – басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір аралығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.

Деспотизм – 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірімсіз, қатал басып- жаншу тәсілі.

Деспотия – шексіз және дара билеудің бір түрі.

Десентрализация – орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билігінің бөлігін беруі.

Диктатор – заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.

Диктатура – қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол көбінесе әлеуметтік – эканомикалық күйзеліс, саяси күрестің шиеленіскен шағында, өтпелі кезеңдерде, өкімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады.

Дискриминация – нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.б.

Догматизм – нақтылы жағдайда өмір және тәжірибенің жаңалық, жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау, дүние тану нәсілі. Саясатта ол бір кездерде қалыптасқан ой- пікірлерді, әдіс-тәсілдерді бұлжымайтындай көріп, ескірген ережелерді, қалыптасуды, көзқарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжыуына кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына әкеледі.

Доктрина – саяси, экономикалық, әскери мақсаттарды жинақталған түрде білдіретін саяси теория, ілім. Кейде оның негізін қалаған адамның атымен аталады. Мысалы, Монро доктринасы.

Еуропарламент – еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме. Оған кіретіндер: Белгия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания, Франция. Ол 5 жылда бір рет осы елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа құрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады.

Еуроцентризм – ғылым, білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б.нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым.

Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі. Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тәуелсіздігіжәне елді басқаруда, шешімдер қабылдауда, жоғарғы билік жүргізудегі еркіндігін айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады.

Жалпы азаматтық құндылықтар – бүкіл адамзаттың рухани тәжірибесінен туған адамгершілік қазыналары. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-пікірлерін білдіреді.

“Жасылдар” – айналадағы ортаны қорғап, жер бетінде тіршілікті сақтау үшін күресетін халықаралық сипаты бар экологиялық қозғалыс. 70 жылдардың екінші жартысында ол қозғалыстардан партиялар пайда болды. Ондай партиялар қазіргі барлық елдерде дерлік бар.“Жасылдардың” экологиялық қозғалысы бүгінгі таңда маңызды рөл атқарады және бірталай табыстарға жетті. Мысалы, олар 1978 жылы Австралияда, Германия Федеративтік Республикасында атом электр станцияларын салуға тыйым салдырды.

Жеке басқа табынушылық – саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған, жанышталған елдерде дамиды. Бірпартиялық әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды. Мысалы, Сталин, Мао-Цзе-Дун, Ким Ир Сен, Броз Тито, Энвер Ходжа және т.с.с. Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту, азаматтық, құқықтық мемлекетті керек.

Жекешелендіру – мемлекеттік меншікті (кәсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдары және т.с.с.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық эканомикаға өту үшін қажетті шарттың бірі.

Заң шығарушы билік – заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, әскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.

Идеал – саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғарғы саяси арман- мұраты.

Идеология – белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп, отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Жүйеленген түрінде ол партия бағдарламасында, декларация, манифест, жарғыларында, сондай- ақ әр түрлі насихаттық құжаттарында қалыптасады. Ол көпшіліктің саяси санасын қалыптастыруға, саяси өмірде бағыт-бағдар, рухани байлықтар жүйесін айқындауға, саяси іс-әрекет жолдарын белгілеу және т.с.с. қызметтерді атқарады, қоғам дамуында зор рөл атқарады.

Идеялылық – саяси, ғылыми, көркем шығармалардың, көпшілік алдында сөйлеген сөздің және т.б. саналылық, мазмұн ерекшелігі.

Иерархия – төменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге бағыну тәртібі.

Импичмент – жоғарғы лауазымды адамдарды (президентке шейін) конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі. Олжөнінде жауапкершілікке шақыру мәселесін парламенттің төменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын жоғарғы палата. Мысалы, мұндай тәртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және т.б. елдерде орын алған.

Инагурация – 1) мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме және т.б. салтанатты түрде ашу.

Инновация – жаңалық енгізу, жаңарту.

Институализация – саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәртіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы.

Интеграция – мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр. Бұл салада Еуропалық Одақ зор жетістіктерге жетті. Оғен кірген мемлекеттер экономика, әлеуметтік, қаржы саясатында, ғылыми зерттеулерде, технологиялық даму, айналадағы ортаны қорғау, сыртқы саясатты жүргізу мәселелерін және т.с.с. шешкенде бірігіп іс- қимылдар жасауға келіскен.

Интерппеляция – үкіметке немесе оның жеке мүшесіне (министрге) белгілі бір мәселе жөнінде я оның жалпы саяси бағыты туралы түсініктеме беруді талап еткен депутаттардың ерекше сұрауы. Әдетте, ол қоғамды алаңдататын маңызды деректер туралы қойылады. Сондықтан ол сұрақтың туу себебі және қашанға дейін жауап берілу мерзімі көрсетіледі. Егер берілген жауап қанағаттанарлық болмаса, үкіметке (не оның мүшесіне) сенім білдірмеу мәселесі тууы мүмкін.

Квота – рұқсат етілген бір шараның тиісті бөлігі, мөлшері, үлесі. Мысалы, сайлаушылардың пропорционалдық жүйесінде округ бойынша бір үміткердісайлау үшін қажетті дауыс. Ондай үлес есебі көшіп келушілерге, шетел тауарларын кіргізуге және т.с.с. қойылуы мүмкін.

Келісім –мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілерінің келісімі негізінде қабылданатын шешім.

Коалиция – 1) ортақ жауға қарсы екі немесе одан көп елдердің жасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен партиялардың немесе қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.

Конгресс – 1) съезд. Көбінесе халықаралық сипатта болады. Мысалы, бейбітшілік күштерінің Дүниежүзілік конгресі; 2) заң шығарушы органның, (парламенттің) аты. Мысалы, АҚШ-та және т.б. Латын Америкасы елдерінде; 3) кейбір елдердегі қоғамдық-саяси ұйымдар. Мысалы, Үндістандағы Үнді Ұлттық конгресс партиясы.

Консерватизм – 1) тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік – саяси көзқарастар, теориялар жүйесі; 2) консервативтік партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.

Конституция – мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

Конституциялық сот – бірқатар елдерде конституциялық ережелердің бұрмаланбауын, басқа шығарылған заңдардың соған сәйкес келуін тексеретін сот органы.

Конфедерация – өздерінің кейбір амал - әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алғаш шешімдері оған енген елдердің бекітуінен өтуі керек. Ол өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848 жылға дейін Швейцарияда, 1778-1787 жылдары Солтүстік Америка штаттарында болды. Қазір соған ұқсас құрылымды Еуропалық Одақ құрмақ ойы бар.

Конфликт – қарама-қарсы күштердің, партиялардың, көзқарастардың, мақсат-мүдделердің, бір-біріне қайшы келуі. Ол өрістеген кезде арты шешілмес қатты дау-жанжалға, ал саяси шиеленіс саяси дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін.

Конфликтология – әлеуметтік дау-жанжал, шиеленістердің мәнін, табиғатын, зардаптарын зерттеуге, оларды алдын-ала болжауға арналған ілім. Қазіргі кезде ірі халықаралық, мемлекетаралық кикілжіңдерді мәмілеге келу, қабылданған міндеттерді өзара бақылау арқылы шешуге болатындығын өмір дәлелдеуде.

Коррупция – 1) мемлекеттік және саяси қайраткерлерді, министрлерді, парламент мүшелерін, шенеуніктерді және т.б. параға сатып алу; 2) лауазымды адамдардың жеке басын байыту мақсатында өз қызметін қылмыстық жолмен пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.

Көппартиялылық – мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі. Оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жақтарында саяси мәселелер жан-жақты қаралады, үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді, бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Бәсекеші партияны жеңу үшін партияның ішінде керекті тәртіп орнатылады. Саяси күресте кездейсоқ емес, шын мәнінде талантты адамдаршығып, басқарушы орындарға ұсынылады. Жағымсыз жағы – өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарауы.

Күш қолданбау саясаты – саяси, әлеуметтік мәселелерді күш қолданбай шешуге тырысушылық. Оны жақтаушылар өз жұмысында адамгершілік, жалпыхалықтық принциптерді басшылыққа алады.

Қоғамдық-саяси ұйымдар – халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі.

Құқықтық мемлекет – демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс. Мұнда заңдар халықтың еркін білдіреді және оларды барлық адам, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Билік шын мәнінде бөлінеді. Олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық жүргізіледі, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі жоғары дамиды.

Қысымшы топтар – билік институттарына мақсатты ықпал ету арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға тырысқан қоғамдық бірлестіктер. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлерін пайдаланады. Бұл топтар өз аттарынан сайлауға қатыспайды. АҚШ-та оларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп, Ұлыбританияда парламент агенттері деп атайды. Олар көбінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топтар мен билік органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады.

Легитимдік – халықтың үстемдік етіп отырған саяси биліктімойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай орындалуы керек. Яғги, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екншіден, мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. М. Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті: 1) әдеп-ғұрып легитимдігі; 2) харизматикалық легитимдік; 3) ақыл-парасат, құқық легитимдігі.

Либерализм – 1) жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт; 2) бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар. Олар нарықтық экономиканы, еркін бәсекелестікті, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілуін, халықаралық қауіпсіздікті және т.б. жақтайды.

Лобби – белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады. Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздеріне керекті өзгерістер жасауға және т.с.с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлі әдіс-тәсілді пайдаланады.

Лояльдық – өкіметті, оның заңдарын, қаулыларын құрметтеу, орындау.

Люмпен – қоғамның азғындалған бөлігінің жалпылама аты. Оған қаңғыбастар, қайыршылар, жезөкшелер, қылмыскерлер және т.с.с. жатады.

Можаритарлық жүйе – сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.

Макиавеллизм – алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі болмасын пайдалану тәсілі. Оның негізін салған Италияның саясаттанушысы Н. Макиавелли (1469-1527) елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін патшаларға жауыздық жасауға да, күш жұмсауға да кеңес береді.

Мандат – 1) біреудің уәкілдігін куәландыратын құжат (мысалы, депутаттық мандат); 2) қайсыбір жерде, елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық.

Манифест – 1) маңызды оқиға немесе шаралар туралы салтанатты жария ету, жоғарғы өкіметтің халыққа үндеуі; 2) саяси партия, қоғамдық ұйымдардың және т.б. өз көзқарастарын, бағдарламаларын және шешімдерін баяндаған үндеуі.

Маргиналдар – белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Мысалы, ауылдан жұмыс іздеп қалаға келген жастар. Олар бір жағынан ауыл өмірінен қол үзген, екінші жағынан қаланың өмір салтын, мәдениетін игеріп, сіңбеген. Осылайша әредік жағдайда душар болады. Мұндайларды маргиналдар дейді. Олардың көбінің тұрақты тұратын орны жоқ, жұмыс орны да анықталмаған, белсенді саяси өмірге тартылмаған. Сондықтан олар қылмыс не басқа арандатушылық әрекеттерге оңай ілесіп кетеді. Маргиналдарға этникааралық, нәсіларалық некеге түскендер де жатады. Мысалы, метистер.

Мәміле – дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі.

Мәртебе – азаматтың, мемлекет органының, халықаралық ұйымның және т.с.с. құқықтық орнын білдіретін құқықтар мен міндеттер жиынтығы.

Мемлекет – белгілі аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементті. Мемлекеттің ерекше өкімет аппараты болады. Ол бүкіл қоғам атынан ресми істерді жүргізуге құқылы. Оның заңдарын сол елдегі адамдардың бәрі де сыйлайды және орындауға тиіс. Егер орындамаса, оның ырықсыз көндіруге қақысы бар.

Мемлекеттік билік –барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке- дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.

Меморандум – дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Ол жүргізілетін келіссөз мәселелерінің заңдылық жақтарын дамытады, негіздейді.

Менталитет – 1) ойдың бағыты, жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы. 2) адамның, топтың, таптың, халықтың дуниетанымы, өмірге, саястқа, билікке қатынасы. 3) рухани өмірдің ерекшелігі.

Меритократия – ерекше қабілетті, құзыретті, таланттылардың билігі.

Метрополия – қол астында колониялары бар мемлекет.

Милитаризм – жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.

Модернизация – қазіргі және жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Сясатта саяси жуйенің, әдіс – тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі. Заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады.

Монархия – мемлекеттің жоғарғы билігі жеке – дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, потша, император, король, сұлтан, шах және т.б. деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтыс, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Бұрын басқарудың мұндай түрі кең тараған болатын, қазір жоқ. Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік – парламентпен шектеледі. Ондай елдерге Бельгия, Голландия, Дания, Жапония, Иордания, Ұлыбритания және т.б. елдер жатады.

Мораторий – ішкі және сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.

Муниципалитет – 1) кейбір елдерде өзін-өзі басқаратын аумақтық қоғамдастық, жергілікті өзін-өзі басқару органы. Оның өз меншігі, заң шығаратын, салық салатын және т.б. құқықтары бар; 2) кей елдерде кездесетін төменгі әкімшілік-аумақтық бөлік; 3) муниципалитеттің орналасқан үйі.

Нигилизм – жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси өмірдің тәртіптерін және т.с.с. жоққа шығару. Саясатта оны жақтаушылар қалыптасқан саяси қазыналарға, партиялар мен саяси қайраткерлердің іс-әрекетіне қарсы болып, қабылдамайды.

Нонсенс – қажетсіздік, артық кетушілік.

Обструкция – белгілі бір шараларға, шешімдерге, заң жобаларына қарсы наразылық білдіріп, кедергі жасап, қабылдаттырмауға тырысудың бір түрі. Мысалы, мұндайда депутаттардың, делегаттардың бір бөлігі келіспегендіктен шу көтеруі, орнынан айқай салуы, тұрып кетуі мүмкін. Объект – субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат. Саясаттанудың объектісіне саясат әлемі жатады.

Одақ – жалпы саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан бірлестік. Парламентте партиялардың депутаттар тобы қандай болмасын бір заңды қолдау немесе қабылдамау үшін блоктар құруы мүмкін. Сайлау науқаны кезінде саяси мақсаттары, көзқарастары жақын партиялар бірігіп, іс-әрекет жасамақ болып өзара келіседі. Экономикалық, әскери және т.б. мәселелерді шешу үшін мемлекетаралық одақтар да құрылады. Мысалы, НАТО, ОПЕК және т.с.с.

Оккупация – бір елдің жерін екінші мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы. Онда сол мемлекеттің өкімет билігі жойылады, басқару органдары оккупациялық әскери күштердің әкімшілігіне беріледі.

Олигархия – саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында тұрған биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі. Ондай билік қаржы саласында да болуы мүмкін. Сондықтан қаржы олигархиясы деп те атайды.

Оппозиция – 1) бір саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық ету, кедергі жасау; 2) партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы. Демократиялық елдерге парламенттік оппозицияны әдеттегі, дұрыс жағдай деп санайды. Олар билеушілерге қарсы тежемелік, тепе-теңдік қызмет атқарады. Охлократия – қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

Өркениеттілік – 1) қоғамның, адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі; 2) мәдениеттің синонимі; 3) Л. Морган, Ф. Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуында варварлықтан кейінгі сатысы.

Пакт – халықаралық келісім.

Парадигма – жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. Сонымен қатар өз пікірін, көзқарасын салыстырып, дәлелдеу үшін тарихтан алынған мысал ретінде де қолданылады.

Парламент – жоғары сайланбалы өкілдік және заң шығаратын орган. Әр елде ол әр түрлі аталады. Мысалы, АҚШ-та, Филиппинде, Латын Америкасының көптеген елдерінде оны Конгресс, Польша мен Финляндияда – Сейм, Иран мен Туркияда – Мәжіліс, Германияда – Федералдық жиналыс, Израильде – Кнессет, Норвегияда – Стортинг, Ұлыбританияда – Парламент, Швецияда – Риксдаг, Францияда – Ұлттық жиналыс дейді.

Парламенттік республика – конституция бойынша жоғарғы билік иесі парламент болып саналатын мемлекеттік құрылыстың түрін айтады. Мұнда үкіметті парламент қалыптастырады, сондықтан оған тәуелді болады. Парламент бюджетті бекітеді, салықты белгілейді, соттарды құрады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерлерді қамтамасыз етеді және т.с.с. айналысады. Көптеген елдің парламенті екі (жоғары және төменгі) палатадан тұрады.

Перманенттік – тұрақты, үздіксіз жалғаса беретін. Мысалы, К. Маркс перманенттік революция туралы айтқан болатын.

Петиция – жазбаша жоғарғы үкіметке жолданатын (немесе жолданған) ұжымдық түрде жазылған өтініш.

Президент – 1) республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы; 2) сайлап қойылатын басшы, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, корпарация, компания және т.б. төрағасы.

Президенттік билік – конституция бойынша жоғарғы билікті президент жүргізетін республикалық басқарудың түрі. Әдетте, онда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы болып президент сайланады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе оның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны “парламенттік президент” дейді. Конституция бойынша оған белгілі бір құқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер-министр немесе министрліктердің біреуінің қойылған қолы болуы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы, Үндістанда, Италияда, Германияда солай. Ал егер президентті жалпыға брдей, тікелей, құпия сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы, АҚШ, Франция және т.б. елдер жатады. Мұндай атқарушы билік тікелей парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындайды, өзі басқарады. Мұндай билік алғаш рет АҚШ-та орнады. Біздің Қазақстан Республикасында да президенттік билік болып саналады.

Пресс-конференция – белгілі бір мәселені баяндап, түсіндіру үшін мемлекет саяси және қоғам қайраткерлерінің баспасөз өкілдерімен кездесуі.

Революция – қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымындағы түбегейлі сапалы төңкеріс. Оның біртіндеп, ақырын дамитын эволюциядан және ішінара өзгерістер жасайтын реформадан айырмасы зор. Ол көпшілік күштерді қозғалысқа келтіріп, революциялық ситуацияны тудыратын объективтік өзгерістер нәтижесінде пайда болады. Оның қозғаушы күшіне үстемдік етіп отырған қоғамдық құрылысты құлатып, одан жоғары прогресті құрылысты орнатқысы келген таптар, әлеуметтік топтар жатады. Революциялық қозғалыстың субъектісіне және оның алға қойған мақсатына байланысты революцияны буржуазиялық, буржуазиялық-демократиялық, ұлтазаттық және т.с.с. етіп бөледі. Революция қоғамның дамуын орасан зор жеделдетеді.

Резиденция – мемлекет немесе үкімет басшысының, ірі әкімшілік қызметті атқарушы адамның тұрақты тұратын орны. Онда жоғары деңгейдегі саяси қайраткерлер кездесіп, маңызды шешімдер қабылданады. Ол жазғы, қысқы, қаладағы, қаланың сыртындағы және т.с.с. болуы мүмкін.

Рейтинг – ұйымның, мекеменің, жеке адамның іс-әрекетін, қызметін бағалағанда оның қандай дәрежеде екендігін білдіретін сандық көрсеткіш. Ол сайлау, сұрақ-жауап және т.б. көрсеткіштер негізінде жасалады.

Репрессия – мемлекеттік құрылымдардың жазалау шарасы, қуғын-сүргінге ұшырату.

Республика – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі. Азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болуы мүмкін. Алайда, билік органдары сайланбалы болып, азаматтардың формальды түрде болса да билік етуге құқығы болса, ондай мемлекет республикаға жатады. Республика президенттік, парламенттік, “аралас” (президенттік және парламенттік белгілерді қамтитын) немесе теократиялық (Иран) болуы мүмкін.

Референдум – маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушылардың көңілін білдіруі. Мысалы, онда конституцияны немесе оған түзету кіргізу, мемлекеттік құрылыс немесе билік түрін өзгерту, ескі заңның күшін жою немесе жаңасын қабылдау, елдің халықаралық ұйымға кіру, мемлекетаралық келісімге қосылу және т.с.с. мәселелер қаралады. Бұл мәселелерді конституия не заң ережелеріне сәйкес парламент немесе үкімет басшысы қояды. Мысалы, біздің республикамызда 1995 жылғы 29 сәуірде президенттің өкілеттілігін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум болды.

Реформа – қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік жүйесіне, саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер енгізу. Ол қоғамның саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін.

Сайлау жүйесі – белгілі бір билік түрін, мемлекеттік өкілеттік, заң шығаратын, атқару, сот орындарын қалыптастыруға қатысуды қамтамасыз ететін ережелер мен әдістердің жиынтығы. Сайлау жүйесі мажоритарлық, пропорционалдық, азшылықтың өкілдігі болып үшке бөлінеді.

Сайлау құқығы – мемлекеттің өкілеттік органдарына азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары. Ол адам құқықтарының жалпы декларациясынан туындайды. Соған байланысты әр елдің конституциясы бойынша 18 жасқа толған әрбір азамат (заңмен шектелген жағдайлардан басқа) сайлауға қатыса алады.

Сайлау науқаны – өкімет басқару органдарына және т.б. сайлау сияқты арнайы қоғамдық-саяси мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған және жүргізіліп отырған науқан.

Сайлаушы – сайлауда, референдумда және т.с.с. бір үміткер үшін немесе басқа мәселе бойынша дауыс беруге құқығы бар адам.

Саммит – сыртқы саяси келісімдер жүргізіп, шешімдерге келу үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі.

Санкция – 1) жоғарғы сатыда тұрған мекеме, ұйым және т.с.с. төменгі сатыдағыларға бір мәселені жүзеге асыруға рұқсат етіп, бекітуі; 2) бейбіт өмірді немесе ресми келісімді бұзған мемлекетке қарсы халықаралық ұйымның қолданған шарасы. Мысалы, БҰҰ жарғысында халықаралық шартты бұзған жаққа қарсы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша дипломатиялық, экономикалық, әскери жазалау шаралары қарастырылған.

Саясат – алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді: 1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі; 2) мемлекеттің істеріне қатысу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын анықтау; 3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді; 4) әдеттегі тілде – адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің сипаты; 5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.

Саясат – ғылым – біріншіден, саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлұмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алады, ғылымға негізделеді, саяси жұмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.

Саясат субъектілері – іс-әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ. Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам да жатады.

Саясаттану – саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынасы туралы ұғым. Саясаттанудың зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді.

Саяси әлеуметтену – қоғамдық процестер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір саяси рөл атқарып, әлеуметтік-саяси қалыптасуы. Саяси әлеуметтену отбасы, құрдастар тобы, мектеп, жоғары немесе арнаулы орта оқу орны, саяси ұйым, ұжым сияқты өмірдің сан саласының ортасында пайда болып, одан әрі өрбиді. Ол тәрбие, үлгі-өнеге, саяси насихат, өмір салтының ықпалын және өзінің саяси тәрбиесі арқылы іске асады. Оның қалыптасуына сол кездегі тарихи дәуір, шетелдегі жағдай, осы мемлекеттің саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуы, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіптің сипаты, топтың, таптың, ұлттың өзгешеліктері және т.с.с. әсер етеді.

Саяси бостандықтар – мемлекет конституциясы кепілдік беріп, заң бойынша қамтамасыз етілетін азаматтардың, демократиялықтүрде еркін саяси процестерге қатысу құқықтары. Оларға сайлау және сайлану құқығы, сөз, ақпарат алу бостандығы, еркін, тең, жүйелі өткізілетін сайлау құқығы, саяси ұйымдар құру, азаматтардың өз мақсат – мүдделеріне қарай іс-әрекет жасау және т. б. Жатады. Саяси бостандықтар БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында толық қарастырылған.

Саяси жүйе – билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.

Саяси институттар – құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси мекеме. Мысалы, оған мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер т.с.с. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.т. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.

Саяси қазыналар – саяси қызметте бағдар етіп ұстайтын идеялар, көзқарастар, ұйымдар. Мысалы, оларға “еркіндік”, “теңдік”, “әділдік”, “әлеуметтік қорғанушылық”, “төзімділік” және т.с.с. құндылықтар жатады.

Саяси мәдениет – өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Саяси партия – мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде негізінде құралған адамдардың ерікті одағы.

Саяси тұрақтылық – әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында саяси жүйенің өз құрылымын сақтап, тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін тұрақтылығы. Ол үшін ең алдымен экономика жоғары қарқында дамуы, халықтың әл-ауқатының үздіксіз өсуі, табыс бөлісінде көп алшақтық болмауы, саяси тәртіптің заңдылығы мен демократиялығы және т.с.с. болуы керек.

Саяси утопия – ғылыми зерттеуге емес, қиялға негізделген, іске аспайтын идеялар мен теориялар. Ағылшынның гуманист-ойшылы Томас Мор 1516 жылы “Утопия” деген атпен өзі ойдан шығарған аралдағы қоғамдық өмірдің құрлымы туралы кітап басып шығарады. Бұл атау содан бастама алады.

Саяси ұйым – алдына қойған ортақ саяси мақсатқа жету үшін өзіндік құрылымы бар, қызметтері айқындалған және жүйеленген адамдардың бірлестігі. Оның ерекшелігі – жеке немесе ұжымдық мүшелері болады. Саяси ұйымның негізгі тұрпатына саяси партия жатады.

Сенат – 1) Ежелгі Римдегі мемлекеттік биліктің жоғарғы органы ретіндегі ақсүйектер кеңесі; 2) Ресейде Боярлар думасының орнына 1711 жылы І Петр кіргізген жоғарғы үкіметтік мекеме. Ол І Александр кезінде жоғарғы сот органына айналады; 3) бірқатар мемлекеттердегі парламенттің жоғарғы палатасының аты. Мысалы, АҚШ, Бельгия, Ирландия, Италия және Латын Америкасының көптеген елдерінде осылай аталады.

Сепаратизм – бөлектену, оңашалануға тырысушылық. Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері өзіне бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы. Ұлтазаттық қозғалыстан ерекшелігі – оның жалпыхалықтық, бұқаралық сипаты болмайды, ол ұлттың бір бөлігінің мүддесін қамтиды.

Сот билігі – құқықтар мен заңдар ережелеріне сүйеніп әділеттілікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органның б

Date: 2015-12-13; view: 1591; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию