Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Компьютердің бағдарламалық қамтамасыздандырылуы





Программа– магниттік мәлімет тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.

Программалық қамтамасыздандыру – компьютерде белгілі бір үлгілерді орындайтын, оларды орындауға септігін тигізетін техникалық программалық құжаттамалар жиынын қоса алғандағы программалардың жиынтығы. Программасыз кез келген аппаратура жай элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды. Барлық программалық құралдардың жиынтығы мен олардың қажет ететін, компьютерде қолданылатын деректерін әдетте Software деп жиі атайды.

Бүгінгі таңда программалық қамтамасыз етудің үш тобын бөліп көрсетуге болады:

1. жүйелік программалық жабдықтама;

2. қолданбалы программалық жабдықтама;

3. аспаптық жабдықтама.

Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады. Жүйелі программалық жабдықтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:

1. операциялық жүйелер;

2. утилиттер;

3. сервистік программалар.

Операциялық жүйелер - компьютердің программалық құрал-дарының ажырамас бөлігі, ол адамға барлық құрылғыларды басқару мүмкіншілігін беріп, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен және қолданбалы программалармен байланыс жасаудан босататын, адам жұмысын жеңілдетуге бағытталған ең негізгі, әрі маңызды программа.

Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттерболып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустық программаларды, мәліметтерді архивтеу программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады.

Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Қолданбалы программалық жабдықтама – белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жабдықтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы

 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

1. Бағдарлама (программа) анықтамасын айтыңыз

2. Бағдарлама классификациясын (топтары) атаңыз

3. Жүйелік бағдарлама анықтамасы

4. Жүйелік бағдарлама қызметі

5. Операциялық жүйе анықтамасы

6. Операциялық жүйе қызметі

7. Қолданбалы бағдарлама анықтамасы

8. Қолданбалы бағдарлама қызметі

9. Қолданбалы бағдарлама түрлері

10. Жүйелік бағдарлама түрлері

11. Утилиттер дегеніміз не?

12. Драйверлер дегеніміз не?

13. Операциялық қабықша дегеніміз не?

14. Архиваторлар дегеніміз не?

15. Стандартты бағдарламаларды атаңыз

16. Стандартты бағдарламаларды қысқышы сипаттаңыз

17. Аспаптық (құралдық) бағдарламалар анықтамасы

18. Аспаптық (құралдық) бағдарламалар қызметі

19. Аспаптық (құралдық) бағдарламалар түрлері

20. Антивирустық бағдарламалар қызметі

21. Қосымша бағдарламаларды атаңыз

22. Бағдарламалау тілдерін атаңыз

23. Мәтіндік бағдарламалардың қызметі мен түрлері

24. Кестелік процессорлардың түрлері мен қызметі

25. Графикалық бағдарламалар қызметі мен түрлері

26. Деректер қорын басқару жүйелерінің қызметі мен түрлері

27. Мультимедиа дегеніміз не?

28. Аудармашы бағдарламалар қызметі мен түрлері

29. Транслятор, интерпретатор, бірегейлендірілген (интеграцияланған) орта дегеніміз не?

30. Қаржылық баңдарламалардың қызметі мен түрлері








Date: 2015-12-13; view: 636; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.012 sec.) - Пожаловаться на публикацию