Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Windows жүйесінің негізгі мүмкіндіктері мен атқаратын қызметі





Windows - Microsoft фирмасы жасап шығарған операциялық жүйе.

Операциялық жүйе немесе система (ОС) – дербес компьютердің жұмысын басқару мен программалардың орындалу процесін қамтамасыз ететін программалар тобы. Қазіргі кезде Windows операциялық жүйелері ІВМ-мен үйлесімді жұмыс істейтін компьютерлердің барлығында қолданылады, олардың мынадай түрлері жиі пайдаланылады: Windows 95/98, Windows NT, Windows 2000 және Windows ХР. Бұлардың бір-бірінен аздап айырмашылықтары болғанымен, жалпы жұмыс істеу ережелері өте ұқсас болып келеді.

Windows 98 (одан кейінгілері де) жылдам істейтін 32-разрядты графикалық интерфейсі бар, желілік құралдармен жабдықталған операциялық жүйе болып табылады.Сондықтан бұл ортада мәліметтер жеңіл көшіріледі (тасымалданады); олар көптапсырмалы (көпесепті) және көппроцессорлы режимдерді, желі архетектурасын сүйемелдеп алады; жеңіл өзгертілетін (кеңейтілетін), сенімді, әрі ақаусыз жұмыс атқарып, басқа программалармен үйлесімді түрде байланыса алатын жүйе саналады.

Көпесептілік – бір процессорды көптеген қолданбалы программалар мен ақпарат ағындарын қатар өңдеуге пайдалану (егер қолданбалы программалар жеке орындалатын компоненттерге жіктелсе, соларды да қатар орындау) қасиеті.

Көппроцессорлық өңдеу – компьютерде бірнеше процессорлардың қатар жұмыс атқаруы, олардың әрқайсысын бір-бірден, бір мезгілде бірнеше есептерді орындауға болатынын көрсетеді. Тұтынушылардың интерфейстерін (сұхбаттасу элементтерін) қолдану бағытына сәйкес Windows графикалық жүйеге жатады. Ал графикалық емес операциялық жүйе мысалы ретінде бұрынгы MS DOS жүйесін айтса болады.

Windows компьютер іске қосылысымен автоматты түрде жүктеліп жұмысқа кіріседі. Ол үшін ОС дискінің арнайы бір бөлігіне жазылып, оны жүктейтін программалық код та бірге жазылады.

Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеу негіздері. Тұтынушы интерфейсі. Windows жүйесі мен тұтынушы арасындағы мәлімет алмасу ортасы(интерфейсі)төмендегідей негізгі элементтерден тұрады:

· Стандартты терезе;

· Жұмыс үстелі;

· Бас меню;

· Жанама немесе контекстік меню(тышқан оң жақ батырмасын шерту арқылы шығады);

· Windows қолданбалы программаларының меню жүйесі;

· Windows анықтамалық жүйесі.

Windows98/2000 жұмыс үстелі. Windows экраны жұмыс үстелі деп аталатын алғашқы көріністен, яғни жүйелік обьектіден тұрады. Жұмыс үстелі-Windows жүйесінің басқа обьектілері мен басқару элементтері орналасатын графикалық орта. Алғашқы көріністе жұмыс үстелінде бірнеше стандартты белгішелер (значки) мен Тапсырмалар тақтасын (панель задач) көреміз. Белгішелер - Windows обьектілерінің графикалық бейнесі, ал тапсырмалар тақтасы - басқарудың негізгі элементтерінің бірі.көптеген командалар тышқан арқылы орындалады. Экранда тышқан сілтемесі (меңзері, курсоры) деп аталатын активті басқару белгісі тұрады. Обьектінің белгішесі - обьектінің графикалық бейнесі.

Windows файлдары және бумалар. Windows жүйесінде файлдарға қойылатын ат 255 символға дейінгі кез келген сөз тізбегінен тұрады. Файлдың атынан соң нүктемен бөлініп оның типі жазылады.

Файл атрибуттары деп дискіде сақталып тұратын файлдың сипаттамаларын айтады.Жалпы атрибут файл қасиеттерін анықтайтын параметрлер, олар төртеу:

· Файл аты мен типі;

· Файлдың жазылған немесе соңғы өзгертілген мерзімі(дата мен уақыт);

· Файлдың байтпен берілген көлемі;

· Файлдың қорғаныс деңгейлері, олар оның маңыздылығын анықтайды:

o Архивті(Archive)файл-оқуға,өзгертуге,өшіруге болатын қарапайым файл;

o Тек оқу үшін (Read onlu) қолданылатын, өзгертілмейтін, көпшілік қолдануға арналған файл;

o Жасырын (Hidden) сақталатын, басқаларға көрсетілмейтін файл;

o Жүйелік (Sustem) файл-ол әрі жасырын, әрі тек оқылуға арналған комьпютерлік жүйеге керекті мәліметтер файлы;

Терезе құрылымы. Бума терезесінде төмендегідей міндетті түрде болатын элементтер орналасады:1.Тақырып жолы (Строка заголовка) – оның бойында Жүйелік батырма белгішесі (Cистемный значок), ашылған құжат пен оны ашқан программа аттары, терезе көлемін басқару батырмалары ( -жасыру, -үлкейту, -қалпына келтіру, -жабу) орналасады, Меню жолы (Строка меню), аспаптар тақтасы (панель инструментов), Адрес жолы (Адресная строка), жұмыс аймағы (Рабочая область), Айналдыру жолақтары (Полосы прокрутки), Қалып-күй жолы (Строка состояния).

Файлдар құрылымымен атқарылатын әрекеттер. Бұларға файл құрылымы бойынша жылжу, программаны іске қосу, құжаттарды ашу, бумаларды құру, файлдар мен бумаларды көшіру және жылжыту, файлдар мен бумаларды өшіріп тастау немесе аттарын өзгерту, жарлық белгішелерін құру әрекеттері жатады.

Менің компьютерім жүйелік бумасы. Бұл бумада құжаттың немесе программаның жарлығын құру үшін объектінің белгісін керекті орынға тышқанның оң жақ батырмасы арқылы тасымалдау жүргізіледі немесе контекстік меню арқылы Жарлық құру (Создать Ярлык) командасы орындалады.

Сурет Менің компьютерім терезесі элементтері.

Проводник (Сілтеуіш) программасы. Бұл файлдар диспетчері категориясына кіретін қызмет ету прогаммасы.Ол файл құрылымы бойынша жылжу немесе оған қызмет ету үшін пайдаланады. Программа Пуск –Программы - Проводник командасы арқылы іске асады.

Файл құрылымы бойынша жылжу. Бұл әрекет керекті бума мен оның мазмұнын көру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Программаны іске қосу және құжаттарды ашу. Бұл операция программаның оң жақ тақтасындағы программаның немесе құжаттың белгішесін екі рет шерту арқылы орындалады.

Бума құру. Жаңа бума құру үшін алдымен, Сілтеуіштің (Проводниктің) сол жақ тақтасынан жаңа бума ашылатын керекті дискіні (немесе буманы) таңдаймыз, яғни оны ашу керек. Содан кейін оң жақ тақтаға көшіп, белгішелерден бос аймақта тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, (немесе контекстік менюден) Создать- папку командасын орындаймыз.

Файлдар мен бумаларды жылжыту және көшіру. Көшірме алынатын түпнұсқалықмәліметтің белгішесін оң жақтағы тақтада шертіп белгілеп алып, оны тышқан арқылы сол жақтағы тақтада орналасқан қабылдап алатын бумаға тасымалдау керек. Тасымалдау кезінде Ctrl пернесі басылып тұрса, мәлімет көшіріледі де, ал Shift-басулы күйде болса әліметтер орын ауыстырып жылжып кетеді.

Файлдар мен бумаларды өшіру. Сілтеуіш программасының сол жақтағы тақтасында өшірілетін обьект орналасқан буманы тандап, ал оң жақтағы тақтадан керекті обьектіні белгілейміз. Сонан соң меню арқылы Файл-Удалить командасын немесе контекстік менюдегі Удалить командасын орындаймыз. Бұл әрекетті Аспаптар тақтасындағы командалық батырманы немесе Delete пернесін басу арқылы да орындауға болады. Обьектімен жұмыс істегенде алмасу буферін пайдалану.Windowsжүйесінде мәліметтерді бір программадан екінші программаға орын ауыстыру немесе көшіру үшін алмасу буфері деп аталатын қосымша жад қызмет атқарады.Алмасу буферімен жұмыс істеу принциптері:

1. Мәліметтердің түпнұсқасы орналасқан буманы ашамыз да, керекті обьектіні ерекшелеп белгілейміз;

2. Белгіленген обьектіні буферге қиып немесе көшіріп аламыз.

3. Қабылдауыш буманы ашып оған буфердегі обьектіні орналастырамыз.

Обьектілерді бейнелеу тәсілдері. Сілтеуіш және Менің компьютерім программасында обьектілерді терезе ішінде көрсетудің төрт түрі бар: ірі белгілер арқылы; ұсақ белгілер арқылы; тізім түрінде; кесте түрінде.

Обьектілерді реттеп орналастыру ісі деWindows жүйесінде төрт түрлі тәсілмен орындалады: Аттарын алфавит бойынша реттеу; Типтерінің атын алфавит бойынша реттеу; Файл немесе буманың құрылу мерзімі бойынша реттеу.

Бас меню құрылымы. Бас меню ішіне операциялық жүйе басқаруындағы барлық программалар мен құжаттарды орналастыруға болады. Оның негізгі сатысының құрамын міндетті түрде және айнымалы түрде орналасатын мәліметтер деп екіге бөлу қалыптасқан. Айнымалы бөлім айыру сызығынан жоғары орналасады.Оның құрамдын тұтынушы өз еркімен құра алады.

Windows программаларын орнату және алып тастау. Ол үшін Басқару тақтасы (Панель управления) бумасындағы Установка (Орнату) және Удаление программ програманы алып тастау жарлықтары қолданылады.Қолданбалы программаларды орнатудың стандартты құралдары Олар Пуск (Жіберу) – Настройка (Баптау)- Панель управления (Басқару панелі) -Установка (Орнату) командасымен іске қосылады.

Windows программаларын алып тастау. Свойства (Қасиеті) диалогты терезе құралдарымен іске асырылады: Установка (Орнату) және Удаление программ.

Жабдықтарды орнату. Жабдықтар аппараттық және программалық болып екіге бөлінеді.

Программалық жабдықтар орнату. Басқару тақтасы терезесіндегі Установка оборудования (Жабдықтарды орнату) белгісін екі рет шерту арқылы жіберіледі. Жаңа жабдық компьютер өшіп тұрған кезде қосылады.Егер өзі орнатылатын құрылғы болса, онда ол автоматты түрде білінеді, белгісіз құрылғы анықталады деген хабар тиісімен, операциялық жүйе ол үшін драйвер таңдап бастайды.

 

Нег.әдеб. 4 нег. [15-31], 7 нег. [33-37]

Қос.әдеб. 2 қос. [7-15], 3 қос. [15-32]

Бақылау сұрақтары:

1. Операциялық жүйелердің атқаратын қызметі?

2. Кең қолданылып жүрген операциялық жүйелер қандай?

3. Магнитті дискілер қалай белгіленеді? В: дискісі неге қолданылмайды?

4. Файл дегеніміз не? Ол нені көрсетеді? Windows-те неге файл типі сирек қолданылады?

5. Файл атрибуттары деген не? Оларды атап шығыңыздар?

6. Файлды топтап белгілеу үшін қандай символдар қолданылады?

7. Каталог пен буманың және каталог пен файлдың айырмасын айтып беріңіздер?

8. Бұтақ тәріздес файл құрылымы деген не?

9. Файл маршруты қалай құрылады?

10.Файл маршрутындағы диск аты неге кейде көрсетілмейді?

11. Windows жүйесінің ерекшеліктері.

Windows жүйесінің негізгі обьектілері және тәсілдері қандай?

Windows терезесі элементтері құрамы.

Файл дегеніміз не? Файл құрылымы қалай ұйымдастырылған?

Менің компьютерім және Сілтеуіш программаларының ұқсастығы мен айырмашылығы.

Басты менюдің қызметі және құрылымы?

Windows спецификасының ерекшеліктері және Windows программаларын орнату және алып тастау операциялары.

Date: 2015-12-13; view: 2537; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию