Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Дәріс-2. Компьютердің программалық жабдықталуы





  • Компьютердің программалық жабдықтамалары.
  • Жүйелік программалар.
  • Утилиттер (вирусқа қарсы программалар, архиваторлар)

Программа - магниттік мәлімет сақтаушы (дискіде) файл түрінде сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Программалық жабдықтамалар- информациялық технологиялардың елеулі бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жай элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.

Қазіргі кезде компьютерлерге арналған көптеген программмалар жасалған. Атқаратын қызметіне қарай программалық жабдықтамалар бірнеше топтарға бөлінеді, олар жүйелік программалық жабдықтамалар, программалау жүйелері, қолданбалы программалық жабдықтамалар.

Жүйелік программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтарын басқарып, оларды программалармен байланыстырады. Жүйелік программалар операциялық жүйелерге, драйверлер мен утилитерге бөлінеді.

Программалық қоршаулар -ДК-мен жұмыс істеуші адамның арасындағы іс-әрекеттерді жеңілдететін программалар. MS DOS үшін әдетте Norton Commander қорғаушы, ал Windows 3.1 үшін-Norton Desktop Windows 95/98 үшін- Norton Navigator, FAR пайдаланылады.

Драйверлер -ОС жүйелерін сыртқы құрылғылармен (принтерлермен,пернетақтамен, «тышқан» тәрізді қолтетікпен,т.б.) байланыстыратын программалар тобы.

Әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін утилиттер- ОС мүмкіндіктерін кеңейтіп, белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы болып табылады.Оларға мысал ретінде орыс- қазақ әріптерін енгізуді ,антивирустік программаларды, мәліметтерді архивтеу программаларын келтіруге болады.

 

4.1 сурет Программалық жабдықтамалардың жіктелуі

 

Бақылау және диагностика құралдары компьютердің жұмыс істеу қабылетін тексеретән программалар болып табылады, олар ақауы бар құрылғыларды анықтап, ол туралы экранға мәліметтер шығарады.

Программалау жүйелерінемесе құралдық (инструменталдық) жабдықтар -басқа программалар және автоматтандырылған жүйелер жасау үшін қолданылатын программалар мен программалық кешендер. Олар программалау тілдері мен трансляторлардан тұрады, олар арқылы жүйелік және қолданбалы программалық жабдықтамалар жасалады. Программалау тілдері-ФОРТАН, ПАСКАЛЬ, БЕЙСИК, ЛИСП, СИ, СИ++, ТУРБО-ПАСКАЛЬ, ТУРБО-СИ, АДА, ПРОЛОГ, ЯВА т.б. белгілі бір ереже арқылы жазылған, компьютер жұмысын басқаруға арналған командалар жиынынан тұрады. Олар ағылшын тіліне жақын жасанды тілде жазылады да, кейіннен трансляторлар көмегімен машиналық кодтарға түрлендіріледі. Трансляторлар интерпреторларға және компиляторларға бөлінеді.

Интерпретаторларәрбір команданы машина тіліне аудара салып, бірден орындайтын трансляторлар тобы, олардың артықшылығы - тұтынушымен диалог режимінде жұмыс атқарады, кемшілігі- жұмыс өнімділігі төмен болады.

Компилятор -командаларды орындамай тұрып, машиналық кодтарға толық аударатын программа. Осының нәтижесінде объектілік модуль деп аталатын программа жасалады, олардың бірнешеуін біріктіру арқылы жүктеу модулі жасалып барып, осы модульді орындау арқылы мәселе (есеп) шешіледі. Соңғы кездердегі ДК программалық жүйелерін жасайтын алдыңғы қатарлы фирмаларға Microsoft Corporation және Borland International сияқтыларды жатқызуға болады. Microsoft фирмасы өзінің Quick Basic,Visual Basic және Microsoft C++ деген программаларын, ал Borland фирмасы- Turbo Basic, Borland C, Turbo Pascal программалық тілдерін жасап таратуда. Бұл жүйелердің әрқайсысының күшті, әрі әлсіз жақтары бар, сондықтан оларды таңдауды алдына қойған мақсатына қарай әр адам өзі шешеді.

Қолданбалы (кәделі) программалық жабдықтамалар-белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептердішығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік процессор, редактор, баспаханалық жүйелер т.б), ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады. Қолданбалы программалық жабдықтамалар арнаулы, яғни белгілі бір мақсатта пайдаланылатын, біріктірілген және жалпы болып үшке бөлінеді.

Арнаулы, белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жабдықтамаларәр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.

Дербес компьютердің кең тарауына басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған қолданбалы программалық жабдықтамаларыныңкең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияны белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын болды. Әр түрлі информацияларды өңдей алатын кәделі программалық жабдықтар мынадай түрлерге жіктеледі: мәтін редакторлары; графикалық редакторлар; электрондық кестелер (таблицалар); оқыту және ойнау программалары; информациялық жүйелер т.б.

Мәтіндік мәліметтерді теріп, оларды өңдеуге арналған программалар мәтін редакторлары деп аталады.

Өмірде кез келген ЭЕМ-де жұмыс істейтін адам есеп беру кезінде құжат дайындау, мақала жазу, бір нәрсеге сипаттамалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсаттарға пайдаланса,баспа машинасына қарағанда жұмыс өңімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек.

Мәтін редакторлары текстерді экран көмегімен түзетуге, қателерін автоматты түрде табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, текстерді дисклерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға,бірнеше алфавиті қатар пайдалануға құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп көбейте отырып басып шығаруға болады.

Дербес ЭЕМ – дер кітап, журнал, газет т. б шығаруда кең пайдаланылады. Компьютердің машинаға қарағанда көптеген артықшылығы бар, қате оңай түзетіледі, материалдарды дайындау шапшандайды, олардың безендіру жолдары жеңілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар (осы оқулықта компьютерлік баспа жүйесінде дайындалады).Кең тараған мәтін редакторларына WordPerfect, Microsoft Word, MultiEdit, WordStar,PageMaker т.б жатады.

Графикалық редакторлар график түрінде информацияны дайындау және өңдеу үшін қолданылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте қолайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар бейнелерді әр түрлі етіп-схемалар, сызбалар, суреттер т.б түрлерінде жасай алады.

Графикалық редакторлар мәліметтердің есептеулер нәтижесін график бейнесінде көрсетуде де және өз қалаумызша түрлі сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Графиктерді әр түрлі қылып, мысалы, түзу немесе қисық сызық түрінде , дөңгелек диаграммалар мен гистограммалар бейнесінде алуға болады, оларға автоматты түрде масштаб енгізуге, керек болса координата өстеріне сандар мен атауларды жазып қоюға да бола береді. Күрделі графикалық бейнелер тұрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысың әр түрлі түстерге бояуға да. Осындай мүмкіндіктері бар графикалық редакторларға Paint-Brush, CorelDraw, Graf-in-the-Box PC, Illustrator т.б. жатады.

Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелер арқылы енгізу немесе формулалар арқылы есептеу нәтижесінде толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuperCalc, Excel сияқты программалар жатады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ - дердегі қызғылықты, кез-келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес комьпютерлерінің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ –де ойнағанда онымен шектен аса әуестенудің зиян екенін есте сақтау жөн.

Оқыту программаларыоқу–үйрену істерін ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математика, физикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде комьпютерлер «қазы» ролінде әділ атқара алатын құрал екені белгілі.

Іс программаларықызметте керекті әр түрлі информацияларды дайындау, сақтау және өңдеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бұлар іс қағаздарын жүргізуді компьютерлендіру кезінде де-құжаттар дайындау, жұмыс кестелерін жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерге де ыңғайлы болып табылады.

Әр түрлі программалық жабдықтардың дамуының арқасында күрделібіріктірілген жүйелер(интегралданған) жасалып шықты. Олар бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір форматты пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелерді, графикалық редакторды, мәліметтер қоймасын басқару жүйесін, калькуляторды және тағы басқаларды біріктіріп бір интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкіндігін береді. Біріктірілген жүйелердің ішінде кең таралып белгілі болғандарына QuadroPro, Works, Framework, Master, т.б. жатады.

Қолданбалы программалық жабдықтар дербес компьютерлермен жабдықталып, әр түрлі мамандық иелерінің жұмыс орындарын автоматтандыруды іске асырып жатыр. Мұндай жүйелерге, мысалы, конструкторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасауды дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік жұмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Инженерлік практикада қазір осындай мақсаттарға MatLab, VatCab, Eureka сияқты программалық кестелер кеңінен қолданылып жүр.

Информацияның көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларға мәліметтер базасы (қоймасы), кітапханадағы информация іздеу жүйелері, театрлардағы, әуе жолындағы және темір жолдағы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасының ірге тасын қалайды.

Болашақта перспективасы бар информациялық жабдықтарға білімдер базасы мен эксперттік жүйелерді жатқызуға болады. Солардың көмегімен кейбір мамандықтар салаларында эксперттер тәртібін моделдеу жолымен медициналық тақырыптардан консультациялар, әр түрлі қызмет салаларынан анықтамалар, өнертапқыштарға, технологтар мен конструкторларға көмек беру істерін жүргізу жүзеге асып жатыр.

Бұл күндері тегін берілетін, шартты түрде (жартылай) тегін және сатылатын программалар бар. Программаларды сату мен тарату шарттары сол программамен бірге берілетін оның сатушысы (авторы) құны ұүжаттарда жазылады. Біреудің программасын пайдалану үшін көптеген мәселелерге көңіл бөліп отыру қажет екенін естен шығармаған жөн.

Нег.әдеб. 4 нег. [134-165], 6 нег. [99-141]

Қос.әдеб. 2 қос. [21-30], 3 қос. [32-60]

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай программалар түрлерін білесіздер?

2. Компьютерде қандай программаларды пайдаландыңыздар?

3. Қолданылып жүрген программалық жабдықтар қалай жіктеледі?

4. Драйверлердің утилиттерден қандай айырмасы бар?

5. Интерпретаторлар иен компилятор қандай жұмыс атқарады?

6. Мәтін редакторлары мен графикалық редакторлар не үшін қажет?

7. Электрондық кестелер нендей қызмет атқарады?

8. Қандай оқыту программаларын білесіздер?Ойын программалары?

9.Инфориациялық жүйелер ұғымына түсінік беріңіздер








Date: 2015-12-13; view: 704; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.012 sec.) - Пожаловаться на публикацию