Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс-1. Информатика пәніне кіріспе. Бүгінгі күнгі есептеу техникасының архитектурасы





 

  • Информациялық үрдіс ұғымы мен құрылымы.
  • Информатиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары.
  • Қазіргі заман есептеуіш техникасына шолу.
  • Компьютердің арифметикалық негізі. Санау жүйелері.

«Информация» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін information сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқалар жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.

Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлұматтар береді. Ол біздің айналамызда не болғаны немесе не болып жатқаны туралы деректер бере алады, мысалы: кеше не істедік, ертең не істейміз, мектеп бітіру кешінде қандай көйлек киеміз немесе қайда жұмыс істейміз деген сұрақтарға жауап бере алады. Бірақ информация әрқашан әрқашан белгілі бір түрде – әңгіме, сурет, мақала және т.б. түрінде болуға тиіс. Сызулар мен музыкалық шығармалар, кітаптар мен суреттер, спектакльдер мен кинофильмдер – бәрі де информацияны жеткізу түрлері болып саналады. Қандай түрде берілсе де информация өзімізді қоршаған ортаның нақты немесе қиялдағы көрінісі болады.

Жалпы тұрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Информация алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.

Сонымен, информация – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т.б. Көптеген тілдердің негізі алфавит болып саналады.

Алфавит белгілі бір тілдің кез келген сөздерін құрай алатын символдардың жиыны. (латын, қазақ т.б. алфавиттар)

Табиғи (натурал) сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6,7, 8, 9

Екілік сандар алфавиті: 0, 1

Мысалы ЭЕМ-делатын латын, қазақ алфавиттерінің әріптері және цифрлары 0 мен 1 тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен бейленеді.

А 100000000 0 001100000

В 01000010 1 00110001

Мысалы: АНА деген сөзде 24 разрядты мынадай екілік сандармен бейленеді: 10000000 10001011 10000000

Есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбаларын бит деп атайды. Бит ағылшын тіліндегі bit (екілік таңба) деген сөз.

Компьтердің жадында сақталатын информацияның барлық түрлері – сөэдер, сандар, суреттер, компьтер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалар арнайы терминмен бит деп аталады. Бит – ағылшын тіліндегі bit (binary digit – екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды «байт» (ағылшынның byte деген сөзінен) деп атау келісілген.

1 байт =8 бит бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан, мысалы,

Е – 10000101, е – 10100101, / -00101111, 8 – 00111000 т.с.с.

ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды байт деп атау келісілген. 1 байт-8 биттен тұрады.

1байт-8 бит

1кб-1024б

1мб-1024кб

1гб-1024мб бар.

Информатика – Есептеуіш машина арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлеріру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқыиудың маңыздылығы бұл ғылымның тек Есептеуіш машиналарды пайдалану мүмкіндіктеріне мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық прогреске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өцдеу, жинац және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.

Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен береітн өнімі информация болып саналады. Сондықтан «информация» ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істецдің ең түбегейлі аталарының бірі болып есептеледі.

Есептеу машиналары

Бұл күнде ЭЕМ информацияны өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың дамуы компьтердің жаңа түрін – жеке пайдаланылатын дербес компьтерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазіргі мектептерде, институттарда, баспаханалдарда т.б. орындарда кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьтерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьтерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми зерттеу істері мен білім беруде пайдалану миллиондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады.

Компьютерлік жүйелер ұғымы немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны – құрылғылар, программалар, мәліметтер және адамды – біріктіре қарастыру кезінде қолданады.

IBM фирмасының анықтамасы бойынша есептеу машиналарын компьютерлік жүйелер деп айтқан дұрыс, ол негізгі төрт бөліктен тұрады:

 

 

 

1-сурет. Компьютерлік жүйенің құрамы.

Жаңа информациялық технологиялар

Кәдімгі информациялық технологиялар деп көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информация дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы – әсіресе дербес компьтерлер көмегі арқылы – информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.

Информациялық процестер – адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өиірде информацияны жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.

Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жұмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамжағаның өсуі, оларды безендіру сапасының да артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік прнтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүелері одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.

Жаңа информациялық технологиялар дегеніміз –ЭЕМ жадындағы сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базасы мен мнформациялық жүйелер. Жаңа информациялық технология-лардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген электрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес.

Жаңа информациялық технологиялардың жан-жақтылығын дұрыс түсіну «технология» ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде «технология» деп белгілі бір бұымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді.

Нег.әдеб: 1 нег.[7-11] 4 нег. [16-41]

Date: 2015-12-13; view: 2072; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.004 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию