Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ





 

«Мектепке - оқулықпен» республикалық акциясын өткізу - оқу жылы қарсаңында әр оқушыны оқулықтармен қамтамасыз ету шараларының бірі.

Акцияны өткізу негіздемесі:

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілер білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер және оқу-әдістемелік құралдарды тегін қолдануға құқылы (7-тармақша) 47-бап 3-тармақ).

«Білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етудің тетіктерін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2014 жылғы 31 қазандағы №450 бұйрығына сәйкес Министрлік бекіткен оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес жыл сайын оқулықтарды кезең-кезеңмен сатып алу жолымен жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік дәрежесіне қарамастан мемлекеттік мектептердің барлық оқушылары тегін оқулықтар мен ОӘК-мен қамтамасыз етіледі.

Акцияның мақсаты: Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету. Кітапханалар мен кітапханашылардың қоғамдық дәрежесін арттыру.

Акцияның тақырыбы: Мектепке - оқулықпен!

Акцияның мақсатты топтары: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мектеп кітапханашылары, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, меценаттар.

Акцияны өткізу мерзімі: 2015 жылғы 1 тамыз - 1 қыркүйек.

Акция кезеңдері:

1-кезең «Кітап қорын тексер!» – 1 -7 тамыз.

Кезеңнің сипаттамасы:

1) білім беру бөлімдері мен басқармаларының әр мектептің оқулықпен қамтамасыз етілу мониторгін жүргізуі (барлық білім беру ұйымдарында болатын әдеттегі проблемаларды анықтау, соның ішінде жаңа оқу жылында оқулықтардың жетіспеушілігі; аудан, қала, өңірлерден оқулықтар бойынша мәліметтер жинау);

2) оқу әдебиеттерін мектептен мектепке айырбастау және беру бойынша мектептерге білім беру басқармалары тарапынан ықпал ету.

2-кезең «Мектепке - оқулықпен!» – 10 -18 тамыз.

Мектеп оқулықтарын тарату:

10 тамыздан бастап–болашақ бірінші сынып оқушыларына

11 тамыздан бастап – 2-3-сынып оқушыларына

12 тамыздан бастап –4-5-сынып оқушыларына

13 тамыздан бастап – 6-7-сынып оқушыларына

14 тамыздан бастап – 8-9-сынып оқушыларына

17 тамыздан бастап – 10-сынып оқушыларына

18 тамыздан бастап – 11-сынып оқушыларына

3-кезең «Сыйлыққа - оқулық!» – 18 тамыздан бастап 1 қыркүйек аралығында.

Бұл акцияның мәні «Сенің оқулығың сенің мектебіңдегі оқушы үшін қажет. Сен кітабыңды оған сыйласаң, жақсы ісің өзіңе қайта оралады».

Бұл ретте, мектеп бітірушілер мен оқушыларға өзінен кіші сынып оқушыларына оқып кеткен оқулықтарын сыйға беру туралы ұсыныс айтылады. Бұл кітаптарды кітапханашылар мен сынып жетекшілері мектеп кітапханасы мен сыныптарда жинайды.

Мектеп кітапханашылары өзінің жас көмекшілерімен оқулықтардың сақталуын тексереді, қажет болса қалыпқа келтіреді.

Меценаттар, демеушілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мектеп бітірушілер оқулықтардан басқа тарих, мәдениет туралы кітаптар, мектеп пәндері бойынша энциклопедия, анықтамалықтар, оқу құралдарын, сонымен қатар мектеп бағдарламасына сәйкес қазақ, орыс тілдерінде көркем әдебиеттерді сыйлайды.

3-кезеңнің ең белсенді қатысушылары «Кітапхана достарының интернет-кітабына» енгізіліп, мектеп пен білім беру бөлімдерінің сайттарына орналастырылады.

Акцияның аяқталуы – 2015 жылғы 1 қыркүйек.

Әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан сыйлық – «Менің Отаным – Қазақстан» («Моя родина – Казахстан») кітабы әзірленді, ол 1 қыркүйек - Білім күнінде тапсырылуы тиіс.

Кітап – білім беру аясындағы бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың бірінші жобасы, ол туған елінің мәдени құндылықтары туралы алғашқы ұғым беріп, Қазақстан халықтарының бірлігін сезінуге, азаматтық ұстанымының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Өз өміріндегі ең алғашқы сабақта Елбасының атынан сыйлық алған бірінші сынып оқушысы өз еліне деген мақтаныш пен құрмет сезіміне бөленеді.

Бұл кітапты тапсыру салтанатты жағдайда өтуі және кіші мектеп оқушылары үшін естен кетпес оқиғаға айналатындай болуы тиіс.

Іс-шараны өлкеге танымал өнер, спорт саласының тұлғалары, ғалымдар, жастар қозғалысының көшбасшылары, әр деңгейдегі әкімдер атқарады.

Date: 2015-12-13; view: 1044; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию