Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пилоттық орта білім беру ұйымдарында бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу туралы





Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Білім мен ғылымды дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттарын іске асыру аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе отырып, орта білім мазмұнын жаңартуда алдымен «НЗМ» ДББҰ тәжірибесін республиканың жалпы білім беретін мектептеріне жүйелі бейімдеумен тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (бұдан әрі – МЖМБС) жаңарту «өмірлік білім алу» тұжырымдамасынан «өмір бойы білім алу» тұжырымдамасына қарай өтуге; білімді үнсіз тыңдаудан ынталылыққа, білімнен құзыреттілікке бағытталған.

Бүгінгі таңда бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ББ МЖМС) әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілді.

ББ МЖМС-ның инновациялық сипаты оның тек білімді меңгертуден алған білімді өмірде қолдана алу парадигмасына ауысуымен танылады. Оның түп мәні оқытудың мақсаттары кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру арқылы оқытудың нәтижесіне қарай бағытталуында.

ББ МЖМС тұжырымдамалық негіздері:

– қоғамның даму үрдісі мен заманауи шынайылығы көрініс табатын мектептегі білім берудің құндылығы, мақсаты мен міндеттері анықталған;

– тұлғаның рухани-адамгершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік аспекті күшейтілген;

– Қазақстанның тұтас ұлтты ұйыстырушы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтар арқылы жүзеге асыру қамтамасыз етіледі;

– кең ауқымды дағдылар түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері анықталған (білімін функционалдық тұрғыдан қолдану, АКТ дағдысы, зерттеушілік, коммуникативтік, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары);

– қоршаған ортаны біртұтас қабылдау үшін пәндер мен мазмұнның кіріктірілуі қарастырылған;

– пән бағдарламалары нақты күтілетін нәтижемен қамтамасыз етілген, ол білімін практикада қолдана алуға, зерттеушілік және жобалау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді;

– білім беру саласында күтілетін нәтиже қызметтік әрекет, яғни, оқушылардың «білуі», «түсінуі», «қолдануы», «талдауы», «жинақтауы», «бағалауы» арқылы көрініс табады;

– бастауыш сыныптар бағдарламасына дұрыс және қауіпсіз қолдануға басымдық беріле отырып, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бойынша пәндер енгізілген, сонымен қатар ерте жастан қоршаған орта туралы бүтін түсінік қалыптастыру үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша да пәндер енгізілген;

– үштілді білім беруді енгізу, тілді оқытуда коммуникативтік аспект күшейеді (тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);

– оқушының дамуына, оның оқуға деген ынта-жігерін, қызығушылығын арттыруға бағытталған оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізу. Қазіргі заман мектептеріне бес балдық бағалау жүйесі бағаның шынайылығын анықтауға мүмкіндік бермейді.

ББ МЖМС негізінде «НЗМ» ДББҰ жаңашыл тәжірибелерін есепке алумен бастауыш білім берудің жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары әзірленді.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:

– пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктердің білім мазұнының тақырыптары мен сыныптар бойынша тігінен және көлденеңнен біртіндеп күрделенуі;

– таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;

– білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың ішкі пәндік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беруі;

– білім саласындағы пәндер арасында «ортақ тақырыптардың» пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында болуы;

– пәннің білім мазмұндары мен тақырыптарының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аударуы;

– ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде оқу үдерісін технологияландыруы.

«Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №159 бұйрығына сәйкес 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың 30 пилоттық мектептерінде (бірінші сыныптарда) жаңартылған оқу бағдарламалары мен жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу басталады. Орта білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау бойынша 30 пилоттық мектептердің тізімі қоса берілген (5-қосымша).

2016-2017 оқу жылынан бастап республиканың барлық бірінші сыныптары жаңартылған білім мазмұнына өтеді, екінші сыныпта апробация жалғасады.

Эксперименттік пилоттық мектептер апробация және жаңартылған оқу бағдарламалары мен жоспарларын енгізу кезінде «Білім туралы» ҚР Заңын,
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын», ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №157 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын апробациялау жөніндегі ережені» және «Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын енгізетін 30 пилоттық мектеп педагогіне консультативтік қолдау көрсету үшін Үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
3 сәуірдегі №160 бұйрығын басшылыққа алады.

Эксперимент барысында:

– жаңартылған мазмұнды үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын апробациялау;

– сынама оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын апробациялау;

– оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін апробациялау;

– мектеп басшыларын, мұғалімдер мен әдіскерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

– эксперимент режиміндегі оқыту сапасына тұрақты мониторинг жүргізу жоспарланған.

ББ МЖМС-ға сәйкес әзірленген үлгілік оқу жоспарына «Жаратылыстану» (жаратылыстану ғылымдар негіздері) (1-4-сынып), «Дүние тану» (қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар негіздері) (1-4-сынып), «Ақпараттық-коммуникациялық технология» (3-4-сынып), «Қазақ тілі (Т2)» «Орыс тілі (Я2)» «Ағылшын тілін» (1-4-сынып) деңгейлік оқыту оқу пәндері енгізілді.

Бастауыш мектеп үшін оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшелігі:

1) Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді емес мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін бірінші сыныптан деңгейлік оқыту. Тілдерді оқыту барысында сөйлеу қызметінің - тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым төрт дағдысын дамытуға арналған коммуникативтік тәсіл күшейтілген. Бірінші, екінші, үшінші тілдерді оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік дағдыларды пысықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық режимін енгізу болып табылады. Пәндерді оқыту CEFR (тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық рамкасы) сәйкес жүзеге асырылады;

2) «Жаратылыстану» оқу пәні «Адам – Табиғат» жүйесінде оқушылардың қарапайым ғылыми білім деңгейін қалыптастыруға бағытталған. Ол – «Биология», «Физика» және «Химия» оқу пәндерін өз бетімен меңгеруге бағытталған кіріспе курс. Бұл курс оқудың келесі деңгейлерінде кез келген білім саласында маңызды болып табылатын зерттеушілік дағдыны қалыптастырады;

3) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні ақпараттық-коммуникациялық технологияның қарапайым құралдарын – іздеп табу, таңдау, ақпарат беру, нысандар мен үдерістерді жобалау, мәліметтерді көрсету, интерпретациялау және талдау үшін кесте, сызба, график, диаграммалармен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған;

4) «Дүниетану» пәнінің мазмұны өзгертілді. Аталған оқу пәні қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар курсының кіріспесі болып табылады. Ол Қазақстан тұрғындары өмірінің жалпы әлеуметтік, моральдік, шығармашылық және коммуникативтік жағын көрсетеді, оқушылардың өзі, үйі, отбасы туралы сұрақтар негізінде қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді;

5) «Музыка» оқу пәні музыкалық білім негіздерін қалыптастыруға, қарапайым орындаушылық дағдыларын және оқушылардың жеке шығармашыл тұлғалық қабілетін көрсететін музыкалық мәдениетін дамытуға бағытталған.

6) «Бейнелеу өнері» оқу пәні оқушының шығармашылық, кеңістікте образды ойлау, рухани-адамгершілік құндылығы және қоршаған ортаны эмоционалды-эстетикалық тұрғыдан қабылдау қабілетін қалыптастыруға бағытталған;

7 ) «Еңбекке баулу» оқу пәні технологиялық білім мен дағды негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеп, оқушылардың технологиялық мәдениеті мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға жағдай жасалған. Сурет салу, т.б. қатысты материалдарды, құралдарды, техникаларды қолдану оқушылардың көз өлшемінің нақтылығын, қолмен жұмыс істеу қабілетін, сезінуін дамытады.

Оқу бағдарламасына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардан тұратын ұсынымдық сипаттағы оқу жоспары қоса беріледі. Оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделген жоспарларда мұғалімдер үшін әрбір бөлім мен тақырыптарды өткізу, оқушылардың сабақта білім алуын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар берілген, сонымен бірге оқу ресурстары енгізілген (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне және аудио материалдары т.б.).

Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын мұғалім орта мерзімді жоспардың соңында ұсынылған үлгіге сай өзі әзірлейді. Мұғалім қысқа мерзімді жоспар дайындағанда оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып саралай оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек.

Қысқа мерзімді жоспарды құрғанда, мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:

– сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарындағы мақсатты басшылыққа алуы керек;

– сабақ мақсатының анық болуы (S.M.A.R.T. принципі бойынша), яғни анық, өлшенген, қол жетімді, шынайы мақсаттың қойылуы;

– орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият танып білу;

– мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекеттер түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.

Әр оқу пәні бойынша мазмұнды жобалаудың ұстанымдары өзгерді: сызықтық ұстаным спиральдік (шиыршық) принципіне алмасты, яғни білім мен біліктің бірте-бірте тігінен және көлденеңінен (сынып, тақырып бойынша дағдыларының күрделенуі) ұлғайтылуы. Осыған байланысты, оқу бағдарламасы мазмұнының құрылымына негіз болған спиральдік (шиыршық) принципін ұстанған жөн. Меңгерілетін оқу материалының, құрылымының, сынып және тоқсан бойынша ұсынылған пәнаралық ортақ тақырыптардың спиральдік (шиыршық) принципімен берілуін ескеру қажет.

Сабақты жоспарлаудағы барлық жұмыс оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін ескере отырып жүзеге асырылады. Сондықтан жаңартылған білім беруді жүзеге асыруда озық іс-тәжірибелер, оқыту мен үйретудегі жаңа технологиялар мен тәсілдер, бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізудің тиімді жолдарын күшейту (бұдан әрі – АКТ) және оқытуда әртүрлі сандық білім беру ресурстарын қолдануды кеңейту, мектепаралық желілік өзара әрекеттестік, мектепаралық оқу жоспарлары мен бағдарламалары, «мұғалімдермен алмасу», мектепте оқытудың жаңа технологияларын қолдану бойынша шеберлік сыныптарын өткізу.

Мұғалім білім беруші ретінде емес, оқушының белсенді оқу-танымдық әрекетін ұйымдастырушы болуы тиіс.

Мұғалімдерді қолдау үшін ББ МЖМС, оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары (ұзақ мерзімді жоспар, орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар үлгісі), критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар, сандық білім беру ресурстары ұсынылады. Зияткерлік мектептердің ресурстық орталықтары арқылы мұғалімдерді оқыту жүзеге асырылады, сонымен қатар мұғалімдерге арналған онлайн платформалар дайындалады. Білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру барысында әдістемелігімен бірге мониторинг жасау жоспарлануда.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында жаңартылған білім мазмұнынын апробациялау мониторингісін жүргізу бойынша «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерінен, «Математика», «Дүние тану», «Жаратылыстану» пәндерінен қысқа мерзімді жоспар әзірлеу бойынша әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етіп, мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірленді. Аталған құралдар Академия сайтында орналастырылған (www.nao.kz).

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдірудің жаңа жүйесін енгізу аясында Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) және «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітілген Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Орталық Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесе отырып әзірлеген ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарын (3 айлық деңгейлік курстар) өтікізуде. 2011 жылдан бастап қазіргі заманғы технологиялар мен оқыту әдістемелері бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды жобалар басталды. Берілген бағдарлама аясында «НЗМ» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ базасында Республикамыздың 39,3 мың мұғалімі
3 деңгейлік оқу курсынан өтті. Мектеп басшыларынан 916 адам өтті.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пилоттық мектептердің педагогтерін оқыту курсынан 90 мектеп басшысы, 116 бастауыш мектеп мұғалімдері, 1890 пән мұғалімдері өтті. 2015-2017 жылдары 205 мың педагог курстан (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрлар біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары) өтеді.

Осыған байланысты, жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау мен енгізу мақсатында деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өткен мұғалімдер өз жұмысында жаңа оқыту әдістерін қолданып, осы бағытта әріптестеріне де көмектесулері ұсынылады, яғни мұғалімдердің пәндерді оқытуда сөйлеу қызметінің барлық түрлері, сын тұрғысынан ойлауды дамытуы, өз бетімен ізденіс жүргізіп, ақпаратты жан-жақты іздей алуы, пәндерді оқыта отырып функционалдық сауаттылықты (оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылықтары) дамытуы, пән аясында зерттеу дағдыларын дамытуы, жобалау қызметін қарқынды меңгеруі, АКТ-ны қолдануы, оқу үшін және оқыту үшін бағалауы, балалардың жас ерекшелігіне сай оқытуы, оқытуды басқару мен көшбасшылығын дамытуға бағыт ұстанғаны дұрыс.

Жаңартылған білім мазмұнын апробациядан өткізу үдерісі мониторингпен қолдау көрсетілуі қажет, себебі бұдан кейінгі жалпы орта білім беру мектептеріне аталмыш үдерісті енгізу жаңа бағдарламаның тиімділігінің анықталуы негізінде жүзеге асатын болады. Апробациялау үдерісін мониторингілеу барысында жыл бойы жинақталған ақпараттар түйінді мәселелерді анықтауға, оны дереу шешуге қажетті шараларды қарастыруға пайдаланылады, сонымен қатар шешіміне көп уақыт және ақпараттарды қажет ететін (білім берудің белгілі деңгейі аяқталғанға дейін) мәлелелерді шешу үшін аса қажет. Мониторинг ақпараттары білім беру үдерісін, оның құрылымын және оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының мазмұнын, бағалау жүйесін, оқу-әдістемелік кешендерін, мұғалімдердің және мектеп басшыларының біліктілік арттыру курстары мазмұнын жетілдіру мақсатындағы ұсынымдардың негіздемесі ретінде қолданылатын болады.

Апробациялау мониторингісі жаңартылған білім мазмұнының жетістіктері мен оны енгізудің тиімділігіне тәуекелдің ықпалын анықтауға мүмкіндік береді. Ең ықтимал тәуекелділіктерге төмендегілерді жатқызуға болады:

– заманауи педагогикалық әдістерді пайдалануды қажет ететін жаңа білім беру бағдарламасымен жұмыс жасауға педагог мамандардың жеткіліксіз даярлығы;

– жаңа білім беру бағдарламасына сәйкес келетін білім беру ресурстарының төмен болуы;

– БАҚ беттерінде апробация нәтижелерінің көлеңкелі тұстарын жариялау мүмкіндігіне байланысты жаңа білім мазмұнын еліміздегі қоғамның дұрыс қабылдамауы.

ББ МЖМС апробациялау мониторингісінің мақсаты 30 пилоттық мектептің білім беру үдерісіне жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларын, ОӘК және критериалды бағалау жүйесін енгізудің тиімділігі мен сапасына баға беру және ары қарай еліміздегі барлық білім беру ұйымдарына енгізу үшін барлық элементтерін жетілдіре түсу болып табылады.

ББ МЖМС апробациялау мониторингісінің міндеттері:

1) әзірленген оқу бағдарламаларын, ОӘК және критериалды бағалау жүйесін енгізудің тиімділігін іс-тәжірибе жүзінде тексеру:

– мұғалімдер үшін оқу бағдарламалары мен жоспарлардың қолжетімділігі (жарамдылығы, ыңғайлылығы, қарапайымдылығы, түсінікті болуы және т.б.);

– оқыту мақсаттарының сапалы болуы (ОМ нақтылығы, бір тоқсандағы ОМ санының оңтайлылығы, ОМ өлшемділілігі);

– оқу жоспарларындағы тақырыптардың бірізділігі (қисындылығы, өзара байланысы және т.б.);

– ОӘК сапасы (әзірленген оқу-әдістемелік кешен мазмұнының оқу бағдарламасына сәйкестігі, ОӘК оқыту мақсаттарына жетуге бағытталғандығы, дизайн);

– критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі (оқыту мақсаттарына сәйкес келуі, формативті бағалаудың қолданбалылығы, табысқа жету критерийлерінің жарамдылығы);

– білім беру үдерісіне оқушылардың эмоционалдық қарым-қатынасы (қабылдаулары, қызығушылықтары, мотивациялары, белсенділігі);

– мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің және ата-аналардың білім беру үдерісіне қанағаттануы (жетістікке жету, бейімделу, тұрақты сұраныс);

2) оқу материалдары мазмұнының және оның жүзеге асырылуының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяның құндылықтарына сәйкестігі деңгейін анықтау:

– оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяның құндылықтарын түсінуі;

– сабақ беру, білім алушылардың жобалау-зерттеу және сабақтан тыс іс-әрекеттері арқылы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяның құндылықтарын жүзеге асырудың әдістері, құралдары, формалары;

3) апробациядан өтетін оқу бағдарламалары және оқу-әдістемелік кешендердің ББ МЖМС негізгі ережелеріне сәйкестігі деңгейін анықтау;

4) оқыту әдістері мен бағалаудың (түсіну және қолдану) ұсынылған оқу бағдарламаларына сәйкестігі деңгейін анықтау;

5) жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың оқу нәтижелеріне талдау жасау (білім алушылардың білім сапасы, оқыту мақсатына жетістіктері, білім беру бағдарламасы бойынша оқу үдерісінің оқушылар денсаулығына әсер етуі);

6) білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларын, ОӘК пысықтау бойынша ұсынымдарды әзірлеу (қажеттілігіне қарай);

7) 30 пилоттық мектептердің оқу үдерісіндегі мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету;

8) еліміздегі мектептерде білім беру үдерісіндегі жаңа оқу бағдарламаларын пайдаланудағы келешегін, мүмкінді тәуекелділіктерін анықтау.

ББ МЖМС апробациялау мониторингісін «НЗМ» ДББҰ-мен келісе отырып ҰБА өткізеді.

Мониторингке қатысушылар: жаңа білім беру бағдарламасын апробациялауға жетекшілік жасайтын эксперименттік және бақылау сыныптарының мұғалімдері, пилоттық мектептің директоры мен оның орынбасары.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бастаған бес институттық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберінде мыналар жоспарлануда:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың білім саласы бойынша бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберінде мыналар жоспарлануда:

12 жылдық білім беруді енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептік білім беру стандарттарын жаңарту бойынша:

1) 12 жылдық білім беруді 2015-2016 оқу жылынан бастап 2021-2022 оқу жылдарына дейін кесте бойынша кезеңмен енгізу (2022 жылдан бастап ҚР барлық мектептері 12 жылдық оқыту моделіне көшеді);

2) Қарастырылған бюджет аясында инфрақұрылымды дамыту (2015-2018 жылдары);

3) «Мәңгілік Ел» құндылықтары ескерілген жаңа МЖМБС, оқу бағдарламалары мен оқулықтары (2015-2022 жылдары);

4) Қарастырылған бюджет аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру (2016-2020 жылдары);

5) Жаңартылған білім мазмұнын енгізуді мониторингілеу (2016-2020 жылдары).

Жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға көшу бойынша:

1) 2017-2018 оқу жылы 5 сыныпта, 2018-2019 оқу жылы 6 сыныпта «Информатика», «Жаратылыстану» пәндерінен терминологияны оқып білу;

2) 2019-2020 оқу жылы 7 сыныпта «Информатика» пәнінен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізу және «Биология», «Физика», «Химия» пәндерінен терминологияны оқып білу;

3) 2020-2021 оқу жылы 8 сыныпта «Информатика» пәнінен элективтік курстар жүргізу және «Биология», «Физика», «Химия» пәндерінен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізу;

4) 2021-2022 оқу жылы 9 сыныпта «Биология», «Физика», «Химия» пәндерінен элективтік курстар жүргізу;

5) 2022-2023 және 2023-2024 оқу жылдары 10-11 сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға толығымен көшу.

 

 


Осымша

 

Date: 2015-12-13; view: 4044; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию