Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқу үдерісінде электрондық білім беру контентін пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар





 

Ұлттық жобаны іске асыру аясында электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭОАЖ) құрылды: білім беру ұйымының порталы, Ұлттық білім берудің деректер базасы (бұдан әрі – ҰБДБ), ішкі корпоративтік портал, электрондық кітапхана, білім беру ұйымдарын басқару жүйесі және электрондық оқытудың басқа да компоненттері.

Аталған электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі https://e.edu.kz сайтында қолжетімді.

ЭОАЖ-дың маңызды компоненті 14 511 сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі - СБР) орналастырылған электрондық кітапхана болып табылады. Кейіннен ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген барлық электрондық білім беру контенті, сонымен қатар әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік құралдар, бейнесабақтар, мұғалімдердің авторлық әзірлемелері мен т.б. орналастырылатын болады.

Сандық білім беру ресурстар – ЭОЖ-на қосылған, мектептерге онлайн режимінде қолжетімді, бір оқу пәнінің нақты тақырыбы бойынша әзірленген сандық форматтағы дидактикалық материалдар.

2011 жылдан бастап ЭОЖ-ге 14 511 СБР әзірленді және орналастырылды, оның ішінде Техникалық және кәсіби білім беру бойынша – 3948 СБР, орта білім беру бойынша – 10 603 СБР:

– қазақ тілінде оқытатын мектептердің 2-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша 1159 СБР;

– қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 468 СБР;

– қазақ және орыс тілдерінде «Математика» пәні бойынша 806 СБР;

– қазақ және орыс тілдерінде «Алгебра» пәні бойынша 712 СБР;

– қазақ және орыс тілдерінде «Геометрия» пәні бойынша 600 СБР;

– қазақ және орыс тілдерінде «Физика» пәні бойынша 872 СБР;

– қазақ және орыс тілдерінде «Химия» пәні бойынша 920 СБР;

– «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша 548 СБР;

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Жаратылыстану» пәні бойынша 207 СБР;

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Дүниетану» пәні бойынша 240 СБР;

– «Ағылшын тілі» пәні бойынша 882 СБР;

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Информатика» пәні бойынша 240 СБР;

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «География» пәні бойынша 870 СБР;

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша 465 СБР;

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Биология» пәні бойынша 1152 СБР.

Оқу жоспарына сәйкес ресурстар оқытылатын пәндерді толығымен қамтиды деп айтуға болады. Сонымен қатар, көптілділікті қолдайтын жүйе Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында оқытылатын тілдерде, сондай-ақ оқытылатын шет тілдерінде оқу материалдарын тануға мүмкіндік береді.

СБР міндеті – оқытушыны ауыстыру емес, қосымша оқу материалдарын ұсыну, білім мазмұнын ұсынуда жаңа мультимедиалық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға мүмкіндік беру, оқушының назарын зерделеп отырған құбылыстың ерекшеліктеріне, оны көрнекілік арқылы көрсетуге тоғыстыруды талап ететін оқушылардың назарын оқу тақырыптарының неғұрлым маңызды аспектісіне аудару, сабақтың мазмұнын өмірмен, қоғамның қажеттіліктерімен, оқушылардың жеке өмірлік тәжірибелері және қызығушылықтарымен тығыз байланыстыруды қамтамасыз ету.

Әрбір СБР кіріктірілген кешенді ұсынады және құрамына оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиалық түсіндірмелердің элементтері, интерактивтік тапсырмалар мен тест тапсырмалары кіреді. СБР-дің мұндай құрылымы электрондық оқыту жүйесінде оқушылардың өз бетінше белсенді жұмысын қамтамасыз етеді, ал мұғалімге сабақтың әрбір түрі немесе кезеңінің нақты дидактикалық материалдарынан туындайтын оқытуды ұйымдастыру кезінде – жаңа тақырыпты түсіндіруде, материалды бекітуде немесе оның білімді меңгеру дәрежесін тексеруде аталған ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Кәсіби диктордың баяндаған көрнекі көрермендік образдар арқылы теориялық материалдарды анимациялық ұсыну оқушының түрлі сезім мүшелеріне әсер етуін қамтамасыз етеді, ал бұл өз кезегінде тақырыпты бейнелі түрде қабылдауға әсерін тигізуге, пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Мектеп оқушылары көрнекі анимациялар мен бейнеклиптерді көре отырып, мектеп кабинетінде көрсету мүмкін емес нәрселерді терең танып-біле келе, танысып отырған құбылыстың мән-жайына терең бойлай түседі.

Сабақта анимациялық көрнекіліктер мен бейнероликтерді қолдана отырып жаңа материалды түсіндірудің педагогикалық амалдары мынадай мүмкіндіктер береді: проблемалық жағдаяттарды құру, салыстыру; зерделеп отырған құбылыстың басты белгілерін ажырата білу, белгілі бір дерек пен құбылысқа зейінін шоғырландыру; тірек сөздерді, терминдерді дәптерге конспектілеу, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, бейнеролик мәтінін қайталап айтып беру; оқушылармен әңгімелесу т.б.

Интерактивтік тапсырмалар оқушыларда пәндік білім, білік пен дағдыларды қалыптастыруға арналған, сонымен қатар олардың стандарттық емес есептерді шығара алу, өмірдің әртүрлі салаларында кездесетін проблемалар мен жағдаяттарды шеше алу қабілетін жетілдіреді. Тапсырмалардың түрлі болып келуі оқыту барысында білімді тек меңгеруден сол пән бойынша құзыреттерді қалыптастыруға қарай жүріп отырады, оқушылардың өмірдегі шынайы әрекеттерге шынайылықпен қатыса алмау мүмкіндігін жақсартады. Тәжірибелер оқушының түртпе арқылы басқарып отыратын виртуалды нысандармен түрлі операциялар жасауы арқылы іске асырылады. Бірізділікпен өтілетін нысандардың өзгерулері (геометриялық фигуралардың, зат формаларының, заттардың түстері т.б. өзгеруі) оқушыларға танымдық үдерісте белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыс оқушыларды шынайы өмірде мұндай тәжірибелерді жасау мүмкіндігі болмайтын жағдайттарда жаратылыстану ғылыми тәжірибелерімен таныстыруға мүмкіндік береді.

СБР-ға жаттығулар орындау, картамен жұмыс жасау, сәйкестіктерді белгілеу, сөйлемдерді толықтыру, кесте құру, сөзжұмбақ, ребус шешу т.б. тапсырмалар енгізілген. Математика, алгебра, геометрия пәндері бойынша СБР-да көптеген жағдайларда оқушыларға әрбір кездейсоқ таңдау бойынша ұсынылатын тапсырмалар базасының маңызы зор. Сол себепті, жауапты есте қалдырудың тек механикалық жаттанды түрінен оқушының саналы есте сақтауына қарай жүру логикасы қалыптасады.

Білімді бақылау автоматтандырылған тестілеу есебінен жүргізіледі, ол оқушылардың білім жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір тақырып бойынша бақылау сұрақтарының саны оқушылардың жас ерекшелігіне қарай және тестілеуге берілетін уақытқа қарай ауытқып отырады: 1-4-сыныптар үшін – 7 сұрақ, 5-9-сыныптар үшін – 10 сұрақ, 10-11-сыныптар үшін – 15 сұрақ.

Мұғалімдерге көмек ретінде сандық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша оқу-әдістемелік құралдары әзірленді:

– электрондық оқыту жүйесімен кіріктірілген оқу үдерісінде математика, алгебра, геометрия, физика, химия пәндері бойынша сандық білім беру ресурстарын пайдалану жөніндегі оқу-әдістемелік құрал;

– пәндер бойынша сандық білім беру ресурстарын қолданушылар нұсқауы;

– ЭОЖ-де «СБР дизайнері» модулін пайдалана отырып авторлық бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар.

Әдістемелік ұсынымдар ҚР БҒМ сайтында (https://e.edu.kz/102) «Педагогтерге арналған нұсқау» бөліміне орналастырылған. Оқу-әдістемелік құралдардың мақсаты – сабақтың әрбір түрі мен кезеңіндегі нақты дидактикалық міндеттерден туындайтын нақты сабақтарда мұғалімдерді СБР-ды пайдалану тәжірибесімен таныстыру. Педагогтер ұсынылатын сабақтың сценарийлерін толық не жартылай иемдене алады, ол үшін СБР материалдарын өзінің сабақ жоспарына енгізіп, сабақтың қай кезеңінде қолдануы керектігін алдын ала анықтап алады.

Бейнетаспа сабақтар дегеніміз – ол оқу танымдық бейне фильмдер мен анимациялық фильмдер. Ол оқу бағдарламасындағы жекелеген тақырыптар мен оқу ақпараттарынан тұратын, заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологиясын (бұдан әрі – АКТ) қолдану әдісімен толықтырылған, білім беру жағдайында сапаны көтеруді қамтамасыз ететін дидактикалық материалдар.

Оқу-танымдық бейнефильмдер мен аннимациялық фильмдер оқуға деген қызығушылықтарын дамыта отырып, функционалдық сауаттылық негіздерін қалыптастыруы керек. Оқу фильмдерін белгілеу – мақсат қою, іздеуге бағыт беру, оқу бағдарламасын толықтыру, оқу пәндерін қабылдауды тереңдету және т.б.

Оқу бейнесабақтары мен аннимациялық фильмдер оқушылардың орналасқан тұрғын мекеніне, олардың әлеуметтік мәртебесіне және денсаулықтарына қатыссыз сапалы білім алуға қолжетімді бірдей жағдай туғызуды қамтамасыз ету, жалпы білімнің сапасын арттыруға бағытталуы тиіс.

ЭОАЖ қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында маңызды болады, яғни «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығына сәйкес қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды немесе мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту қызметін көрсетуде қолданылады.

Оқу бейнесабақтары мен аннимациялық фильмдерді пайдалану және жасау бүгінгі заманауи мультимедиялық жүйенің тиімді дамуына, оқытудың жаңа сапалы межесіне жетуге, өзге елдер арасында Қазақстанның өзіне тиесілі орнын алуына ықпал етеді.

Оқу-танымдық бейнетаспа және анимациялық фильмдер негізгі дидактикалық принциптерді ескере отырып әзірленуі тиіс:

– ғылымилық принципі – оқу материалы мазмұнының ғылыми нақтылығы, қолданылып отырған терминологияның қазіргі заманғы ғылыми түсіндірмемен сәйкестігі; шынайы жағдайлар, фактілер, құбылыстар мен үдерістердің бейнесі мен моделі; оқу материалы мазмұнының жүйелілігі; материалдың ғылыми ерекшелігі және оны оқыту әдістемесі;

– көрнекілік принципі – оқу материалының максималды көрнекіленуі; оқу материалын қабылдау мен әзірлеуде барлық сезім органдарын мақсатты түрде тарту; оқытылатын нысанды көрсету немесе барлық мүмкін нұсқалардағы көрінісі;

– қолжетімділік принципі – нақты жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқу материалының ұсынылуы; оқушылардың сөздік қорлары мен білім деңгейлеріне оқу материалы мен лексиканың сәйкестігі; оқушылардың зияткерлік, рухани, дене қимылының шамадан артық болмауы; фильмнің шамадан тыс болуының алдын алу мақсатында ақпараттар мөлшерінің нақты және ойластырылған болуы;

– саналылық принципі – оқушылар үшін оқу міндеттерін нақты қою; оқушылар қызығушылығына баса назар аудару және оқыту уәждемесін қалыптастыру; оқушылардың қарқынды ойлау қызметін ұйымдастыру; негізгі мәселеге назар аудара отырып, кадр құрылымының қарапайымдылығы арқылы басты тақырыптан ауытқымау;

– теория мен тәжірибенің байланыстылық принципі – қоғам мен экономика дамуының заманауи үдеріске бағытталуы; оқу материалының тәжірибеге бағыттылығы;

– кезеңділік принципі – материалдың көрнекілік бөлігін біртұтас және өзара байланысымды қалыптастыру мақсатында бірыңғай тұжырымдамалық тәсілмен ұсыну;

– ғылыми баяндалу принципі – мәдени-ағартушылық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, журналистика мен ғылымның жинақтау техникасын көрсетуге бағытталған материалды қалыптастыру.

Электронды оқытуды енгізу жобасы аясында 1159 білім беру ұйымдарында, мектептер мен колледждерде мұғалімдердің бейне сабақтарын орналастыру үшін тораптарды сақтау орны құрылды.

Баламалы шешім ретінде мұғалімдер бейне сабақтарын, мысалы: www.mediakurs.kz, www.uchi.kz, www.wikipedia.org, edugalaxy.intel.kz, window.edu.ru, www.itest.kz, www.imektep.kz, www.bilimland.kz, www.apple.com/ru/education және т.б. сияқты жекеменшік бірлестіктердің порталдарына орналастыра алады.

 


Date: 2015-12-13; view: 1625; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию