Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы





«Жалпы білім беретін ұйымдар үшін жалпы білім берудің, таңдау курстары мен факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап оқу үдерісіне «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізіледі.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын жаңа оқу курсын енгізуге дайындау мақсатында және «Негізгі орта білім деңгейіндегі 9-сыныпқа арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқулықтарын сынақтан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі №448 бұйрығына сәйкес 2015 жылғы
1 қыркүйектен бастап республиканың 4 облысындағы (Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары) 8 мектепте «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқу бағдарламасы мен оқулықтарын сынақтан өткізу басталады. Оқу бағдарламасы мен оқулықтарды сынақтан өткізу жөніндегі мектептердің тізімі қоса берілген (4-қосымша).

9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті түрде оқыту үшін аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат бөлінеді. Курсты біліктілікті жетілдіру курсынан өткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсыныңмәні және маңызы оның қазіргі қоғамдағы қажеттілігімен және тұрақтылықтың тұғырнамасы ретіндегі өзектілігімен, қоғам тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтық бастауларына әсерімен анықталады. Курс орта білім жүйесіндегі қоғамтану және әлеуметтік-гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Факультативтік курсты оқытудың мақсаты:

- оқушыларды «зайырлылық» ұстанымын құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;

- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білімін қалыптастыру;

- оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.

Факультативтік курсты оқытудың міндеттері:

1) оқушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі мәлімет беру;

2) зайырлылық ұстанымдарын мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып, осы бағыттағы білімін қалыптастыру;

3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету;

4) діннің дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және адамгершілік мәнін түсіндіру;

5) оқушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық ұстанымы негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру;

6) Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық ұстанымдарының нәтижесі ретінде таныта отырып, оқушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;

7) экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық ұстанымдарына, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу;

8) оқушылардың бойында діни әдебиеттер, электрондық ресурстар және бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын салыстыра білу және сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру;

9) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, осы тұрғыдағы білімін арттыруға, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу.

Бағдарламада ұсынылған материалды игеру барысында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті», «География» сияқты пәндермен және «Абайтану» курсымен пәнаралық байланыс пен сабақтастықты орнату қарастырылған.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұнында дін тарихын оқытуға көп уақыт жіберудің қажеттілігі жоқ, одан оқушылар сапалы, жасампаз мәнділігі бар білім алмайды.

Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы боынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық этикасы негіздері, адамның рухани өмірі мен қоғамдағы діннің рөлі, діни бірлестіктер мен ағымдар,жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелердің танымдық, психологиялық, тұрмыстық деңгейдегі қарама-қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.

Білім алушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Абай, Ыбырай, Шәкәрім сияқты көрнекті ағартушылар мен ойшылдардың мәдени және рухани мұраларын оқыту айрықша маңызға ие.

Деструктивті ағымдардың, тыйым салынған діни ұйымдардың белгілерін танып білуіне, діни экстремизм мен терроризмнің ұлттың қауіпсіздігі үшін қатерлі екендігін оқушылардың ұғынуына айрықша назар аудару керек.

«Қазақстан-дінаралық бейбітшілік пен келісім елі», «Зайырлылық- мемлекеттік жүйе мен ұлттық қауіпсіздіктің іргетасы» тақырыптары курстың басты желілерінің бірі болуы тиіс.

Курстың мазмұнында оқушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда оқушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетіндей мағлұматтар мен білім алады.

Осылайша, жүйелі түрде игерілген білім оқушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтау және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.

Оқушылар бойында өз халқының рухани құндылықтарына құрмет сезімі қалыптасуы тиісті, олар гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін ұстанымдар туралы ұғымдарды білуі тиіс.

Курстың құрамы мен мазмұны оның бағдарламасына орай оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде сақталатын төмендегідей дидактикалық ұстанымдарға сәйкес келуі тиіс:

- ғылыми негізділік және қолжетімділік;

- жүйелілік және сабақтастық;

- көрнекілік және абстарктілік;

- саналы танымдық белсенділік;

- білімнің тиянақтылығы;

- пәнаралық және пәнішілік байланыс;

- табиғи сәйкестік;

- проблемалық;

- саралау және даралау;

- тапсырмалардың әр деңгейлігі.

Оқу үдерісін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсыныңоқу үдерістерін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, шағын жиналыс, топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау және т.б. формаларын қолдану тиімді.

Жобаларды жеке және ұжыммен орындай алады. Олардың саны келесі бағыттарды қамту және алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек:

- дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет мақалаларына талдау жасау, таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша және жазбаша хабарлама дайындау;

- діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;

- дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;

- елімізде және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;

- толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі нақты жағдайды дәлелдейтін мысалдар келтіріп дайындау;

Оқу барысында келесідей қағидаларға ерекше көңіл бөлу қажет:

– мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;

– пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар бермеу;

– жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;

– ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты заңнамалар талаптарын сақтау;

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша шығармашылық-жобалық жұмыстар жасау ыңғайлы.

Осыған сәйкес бағдарламада көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыруға уақыт бөлінген. Жобаларды орындау барысында оқушылардың белсенділіктерін қалыптастыру және әртүрлі бағыттарда оларға танымдық ізденістерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінген.

Курсты оқыту нәтижесінде оқушылар:

- ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;

- зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын;

- мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас мәнін;

- әлемдік және дәстүрлі діндер тарихын;

- Қазақстан Республикасы Ата Заңының ар-ождан еркіндігі туралы ережелерін және Қазақстан Республикасының «Дін туралы» Заңын;

- әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын;

- республикадағы мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың жайын;

- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау, елдегі және халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни сенімдеріне деген сыйластық көрсету саясатын;

- экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардың ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі.

сонымен бірге:

- зайырлық, діни сана-сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана ұғымдарының ара жігін ажырату,

- ақпаратты сыни тұрғыда талдау, оны оқу барысында және әртүрлі қоғамдық құбылыстарды түсінуде, жобалар орындауда, зерттеу жұмыстарында қолдана білу;

- экстремистік, террористік сипаттағы діни топтар мен ағымдар идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитеті;

- білімді басқа пәндермен үйлестіре отырып қолдана білу;

- заманауи ақпаратттық-коммуникациялық құралдарды қолдана білу;

- діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар, тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу;

- өз бетімен зайырлық және діни шығармаларды тауып, сараптай отырып қолдана білу,

- ақпаратты сыни тұрғыда талдау жасайды.

Date: 2015-12-13; view: 2124; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию