Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Абайтану» курсы





Еліміз өзінің дербес тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық сана-сезімінің өсуіне, халқымыздың рухани қуатының молая түсуіне кең өріс ашылды. Осы мақсатта Жалпы орта білім беру ұйымдарында 9-сыныпқа арналған «Абайтану» курсы оқу пәнінің бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді. «Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген.

Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Абайтану» курсының жылдық оқу бағдарламасына 34 сағат бөлінген. Оның 31 сағаты бағдарламадағы материалдарды оқуға, 2 сағаты шығармашылық жұмыстарды орындауға, 1 сағаты оқушылардың пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.

«Абайтану» бағдарламасы мектеп оқушыларына Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын жан-жақты саралай отырып, терең ұғындырып, Абайтанудың тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін танып білуге баулады. Тақырыптардың өзара сабақтастығы, мазмұны жағынан топтастырылуы 10, 11-сыныптарда да жалғастығын табуы басты ұстаным етіп алынған.

Курсты оқытудың мақсаты: ұлы ақын шығармалары арқылы елжанды, ұлттық идеологияны бойына сіңірген, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын тұлға қалыптастыру.

Курсты оқытудың міндеттері:

- қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану;

- ақын шығармашылығындағы тұлға концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау;

- ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын үлгі ету;

- ақынның қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

- ақынның туындыларын оқыту арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу;

- Абайдың ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы айтқандарын оқыту арқылы жастарды өмірден өз орнын табуға шақыру.

Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.

Курс жүктемесінің көлемі:

9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан жүргізілмейді.

 

Date: 2015-12-13; view: 2123; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию