Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Математика» білім саласы





Тұлғаның білім, білік және дағдылары негізінде әлеуметтік қатынастар жүйесінде ойдағыдай іс-әрекет ету, нақты мәдени ортада барынша тез бейімделу қабілеті ретінде анықталатын функционалдық сауаттылығы, сондай-ақ оқушылардың математикалық сауаттылығы білім беру сапасы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сол себепті математика пәнін оқыту барысында оқушылардың математиканың өмірдегі орнын түсіну, білу; әр түрлі формада берілген сандық ақпаратты оқу, талдау; есептерді шығарудың ыңғайлы тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру; математикалық білімін өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Білім алушылардың білім және білік сапасының деңгейін білім беру жүйесі дамуының нәтижесі ретінде соңғы кездері тәуелсіз халықаралық мониторингтік зерттеулер анықтайды. Солардың бірі – TIMSS халықаралық мониторингтік зерттеуі. 1995 жылдан бері төрт жылдық кезеңмен жүргізіліп келе жатқан халықаралық TIMSS зерттеуінің кезекті циклі 2015 жылы өткізілгені белгілі. TIMSS-2015 халықаралық зерттеу нәтижелері 2016 жылдың желтоқсан айында жария етіледі.

Халықаралық TIMSS зерттеуі бойынша оқу жетістіктерінен алда келе жатқан кейбір елдердің 4-сынып оқушылары (мысалы, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Қытай) математикадан өте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Халықаралық TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі оқушылардың математика бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Яғни бұл зерттеудің мақсаты – математика оқыту үрдістерін дамыту үшін зерттеуге қатысушы елдерді оқушылардың білім жетістіктері туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету.



Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілі – сауалнамалар жүргізу және тестілер алу. Оған бастауыш мектепті, яғни 4-сыныпты бітірген оқушылар қатысады.

Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөліктерінің біріне сәйкес келеді. Атап айтсақ, 4-сыныпқа арналған тапсырмалар сандар (50%), геометриялық фигуралар мен өлшеулер (35%), мәліметтерді беру (15%) бөлімдері бойынша дайындалады.

Аталған мазмұндық бөліктерді ашып қарастырар болсақ, олар мынадай тақырыптарды қамтиды:

Сандар:натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; сандық көрсеткіштер және теңдеу; тізбектер мен тәуелділіктер.

Геометриялық фигуралар мен өлшемдер:нүктелер, кесінділер және бұрыштар; фигуралардың жазықтықта және кеңістікте белгіленуі.

Мәліметтердің берілуі:мәліметтерді үйлестіру және оқып-түсіну; мәліметтерді үйлестіру және беру.

Зерттеуде оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі білу (еске түсіру), қолдану (байланыстарды орнату), ойлау (пайымдау, тұжырымдау) деңгейлерi бойыншаанықталады.

Білу деңгейі бойынша оқушылардың терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу және есептеу; график пен кестеден мәліметтерді алу; құралдарды қолдану; классификациалау, математикалық объектілерді танып білу қабілеттері бағаланады.

Қолдану деңгейі бойынша нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу қабілеттері бағаланады.

Ойлау деңгейі бойынша объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау; қорытындылау, әртүрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу қабілеттері бағаланады.

Сондықтан оқушылардың математикалық сауаттылығының нәтижесін жақсарту және білім сапасын арттыру мақсатында математика сабағында меңгерген білім, біліктілігін тәжірибеде және күнделiктi өмiрде пайдалана білуге негізделген практикаға бағдарланған тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.



Бұл тапсырмаларды әзiрлеу және қолдану кезінде TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулердiң тапсырмаларының жүйесіне негіздеу керек. Осы тұрғыда мұғалімдерге көмек ретінде «PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылықтарын дамыту» әдістемелік құралы әзірленді және ол Академияның сайтында орналастырылған (www.nao.kz). Бұл әдістемелік құралда TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеуде қолданылған тапсырмалардың үлгілері көрсетілген.








Date: 2015-12-13; view: 379; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (1.072 sec.) - Пожаловаться на публикацию