Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тіл және әдебиет» білім саласы





 

«Тіл және әдебиет» білім саласындағы пәндердiң негiзгi ерекшелiгi - оқушының алдағы уақытта оқу әрекетін меңгеруіне негіз болатын коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандарын қалыптастыру. Олар: 1) тыңдалым; 2) айтылым; 3) жазылым; 4) оқылым дағдылары.

Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым және айтылым дағдылары болып табылады. Тыңдалым дағдысының адамның ойлау қабілетінің дамуына ықпалы зор. Оқушы айтылған немесе техникалық құралдарға жазылған сөздерді, сөйлемдерді, аудиомәтіндерді тыңдап, қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше, басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды.

Сондықтан сауат ашу кезеңінде, ең алдымен, тыңдалым дағдысына ерекше көңіл бөлген жөн. Яғни, оқушы ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушінің немесе мұғалімнің сөзін аяғына дейін зейін қоя тыңдай білуі, ақпаратты дұрыс қабылдауы, негізгі ойды түсінуі, жауап беруге дағдылануы қажет.

Айтылым дағдысының дұрыс қалыптасуының да адам үшін маңызы өте зор. Өйткені оқушы сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйренуі керек. Оның мектепте оқытылатын барлық пәндерден жақсы нәтижеге қол жеткізуі осы айтылым дағдысына , яғни белгілі бір мәселеге (тақырыпқа) байланысты өз ойын, пікірін немесе қандай да бір ақпаратты түсінікті, толық, жүйелі жеткізе білуіне байланысты.



1-сыныпқа келген оқушы тыңдауға үйреніп қана қоймай, сөйлеуге, яғни өз ой-пікірін айтуға, қойылған сұрақтарға жауап беруге, сөздерді, дыбыстарды анық, дұрыс айтуға, мағынасын түсініп, орынды қолдануға, тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатыса білуге, сөйлеу мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыланады.

Баланың мектеп табалдырығын аттауымен байланысты жаңа әрекет – «жетекші әрекет» (А.Н.Леонтьев), яғни оқу әрекеті пайда болады. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – бала ауызекі сөйлеу тілімен қатар, осы кезеңде пайда болатын «жаңа түзілімдер» (Л.С.Выготский) оқуды және жазуды меңгереді.

Оқылым, біріншіден, ойлау мен қабылдаудың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, мұнда қағаз бетіндегі графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып, олардың мән-мағынасын түсінудің рөлі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.

Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы.

Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады:

- түсініп оқуы;

- зерттеп оқуы;

- шолып оқуы;

- мәселені сын тұрғысынан бағалауы;

- негізгі аргументті анықтап, дәлелдеуі.

Жазылым да айтылым сияқты қарым-қатынас құралы. Бұл екеуінің атқарар қызметтері ұқсас болғанымен, екеуі екі басқа психикалық процесс: «оның айырмашылығы – жазба сөздің ерекшелігінде, оның психологиялық құрылысында», – дейді академик Т.Тәжібаев.

Тағы бір ерекшелігі – жазбаша сөйлеу кезінде әңгімелесуші адам болмайды, сондықтан ойды жазып білдірудің мазмұны жүйелі, логикалық байланысы берік және ауызша сөйлескендегіден толығырақ болуы тиіс. Сондықтан жазылым дағдыларын қалыптастыруға алғашқы күннен бастап ерекше мән берілуі керек. «Жазылым» «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.



Жазылымның ерекшелігі – оқушыларды жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын, қолдың, саусақтың іс-әрекетін, көз бен бастың қозғалысын дұрыс үйретуді, т.б. ескеріп отыруды қажет етеді.

Жазылымда: сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу; шағын мәтінді дұрыс көшіріп жазу; есту арқылы жатқа жазу, көргенін есте сақтау арқылы сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазу; жазғанын өздігінен тексеру; көркем, таза, қатесіз, сауатты жазу дағдыларының қалыптасуына мән беріледі.

 

Сауат ашу (оқу, жазу)

Пәннің басты мақсаты – оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру.

«Сауат ашу» пәнін оқытудың мiндеттерi:

әлiппеге дейiнгi кезең:

- тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыру, лексикалық тақырыптар, сюжетті суреттер бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту, сөздiк қорын байыту;

- сөйлем құрауға үйрету, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды бөліп алуға, сөзді буынға бөлуге, буынды дыбысқа ажыратуға машықтандыру; дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретiн табу) жасауға, дыбыстық сызба құруға дайындау, оны «оқу»;

- жазуға даярлау: жазу жолын сақтай отырып, әрiп элементтерiн (әртүрлi сызықтар, өрнектер мен таңбалар) жазуға үйрету.

әлiппе кезеңi: жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп); сөзге дыбыстық-әрiптiк талдау жасау; сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; буынды, сөздi, сөйлемдi оқу; байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; сөздiк қорын байыту; мәтiндi дұрыс, саналы, түсініп оқуға дағдыландыру; сауатты, көркем жазуға үйрету.

әлiппеден кейiнгi кезең: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіру, оқушының тiлін дамытып, алғашқы грамматикалық мәліметтермен таныстыру.

«Сауат ашу» пәні бойынша жазба жұмыстары

1-жартыжылдықтың соңында:айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді (3-5 сөз), 2-3 сөзден тұратын сөйлемдерді тыңдау арқылы жазу; баспа әріптермен берілген мәтінді (10-15 сөзден артық емес) көшіру жұмыстарын орындай алуы тиіс.

2-жартыжылдықтың соңында:

1) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді, құрмында л – р, н– ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б дыбыстары кездесетін сөздерді тыңдау арқылы жазу (барлығы 8-10 сөз);

2) 3-4 сөзден тұратын сөйлемдерді, шағын мәтіндерді (10-15 сөзден аспайтын) тыңдау арқылы жазу;

3) сұрақтарға жауап жазу арқылы мазмұндама жазу (15-20 сөз көлемінде); белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрап жазу (2-4 сөйлем мөлшерінде) (2-кестені қараңыз) жұмыстарын орындай алуы керек.

Ескерту: 1-сыныпта шығарма жазылмайды.

 

2-кесте - Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі

 

Тоқсан /жұмыс түрлері диктант мазмұндама шығарма
І - - -
ІІ - - -
ІІІ -
IV -
Жылдық - -
Барлығы -

 

«Сауат ашу (оқу, жазу)» пәніне оқу жылы бойында аптасына
7 сағат берілген, барлығы 231 сағатты құрайды, оның ішінде: әлiппеге дейiнгi кезең – 14 сағат; әлiппе кезеңi – 98 сағат; әлiппеден кейiнгi кезең – 119 сағат.

 

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді мектептер үшін)

Қазақ тілі пәні - бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.

Пәнді оқыту мақсаты: тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзыреттілігін дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау; ауызша және жазбаша сөйлеу білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.

Пәнді оқыту міндеттері:

-оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өз тілін құрметтеу және мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыру;

-тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге тәрбиелеу;

-ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;

-тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз ана тілінде дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу) қалыптастыру және дамыту;

-алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру;

-оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сын тұрғысынан ойлауын жетілдіру.

Пәнді оқыту ерекшелігі – грамматикалық материалдар жүйелi-шоғырлы ұстанымға негiзделiп, кешендi сипатта берілді. Пән мазмұны «Тіл және сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз құрамы», «Сөз таптары» бөлімдерінен тұрады. Тілдік саладағы барлық тоғыз сөз табы мен олардың белгілері таныстырылады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде №8424 тіркелген «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес 2014 жылы 3-сыныптың оқулығы қайта өңделді. Аталмыш оқулықтың құрылымы мен мазмұны тiлдi оқытудың коммуникативтiк iс-әрекеттiк бағытын жүзеге асыру арқылы тiлдiк бiлiмнiң сапалы меңгертілуін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес оқулыққа енгізілген өзгерістер мынадай:

1) оқулық «Фонетика әлеміне саяхат», «Синтаксис әлеміне саяхат», «Морфология әлеміне саяхат», «Еліктеу сөздер», «Сөйлеу мәдениеті» тақырыптарымен толықтырылған;

2) жаттығулар мен тапсырмалар Блум таксономиясы бойынша оқу деңгейлеріне (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) сәйкес берілген;

3) оқулық мазмұны оқушының өз біліміне сын көзбен қарап, қатесін анықтап, өзіне баға беруге үйрететін рефлексиялық жаттығулармен (проблемалық жағдаят) толықтырылған;

4) кейбір 1 сағаттық материалдардың соңында міндетті бөліктерден басқа міндетті емес бөліктер берілген;

5) үлкен тақырыптардан, тараулардан соң оқушылардың өз білімдерін өздері тексеруін мүмкін ететін 1 сағаттық «Өзіңді өзің тексер» материалдары берілді;

6) «Жыл бойы өткенді қайталау» тарауының соңғы 1 сағаттық материалы оқушылардың «Жазғы қызықтар» жобасымен жұмыс істеуіне арналады.

2015 жылы 4-сыныптың оқулығы қайта басылып шықты. Ондағы өзгертулер мынадай: дыбыс және әріп тарауында фонетика терминіенгізіліп, фонетикалық талдау үйретіледі; сөйлем тарауында синтаксис ұғымы енгізіліп, синтаксистік талдау жасау үйретіледі; сөз таптары тарауында морфология термині енгізіліп, морфологиялық талдау үйретіледі.

Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – оқушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру. Сондықтан мұғалімдерге жазба жұмыстарының мөлшерін оқу тоқсандары бойынша бөліп ұсынып отырмыз (3-кесте). Әр сыныпта тоқсан сайын диктантқа – 3 сағат, мазмұндамаға – 1 сағат, шығармаға – 1 сағат, (жылына барлығы – 20 сағат) берілген.

 

3-кесте – Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі

 

Сыныптар Жазба жұмыстар түрлері Оқу тоқсандары Барлығы
І ІІ ІІІ ІҮ
Диктант
Мазмұндама
Шығарма
Барлығы:
Диктант
Мазмұндама
Шығарма
Барлығы:
Диктант
Мазмұндама
Шығарма
Барлығы:
  Жалпы саны:

 

Сауаттылықты тексеру қазақ тілі пәнінің міндеті болғандықтан, шығарманың әдебиеттік оқу пәнінде де жазылатыны ескеріліп, шығармаға берілген сағат саны қысқартылып, диктантқа бөлінді.

Ескерту: Әр сыныпқа мазмұндама мен шығармаға берілген жылдық сағат саны – 8 (4 мазмұндама, 4 шығарма жұмысы), ал диктантқа (сауаттылықты тексеру және бақылау диктанты) – 12 сағат беріледі.

«Қазақ тілі» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 (116 + 20) сағатты құрайды.

 








Date: 2015-12-13; view: 673; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (0.013 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию