Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХАТТАМАСЫ. Қарап-тексеру басталған уақыт: 03сағат30 мин





20___ жылғы 12 қаңтар Астана қ.

 

Қарап-тексеру басталған уақыт: 03сағат30 мин.

Қарап-тексеру аяқталған уақыт: 04 сағат00 мин.

 

Астана қ. САІІБ тергеушісі (анықтаушысы) полиция аға лейтенанты Т. Қоңтарбаев

03 сағ. 10 минутта Ж. Бескемпіровадан белгісіз біреу Сатпаев көшесі №30 үйдің жанында оның САМСУНГ Галакси маркалы ұялы телефонын ашық түрде тартып әкеткені туралы хабарлама алдым.

Мына: Сатпаев көшесі №30 үй мекен-жайындағы оқиға орнына келіп, ҚР ҚПК 219 және 220-баптарын басшылыққа ала отырып, төмендегілердің қатысуымен:

1. жедел уәкілА. Сабыров,

2. криминалист-маманА. Саркын,

3. кинолог А. Сандыбай,

мына куәгерлердің қатысуымен:

1) Айбарша Шұбарқызы Сұлтанова, 12.10.1990 ж.т., мекенжайы Астана қ., Иманов көш.,10 үй, №5 пәтер

2) Салтанат Сұлтанқызы Айбарова, 21.12.1991 ж.т., мекенжайы Астана қ. Абай көш., 10 үй, №15 пәтер

иегер ________________________________ қатысуымен және келісуімен оқиға орнын қарап-тексеру жүргізілді, бұл туралы ҚР ҚПК 199 және 224-баптарына сәйкес осы хаттама жасалды.

Қарап-тексеру басталар алдында жоғарыда аталған адамдарға олардың тергеу әрекетін жүргізуге қатысуы; тергеу әрекеттеріне орай хаттамаға енгізуге жататын өтініштер мен ескертпелер жасау; өздері қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамасымен танысу; қылмыстық қудалау органының әрекетіне шағым келтіру; қылмыстық іс бойынша оны жүргізу кезінде олар шеккен шығыстарға өтем алу; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу құқықтары түсіндірілді. Оларға қарап-тексеру жүргізу кезінде қажетті жағдайларда оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданылатыны туралы да хабарланды.

Оған қоса, куәгер С. Айбароваға және А. Сұлтановаға ҚР ҚПК 82-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органының шақыртуы бойынша олардың келу; тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысу; бұл әрекеттер жүргізу, оның барысы мен нәтижелері фактісін тергеу әрекеті хаттамасында өзінің қолымен куәландыру; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тәртіп сақтау міндеттері түсіндірілді және оларға өз міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылатыны туралы ескертілді.

Куәгерлер 1. _________________ А. Сұлтанова

2. ________________ С. Айбарова

Криминалист-маман А. Сарқынға ҚР ҚПК 80-бабында көзделген құқықтар мен міндеттер түсіндірілді және оған өз міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылатыны туралы ескертілді.

Криминалист-маман ___________________

Қарап-тексеру кезінде мыналар анықталды:

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Қарап-тексеру процесінде «Самсунг» маркасын анықтау барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдары қолданылды.

Қарап-тексеру ауа-райы ашық күні (ашық, жаңбырлы, қар жауып тұрған кезде), табиғи (жасанды) жарық және ауа температурасы – 20°С кезінде жүргізілді.

Оқиға орнын қарап-тексеру кезінде мына нәрселер табылып, алынды:

1. ештеңе алынған жоқ;

2._______________________________________________________;

3. _______________________________________________________;

4. _______________________________________________________;

Қарап-тексеру процесінде нәрселер мен заттардың орналасуының ____________ жоспары мен сұлбасы жасалды.

Қарап-тексеру кезінде қарап-тексеру тәртібі, хаттама мазмұны, жоспарлар мен схемалар бойынша қатысушылардан өтініштер мен ескертпелер түскен жоқ (түсті):

_______________________________________________________ болған жоқ.

Куәгерлер: ________________А.Сұлтанова ________________ С.Айбарова

Қатысушылар: _____________________________

_____________________________

Криминалист-маман _____________________________

Қарап-тексеру жүргізген:

Астана қ. Сарыарқа ауданы

САІІБ тергеушісі

аға лейтенант (қолы) Т.Қоңтарбаев

Астана қаласы

Сарыарқа ауданының прокуроры

әділет кеңесшісі (қолы) Н.А. Аманжоловқа

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы

Date: 2015-12-13; view: 6011; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию