Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жоғарғы геодезиядағы градустық өлшемдер





Градустық өлшемдер дегеніміз – Жердің фигурасын анықтауға арналған астрономиялық, геодезиялық және гравиметриялық жұмыстардың жиынтығын айтады.

Градустық өлшемдердің басты мақсаттарына мыналар жатады:

1) геодезия мен картографияның көптеген мәселелерін шешу үшін референц – эллипсоидтың параметрлерін анықтау;

2) құрлықтағы геоид жазықтығына жақын және онымен теңіз бен мұхиттарда беттесетін қосалқы жазықтық – квазигеоиты анықтау;

3) Жердің нақты фигурасын анықтау, яғни оның физикалық бетін;

4) жер эллипсоидының параметрлерін анықтау, яғни Жердің фигурасын ең нақты бейнелейтін – жалпы жер эллипсоидын.

Референц – эллипсоидтың параметрлеріне баға беру кезінде оның жалпы Жер эллипсоидына жақындау дәрежесін анықталады. Ол астрономо-геодезиялық және гравиметриялық өлшеулер жүргізілген территорияға байланысты болады. Градустық өлшеулер жүргізілген территория үлкендеген сайын бұл өлшеулерге негізделген эллипсоид та жалпы жер эллипсоидына жақындай түседі. Сондықтан референц-эллипсоидты анықтау мәселесі Жердің фигурасын беретін эллипсоидты анықтаумен бірдей деген сөз.

Квазигеоид бетін анықтау – астрономо-гравиметриялық нивелирлеу әдісімен референц-эллипсоидқа қатысты аномальды биіктікті анықтаумен жүргізіледі.

Жер бетінің физикалық формасын анықтау квазигеоид бетіне немесе референц-эллипсоидқа қатысты геодезиялық биіктікке (Н) қатысты қалыпты биіктікті анықтау жолымен жүргізіледі. Ол үшін астрономо-гравиметриялық нивелирлеумен қатар геометриялық нивелирлеуді жүргізу қажет.

Жалпы жер эллипсоидын шығару үшін барлық Жер бетінің градустық өлшемдері керек етеді немесе оның көптеген бөлігінің. Жалпы Жер фигурасына әсер ететін геоид фигурасы жергілікті толқындармен қатар құрлық территориясын қамтитын жалпы толқындарға да ие болып келеді. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін барлық материктердің градустық өлшемдерін білу керек. Бұл градустық өлшемдер жер шарының барынша көп жерін қамтуы тиіс. Ал сулы территориялар оған кедергі болады, бірақ, теңіздер мен мұхиттарда ауырлық күшін анықтау жұмыстары жүргізілуі мүмкін.

 

Date: 2015-12-13; view: 1076; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию