Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Орытынды





Хирургиялық инфекциялы ауруларды емдеуде медицина саласында кәзіргі кезде көптеген дәрі-дәрмектер, тәсілдер жеткілікті. Соған қарамастан хирургиялық инфекцияны жеңе алмай келеміз. Емдеу тәсілдерін, қажетті дәрілерді орнымен қолданса, жақсы көрсеткіштерге жетуге болады.

Хирургиялық іріңді процестерді емдеуде олардың түрі, көлемі, локализациясы, ағымы т.б. ерекшеліктері ескерілуі қажет. Негізгі емдеу принциптері нозологияның этиологиясы, патогенезіне сай бағытта, кешенді түрде: консервативті және операциялық ем жүргізілуі тиіс. Консервативті ем: а) антибактериалды; ә) энзимотерапия (протеолиттік ферменттерді қолдану): б) физиотерапиялық ем (компресстер, ультракүлгін, лазер сәулесімен емдеу, УЖЖ, электрофорез жасау); в) қабынған мүшенің қимылын шектеу (иммобилизация); г) қабынудың бастапқы инфильтративті кезеңінде новокаин – пенициллин блокадасын (бөгеу) жасау. Қол-аяққа циркулярлы футлярлы, маститте ретромаммарлы новокаин блокадаларын қолдану; ғ) дезинтосикациялық терапия (қан, қан алмастырушы сұйықтықтарды құю).

Хирургиялық ем: Гиппократтың көне заманда айтылған қағидалары – «ubi pus ibi evacua» (ірің бар жерді міндетті түрде тіліп ашып, іріңін эвакуациялау) күні бүгінге дейін қолданылады. Қабынудың іріңдеу кезеңінде іріңдіктерді пункциялау, оперативті жолмен тіліп ашу, антисептиктермен жуып тазалап, дренаждау қажет. Хирургиялық инфекцияның басталуы, ағымы, болжамы бірнеше факторларға байланысты:

1. Макроорганизмнің иммундық жүйесінің қабілетіне - ақырғы жылдары ластанған экологияның салдарынан, ауруларды емдеуде және олардың алдын алу мақсатында күнделікті қолданылатын дәрі-дәрмектердің аллергиялық әсерінен адамдардың иммундық реактивтілігі әлсіреген, осы себептерден хирургиялық инфекция және операциядан кейінгі іріңді асқынулар жиі орын алуда.

2. Микроорганизмнің мөлшері, вируленттілігі, дәрілерге төзімді штамдары жыл сайын өсуіне.

3. Инфекция енген ошақтың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне;

4. Жалпы қан айналымы бұзылыстарында қабыну ошағына микроорганизмдерге қарсы тұратын, оларды жоюға арналған арнайы клеткалық, гуморалды иммунды заттар дер кезінде және толық көлемде жеткізілмеуіне.

5. Науқастың аллергиялық статусына.

Іріңді қабыну туындау үшін, микроорганизмдер түскен ошақта олардың өсіп өнуіне қажетті қоректі заттардың (өліеттер, гематома) және де жергілікті, жалпы қан айналымының бұзылыстары міндетті түрде болуы керек. Іріңді хирургиялық инфекцияның орын алуы аурулардың жасына да байланысты. Жас адамдарда, көбінесе 17-35 жас аралығында флегмона, абсцесс, іріңді лимфаденит, мастит, остеомиелит жиі кездеседі; 36-55 жастағы науқастарда зәр шығару жүйесінің аурулары - пиелит, цистит, пиелонефрит, сонымен қоса парапроктит, перитонит, 65 жастан асқан адамдарда карбункул, некроздық флегмона, инъекциядан кейінгі абсцесс, гангрена орын алса, жаңа туған нәрестелерде – нәрестелер флегмонасы, стафилококты өкпе деструкциясы, плеврит, жедел гематогенді остеомиелит, перитонит дамиды. Хирургиялық инфекцияны емдеуден гөрі, оның алдын алу, әлдеқайда тиімді. Әр адам жеке басының гигиенасын сақтаса, көптеген аурулардан, оқыс жарақаттардан сақтанып жүрсе, дәрігерлік көмекке дер кезінде жүгінсе, хирургиялық іріңді инфекциялардың асқынулары сирек кездесуі мүмкін. Хирургиялық іріңді инфекцияға шалдыққан науқастардың иммунитеті әлсіз болғандықтан, олардың иммундық статусын зерттеп, тиісті иммунотерапия және иммунопрофилактика шараларына мұқият көңіл аударған жөн. Иммундық жүйенің физиологиясы мен патофизологиясын зерттейтін медицина саласы – клиникалық иммунология жақсы өркендеп дамуда.

 


Date: 2015-12-12; view: 498; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию