Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шірікті инфекциялар





Шірікті инфекциялардың этиологиясы спора түзбейтін анаэробты микробтар (B. Coli, B. Putrificus, Proteus) және осы микробтардың стафилококк, стрептококтармен бірлескен ассоциациясы. Шірікті инфекцияларда тіндердің жергілікті өзгерістері және ағзаның жалпы реакциясы анаэробты инфекцияға ұқсас келеді, қабынудан некроздану процесі басым болады. Тіндер іріп-шірігенде сасық иісті ірің көп мөлшерде бөлініп, науқасты ауыр интоксикацияға әкеледі. Шірікті инфекция қатты ластанған жыртылған, мыжылған жараларда, ашық сынықтарда, жедел парапроктиттер (122-сурет), аппендикулярлы абсцестер, одонтогенді
флегмоналарда дамиды.

Сурет 122. Іріңді-шірікті парапроктит.

Клиникалық көрінісінде: өліеттенген тіндерге толы жарадан сасық иісті, геморрагиялық кір сұйықтық көп мөлшерде бөлінеді. Жараның шеті қызарып ісінеді. Жиі лимфангиит, лимфаденит дамиды. Науқастың жалпы жағдайында: дене қызуы көтеріліп, қалтырайды, ұйқысы қашады, тәбеті төмендеп ауыр интоксикация, сепсистік жағдай орын алады.

Емі сепсис ауруының еміне сәйкес келеді. Жараны кеңінен тіліп ашып өліеттерден мұқият тазартады, қуыстанып қалған іріңді қалталарды санациялап, ішін сутегінің асқынтотығының 3% ерітіндісімен жуып дренаждайды. Дренаж арқылы жараны антисептиктермен жуып, антибиотиктер енгізеді.

Шірікті инфекциялардың алдын алу мақсатында инфицирленген жараларға дер кезінде мұқият біріншілік хирургиялық тазарту жүргізу, жедел аппендицит, қысылған жарықтар, жедел холециститте т.б. жедел операцияларды жасау.

 

XII тарау. СОЗЫЛМАЛЫ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ХИРУРГИЯЛЫҚ

Date: 2015-12-12; view: 1196; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию