Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Көрнекі материал: презентация, слайдтар. 1. Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста.- М





Дебиет

Негізгі:

1. Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста.- М. Медицина, 2006- 640 б.

2. Курякина Н.В. Детская терапевтическая стоматология.- М.-Н. Новгород, 2007-744 с.

3. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 б.

Қосымша:

1. Ральф Е. Мак-Дональд. Дэвид Р. Эйвери: перевод с английского проф. Т.Ф. Виноградовой. Стоматология детей и подростков. МИА: М., 2003

2.Кабулбеков А.А., Негаметзянов Н.Г., Кабулбекова Ж.А. Профилактика стоматологических заболеваний у детей.- Алматы, 2007.- 99 б.

3.Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям.- М., 2007.- 214 б.

4.Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев-2007-815 б.

5. Абылкаирова Г.С. Абралина Ш.Ш. «ОСКЕ бойынша бала жасындағы стоматологиядан бағалау әдісі». Оқу -әдістемелік нусқау 14. 04.2008 ж. (хаттама № 6),

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Балалардың қызыл иек құрылысының ерекшеліктері.

2. Баллардың тіс түбірінің цементінің құрылысының ерекшеліктері.

3. Балалардың альвеолярлы сүйектің құрылысының ерекшеліктері.

4. Балалардағы пародонт ауруларының дамуының жергілікті себептері.

5. Пародонт ауруларының клиникалық диагностика әдістері.

 

ДӘРІСТІК КЕШЕН:

1. Тақырып № 2 Балалардағы пародонт ауруларының клиникалық ағымы және емінің ерекшеліктері, алдын алуы.

2. Мақсаты: Студенттерге балалардағы пародонт ауруларының клиникалық ағымы және емінің ерекшеліктері, алдын алуы бойынша теориялық білімін қалыптастыру және бекіту.

3. Дәрістің тезисі –

Пародонт ауруының емі барлық кезде этиологиясына және патогенезіне, клиникалық ағымына, пародонт тіндеріндегі патологиялық өзгерістеріне және клиникалық, параклиникалық, лабораториялық зерттеу әдістеріне байланысты жүргізілуі тиіс.

Егер балада қандай да жалпы денесінің соматикалық немесе созылмалы жүйелі ауруы болатын болса онда бұл балаларда жалпы ем жоспары педиатр немесе басқа сол профилдегі мамандармен мақұлданған болу қажет.

Организмінің реактивтілігінің иммунологиялық көрсеткіштері төмен балаларда стимулирлеуші терапияны педиатр тағайындағаны орынды.

Ал, комплексті жергілікті емді стоматолог жүргізеді, оған кіреді:

-нашар әрекетті жағдайларды жою /тіс түзілістерін алу, ауыз қуысынын сауықтыру/;

- баланы қадағалай отырып ауыз қуыс тазалығына үйрету;

- ең рациональды тазалық құралдарын қолдану туралы кеңес берілу;

- антисептиктер және қабынуға қарсы терапия;

- физиотерапия;

- ауыз қуысының кіре берісі ауытқуларын коррекциялауға бағытталған хирургиялық ем әдістері;

- жақ сүйектің өсуін қадағалау, тістердің шығуын, нашар әдеттерді және парафункцияны жою, функциялардың бұзылыстарын ортодонтиялық емдеу әдістерімен және қажет болғанда аппараттық ем қолдану.

Емнің нәтижелілігіне баға беру үшін тазалық көрсеткіштерін және РМА, Шиллер-Писарев сынамасын қолдану.

Балалардың пародонт ауруларының жіктелуі (1983, ДДҰ, стоматологтар қоғамы бірлестігінің пленумы)

І. Гингивит- тіс-қызылиек бекуінің бүтіндігінің бұзылуынсыз жүретін, жергілікті және жалпы факторлардың әсерінен пайда болған қызыл иек қабынуы.,

 

Түрлері: катаралды, гипертрофиялық, жарақаттық

Ағымы: жедел, созылмалы

Таралауы: ошақты, жайылмалы

Ауырлық дәрежесі бойынша: жеңіл, орташа, ауыр

 

ІІ. Пародонтит - пародонт тіндерінің қабынуы, периодонталды байлам мен сүйектің үдемелі деструкциясымен сипатталады.

Ағымы: жедел, созылмалы, асқынған (абсцесстелген), ремиссия

Ауырлық дәрежесі: жеңіл, орташа, ауыр

Таралауы: ошақты, жайылмалы

 

ІІІ. Пародонтоз – пародонттың дистрофиялық зақымдалуы

Ауырлық дәрежесі: жеңіл, орташа, ауыр

Ағымы: созылмалы, ремиссия

Таралуы:жайылмалы

IV. Пародонт тіндерінің үдемелі лизисімен жүретін идиопатиялық аурулары (Папийон – Лефевр синдромы, акатолазия, нейтропения, агаммаглобулинемия және т.б)

V. Пародонтомалар - пародонттың ісік және ісікке ұқсайтын үрдістері

 

Катаральды гингивит. Катаральды гингивиттің жедел түрі көбінесе жедел жұқпалы аурулардың көрінісі болып табылады /қызылша, жедел респираторлы вирусты ауру, жұқпалы мононуклеоз, скарлатина дифтерия/. Ал, бір жағынан жедел герпетикалық стоматиттің алғашқы дамуының бір сатысы болып, аллергиялық реакциялы белгілермен, жиі гингивостоматит түрінде өтеді. Жедел катаральды гингивит терапиясы негізінен этиологиялық жағдайды анықтап және негізгі ауруды емдеу болып табылады.Жергілікті емі шырышты қабықты жансыздандыру, ісінуді азайту, гиперемияны және екіншілік инфекцияны болдырмау.Шырышты қабықтың жедел қабынуының емі үшін және капиллярды шынықтырғыш қасиеті бар өсімдіктерден жасалынған /алтей түбірінің, шалфей және мальва жапырағының тұнбасын / қолданған тиімді. Капиллярды шынықтырғыш қасиетті дәрі өсімдіктектес фенольды қосылысты- флавоноиды қолдануға болады. Капилляр қабырғасының резистентілігі негізінен қан тамырларының айналасындағы орналасқан борпылдақ дәнекер тіндердің клеткалары мен талшықтарына байланысты. Өйткені, жедел қабыну кезінде капилляр өткізгіштігі және тығыздығы өзгереді.

Р-витаминді белсенділікті, фенольды қосынды қан тамыр-тінді барьердің өткізгіштігіне әсер етеді.

Витамин С, Р- витаминді фенолды қосынды сияқты қасиеті бар, бірақ борпылдақ тіннің негізгі затын гиалуронидазадан қорғамайды, тек коллаген түзілуін белсендіреді.

Фенольды қосындылар қабыну антогонистер медиатрының қасиеттері бар (серотонин, брадикинин, простогландин) В. А. Барабой, 1984.

Өсімдікті фенольды қосындыларды шырышты қабықтың әр түрлі генезді қабынуы кезінде кеңінен қолдану қажет, өйткені, ол стероидты қабынуға қарсы қолданылатын препараттарға қарағанда жұмсақ жағымды әсер етеді, токсикалық қасиеті жоқ, әсіресе балаларда ұзақ уақыт қолданғанда нашар қосымша әсер көрсетпейді.

.

Date: 2015-12-12; view: 1645; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию