Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лекция. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынас





1.Дүниежүзілік саясат ұғымы

2.Халықаралық қатыныстар жүйесі

3.Сыртқы саясат мәні мен қызметтері.

4. Қазақстан Ре сспубликасы сыртқы саясат, оның көп бағыттылық сипаты.

Сабақ мақсаты: Халықаралық қатынас қалыптасуы мәні, ондағы негізгі принцптер әсіресе ұлттық мүдде, халықаралық саяси институттар және олардың қызмет ету механизмдері, сыртқы және ішкі саясаттағы бағыттарды талқылап мәнін ашу.

міндеттері: Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру

1. Дүниежүзілік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілерінің әлемдік сахнадағы іс әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды. Сонымен қатар,олар: сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар ұғымдарымен толықтырылады.

2. Халықаралық қатынастар деп - халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлейметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады. Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, олардың іске асырушылардың көбеюіне байланысты. Қазіргі әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр деуге болады, бірақ, халықаралық қатынастарды негізгі рөлді мемлекет атқарады, себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім шарттар жасау, соғыс ашу т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.

3. Сыртқы саясат жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс әрекеті жатады Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді.

Сыртқы саясаттың қалыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның ішінде ең маңыздысы – мемлекеттің орналасқан географиялық ортасы. Оған жер бедері, ауа райы, топырақ, жер қойнауының табиғи байлықтары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғи қатынас жолдары және т.б. Географиялық орта өндіргіштерді орналастыруға, жалпы қоғам дамуына сан қилы әсер етеді. Айналадағы табиғи ортаның қоғам дамуына әсер ететін зерттейтін географиялық бағыт деген теория пайда болды. Оның негізін салушы француздың белгілі фәлсафа ағартушысы- Ш.Монтескье. Ол халықтардың материалдық және рухани өмірі географиялық ортаның жағдайларына тәуелді деп санады.

Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар. Қай елде болмасын жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, әділдік пен әділетсіздік, адамдар арасындағы қарым – қатынастар, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтары жөнінде өзіндік түсініктері, ой пікірлері болады. Бұл көзқарасты сыртқы саясатқа да әсерін тигізеді.

3.Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды нығайтып, дамытуда кіреді. Бүгінде республикамызда бірнеше шетел фирмаларының, банкілерінің, өзге ұйымдардың өкілдері бар. Қазақстан қазіргі әлемнің 80 – нен астам елдеріне өнімдер шығарады.

Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принуциптері:

- мемлекеттік мүддені қорғау;

- елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру; демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;

- әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;

- ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу;

- халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету;

Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілермен тең дәрежелі достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелері – қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтары, айналадағы ортаны қорғау.

Әдебиеттер:

1.ЖамбыловД."Саясаттану негіздері"-А.:1998ж. 56-65 бет.

2.Кенжебаев С. " Саясаттану негіздері"-А.:1999ж.72-88 бет.

3.Крімбеков О.К. " Саясаттану негіздері" -А.: 1994ж. 39-50 бет.

4.Көшімов Д. " Демократия негіздеріне кіріспе"-Алматы: 1997ж. 108-146 бет.

5.Қалив Н. " Тәуелсіз Қазақстан саяи жүйесі"-Ақиқат:№12.2001ж. 19-25 бет.

Date: 2016-02-19; view: 874; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию