Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Популяция. Популяция құрылымы және динамикасы





Тіршілік формалары. Биотикалық қатынастар

Тірі ағзалардың, соның ішінде, жан-жануарлар мен өсімдіктердің сыртқы қоршаған ортасына бейімделуіне морфологиялық адаптацияның атқарар рөлі ерекше, яғни, ондай ерекшелікке өмір сүрген ету ортасындағы тіршілік үшін күресудегі және тіршілік іс- әрекетін ұтымды жалғастыруда өте қажет болып табылатын сыртқы құрылысы жатады.

Өсімдіктердің тіршілік формасының классификациясы (Раункиер бойынша).

1. Фанерофиттер - өсімдіктің жер үстіндегі топырақтан жоғарығы бүршіктерінің жаңаруы (30 см –ден жоғары).

2. Хамериттер – топырақ үстінен 20-30 см-ден жоғары бүршіктердің жаңаруы.

3. Гемакриптофиттер – топырақ үстіндегі бүршіктердің жаңаруы немесе топырақтың дәл үстіндегі бүршіктердің жаңаруы. Көбінесе олар өсімдік астына орналасады.

4. Криптофиттер – топырақтың ішіндегі (геофиттер) немесе су ішіндегі гелофиттер мен гидрофиттер) бүршіктердің жаңаруы.

5. Тероафиттер – жылдың өсуге қолайсыз кезеңінен кейінгі тұқымнан шығып жаңару.

Жануарлардың тіршілік формаларының классификациясы (сүтқоректілер) (Формозов А.Н. бойынша).

1. Жерүсті формалары.

2. Жерасты (жер қазушылар).

3. Ағашта өмір сүретіндер.

4. Ауада тіршілік етушілер.

5. Суда тіршілік етушілер.

Бұлардан басқа да классификациялары бар. Биотикалық қатынастар.Тірі ағзалардың бір – біріне әсер етуші іс - әрекеттерінің қосындысын ортаның биотикалық факторлары деп атайды. Ағзаны қоршап тұрған тірі денелердің барлығы оның биотикалық ортасын құрады.

Биотикалық қатынастардың екі үлкен топқа бөлуге болады: 1.Түрішілік.

- Топтық әсер

- Массалық әсер.

- Түрішілік бәсеке.

Бірлестік

Коннибаллизм

Түраралық.

-Аменсализм.

-Комменсализм.

-Түраралық бәсеке.

Мутуализм (симбиоз)

Нейтрализм

Жыртқыш – жәбирленуші түріндегі бірлестік

Паразит – қожа түріндегі қатынастар

Популяция. Популяция құрылымы және динамикасы.

Популяция дегеніміз – эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын,еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы. «Популяция» деген сөз латынша «популюс» - халық, тұрғындар деген ұғымды білдіретін сөзден шыққан. Популяция даралары оқшаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда барлық қасиеттері мен белгілері бойынша өзара өте ұқсас болып келеді.

Топтық ерекшеліктер – популяцияның ең негізгі сипаттамасы.

Оларға мыналар жатады:

1. Саны – белгілі бір территориядағы даралар саны.

2. Популяция тығыздығы – сол популяцияның алып жатқан кеңістігінің немесе аудан көлемінің бірлігінің орташа даралар санына қатынасы.

3. Туу –көбею нәтижесіндегі бір уақыттағы жаңа даралар саны.

4. Өлім – белгілі бір уақыт мөлшеріндегі популяция ішіндегі өлген даралар саны.

5. Популяцияның өсуі - туу мен өлім арасындағы айырмашылық.

6. Өсу темпі – бір уақыттағы орташа өсу. Әр түр, белгілі бір территорияны (ареал) ала отырып, популяция жүйесін құрады.

Түр → түрасты (нәсіл) → географиялық популяция → экологиялық популяция → жергілікті, локальды немесе элементарлы популяция. Популяцияның белгілі бір нақты құрылысы болады:

жыныстық, жастық, кеңістіктік және этологиялық.

Date: 2016-02-19; view: 1896; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию