Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқытуға және өзін-өзі іске асыруға оятатын академиялық орта





Оқытуды қолдайды: Салмақ академизмге түседі, бірақ та зият пен оқытудың кез-келген түрі қолдауға ие болады. Баланы оқытуға ықпал ететін кез келген әдіс қолданылады, барлық оқушылардан жоғары нәтижелер күтіледі. Мұғалімдер табысқа жеткені үшін әрқайсысын ынталандырады, прогресс үнемі қадағаланады, бағалау нәижелері бірден оқушылар мен ата-аналарға хабарланады, бағалау нәтижелері оқыту үдерісі мен оқу мазмұнына баға беру және қайта құру үшін қоланылады, мұғалімдер білімді әрі сенімді.

Оқытуға кедергі жасайды: Қолданылатын әдістер әртүрлі емес. Академиялық маңыздылығы төмендетіледі және марапатталмайды, күтілетін нәтижелер төмен, бағалау төмен немесе жүйелі емес, бағалау нәтижелері өте аз талқыланады. Оқушылар алынған нәтижелерді қалай пайдалануды білмейді. Ата-аналар оқушылардың мәрелік бағаларын көрген кездерінде академиялық қиындықтарға ұшырайды, нәтижелер жақсарту мен дамытуда пайдаланылмайды. Оқушылар мен мұғалімдер бұрынғы сәтсіздіктерді үнемі қайталайды. Марапаттау мен мақтау сирек. Мұғалімдер сенімсіз әрі дайындықсыз [4]. Осы ұсынылған тұжырымдарды сараптай келе сабақ барысында топпен жұмыс жүргізу және оқушыларда ізгі қасиеттерді қалыптастыру бағытында тәжірбие жүргіздік. Мысалы, топты ұйымдастыру барысында бірнеше әдістерді пайдаландық. Мысалы: карточкадағы суреттер арқылы, «Мен сенің бойыңнан мына қасиеттерді көргім келеді – тапқырлар, білімділер және белсенділер» тренингі бойынша, жемістер арқылы,.

Топтық жұмыста мына ережелер сақталды: оқушылар бірін бірі тыңдады, ынтымақтаса отырып жұмыс жасады, бір біріне қолдау көрсетіп көмектесті, басқалардың ойына құрметпен қарады, әр топ мүшелері топ басшысын қолдап, өз жауапкершілігі мен міндетінің болғанын сезінді. Басқа топ мүшелерінің пікірлерін тыңдап, жауап беру үшін қол көтерді. Білгендерін басқалармен бөліседі.

Топтық жұмысты жиі пайдаланудағы мақсатымыз: оқушылардың белсенділігін арттыру, бірлесе отырып ортақ ой тұжырымдау, оқыту емес өз бетінше оқуға бейімдеу. Сол қойылған мақсаттарға топтық жұмыстар арқылы қол жеткіздік. Топтық жұмыс оқушылар тарапынан қолдау тапты.

Топтық жұмысты ұйымдастыру сәтті және нәтижелі болды. Сабақтың барысында жасалынған табыс критериилеріне қол жеткіздік. Оқушылардің жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін анықтай отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыруға мүмкіндік туады. Оқушылар топпен жұмыс істеу барысында, сабаққа ынтасы артып, әрқайсысы белсенді қатысты. Үлгерімі төмен оқушыларды белсенді топ мүшелері бірлесіп, жұмыс істеуге тартып, сабаққа қызығушылығын оятты. Оқушылар біржақты пікірде қалып қоймай, өзара пікір алмасып, білімдерін толықтырады, қорытынды жасап топ мүшелерінің тұжырымын бағалайды.Топтар дайын жұмыстармен кезекпен танысып, постердің тұсына стикерге пікірлерін жазады. Оқушылар білім алуда сенімді дәлелдер ұсына алады, ғалымдардың зерттеулерін пайдалана отырып тұжырым жасауға үйренеді. Соның есебінен топтық жұмыстар сәтті болды.

Топтық жұмыстың тиімді жақтары: әр студент ойлануға машықтанады. Топтық жұмыс барысында, оқушылар бірігіп сұрақтың жауабын тауып, өзара пікір алмасады. Презентация жасайды. Белсенді тыңдап, топ көшбасшысы анықталды. Топтың әр мүшесі жауапкершілікті сезінеді. Әр студенттің өздерінің қабілеттіліктері мен ерекшеліктерін ашуға мүмкіндігі болды. Оқушылар арасында еркіндік пен сенімділік байқалды. Сондай-ақ, топтық жұмыс барысында оқушылардің шығармашылығы арта түсті және ғылыми әдебиеттермен және ақпарат ресурстармен ізденіс жасайды. Оқушылар орындаған тапсырмаларының нәтижелерін салыстыру арқылы талдау жасайды. Оқушылардің көмектесуге және көмек сұрауға мүмкіндігі көп болады. Оқушылар туындаған сенімсіздік пен қобалжудан, мысалы мен бұл жұмысты орындай аламын ба екенмін, орындай алмасам ұят болып қалмас па екен, басқалар менің жауабымды сынап, күлкіге айналдырмас па екен,- деген қорқыныштан арылады.

Оқушыларді топқа біріктірудің қызықты әрі танымды тәсілі олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады. Топ құрамын арттыру арқылы топ мүшелерінің жынысына және мүмкіндіктеріне қарай басқалармен жұмыс істеуіне пікірталас арқылы шешу, сабақтың сапасын арттырды [5]. Бөліну кезінде басқалардан ерекшеленетін қасиеттері арқылы олар уақытша болса да бастарын біріктіреді, араларында бір- біріне деген жылы сезімдер орнайды. Бірлескен жұмыста жеке бастың қасиеттері сыналмай, тек пікірлер ғана сыналады. Нәтижеге жетуде басқалардың пікірлерін біліп, шешімнің ең тиімді жолын табуды үйренеді. Студент оқу материалын тақырып бойынша алдымен өздігімен ойланып, басқада белсенді әрекет жасап осыдан соң өз ойларымен басқаларымен бөліседі, өз идеяларын басқа пікірлермен салыстырады, оларды толықтырады, өзгертеді, дамытады.

Топтық жұмыс жасау барысында мынадай қиыншылықтар орын алды:

- Оқушыларді бағалау кезінде формативті бағалау оңай болғанымен, суммативті бағалау қиындық туғызды.

- Топтық жұмысты жасауда мақсатқа жету үшін уақыт тапшылығы байқалды.

Алдағы уақытта топтық жұмысты жақсартудың мынандай жолдарын ұсынамын:

· берілген тапсырма топтың барлық мүшелеріне қызықты болуы керек.

· оқушылардің қызығушылығын арттыру мақсатында, қоғаммен байланысты өзекті сұрақтарды талқылау;

· сұрақтарды түрлендіре отырып беру;

· топ құрамын жиі өзгерту;

· топты үлгерім деңгейлеріне байланысты құрылуын қадағалау;

· топтардың бірін бірі бағалауын күшейту.

· талдау дәптерін арнап, пән оқытушысы өз өзіне рефлексия жасау.

Сонымен, сөз соңында айтарымыз, қазіргі таңда мұғалімге қойылатын талап оқытуда ізгі қасиеттерді дамыту арқылы, білім игеруге қабілетті атмосфера қалыптастыру.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Әл-Фара6и. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, 1975.

2. Ушинский К. Д. Педагогические соч. в 6-ти т. — Т. 2. — М., 1988. — С. 30

3. Ә. Наурызбаева, Н. Скалон. Диалогтың мүмкіндігі. «Шаһар», 1993, № 1, 8-бет.

4. Сайт. сpm.kz Студентке арналған нұсқаулық 36 бет

5. Сайт. сpm.kz Студентке арналған нұсқаулық 70 бет

 

Date: 2016-02-19; view: 644; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию