Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстандағы және әлемдегі білім беру жүйесі





Финляндиядағы білім беру жүйесі. Қағидалар:барлық бала тең құқылы; жекеменшік мектептер жоқ; сабаққа қажет құрал-жабдықтар мен оқулықтар тегін беріледі; түскі ас тегін; оқушылардың жол жүру билетінің ақшасын муниципалитет төлейді; мемлекетте мектеп инспекторлары жоқ; мұғалімдерге толықтай сенім артады; жемқорлық өте аз; табиғатынан кем-тар болып туылған балалар құрдастарымен қатар отырып білім алады; ұстаздардың оқушыны басқа мектепке көшіру немесе оқудан шығару сынды құқығы жоқ.

Финляндиялықтар балаларды 9 жылдық мектепке топтастырмайды. Бұл елде 1990 жылдан бастап оқушыларды дәстүрлі түрде сыныпқа бөлу ережесінен бас тартқан. Оқу жылы 190 күннен құралады. Тек күндіз ғана білім алады. Ал сенбі, жексенбі күндері мектептерде демалыс. Барлық фин мектебі тек 1 ауысымда жұмыс істейді. Ұстаздардың жұмыс күні сағат 8-ден 15-ке дейін созылады. Мектепті бітірерде қорытынды экзамен тапсыруға міндетті емес. Ал диктант, бақылау жұмысы сындылар ұстаздың қалауымен жүзеге асып отырады. Білім мекемелері жоғары деңгейде жабдықталған. Сыртқы, ішкі көрінісі көздің жауын алады. Жиһаздардың даусы шықпайды. Шкаф, парта, орындық сындыларға сынып ішінде қозғалу үшін дөңгелек аяқ таққан, немесе матамен қаптап қойған.

Италидағы білім беру жүйесі: Алты жастан бастап бастауыш мектепке барады. Алғашқысы - «scuola elementare», кейінгісі - «scuola elementare». Екеуін де балалар тегін білім алады. Бұл деңгейде оқу, хат жазу, сурет салу, арифметика, музыка сынды пәндер өтіледі. Қалауларына сәйкес дінтану пәні жүргізіледі. Бұдан өзге бір шет тілін меңгеру мүмкіндіктері бар. Оқушылар аптасына 5 күн, 6 сағаттан оқиды. Әр баспалдақтан кейін тестілеу жүргізіледі. Оқушыларды «өте жақсы», «жақсы» сынды сөздермен бағалайды. Мүгедек балалар да өзге қатарластарымен бірге оқиды. Италияның әдеттегі мектептерінде сыныптар өте үлкен болады. Ал жекеменшік мектептерде 5%-ға кіші. Жекеменшік мектептер оқушыларға аттестат ұсына алмайтындықтан, аталған мектептің оқушылары сертификат алу үшін мемлекеттік экзамен тапсырады. Алғашқы бес жылдық баспалдақтан өткен соң, жазбаша және ауызша экзамен тапсырады. Экзамендер аяқталған соң бастауыш сыныпты тәмамдағанын растайтын «diploma di licenza elementare» атты аттестат береді. Бұдан кейін оқушылар 14 жасқа дейін білім алатын «scuola media» мектебіне өтеді. «Scuola media» мектебінде италян тілі, өнер, музыка, математика, жаратылыстану ғылымдары, тарих, география сынды пәндер оқытылады. Әр жыл сайын «өтілді-өтілмеді» жүйесіне сәйкес экзамен өткізіліп отырады. Егер оқушы аталған сынақтан өте алмаса, келесі жылға қалдырылады. Орта мектепті тәмамдаған соң италян тілі, математика, шет тілі пәндерінен ауызша, жазбаша экзамен тапсырады.

Испаниядағы білім беру жүйесі: Қазіргі таңда Испанияның білім жүйесі 4 деңгейден құралады. Мұнымен қатар, кәсіби білім (La Formacion Profesional (FP)) бар. Оны еліміздегі лицейлермен салыстыруға келеді. Кәсіби білімді базалық деңгейден кейін алуға болады. Ол негізінен екі сатыдан құралады. FP аттестастының иегерлері BUP аттестатын алған оқушылар секілді жоғарғы оқу орындарға тапсыра алады.Испанияның білім жүйесінде жоғарыда тізімделген 4 деңгейден бөлек ересектерге арналған оқу бар. Ол - "Escuela de Adultos" деп аталатын кешкі мектептер. Бұдан өзге арнайы тілдік курстар, сурет салу, қолөнер секілді қосымша курстар ұйымдастырылған.

Мектепке дейінгі білім (Educación Infantil)

Испанияның білім жүйесіндегі мектепке дейінгі білімді де екі сатыға бөліп қарастырамыз:

1. Escuela Infantil - 0-3 жас аралығындағы балаларға арналған балабақша.
2. Aula Infantil en colegio de primaria – 3-6 жас аралығындағы колледждегі дайындық курстар.

Аталған мекемелердің мемлекетке тиесілісінде тегін, ал жекеменшіктерінде ақылы білім алуға болады.

Базалық білім (Educación básica) Испания заңына сәйкес базалық білім міндетті болып табылады. Мектепке дейінгі білім секілді тегін және ақылай түрі бар. Испанияның базалық білім жүйесіне мемлекеттік және жекеменшік колледждерден өзге діни сауат ашуға арналған арнайы мектептер бар. Оны шіркеу қаржыландырып отырады. Испанияның білім жүйесін мемлекеттік Білім министрлігі қадағалап отырады. Методологиялық бағдарламалар, әр сыныптағы оқушылар саны, норматив, қаржы мәселесі дегендердің барлығын мемлекет ұйымдастырады. Оқушылар базалық білімді 6-14 жас аралығында алады.

- «Еducación primaria» - алғашқы саты. Әрқайсысы 2 жылды құрайтын 3 циклге бөлінген 6-12 жас аралығындағы оқушыларға арналған: бастапқы цикл (6-8 жас), орта цикл (8-10 жас), жоғарғы цикл (10-12 жас);

- «Еducación secundaria» - екінші саты. Оқушылар 12-16 жас аралығында базалық білімді тәмамдайды. Бағдарлама аяқталған соң, орта білім алғандығы туралы диплом алады.

Bachillerato - Испанияның білім жүйесінде еліміздегі жоғарғы сыныптарды еске түсіретін бачилерат атты білім алу сатысы бар. Алайда ол үш курстан құралады. Бачилерато екінші курстың өзінде кәсіби білім алуға мүмкіндік береді. Алайда оны қалайтын жандар ғана оқуына болады. Бачелератоның үшінші курсында оқушы гуманитарлық немесе жаратылыстану бағытына баратындығын таңдайды. Бачелератоны аяқтар кезде тапсыратын экзамен нәтижесі ары қарай ЖОО-ға түсуіне тікелей әсер етеді. Конкурс жүйесіне сәйкес орташа балл жинап үлгерген оқушылардың ЖОО-ға түсу мүмкіншілігі жоғары болады. Бачелератода базалық сатыдан өткен, яғни 16 жастағы оқушылар оқиды.

Қазақстандағы білім беру. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады. Қазақстанның азаматтарына тегін орта білім алуға кепілдік беріледі жəне ол міндетті болып табылады. Сондай-ақ олардың конкурстық негізде жоғары білім алуларына да (Қазақстанда да, шетелде де) құқықтары бар. Азаматтардың білім алу құқығы жалпы білім беру жүйесінің дамуы арқылы жүзеге асырылады. Сапалы білім мен оған қол жеткізуге жағдай жасау, оқу орындарының желісін кеңейтіп, олардың ресурстық базаларын жақсарту мақсатында мемлекет білім беру жүйесін қаржыландыруды жыл сайын арттырып, тиімді саясат жүргізуде. Республикадағы жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары оқуда, шетелдерде 20 мыңнан астам қазақстандықтар білім алуда. 3000-ға жуық «Болашақ» стипендиаттары әлемнің 27 елінде оқуда. Қазіргі кезде білім беру қызметін қаржыландырудың қолданыстағы мемлекеттік қолдау механизмі жеткіліксіз. Осыған байланысты несиелік білім беру жүйесі жоғары білім алуға мүмкіндіктің және одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

 

3.Іс-әрекетті зерттеу қалай жүргізіледі?

1. Проблемалы салаларды анықтау: Мұғалімдерде тәжірибе барысында туындайтын, жауап алуды қалайтын бірқатар өзекті сұрақтары болатыны сөзсіз, алайда сұрақтардың арасынан күнделікті жұмыста аса маңызды және қызықты болып табылатын бір мәселені анықтап алу маңызды. Бұл іс- әрекеттегі зерттеудің бірінші кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде жан-жақты жоспарлау зерттеуді бастағанда қателікті болдырмауға көмектеседі, әрі мәселені зерттеу барысында көңілі қалмай, ынтамен жұмыс істеуге септігін тигізеді.

2. Әдебиетті пайдалану және шолу: Әдебиеттер көздеріне шолу жасаудың пайдалылығын және оны жасау керектігін растайтын үш негіз бар: 1. сіз қызығушылық танытып отырған сала туралы белгілі бір жағдайлар туралы сізді құлақтандыруға және сізге осы саладағы басты идеяларды айқындауға көмектеседі; 2. қазіргі бар әдебиетті іздестіру барысында сіз қаралып отырған мәселе мен басқа пәндік салалардың арасындағы өзара байланыс жөнінде түсінік аласыз. Осылайша, тақырып туралы едәуір қомақты білім аласыз, сонымен қатар сіздің осы тақырып бойынша біліміңізді тереңдете түсетін, зерттеуге әбден лайық жаңа салаларды анықтауға мүмкіндік аласыз; 3. жұмысқа кірісіп, осы саланы зерттеумен айналысып отырған басқа да адамдардың әдістерін зерделеп, сіз олардың ортақ білімге қосқан үлестерімен танысасыз. Нәтижесінде әрбір зерттеуші тақырыпты қалай зерделегені туралы түсінетін боласыз.

3. Деректердіжинақтау: Деректерді жинақтау қандай іс-әрекеттер қабылдану тиістігін айқындауда маңызды кезең болып табылады. Деректердің кейбір көздері сыныпта немесе мектепте не болып жатқанын жақсы түсіну үшін көмектесе алады

4. Деректерді түсіндіру: Бұл дереккөздерді логикалық санаттарға ұйымдастыруға және топтастыруға жәрдемдеседі. Ұсынылған құралдарды пайдалана отырып деректерді өзгерткеніңізге дейін ең маңызды көздерді іріктеуге назар аударыңыз.

5. Деректермен жұмыс істеу: Іс-әрекеттегі зерттеудің эксперимент түрінде жүретіндігін ескеріп, тек бір ғана айнамалының өзгергені маңызды болып табылады. Егер бірнеше көрсеткішті бір мезгілде өзгертетін болсақ, кез келген экспериментте болып жататындай, бұл нәтижені қандай көрсеткіш тудырғанын анықтауда қиындықтар туындауы мүмкін

6. Нәтижелерді бағалау: Жақсару бар ма екенін көру үшін зерттеудің ықпалы бағалануы тиіс, оны мынадай сұрақтарды қою рқылы анықтауға болады: Жақсару шын мәнінде болды ма және де алынған деректер мұны растай ма? Егер тәжірибе жақсармаса, жақсы нәтижелерді алу үшін іс-әрекетке қандай өзгерістер енгізу керек?

4. Іс-әрекетті зерттеуге қарай жасалатын бес қадам

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс –әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында төмендегідей жоспар құрылды.

1. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.

2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері.

3. Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.

4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы.

5. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.

Зерттеу жүргізудің 1 қадамы -зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу. Бұл үшін ауызша сабақтар орыс әдебиеті, жаратылыстану, қазақ әдебиеті пәндеріне сабаққа қатысып, жеке оқушылардың мүмкіндіктері бақыланды. 2 қадам зерттеуді әзірлеу, дерек жинау үшін пән иелерімен, оқушылармен сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамалар қорытындылары талданып, тақырып таңдауға негіз болды. Таңдалған тақырыпқа сай, 3 қадам тәжірибеге өзгерістерді енгізу үщін орта мерзімді жоспар бойынша тізбектелген 4 сабақ жоспарланды.Сaбaқтap топтaмaсында әpбip жетi модулді бip-бipiмен үйлесiм тaуып, ықпaлaдaстыpу міндет болaтын. Ең мaңыздысы осы қойылғaн мaқсaттapғa қол жеткiзуге бaғыттaлғaн нәтижеге негiзделуi кеpек. Әpбip модулдi оқытудa ықпaлдaстыpу жолындa құpылғaн жоспap бойыншa әp оқушы өз жұмысының нәтижесiн көpу үшiн, әp оқушыны нaзapдa ұстaу үшiн олapғa жaуaпкеpшiлiкке бaғыттaлғaн тaпсыpмaлap беpiлу кеpек. Әр сабақтан соң, «Мен не ұтам?» және «Оқушы не ұтады?» деген сұрақтарды естен шығармай, әр сабақ кезінде бағалау әдістерін қолданудағы оң нәтижелер мен кездескен кедергілерді саралай отырып,одан әрі жетілдіру үшін қайта жоспарланды. 4 – қадам іс- әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер мен бұдан кейінгі іс - тәжірибеге жасайтын ықпалы.Әр сабақтың жетістігі мен кездескен кедергілерді талқылап, алдағы уақытта нені ескеру қажет екеніне рефлексивтік есеп жазылып, нәтижесінде оқушылардың жеке даму аймағын анықталып, тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер өзгертілді. 5 қадам деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.

 

5. Ақпарат жинаудың ұжымдық әдісі

XIX ғасырдың басында әзірленген дәстүрлі әдістермен ақпараттық технологиялар жинау оқытумен тығыз байланысты болды. Бұған ұжымдық және жеке компонент кіреді. Ақпаратты жинау ұжымдық әдістің құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпаратты дәрістер, семинарлар, симпозиумдар мен конференцияларда · қатысу арқылы, телехабар не болмаса газеттерден алуға болады. Ал ұжымдық ақпарат жинау маңыздылығын бағалау мүмкін емес. Онда мүлдем өзгеше. Мәселен, достар шеңберін құру, достары мен серіктері болып диалог құру арқылы да ақпарат алмасуға болады. Бірақ ақпарат алмасу бұл әдісінің өзіндік кемшіліктері бар: бір жерде адамдарды жинау қиындық тудыруы мүмкін (ұйымдастырушылық, қаржылық, уақытты,); Жеке тұлғалардың психологиялық сипаттамалары т.б.

6. Іс-әрекетті зерттеу: социограмма

Социометрия - кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. «Социометия» термині латын тіліндегі: socius – дос, сеіктес және mеtrum — өлшеу деген екі түбірдің қосыдысынан құралған. ХІХ ғасырдың соңында бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен алғашқы рет қолданылады. Социометрия мәліметтерінің пайдалануы еңьектің өнімділігін арттыруға, қақтығыстарды жоюға, топтық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік береді. Социометрия нәтижелерінің сауатты қолданылуы ұжымдарды комплектациялауда, олардың іс-әрекеттерінің тімділігін арттыруда тәжірибелі нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін топтардың қызмет етуі мен дамуы жайлы байсалды теориялық қорытындыларды жасауда арқау болады. Социометрияның көмегімен тұлғааралық өзара әрекеттестікте анықталатын қалаудың, селқостықтың немесе қабылдамаудың сандық өлшемін шығаруға болады. Социометрия топ мүшелерінің арасындағы ұнатуды немесе ұнатпауды анықтау үшін қолданылады. Аталмыш әдіс өте жедел жүргізіледі, оның нәтижелерін математикалық өңдеп, кесте түрінде шығаруға болады.

7. Іс-әрекетті зерттеу:сауалнама

Жауап алу мен сауалнамалар көп адамнан деректер жинақтауда пайдалы құрал болып табылады. Сауалнама немесе жауап алу рәсімін жүргізген кезде мынадай ұсынымдарға мән берген орынды болмақ:1.Сұрақтар зерттеу мәселесіне және жобаға қатысты болуы керек. o Бұлар кем дегенде үш немесе бес адаммен өткізіледі.2.Бұл рәсімді жүргізердің алдында зерттеу жұмысы туралы қысқаша ақпарат беріп, сауалнаманың немесе жауап алудың мақсатын және деректер қалай пайдаланатынын түсіндіріңіз.3.Әртүрлі сұрақтардың форматтары деректердің бірнеше түрлерін алуға мүмкіндік береді. 4. Деректерді өңдеу және талдау кезінде компьютерді пайдалану уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сауалнама жүргізудің артықшылықтары: Бұл рәсімді өткізу айтарлықтай жеңіл болып келеді (жауап алуды қағазда немесе компьютерді қолдану арқылы өткізуге болады) Ақпарат жинақтау кезінде көп адамнан жауап алуға мүмкіндік береді. Осы салаға қатысты көптеген сұрақтарды қоюға болады. Стандартталған тестілер біркелкі деректерді жинауға кепілдік береді, бұны кейін салыстырмалы түрде талдауға болады.

Сауалнама жүргізудің кемшіліктері: Пайдалылық деңгейі сұрақтардың сапасымен айқындалады. Іріктеліп алынған адамдардың көбі сұрақтарды назарсыз қалдырмай, жауап беретініне көз жеткізуіңіз қажет. Қатысушылар ақпаратты естеріне түсіре алмауы мүмкін немесе қарама- қайшы мәселелер бойынша шындықты айта алмауы мүмкін. Деректерді жинақтау кезінде жауап алу сұрақтарын өзгертуге, талаптарға бейімдеуге болмайтындығы.

8. Іс-әрекетті зерттеу: жағдаяттық жазбалар

Философиялық еңбектерде жағдаят дегеніміз – байланыстың, қызметтің уақыттық-кеңістік шарттарының субъективтілік және объективтілік бірліктері деп беріліп, тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде қарастырылады. Педагогикада «жағдаят» ұғымы балаға тәрбиелік әсер мүмкіндігімен салыстырылып, баланы тәрбиелеумен, дамытумен, қалыптастырумен байланысы оны педагогикалық қызмет деңгейінде қарастыруға мүмкіндік береді. Жағдаят педагогикада әдіснамалық тұғыр ретінде негізделмегенімен, жалпы педагогикада «педагогикалық жағдаят», «проблемалық жағдаят», «тапсырмалық жағдаяттар», «мәнге бағытталған жағдаят» болып ғылыми түсінік ретінде қолданылып жүрген ұғым екенін білеміз. Сонымен, «жағдаят» ұғымының педагогикалық санаға енуі бұл кездейсоқ дүние емес, ол педагогикалық шындықтың терең жатқан заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Демек, қазіргі студент, ертеңгі маманның кәсіби тәжірибе жинақтауы жоғары оқу орнының қабырғасында жүріп-ақ педагогикалық жағдаяттарды шешуде іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы пайдаланып, ажырата білуінің мәні ерекше болып табылады. ● Проблемалық жағдаяттар - қарама-қайшылық, конфликт, фактілердің сәйкес келмеуі, оны шешуге қажетті білім мен біліктің болмауы, шешу тәсілдерінің белгісіздігі т.б. құралған- оқу тапсырмасының күрделі түрі. Проблема – анағұрлым күрделі, көпке белгісіз, сирек кездесетін, дәстүрлі емес тапсырма. ● Оқу-танымдық жағдаяттар – теориялық білімді ұғыну, игеру, кеңейту, тереңдету мен бекітуге бағытталған, қандай да бір тақырыпты, курсты, пәнді танудың әуел басында құрылуы тиіс.

Проблемалық жағдаяттар тудыру әдістемесі: оқушыларды қарама-қайшылыққа әкелу; қарама-қайшылықты практикалық әрекетпен ұштастыру; мәселеге байланысты түрлі көзқарастар қарастыру; салыстыру, жалпылау, негіздеу, нақтылау, жинақтауға үйрету.

Проблемалық жағдаяттарға қойылатын дидактикалық талаптар: Қарама-қайшылыққа байланысты танымдық қиындыққа кез келу; Жағдаятты кең түрде айту мүмкіндігі; Оқушылардың танымдық-ізденушілік әрекетін белсендіретіндей етіп құрылуы;Оқушының мүмкіндігіне сай келуі.

9. Іс-әрекетті зерттеу: сұхбат және әңгімелер

Жалпы педагогикалық тәжірибеде, мысалы оқытушыны зерттеу үшін байқау әдістерін (атап айтқанда, күнделік жазу әдісі), әңгіме (сауалнама, сұхбаттасу) және тест жүргізуді пайдаланған дұрыс.

Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жаңа сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн. Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалім мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі. Сұхбат — әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы аңпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар, т.б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.

Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар: Әңгіме- сұхбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Әңгіме- сұхбаттар әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде жүргізіледі (мектеп директоры, оның орынбасарлары, ата- аналар, оқушылар, білім берудің әртүрлі деңгейдегі басшылары). Олардың білім беру саласының жағдайымен ондағы өзгерістерге кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы ақпараттарға маңызды қосымша болып табылады. Сұхбат-әңгіме - сұхбаттың бір түрі. Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу объектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірмен қоса психологиялық- педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады. Сұхбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және тәжірибесін қажет етеді.

10. Бірлескен және топтық жұмыс

Бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай: 1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. 2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді. 3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады. 4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады. 5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастық арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.

Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Топтық жұмысбарысында мынадай дағдылар дамиды: Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану; Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу; Басқаларды қолдау: топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу; Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет? Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар, оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс. Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе теңдікті орнату маңызды. Мысалы, көптеген шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек. Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі жайлы және оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек. Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады.

 

 

31 Бағалау үдерінің мақсаты

Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды. Халықаралық бакалавриат мектептеріндегі бағалаудың басты функциясы білім алу ағымының ерекшеліктерін айқындауға және сәйкес келетін түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін талдау үрдісі болып табылады.

Бағалау -одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

Жалпы бағалау екіге бөлінеді: Оқыту үшін бағалау (формативтік)- ОүБ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын қандай даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі

Оқуды бағалау (суммативті ) -тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған,бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады.

Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық (суммативті) мақсат арасындағы айырмашылық 1960 ж жылдардан бастап белгіленген,бірақ,берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған.

 

32 Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану

Оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау фомативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүО) болып табылады. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымда ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құрылған Бағалау Реформасының Тобы автор болған осы аттас (ОүО) кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды.Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса,онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне болашағына ықпал етуі, мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады.

Оқыту үшін үшін бағалаудың маңыздылығы -бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.

Жиынтық (жиынтықтайтын бағалау)- оқушылардың білім берудегі белгілі бір кезеңде (оқу бірлігінің,жартыжылдықтың және жылдың соңында) алған жетістіктерін бағалау. Жиынтық бағалау-мазмұн стандарттарын меңгеру көрсеткіші, оның үш түрі болады: ауызша таныстырылым, тест және жетістіктерін көрсету

Формативтік (қалыптастырушы) бағалау-оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында оқушылардың алға ілгерілеуін бағалау. Формативтік бағалау оқушыларға өздерінің прогрестерін ұғынуға және бақылап отыруға,мұғалімнің көмегімен алдағы қадамдарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Формативтік бағалау белгілі бір сызбалар бойынша жүргізіледі және оқу үдерісінің тиімділігі мен дұрыс бағытын қамтамасыз етіп, оқушылардың оқудағы мұқтаждықтарын білуге мүмкіндік тудырады. Формативтік бағалаудың мынадай тәсілдері бар: бақылау; оқушылардың ауызша жауаптары; оқушылардың жазбаша жұмыстыры; тестілік тапсырмалар.

Формативтік бағалау екі жолмен жүзеге асырылады: холистік бағалау сызбасы-оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқы мерзімде және жалпы түрде бағалау.

 

33 Бағалау: форматив және сумматив

Жалпы бағалау екіге бөлінеді: Оқыту үшін бағалау (формативтік) - ОүБ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын қандай даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқуды бағалау (суммативті) -тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған,бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық (суммативті) мақсат арасындағы айырмашылық 1960 ж жылдардан бастап белгіленген,бірақ,берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған.Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткіізілетін

 

34. Критериалды бағалау

Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы; бағаның әділдігі; өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Критериалды бағалаудың функциялары: Бағалау функциялары Ынталандыру Белсенділік Дамытушы Түзету Нақтылық Әділдік Жүйелік Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы: Критерий бойынша оқушының оқу жетістіктері деңгейлі белгіленеді Нақты балдар немесе бағалар қойылады Критериалдық бағалау жүйесінің арқылы: Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау Тұлғаны нәтижеге жеткізу Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау Қалыптастырушы лық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтау Критериалды бағалау: Қалыптас-тырушы бағалау Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бағалау Бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды. Бағалау шкаласы: «5» - 17 - 20 балл (100%-89%) «4» - 14 - 16 балл (75%-88%) «3» - 12 - 13 балл (61%-74%) «2» - 0 - 11 балл (60%-дан төмен)

35. Талантты және дарынды балаларды оқыту

Дарындылар мен талантты оқушылар біртекті топ болып табылмайды, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде бірқатар ортақ сипаттамаларды көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада осындай қасиеттерінің бар екендігін көрсете біледі, ал дәл осы кезде басқалары – тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқынды болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі көрініп те тұрмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы объективтік себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі болған жоқ шығар. Ал қалғандары әртүрлі себептер бойынша үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиыншылықтармен кездесуі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады.

Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі, мәселен, ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алуы мүмкін, ал кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінер. Қазіргі уақытта дарынды және талантты оқушыларды олардың тек жоғары зиятының болуымен ғана анықтамайды. Дарындылық пен таланттың тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесіне кең ауқымды жалпы зияткерлік, академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктері мен өнердегі визуальдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.

36. Талантты және дарынды оқушыларды жандандыру үшін даралап оқыту

Дарынды және қабілетті оқушыларды айқындаудың жолдары: Даралап оқыту; Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту; Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау; Оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту; Пәндерді таңдауын, практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу.

Оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру барысындағы дайындығын қалыптастыру — дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты. Бұл үдеріс оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймыз. Бастапқы негізді білу кез — келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісі деңгейін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйрде айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген. Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын төмендетеді.

Оқушылардың қабілетіне, ерекшеліктереріне қарай үшке бөлуге болады: Шығармашылық дарындық; Интеллектуалды, табиғи дарындылық; Лидерлік дарындылық.

Оқушылардың дарындылығы мен таланттылығын тексеруде ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдер: есте сақтауы және білімі: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;

өз білімін жетілдіруі: олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады. ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді; мәселені шешуі: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді; икемділігі: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады; күрделілікке деген сүйіспеншілігі: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады; шоғырлануы: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар; ерте символдық белсенділігі: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды.

37. Әңгімелесу және диалогтік оқыту

Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады. Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады. Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Оқуды белсендіруге және диалог түрінде оқытуды белсендіруге ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең бөлінген орын екенін білдіретін фактіні растайды; сабақ беру мен оқыту талқылау үдерісінде жүзеге асырылуға және ынтымақтастық қолдануға тиіс, сондықтан мұғалімдер оқушыларға өз бетінше орындау құқығын беретін, сыныпта аса демократиялық атмосферасын қалыптастыратын тәсілмен оқыту үдерісін көңіл бөле ұйымдастыруы керек. Оқушылар диалог әдісін қолдануда, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы оқушы білім алады. Өзара талқылау арқылы, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдейді. Сол арқылы оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.


38. Диалогтік оқыту дегеніміз не?

Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде айтып кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастары мен мұғалімдермен жүргізілген диалог болған жағдайда ғана, білім беру жеңіл болады. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, жақын арада даму аймағы аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ, деп көрсетті. Диалогтық оқыту мәселесін осы уақытқа дейін бірнеше педагог ғалымдар зерттеп келген. Атап айтсам, бразилиялық педагог Фриери, орыс педагогы Выготский, француз педагогы Дьюи. Фриери, әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтық қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірлеген. Фриери, мұғалімнің міндеті-оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу, деп санайды. Фриери Выготский мен Дьюидің теорияларын анықтап, зерттеп, дамыта келе назарын ондағы үрдісі мен ол үрдістегі мұғалімге бағыттамай, негізінен оқушыларға бағыттады. Дьюи тәжірибе бір қалыпта тұрақты болмауға тиіс дейді; ол үнемі өзгеріп, бұрын болғанға сүйене отырып, ары қарай өсу үшін нақты әлеуеті болуға тиіс. Ол мұғалімнің қызметі басқа кәсіптерге қарағанда, көрегендікті көбірек талап етеді деп айтқан. Қорыта айтқанда, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігің анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтық сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болатынына көзім жетті. Сабақтарыма жаңа әдіс тәсілдерді енгізе отырып, Бағдарламаның жеті модулін де асқан ептілікпен кірістіре алдым және олар бір-бірімен тығыз байланысып жатты. Алайда оқу үдерісінде көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан, Бағдарлама ең алдымен мұғалімге бағытталған. Мұғалім сабақ үдерісінде «мінсіз оқушы» қалыптастырғысы келсе, ең алдымен өзінің де жоғары деңгейде сыни ойлау қабілеттерін дамыту керек. Сонда ғана «мінсіз оқушының» бейнесін көре аламыз. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнiн өз бетiмeн мeңгeрyiн түciнyi мeн бaғaлaй aлyы бoлып тaбылaды. Мұндaй тәciл бұл үдeрicкe oқyшының өзiнiң дe қaтыcyын тaлaп eтeдi. Ocылaйшa oқyшы дa өзiнiң oқyы үшiн жayaпты бoлaды. Oқyшы мұндaй жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын oртaдa ceзiнiп қaбылдaйды. Mұғaлiмгe aрнaлғaн нұcқayлықты бacшылыққa aлa oтырып, aлдaғы yaқытта өз iс -тәжiрибeмe Бaғдaрлaмaның жeтi мoдyлiн әр caбaғымa кiрiктiре oтырып шыңдaй түceмiн.

 

39. Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі

Мектепке дейінгі кездегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.

Сөйлесу (әңгімелесу) әдісі. Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны онын тілін үйрету әдісі — сөйлеу әдісі, мұны қосымша сүрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды.Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.Үш жасқа аяқ басқан балалардың сөйлеу органдарын жаттықтыру үшін дыбыстарды артикуляциялауда [ж] — [з] тәрбиеші сөйлесу әдісінің әр түрлі тәсілдерін пайдалана алады.

Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оньң мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын», олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді — заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді — суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.

40. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?

Сыни тұрғыдан ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізеалуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады: Шақыру (қызығушылықты ояту) Іске асыру (мағынаны ашу) ұғыну, мәнін түсіну Рефлексия (ой толғаныс) сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы.

Шақыру Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету;- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету;- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру; - Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою; Тәсілдері Кесте «Б–Б–Б» Кластер Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы Альтернативті тест (дұрыс немесе дұрыс емес пікірлер) Қажетті сөздер бойынша болжам Болжам (сурет, портреті бойынша) «Ми

Date: 2016-02-19; view: 2919; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию