Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адалардың көтергіштік қабілеттерін эксперименттік әдістермен анықтау





 

Қадалардың формула бойынша анықталған көтергіштік қабілетін нақтылау үшін, құрылыс алаңында сынақтар жүргізіледі. Қазіргі кезде көп жағдайларда қадаларды сынаудың келесі әдістерін қолданады: динамикалық, статикалық зондтау (бұрғылау) және статикалық жүктемемен сынау.

Динамикалық әдіс қада басын қадалы балғамен қағу кезінде және қаданы енгізу кезінде топырақ кедергісін өту бойынша жасалатын жұмыстар тепе-теңдігіне негізделген. Динамикалық сынақтар қада айналасында топырақ құрылымын қалпына келтіру және нағыз орындау үшін қажет сыналатын қадаларды жобалық орындауға дейін соғылған кейін және оның «демалысынан» кейін жүргізіледі. ҚНжЕ бойынша құмды топырақтарға қағылған қадалар үшін «демалыс» мөлшері үш тәуілікті құрайды, ал сазды топырақтарда - алты тәуілік.

Проф. Н.М. Герсевановтың жұмыстары теңдіктерінен қаданың шектік кедергісін анықтау формуласы алынған.

 

(7)

 

мұндағы:

h - қада материалының серпімділік қабілетіне тәуелді коэффициент;

А – қада діңгегінің көлденең қимасының ауданы;

М - қаданы енгізу әдісіне тәуелді коэффициент;

Еd – балға немесе дірілдетіп енудің, қағудың есептік энергиясы;

sa - «демалыс» кезінен кейінгі фактілік орындау (он қағудың орташа мөлшері ретінде анықталады);

m1-балғаның толық салмағы;

e - қағудың қалпына келтірілу коэффициенті; m2 - қада мен қаданың басы қаптамасының салмағы; m3 - подбабка салмағы;

Динамикалық сынақ еңбек сыйымдылығы және өткізу уақыты бойынша басқа әдістерге қарағанда ең қолайлы. Бірақ нәтижелердің дұрыстығы әдетте статикалық жүктемемен сынау әдісінен төмен бағаланады.

Статикалық зондтау әдісі. Қадаларды енгізуге оның төменгі ұшы астындағы және бүйір беті бойынша топырақ кедергісін бағалауға мүмкіндік береді. Статикалық зондтау нәтижелері қаданың көтергіштік қабілетін құмды топырақтарда және құмдақтарда айтарлықтай дәл, су сіңіргіш сазбалшық топырақтарда аздау дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Соңғысында зондты енгізу үшін қажетті статикалық жүктеме мен статикалық жүктеме әдісімен анықталған қаданың көтергіштік қабілеті арасындағы корреляциялық тәуелділікті орнату қажет. Статикалық зондтау нәтижелері бойынша қаданың төменгі ұшы астындағы топырақ кедергісі

Қаданың астыңғы бөлігіндегі топырақ кедергісі:

 

Rs=b1qs, (8)

 

мұндағы, b1 – енгізу кезіндегі зонд астындағы топырақ кедергісінен қада астындағы топырақ кедергісіне көшу коэффициенті; qs – Қада ұшынан ld жоғары және 3d төмен орналасқан ауданда зондты енгізуге топырақ кедергісінің орташа мәні; (d — қада жағы немесе диаметрі).

Бүйір беті бойынша топырақтың орташа кедергісі f С-979 типін орнату үшін мына формуламен анықталады:

f = b2fs, (9)

мұндағы, b2 - өтпелі коэффициент (ҚНжЕ бойынша алынады); fs – қада бекіту тереңдігіне зондты енгізудегі оның бүйір беті бойынша топырақтың орташа меншікті кедергісі (сынақ нәтижелері бойынша қабылданады). Қаданың көтергіштік қабілеті:

 

Fu=RsA+fhu, (10)

 

мұндағ, А- қаданың көлденең қимасының ауданы; h - қаданың ұзындығы; u - көлденең қима периметрі;

Статикалық зондтау нәтижелерінің нақтылығы өте дәл еместігін айта кеткен жөн, сондықтан бұл әдісті қолдану кезінде сынақтар өткізу үшін жабдық, имараттың классын, топырақ түрін, оның жағдайын ескеру қажет

Қадаларды статикалық жүктемемен сынау әдісі келесі сұлба (8 сурет) бойынша жүргізіледі. Гидравликалық домкрат көмегімен статикалық жүктеме салынып оның шөгуін шартты тұрақтануларға дейін жеткізіп оның көлемі өлшенеді. Сынақтың қорытындысы бойынша «шөгу-жүктеме» осьтарында кесте тұрғызылады (9 сурет).

 

 

 

8-сурет. Статикалық жүктеме бойынша қаданың сынақ сұлбасы.

1,5-анкерлік қада;2- тіреуіш арқалық; 3- домкрат; 4-сынақ қада; 6-насос.

 

 

9-сурет. S шөгу Р жүктемесіне тәуелділік кестесі.

 

Бұл кесте қисықтар көрінісінде берілген: 1-ші қисық өте қатты топрақтар үшін. 2-ші қисық қаттылыға орташа топырақтар үшін. 3-ші қисық әлсіз топырақтар үшін. Қисықтың кенеттен тыс өзгеруі негізінен үйкеліс күшінің үзілуінен көрінеді, бұл жағдайда қаданың көтеріш қабілеті ескерілмейді. s=f(p) - сұлбасы көмегімен қаданың нормативті шектік кедергісін s=f(p) анықтайды. ҚНжЕ бойынша оны келесі әдіспен анықтайды: қазаннын шектік кедергіс Fu.n. s=f(p) графиктан анықтайды, жүктеменің көмегімен қада шөгудін (S). S- мына формуламен анықталады:

 

s=xsu.mt, (11)

 

Мұндағы Su.mt- салынатын ғимараттың немесе имараттың шекті көлемдік шөгуі; x- ғимараттың шекті көлемдік шөгуіне қаданың шөгуіне өту коэффициенті (x=0.2).

Қаданың статикалық және динамикалық сынақтардың қорытындысы бойынша көтергіштік қабілеті келесі формуламен анықталады:

 

кН, (12)

 

мұнда: gс - жұмыс шартының коэффициенті; gg - топырақ бойынша сенімділік коэффициенті; Fu.n – қаданың нормативтың шектік.кедергісі.

Date: 2016-02-19; view: 1049; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию