Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






СУ ҚОРҒАУ БЕЛДЕМІ





Қазақстанның су қорғау кодексі бойынша су объектілерін экологиялық талаптарға сәйкестендіріп ұстау үшін, жер бетіндегі суларды ластанудан, былғанудан және азаюдан сақтап қалу мақсатында, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасын сақтау үшін су қорғау белдемі белгіленеді. Су қорғау белдемі деп арнайы пайдалану мен табиғи ресурстарды қорғау және басқа да шаруашылық іс- әрекеттерді жүргізу тәртібі белгіленген акваторияға жанасқан жерді жатқызады.

Көл, өзен, бұлақтардың айналасында белгіленген қорғаныс алқабына тыйым салынады:

-жерді жыртуға;

авиациялық- химиялық жұмыстарды жүргізуге;

-пестицидтерді, дефолианттарды, басқа да улы химиялық заттектерді қолдануға;

-тыңайтқыш ретінде мал шаруашылығы кегендерінің сұйық ағындысын пайдалануға;

-мал шаруашылығының тұрақты және жазғы фермаларын құруға; -орманды кесу мен ағаштарды тамырымен жоюға;

-Улы химиялық заттектердің, минералды тыңайтқыштардың, жанар май, әртүрлі өндірістердің қалдықтарын сақтайтын қоймаларды орналастыруға.

Суды пайдалануға лицензиялары болған жағдайда су қорғау белдемінің жаға жиегі алқабында дем алатын орындарды, сумен қамтамасыз ететін объектілерді, балық және аңшылық шаруашылықтарын, сонымен қатар су алатын, порт және гидротехникалық ғимараттарын орналастыруға болады. Су қорғау белдемінің шекарасы мен қолдану тәртіптері үкімет тарапынан белгіленеді. Өзендердің су қорғау белдемі аумағының шамасы оның қайнар көзінен басталатын жазғы кездегі ұзындығына байланысты келеді: Өзен ұзындығы, км дейін 10 50 100 200 500 более 500 Белдемнің ені, м 15 100 200 300 400 500 Көлдердің акваториясына қарай белгіленетін аумақтың көлемі: 2 км2 – 300м, одан жоғарыларға 500м.

Экологиялық белдемнің ең негізгілері: жағалық белдем (литораль), ашық теңіздік белдем (пелагиаль, батиаль) және тереңсулық белдем (абиссаль). Литораль дегеніміз ені 1-км-ге, кейде 10-15 км-ге жететін, түрлі су өсімдіктері өсетін, мұхиттардағы толысу кезінде су басатын және судың қайтуы кезінде құрғап қалатын жағалау бөлігі.

Пелагиаль – мұхиттың бір қатар тік байланыссыз гидробионттардың тіршілік ететін аймағы. Абиссаль - әлемдік мұхит түбінің 75 пайыздан астам ауданын қамтитын тіршілік таралуының экологиялық белдемі.

15.1 Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері Ақаба (ластанған) су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай- ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, коммуналдық- 114 тұрмыстық, нөсер, жаңбыр т№б ағындылар) арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс -әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су. Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш негізгі категорияға: шаруашылық- тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ақаба су құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады. Бұларға механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық- химиялық, химиялық, биологиялық және түйдектелген әдістер жатады. Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш, сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын (торларды, електерді, гидроциклондарды және т.б) қолданып, ал беттік ластағыштарды – мұнайұстағыш, май мен смолааулағыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды. Соңғы кезде ақаба суды май тәрізді заттардан тазалауға жиі пайдаланып жүрген материалға май сіңіргіштік қабілеті жоғары пенополиуретан жатады. Ақаба судың улылығын азайтуға кеңінен тұндырғыштар немесе тұндырғыш шұңқырлар (алап немесе құйғын) пайдаланылады. Тұндырғыш ғимараттарында ақаба сулардан түпке тұнатын не қалқыма салынды және майлы заттектер гравитациялық жіктеу негізінде бөлінеді. Арналу мақсатына қарай тұндырғыштар бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Бірінші реттік тұндырғыштар ақаба суларды биологиялық тазарту ғимараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады. Құрылымына байланысты олар горизонталдық, вертикалдық, радикалдық және диагоналдық болып сараланады.

Вертикалдық және диагоналдық тұндырғыштар тәулікте өнімділігі 10-15 мың текше метрге дейіегі, ал горизонталдық 10-15 мың текше метр, радиалдық тұндырғыштар тәуліктік өнімділігі 20мың текше метрден астам тазарту станцияларында қолданылады. Ақаба суды 0,08-0,3 м/с жылжу жылдамдықпен құмұстағыш арқылы өткізіп, оның құрамындағы ерімейтін құм, қақ тәрізді ауыр қоспалардан ажыратуға болады. Кейбір құмұстағыштарда құм 80 пайызға дейін ұсталып қалады. Құмұстағыштардың құм ұстағыш тиімділігін арттыру мақсатында оның құм құйылатын қорабына гидроциклонды қабыстырады. Гидроциклонды пайдаланып, сыртқа тепкіш күш көмегімен ақаба суларды өте ірі дисперсиялық қоспалардан тазалауға болады. Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық- химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық агенттерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге: нейтралдау, тотықтыру, тотықсыздандыру жолдары жатады. Нейтралдау процесін құрамында қышқылы немесе сілтісі бар ақаба суының рН мағынасын 6,5 - 8,5 аралыққа келтіру мақсатында қолданады. Нейтралдау үшін қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға, реагенттер қосуға, ақаба суын нейтралдау қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады. Сүзгіш материал ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады. Тотықтандыру процесі ақаба суындағы улы қоспаларды (цианидтерді, мышьяктің еритін қосылыстарын) басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда ғана қолданылады. Ақаба суды тазалау үшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе сұйылтылған хлор, ауа оттегі, озон, гипохлорит, сутек тотығы, калий перманганаты және басқа реагенттер пайдаланылады. Озондау ақаба суын мұнай өнімдерінен, фенолдан, күкіртті сутектен, цианидтерден және басқа да қоспалардан тазалауға қолданылады. Күшті тотықтырғыш болғандықтан озонның сулы ерітінділердегі органикалық заттектерді және басқа қоспаларды ыдырататын қабілеті өте жоғары. Сонымен бірге суды озондағанда оның жағымсыз иісі, дәмі, бояуы жойылып, залалсызданады. Хлорлау әдісімен салыстырғанда озондау әдісінің артықшылығы бар, біріншіден, озонды тікелей су тазалайтын жерде озонаторларды орнатып, ауа оттегінен электр тогын ажырату процесін пайдалану арқылы алуға болады. Екіншіден, хлорлау бірқатар жағдайларда ауыз суда зиянды заттектердің, соның ішінде мутагендер мен канцерогендер түзілуіне апарып соғуы мүмкін, сондықтан оның орнына озондау әдәсінің қолданылғаны қолайлы.

Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс-жүзінде пайдаланылатын физикалық –химиялық әдістерге - коагуляция, флотация, электрлік ірілендіру, су буымен айдау, сорбция, экстракция, гиперфильтрация, эвапорация, десорбция, дезодорация, дегазация, электрохимиялық әдістер (электролиз, электрокоагуляция, электрофлотация), ультрадыбыспен суды өңдеу, т.б жатады. Бұл әдістер қатарымен жүретін физикалық және химиялық процестерге негізделген. Механикалық және физикалық – химиялық әдістер ақаба суларын тазалаудың алғашқы кезеңі, осыдан кейін олар биологиялық тазалауға жөнелтіледі. Биологиялық жолмен ақаба суын тазалау үшін ластағыштарды ыдырататын, өздерінің қоректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер (биосүзбелер ретінде қалың өскен қамыс, қоға т.б) қолданылады. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады. Микроорганизмдердің қатысуымен екі процесс – тотығу (аэробты) және тотықсыздану (анаэробты) жүреді. Аэробты процестерге активті лайда немесе биопленкада өсетін микроорганизмдер суда еріген оттекті пайдаланады. Олардың тіршілігіне оттектің тұрақты құйылуы мен 20 – 30 градус шамасындағы температура қажет. Анаэробты тазалау процесі оттектің кіруінсіз өтеді, бұл жерде жүретін негізгі процесс – лайдың ащуы. Осы әдістер ақаба суларда көп мөлшерде органикалық заттектер болғанда және тұнбаларды залалсыздандыруға қолданылады. Ақаба судың биологиялық тазалануын табиғи жағдайда (суландырылатын жерде, биологиялық тоғандарда) және әртүрлі конструкциялық жасанды құрылыстарда – биосүзгіштерде, аэротенкалар мен окситенкаларда жүргізуге болады. Тазартылған суларды қайтадан технологиялық қажеттерге пайдалануға болады. Су ресурстарын қорғаудағы және оны ұтымды пайдаланудағы бас бағыттың бірі айналмалы сумен қамтамасыз ететін жүйені өндірістерге кеңінен енгізу. Бұл айналадағы ортаның ластануын азайтумен қатар, экономикалық тұрғыдан да тиімді, себебі ол тұщы судың шығынын төмендетуге және тоғандардың ластануын болдырмауға мүмкіндік туғызады. Айналмалы сумен қамтамасыз ету деп техникалық айналымда пайдаланылған немесе тұрмыстық су құбыры торабы суының тазартылғаннан кейін қайтадан айналымға түсуін айтады. Бұл жағдайда өнеркәсіп салаларында пайдаланған судың тек 1- 3 пайызы ғана су объектілеріне тасталуға тиіс.

Ластану дәрежесіне және жылулығына қарай өндірістегі айналма сумен қамту жүйесінің 3 үлгісін ерекше айтуға болады:

a. Су ластанбайды, тек ысыйды. Мұндай жағдайда қолданылған суды салқындатады да (тоғандарда, сепкілейтін шашырамалы әуіттерде немесе сусалқындатқыштарда) өндіріске қайтарады.

b. Су ысымай тек ластанады. Ластанған суды өндіріске қайтару үшін әртүрлі әдістерді (тұндырғыштарды, тоғандарды, сүзгіштерді) пайдалану арқылы тазалайды.

c. Су әрі ысыйды, әрі ластанады. Ондай жағдайда суды жүйелі түрде тазалайды да, салқындатады да өндіріске қайта жібереді.

Бақылау сұрақтары:

1 Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері

2 Механикалық тазалау әдісі

3 Химиялық тазалау әдісі

4 Биологиялық тазалау әдісі

5 Нейтралдау, тотықтандыру, озондау тазалау әдістері

6 Аэробты, анаэробты тазалау процестері.

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Омаров А.Д., Целиков В.В., Зальцман М.Д., Каспакбаев К.С., Кажигулов А.К., Цыганков С.Г. Экологическая безопасность на транспорте: Учебник для вузов. – Алматы.: 1999. 2. Павлова Е.И., Буралев Ю.В. Экология транспорта: Учебник для вузов. – М.: Транспорт, 1998. 3. Экология и природоохранная деятельность на транспорте. Тематический сборник нормативно-справочных материалов. М.: Министерство транспорта РФ, 1993. 4. Санитарные нормы проектирования производственных объектов: № 1.01.001-94. 5. Проект нормативов предельно допустимых выбросов вредных веществ в атмосферу и инвентаризация источников выбросов для Ремонтного Локомотивного депо ст. Защита, г. Усть-Каменогорск, 2002. 6. Карелин Я.А., Попова И.А., Евсеева Л.А. Очистка сточных вод нефтеперерабатывающих заводов.-М.: Стройиздат, 1982. 7. Роев Г.А., Юфин В.А. Очистка сточных вод и вторичное использование нефтепродуктов.-М.: Недра, 1987. 8. Стахов Е.А. Очистка нефтесодержащих сточных вод предприятий хранения и транспорта нефтепродуктов.-Л.: Недра, 1983. 9. СНиП 2.01.00-82*. Строительная климатология и геофизика. – М.: Стройиздат, 1983. 10. Суворов С.В., Штеренгарц Р.Я. Вредные вещества на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1986. 118 11. Тищенко Н.Ф. Охрана атмосферного воздуха. Расчет содержания вредных веществ и их распределение в воздухе. М.: Химия, 1991. 12. ОНД – 86. Методика расчета концентраций в атмосферном воздухе вредных веществ, содержащихся в выбросах предприятий. – Л.: Гидрометеоиздат, 1987. 13. Правила приема сточных вод в системы канализации населенных пунктов. Алматы, 1999 (РДС РК В 2.5-11-99). 14. Предельное содержание токсичных соединений в промышленных отходах, обуславливающих их отнесение к категории токсичности, АН СССР, Минздрав СССР, М.: 1984. 15. Правила пользования коммунальным водопроводом и канализацией в городах и районных центрах Республики Казахстан, 1998. 16. Правила приема (сброса) производственных сточных вод в коммунальную систему канализации г. Усть-Каменогорска, 1999. 17. Очистные сооружения локомотивного депо станции Защита./Техническое описание и инструкция по эксплуатации. МИЦ Восток- Аква.-Усть-Каменогорск, Алматы, 1999-2000. 18. Инструктивные указания по организации и методике лабоаторно- производственного контроля за сточными водами в локомотивных депо РГП «Қазақстан темір жолы». -Астана.:2000.

Date: 2016-02-19; view: 1381; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию