Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аланы ҚоршаҒан орта





Қоғам мен табиғаттың ара қатынасында қала ерекше орын алады. Қаладағы ғылыми-техникалық революция дәуірінде қалалық мекендердің қарқынды дамуына байланысты, «халықтың экономикалық, саяси және рухани өмірінің орталығы, әр прогресстің басты қозғаушысы болып саналатындықтан», қоғамдық қатынастың негізгі әлеуметті экономикалық буынына айналады. Алуан түрлі өнеркәсіп салалары, өндіріс күшінің басым бөлігі шоғырланғандықтан, халық көп, әрі тығыз орналасатындықтан қала әлеуметтік-экономикалық және экономикалық қарама –қайшылықтың негізгі буынына айналды: бір жағынан, қалалар-айналадағы табиғат ортасын ластайтын басты көз, екіншіден-ластанудан неғұрлым көп зиян шегетін және ондағы қоршаған ортаны сауықтыруды қажет ететін әлеуметтік-экономикалық объект. Сондықтан қаланың көбею процесінде-қалалар пайда болғанда және дамығанда бірінші кезекте қоршаған орта факторларын реттеуді ескеру қажет. Қазіргі өнеркәсіп қалалары өте күрделі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жүйе болып саналады, оларда өндірістік және өндірістік емес салалардың, транспорттың, тұрмыстың, мәдениеттің тұтас организмі тығыз байланысқан. «Тұтас организм ретінде,-деп жазады В.М. Розин, қала жекелеген жүйе тармақтарының - өндірістік, тұрғын, транспорт, тұрмыс, мәдениет салаларының бірігуі ғана емес, бірыңғай ортасы (адамдардың өмір сүруіне қажетті материалдық, табиғи, әлеуметтік және мәдени жағдайлардың табиғи байланысы), сондай-ақ қаладағы ерекшк өмір қалпы». Қаланы адамдарды қоршаған ортаның басты формасы ретінде қарастыру, әлемдік және аймақтық модельдермен салыстырғанда, қаланың экологиялық блок модельдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайды. Қалаларда бірінші кезекте қоғамның, сонымен қоса әлеуметтік және табиғи (биологиялық) ресурстардың басты көзі ретінде тікелей адамдар проблемасы қойылады. Сондықтанда мұнда экологиялық функция ең әуелі әлеуметтік тұрғыда қарастырылып, адамдардың қалыпты тіршілік етуін сақтауға және олардың өмір сүруін қамтамасыз етуге, әрі қала ортасының дамуына орай өркендетуге бағытталады. Қаланың әлеуметтік функциясында тыныс-тіршілігінің әлеуметтік бағытына, әсіресе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысына (уставына) сәйкес адамдардың денсаулығына, оладың рухани өсуіне, мәдениетті демалуна зор көңіл бөлінеді. Ол үшін қаланы қоршаған ортаның тазалығы басты назарда болады. Географтар мен қала салушылардың жұмыстарында қаланы қоршаған орта тұтастай үш негізгі компонент ретінде қарастырылады. Табиғи орта (экожүйе). Ландшафт; биогендік элементтер: климат, атмосфера ауасы, жер бетіндегі және жер астындағы сулар, геологиялық орта; биогендік элементтер, топырақ, биоценоз (өсімдік және жануарлар әлемі). Антропогендік жасанды орта. Қала атырабын қолдан ұйымдастыру: инженерлік және транспорттық инфрақұрылымдар, салынған құрылыстар, көгалдандыру, энергия мен материалдардың, соның ішінде ластайтын заттар мен қоқыстардың жаңа түрлерінің пайда болуы т.б. Әлеуметтік орта. Халық құрылымы; халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету және денсаулығын қорғау, басқару т.б. 95 Экономикалық тұрғыдан алғанда қаланы қоршаған ортаның қалыптасуы, халық шаруашылығы объектілерінжоспарлау және басқару барысында пайда болатын екі жүйк тармағынан тұрады: жоғарғы (құрылымдық), бұл материалдық өндіріс және қызмет салаларын қамтиды, және төменгі, немесе инфрақұрылымдық, бұған жалпы негіздегі құрылымдар жатады. Соңғы жылдары экономикалық әдебиеттерде өндірістік, әлеуметтік инфрақұрылымдармен қоса, экономикалық сала да бөлек қарастырылады. Экономикалық салаға қоршаған ортаны сақтау және қорғау, яғни өндірістің жалпы дамуына жағдай жасау, әрі қала азаматтарының қолайлы еңбек етуін, өмір сүруін және тынығуын қамтамасыз ету жатады. Қаланы қоршаған ортаның сапасын қарастырған кезде экологиялық- экономикалық жүйе ұғымына тоқталған жөн. Мұның мәнісі-табиғи және өндірістік объектілердің өзара үйлесімділігін сақтау, ал бұлардың тиімді жұмыс істеуі табиғи-ресурстық факторларға негізделген, әрі олар жалпы дамыту бағдарламасының біртұтастығына байланысты. Қоршаған орта сапасы табиғи жағдайдың адамның және басқа да тірі организмдердің қажіттілігіне сәйкес келу дәрежесімен сипатталады. Демек, қоршаған орта жағдайын нашарлату-не ресурс сапасын кемітуге, не оның мөлшерін кемітуге, не аталған екі жағдайға да әсер ету деген сөз. Сандық көрсеткіштің сапалық көрсеткішке және, керісінше, алмасуының алғы шарты табиғи ресурстардың шектеулігі, оның таусылатындығы немесе қалпына келу циклының ұзаққа созылатындығы болып саналады. Біріншіден, табиғи ресурстар мөлшерінің таусылып кемуі өндіріске сапасы нашар ресурстарды негізуге мәжбүр етеді. Екіншіден, ластану салдарынан ресурс сапасының кемуі практикада белгілі бір функцияны атқаруға жарайтын сол ресурс мөлшерінің кемігендігін көрсетеді.

Өзінің тіршілік әрекеті үшін қоршаған ортаның әртүрлі элементтерін пайдалана отырып, адамдар оладың сапасын өзгертеді. Көп жағдайда бұл өзгерістер ластанудың қолайсыз формасына ұшыратады. Антропогендік өзгерістер ауқымы жағынан табиғи өзгерістермен тең түседі, ал кейбір жағдайда одан асып түседі. Сыртқы ортаның өндіріс процестеріне қатысу сипаты мен дәрежесінің және ортаның ластану күйінің аралығында тікелей, сондай-ақ кері байланыс бар. Біріншіден, адамдардың қоршаған ортаны белгілі бір дәрежеде пайдалануы оның қасиетін өзгертіп, көп жағдайда айналаны ластауға ұшыратады.Екіншіден, адамдар тарапынан атқарылған әрбір функция тиісті сапаны қажет етеді, ал ластанудың алун түрлері орта элементтерін өндірісте және басқа да жағдайда пайдалану мүмкіндігіне ықпал етеді. Бұл байланыстарды атмосфера ауасын пайдалану мысалында сипаттауға болады. Адамдарға, өсімдік немесе жануарлар әлеміне әсер ететін антропогендік көздердің бірі-химиялық ластану ерекше назар аударарлық. Қоршаған ортаны ластау ауқымына қарай жергілікті, аймақтық және әлемдік ластану деп бөлінеді. Әдетте, біріншісі жергілікті ластану болып саналады, оның өзі егер табиғи тазару жылдамдығынан ластану процесінің жылдамдығы көп болса, онда аймақтық ластануға ауысып, содан соң сандық өзгерістер көбейгеннен кейін-қоршаған орта сапасында әлемдік өзгерістер пайда болады. Мәселен ауаны өндіріс мақсатында пайдаланғанда, ежелден атмосфераның алғашқы сапасын қалпына келтіретін табиғи қабілеті болады деп есептеп келді.Атап айтқанда, атмосфераға шығатын түтін құрамындағы ұсақ бөлшектер мен улы заттар, сол атмосфераны сұйылту тәсіліне айналды. Тіпті қазірдің өзінде биік және ерекше биік трубалар салған кезде де осы көне тәсіл пайдаланылады. Алайда ауаға тарайтын қоқыс көлемінің күрт артуынан атмосфераның ластану ауқымы шегінен асып, кейде өздігінен қалпына келуі мүмкін болмайтын дәрежеге жетті. Қазір атмосфераның зиянды заттармен ластанғандығы соншалық, сол ластану көзінен ондаған, тіпті жүздеген километрге дейін таралады. Тіпті ластану көзі деген ұғымның мәні біршама өзгерді десе де болады. Егер белгілі бір өнеркәсіп ауданында жекелеген ластану көздерін дербрс алатын болсақ, онда бүкіл аймақ бойынша тұтастай өнеркәсіп аудандарын, мәселен ірі қалаларды жекелей, линиялық (автомагистралдар) және топтық ластану көздері ретінде қарастыруға болады. Оның үстіне, тіпті бүкіл аймақ және тұтастай елдің өзі бірыңғай ластану көзіне айналуы мүмкін.

Кейде бір мемлекет өз жерінен гөрі көрші елді көбірек ластауы мүмкін. Мұндайда «трансшекаралық ауысу» проблемасы туындайды. Қазіргі индустрия өндірісі тұтастай кең байтақ өңірдің табиғатына едәуір әсер етеді. Ластайтын заттар мен жылу энергиясының көпшілік бөлігі шағын ғана алаңға таралғанымен, атмосферадағы алмасу ерекшеліктеріне, әрі су арқылы орын ауыстыруына байланысты ұзақ уақыт сақталатын кейбір заттар жер бетінің едәуір бөлігіне, тіпті кейде бүкіл әлемге таралып, аймақтық және тұтастай жер шарын ластайды. Осы уақытқа дейін табиғи қоршаған ортаның антропогендік әлемдік ластануының кейбір маңызды проблемалары анықталды. Оған жататындар: Атмосфераға техногендік жылудың, көмірқышқыл газының және аэрозольдық қоспалардың түсуіне байланысты климаттың өзгеру мүмкіндігі; Атмосфераға фреодардың, азот тотықтарының жәнебасқа да кейбір қоспалардың түсуінен жердің озон қабатының бұзылу мүмкіндігі; Табиғи орта мен биосфераның радиоактивті заттармен, ауыр металдармен және пестицидтермен әлемдік ластануының экологиялық зардаптары; Теңіздердің атмосфералық жауын-шашынмен, өзен суларымен, жер бетіндегі су көздерімен, теңіз транспорттарымен ластануының жалпы проблемасы; Ластайтын заттардың атмосфера арқылы тым алысқа таралуы және қышқыл қалдықтар проблемасы. Сонымен, қоршаған ортаға антропогендік ықпал ету ауқымына және осыдан туындайтын қауіп-қатер деңгейіне байланысты технологиялық процестерді дамытудың жаңа жолдарын қарастыруға тура келеді, әрі мұның өзі экономикалық тұрғыдан едәуір тиімді, экологиялық тазалығы анағұрлым жоғары болуы тиіс. Дәлірек айтқанда, экономика мен экология арасындағы қарама-қайшылық дегеніміз, «адам-қоғам-өндіріс-табиғат» жүйелерін үйлесімді 97 дамыту қажеттігі мен нақтылы мүмкіндіктің жетіспеушілігі, ал кейде өндіргіш күш пен өндіріс қатынастарының қазіргі даму деңгейіне қарамастан, осындай үйлесімділікті жасауға ықылас білдірмеушілік арасындағы қарама-қайшылық. Сондықтанда әсіресе біздің экономикамызды жаңа жағдайға және шаруашылықты меңгерудің озық тәсіліне көшіріп отырған кезеңде бұл жүйені басқару мәселелері көп айтыс-тартыс туғызатыны сөзсіз. Алайда ерекше атап көрсететін жайт: қоршаған орта-басқару объектісі ретінде өте күрделі, алуан түрлі, әрі сан-салалы. Қоршаған орта әлеуметтік объекті болмағанымен, оны басқару сөзсіз әлеуметтік сипат алады, өйткені оның өзі бүкіл қоғам мүддесін қозғайды.

Қоршаған ортаны қорғау шаралары

Өндірісті экологияландыру. Негізгі мақсаты- өндірістің ластану көзін жою. Міндеттері: ортаны қорғайтын техникалар мен технологияларды дамыту және енгізу; технологияны жетілдіру жөніндегі шаралар, қалдығы шамалы және қалдықсыз технологияны енгізу; өнімнің материал мен энергияны қажетсінуін азайту жөніндегі шаралар; өте зиянды өндірісті қала сыртына шығару жөніндегі шаралар, ретсіз өнеркәсіп үйінділерін жою. Қаланың ауа бассейні. Негізгі мақсаты- санитарлық- гигиеналық нормаларға және жанды әлемнің тіршілік әрекетінің қажетіне сәйкес келетін қаланың ауа ортасының сапасын қамтамасыз ету. Өндірісті экологияландырудағы шаралармен қоса: автотранспорттардың қала ауасын ластауын азайту шаралары; автомобиль двигательдерін жетілдіру және ретке келтіру шаралары; қала ішіндегі транспорт құрылымын өзгерту шаралары; транспорт магистральдарын жетілдіру шаралары; архитектуралық- жоспарлау шаралары; транспорт көп жүретін магистральдарға ағаш отырғызу шаралары; тұрғын үй- коммуналдық құрылыс өндірістерінен шығатын ласты азайту шаралары. Қаланың су бассейні. Негізгі мақсаты- су бассейнін мүмкіндігінше толық тазарту. Шаралары: өнеркәсіп орындарында су тазартатын құрылыстарды салу және жетілдіру шаралары; айналымдағы сумен жабдықтауды енгізу шаралары, өндіріс технологиясын жетілдіру шаралары, өнімнің өлшем бірлігіне су тұтыну үлесін кеміту шаралары, ерекше зиянды өндірістерді қала сыртындағы өнеркәсіп аймағына шығару шаралары; қаладағы канализайия мен тазарту қондырғыларын салу және жетілдіру жөніндегі шаралары; жиналған жаңбыр суларын тазарту шаралары; су айдындарына су транспорттары қоқысының төгілуін болдырмау шаралары; шағын су көздерінің ластануын және қоқыстардың ретсіз төгілуін жою шаралары; су айдындары мен тоспа суларды тазарту шаралары; жер асты суларын қорғау шаралары. Шуылдан, электромагниттен, жылудан, радиациядан ластану. Негізгі мақсаты- қала территориясындағы шуды, дірілді, электромагнитті, жылуды, радиацияны шектеулі деңгейге дейін азайту. Шаралары: Транспорттан шығатын ласты азайту шаралары;шуы көп аймақта ағаштар отырғызу, шуы көп шығатын өндірістерді қала сыртындағы аймаққа шығару шаралары; ауа 98 сүзгілерін, кондиционерлерді, ауа ионизаторларын, шу ұстайтын және электрден қорғайтын жабындарды жұмыс істейтін және тұрғын үйлерге, қоғамдық құрылыс орындарына орнату шаралары. Қатты қалдықтар.

Негізгі мақсаты- территорияның қатты қалдықтармен ластануын барынша азайту, әрі оларды мүмкіндігінше іске жарату.

Шаралары: технологияны және өндіріс мәдениетін жетілдіру арқылы қатты қалдықтар көлемін азайту, мамандандырылған кәсіпорындарда тұрмыстық қалдықтарды жинау және толық өңдеу, өңдеуге келмейтін қатты қалдықтарды, ерекше улы қалдықтарды көму. Жасыл көшеттер және топырақ қорғау. Негізгі мақсаты- қала территолриясында жасыл көшеттерді барынша молайту. Шаралары: қалада жасыл көшеттерді ұлғайту, өсіп тұрған жасыл көшеттерді қорғау және қалпына келтіру, өнеркәсіп, транспорт және құрылыс қалдықтарымен топырақтың ластануына жол бермеу, жасанды жабындардың улылығын азайту, қала территориясындағы және қала сыртындағы аймақтағы қоқыс үйінділерін жою. Қалдықтарды іске жарату. Қазіргі кезде қалдықтарды іске жаратудың маңызы зор. Мұның өзі ірі қалалардағы екінші ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Онда өнеркәсіп пен тұрмыстағы сұйық қалдықтарды, құрылыс қалдықтарын іске жарату шаралары көзделеді. Қала ішіндегі демалыс орындары. Негізгі мақсаты- қала ішіндегі территорияның халық демалатын орындарында ерекше қолайлы экологиялық жағдай туғызу. Мұнда қала ішіндегі демалыс парктерін, бақтарын, гүлзарларын, стадиондарын, спорт алаңдарын, аула территорияларын жоспарлау, көркейту және мүмкіндігінше ұлғайту көзделеді. Санитарлық- гигиеналық шаралар. Негізгі мақсаты- ірі қалалардағы қоршаған ортаның ластануын, тұрғын халықтардың денсаулығына зиян келтірмеуін болдырмау. Мониторинг. Мұнда қоршаған орта сапасын жетілдіру жөнінде шаралар жүргізу көзделеді. Экологиялық білім беру. Мақсаты- кадрлар даярлау, экологиялық білімді насихаттау және дербес экологиялық бағытты насихаттау.

Бақылау сұрақтары:

1 Қаланың қоршаған ортаға әсері

2 Қоршаған ортаны қорғау шаралары

3 Өндірісті экологияландыру деген не

4 Шуылдан, электромагниттен, жылудан, радиациядан ластану

5 Санитарлық- гигиеналық шаралар

6 Мониторинг жүргізу деген не.

 

Date: 2016-02-19; view: 898; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию