Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫНА ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМАҚЫ. АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ





Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде. Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының жақын арадағы таусылу мүмкіндігі, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жоқ болып кетуі және сондай-ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Кейбір елдерде, әсіресе жоғары дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, адамдардың денсаулығы бұзыла бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын үнемді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру, ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту, топырақтың құнарлығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстарды кең көлемде жүргізулер іске асырылуда. Табиғаттың өзгеруді қаламайтыны белгілі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеу мен өзін өзі қалпына келтіру процесі ұзаққа созылып жүреді. Адамның зиянды істері бірден байқалмайды, тек ұзақ жылдардан соң, бір нәрсені өзгерту немесе түзеу өте қымбатқа түскенде әрі кешігіңкірегенде, кейде тіпті нәтижесіз болған кезде ғана көрінеді. Өткен кезеңдердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай, табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны толмас зиянға ұшыратарын алдын-ала болжап барып, әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармаған жөн. «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» туралы заңда белгіленген, негізгі табиғи қолдануға төленетін ақы табиғат қолданушыны штраф пен компенцациядан босатпайды делінген. Табиғатты қорғау заңдарын бұзбай іске асырылатын негізгі табиғи қолданушыға төленетін жүйені кәдімгі өндірістік процесс реттейді. Және де қоршаған орта мен табиғи ресурстарды аса нормалық ластануға төленетін ақы штрафтық емес, жағдай жасау сипатына ие және штраф пен компенцациялар сияқты соттық арыз тәртіпте емес, олар акцепсіз ретте төленуі керек. Облыс кәсіпорындарының атмосфераға ластағыш заттардың шығаруына төленетін ақыны есептейтін мысал келтірейік:

Облыста орналасқан кәсіпорындар: - Цементтік завод; - Машина жасау заводы; - Тоқыма фабрикасы; - ТЭЦ; - Жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы.

Кәсіпорындардың атмосфераға шығаратын ластағыш заттарға төленетін құнды есептеу үшін, төлемақы нормативін анықтау керек. Ол мынандай формуламен анықталады:

 

Р= З/ Мн

 

мұнда, З-региондық программамен анықталатын орташа жылдық шығын көлемі (теңге); Мн-қоршаған табиғи ортаға жалпы түгел регионға лақтырылған ластағыш заттардың жиынтық нормативті жылдық көлемі.

Біздің мысалда, әр кәсіпорындағы келтірілген жылдық нрмативті көлемді есептейміз. Ол мына формуламен анықталады:

 

Hj.Ki

Мұнда, mHj-табиғи айтылуда j-ші ластағыш заттың нормативі (тонна); n – ластағыш заттың көлемі; i – ластағыш заттың түрі; Ki – i-ші ластағыш заттың қатысты қаупін есеретін келтіру коэффициенті.

Ол мына формуламен есептеледі:

Кi =1/ ШМКi

Мұнда, ШМКi- i-ші ластағыш заттың шектелуі мүмкін концентрациясы (мг/м3)

Жылу электр орталықтары (ТЭЦ) шығаратын зиянды заттардың келтірілген (МHj) көлемінің есептеуі төмендегі 5-кестеде келтірілген, ал кейбір ластағыш заттардың келтіру коэффициентінің мәні 6-кестеде келтірілген.

Кесте-5 Зиянды заттардың келтірілген (МHj) көлемінің есептеуі.

Ластағыш заттың аты Лақтырылған ластағыш заттың нормативті көлемі mHj (т/г) Келтіру коэффициенті Ki Келтірілген көлем шарт.т/жыл МHj
Шаң      
Көмір қышқылы   0,33  
Азот диоксиді      
Көмір қышқыл газ      
Барлығы - -  

Кесте-6 Ластағыш заттардың келтіру коэффициентінің мәні.

 

Ластағыш заттар ШКМ, мг/м3 Келтіру коэффициенті шарт.т/т
Азот қышқылы 0,04  
Хлор 0,03 33,3
Қатты заттар 0,05  
Фенол 0,0003 333,3
Аммиак 0,04  
Формальдегид 0,003 333,3

 

Ластағыш заттардың нормативті лақтырылуына кәсіпорындарда төленетін ақы көлемі (Пн) мына формуламен анықталады:

Пн=Р⋅Мнj

Ластағыш заттардың асырылған нормативті лақтырулары үшін төленетін ақы көлемі (П') олардың келтірілген жалпы көлемі бойынша анықталады:

 

П' = Р * Кр * ⋅ ∆ mj

 

Мұнда, Кр – алынатын төлем ақының қысқартылған коэффициенті. Р - төлемақы нормативі. mj-табиғи айтылуда j-ші ластағыш зат. Ол табиғи қоршаған ортаға шығарылатын ластағыш заттардың асырылған нормативті лақтыру коэффициенті бойынша анықталады. Нормативте нақты көлемді арттыру коэффициенті мына формуламен есептеледі:

 

d = Mɸj / MHj

 

Мұнда, Mɸj – нақты лақтырылған ластағыш заттың келтірілген көлемі, (усл.т)

Нормативте ластағыш заттардың келтірілген жалпы нақты көлемінің абсолют арттыруы мына формуламен есептеледі:

 

∆mj=Mɸj-MHj

 

Жердің табиғи суларының қазіргі деградациялануына негізгі себеп болып антропогендік ластану табылады.

 

Олардың басты салалары болып қызмет ететін:

- Өндіріс орындарының ағын сулары;

- Қалалар мен басқа да адамдар тұратын пунктердің коммуналды шаруашылық ағын сулары;

- Сайлардың үстіңгі және ауылшаруашылық объектілердің ағындары;

- Атмосферадан көлемді сулар мен жиналған сулар бассейндеріне ластағыштардың түсуі.

- Онымен қоймай ұйымдастырылмаған ағын сулардың қалдықтары көлемді суларды техногендік терраполлютандардың заттай бөлігі ластайды;

- Гидросфераның антропогендік ластануы нақ осы уақытта глобальды сипат алуда және планетадағы қол жетпес кермек судың эксплуатационды ресурстарын ықтималды кемітті.

Өндірістік, ауылшаруашылық және коммуналды тұрмыс ағындарының жалпы көлемі 1300 км3. Оны жинап қосу үшін 8,5 мың км3 жуық су қажет, яғни әлемдегі 20%-і толық және 60%-і тұрақтайтын ағын өзендері керек. Оның үстіне әр бөлек су бассейндеріндегі антропогендік жүктеу орташа глобальды мәнне әлдеқайда жоғарырақ. Гидросфера ластаушыларының жалпы салмағы өте үлкен – жылына 15 млрд. тоннаға жуық. Ал өте қауіпті ластаушыларға: ауыр металл тұздары, фенолдар, пестицидтер және тағы басқа органикалық улар, мұнай заттары, бактериялармен қаныққан биогенді органика, активті синтетикалық заттар мен тағы басқа жуғыш заттар

Кесте-6 Ластағыш заттардың келтіру коэффициентінің мәні.

Құрамындағы заттар топтары Млн.т/ж.
Ауыр металл тұздары  
Синтетикалық органикалық заттар  
Жуғыш заттар  
Фенолдар  
Пестицидтер  
Биогендік органика  
Мұнай заттары  
Шаң  
Су бетіндегі әртүрлі қалдықтар  

 

 

Сулардың химиялық ластануларынан басқа, оларды механикалық, термиялық және биологиялық ластанулардың белгілі мағыналары бар. Жер үстіндегі табиғи ағын сулардың белгілі нормативтердің бұзылуы қауіптілігін анықтау үшін сонымен бірге қайтарылымсыз қолданылатын судың көлемі елеулі рөл атқарады. Барлық белгіленген нормативтерді бұзу түрлерінің қауіптілігін бағалау негізінде ластанған ағын сулардың көлемі мен асырылған өлшемдері және олардың нормативтік дәрежелерін анықтауға негізделген жалпы мақсат жатыр. Мысалы, химиялық і-ші белгіленген нормативтің бұзылу қауіптілігін мына формуламен есептеуге болады:

 

Di = Vi * Wi /Ni

 

Мұнда, Di – мың м3 таза су түрінде белгіленген, судың қалыпты жағдайы үшін техногенді көлемі. Ол қауіптілікті жою үшін өте қажет-зиянды ағындарды езуге. Vi – ластанған сулардың көлемі, мың м3 Wi – белгіленген нормативті бұзу көлемінің үлкендігі-ағын сулардағы қауіпті ластағыштардың максимальды концентрациясы, мг/л. Ni – белгіленген нормативті бұзу мәні-балық аулау шаруашылығына арналған сулардағы максимальды қауіпті ластанудың ШМК, мг/л

Жер үсті салмағы бойынша өте үлкен және қауіпті апнтропогендік жүктеуге берілген. Егер атмосфераға 1 млрд.т. кем емес ластағыш заттар шығарылса (СО2-сіз), ал гидросфераға –15 млрд.т. жуық ластағыш заттар шығарылады, онда жерге жыл сайын 85 млрд.т. астам антропогендік қалдықтар түседі. Кейбір бағалаулар бойынша олардың жалпы көлемі 90жж. аяғында 1500км3 асты, ол 600 мың Хеопс пирамидасының көлеміне сәйкес келеді. Егер де берілген бөліктің осы көлемі – химиялық инертті, онда оны жер бетінде орнату үшін, адам табиғи экожүйенің елеулі ауданын жояды. Қалдықтардың әр тоннасына қолдану стадиясында 5 т. өндіріс стадиясындағы қалдықтар сәйкес және 20 т. шикізат алу кезінде (1:5:20). Біздің бағалауымыз техногенді материалдық балансты талдау мен осы үш “шектеудің” қатты қалдықтарына қатысты, ол келесі қатынастай: 1:10:100. Жер бетінде әр тұрғынға жылына орташа 0,12 т. қолданылған қалдық сәйкес келеді, 12 т. барлық өндіріс товарлары мен 14 т. жуық қайта өндірілетін шикізат қалдықтары. Жерді ластайтын көптеген қалдықтардың қауіптілігін бағалайтын түрлі бағалаулар бар. Өте қауіптісі – геохимиялық пен биохимиялықта айтарлықтай қозғалмалы және ішетін суға немесе адамдар мен үй жануарларына тағам ретінде қызмет ететін өсімдіктерге түсіп кетуі мүмкін токсиндік терраполлютандар. Топырақтың ластану дәрежесі ретінде топырақтың ластану концентрациясының коэффициенті (ЛКК) қолданылады.

Ол мынандай формуламен есептеледі:

 

ЛККi = Хi / ШКМi немесе ЛККi ≠ Хi / Хɸ

 

Мұнда, ЛККi – і-ші зат үшін ластану концентрациясының коэффициенті. Хi – і-ші ластағыш заттың құрамы. Х ɸ – oсы заттың фондық құрамы.

Жердің басты антропогендік ластаушысы болатын:

- Алудағы, қайта өңдеудегі мен химиялық өндірістегі, жылу энергетикасындағы мен транспорттағы қатты және сұйық қалдықтар;

- Қолданылған қалдықтар, бірінші кезекте үй шаруашылық қатты қалдықтар;

-Ауылшаруашылық қалдықтар және агротехникада қолданылатын улы химикаттар;

- Токсиндік заттардың атмосфералық түсулері;

- Авариялық лақтырулар мен ластағыш заттардың шығарылуы; Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді. Қоғам мен табиғатқа, табиғат ресурстарына деген тұтынушылық қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Осыған байланысты алдыңғы кезекте табиғатты пайдаланудың объективтік –экономикалық механизмін жасау проблемалары туындайды. Өкінішке орай, қазіргі қоғам әлі күнге дейін табиғат байлықтарын үнеммен пайдалануды үйрене қойған жоқ, арға жағында күмәнсіз өзін-өзі біртіндеп жою басталатын белгілі бір шектен шығуға мүмкіндік бермейді, моральдық және материалдық шараларды да қолдана алмай жүр. Адамзаттың балалық шағы бітіп, енді есею кезеңі басталды деген пікірмен келісетін болсақ, қазіргі қолда бар табиғат қоры шеңберінде өмір сүруді үйрену және өндіріс көлемін ұлғайтуды шикізат байлықтары шығынының көлемін өсіру жолымен емес, аз қалдық беретін және қалдықсыз технологияға тезірек көшу, кен орны жынысы құрамындағы барлық компоненттерді кешенді түрде алу мен пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алатын қалдықсыз өндірістер мен технологияны енгізу, энергия мен шикізаттың дәстүрлі түрлерін қазіргі заманғы және таусылмайтын көздермен ауыстыру негізінде жүргізу қажет. Қорыта келгенде, қазіргі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры – адам баласының табиғаттың қарапайым даму, зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық негіздерін білмеуі, яғни, экология ғылымының негіздерін оқып үйренбеуі болса керек. Осыған орай ұсынылып отырған еңбекте болашақ ұрпақтар үшін маңызы бар экология ғылымының кейбір көкейтесті мәселелері қысқаша баяндалады.

Бақылау сұрақтары:

1 Қоршаған ортаның ластануына төленетін төлемақы

2 Өте қауіпті ластаушыларға жататындар

3 Нормативтің бұзылу қауіптілігін анықтау формуласы

4 Топырақтың ластану концентрациясының коэффициентін анықтау

5 Табиғи суларының антропогендік ластануы

 

 

Date: 2016-02-19; view: 1249; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию