Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Антропогендік физикалық әсерлер және оларды нормалау





Радиациялық әсердің шекті рауалы деңгейі -ШРД. Қоршаған табиғи ортаның сапа нормативтерінің ішінде ерекше орын алатын радиоактивті әсердің ШРД. Бұл нормативті белгілейтін санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау қызметтері белгілігенде негізге алатын шамасы адам денсаулығына, оның генетикалық фондына қауіптілік тигізбеуі қажет. Радиациялық әсер деп радиоактивті заттектерден шығатын иондаушы сәулеленуді айтады. Кейбір химиялық элементтердің және олардың изотоптарының атом ядролары өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырайды. Иондаушы сәулеленудің үш түрі бар:

1) көп электр зарядын алып жүретін гелий ядросының альфа- бөлшектер ағыны;

2) электрондар мен позитрондардың бета- бөлшектер ағыны;

3) қысқа толқынды электр магниттік гамма – сәулелері. Альфа бөлшектер ауада небәрі бірнеше сантиметр ғана ұшып, қағаз бетімен де ұсталуы мүмкін. Олар адамның киімі арқылы да, тері эпителиі арқылы да өтпейді. Бұлар адам организміне тыныс алғанда немесе тамақпен бірге түскен жағдайда ғана зиянын тигізе алады, клеткалар радиациялық зақымдануға ұшырайды. Себебі оның салдарынан организмде жүретін биохимиялық процесстер өзгеріп, физикалық, химиялық және физиологиялық патология орын алып, әр түрлі аурулар, соның ішінде сәулелену ауруы пайда болуы мүмкін. Альфа- бөлшектермен салыстырғанда бета- бөлшектердің ену қабілеттілігі жоғары, организм ұлпасына 1-2 см тереңдікте ене алады. Денеге ену салдарында бұл бөлшектер денені күйдіреді, пигментация немесе денеде жара пайда болады. Рентгендік және гамма- сәулелері ең төмен иондау тығыздығы болғанымен ену қабілеті өте жоғары, оларды тек қалың қорғасын қабатымен немесе бетон плиталарымен ұстауға болады. Бірақ та осы үш сәуле түрінің бірдей дозаларын қарастыратын болсақ ең қауіпті болып альфа- сәулелер саналады, оның қауіптілігі басқа сәулелерден 20 еседей артық.

Адамды және қоршаған ортаны сақтау мақсатында ең негізгі назар аударатын объектілер болып шекті рауалы деңгейден жоғары сәулелену дозасын беретін радиациялық көздер саналады. Оларға ядролық сынақтар, атом реакторлары, кәсіпорындарда, мекемелерде т.б. жерлерде қолданылатын радиактивті материалдар, аспаптар жатады. Электр магниттік сәуле – энергия бөле отырып, заттектер арқылы оңай өтетін және ауада ұзақ қашықтыққа дейін тарайтын иондалған гамма – сәулесі және оған жақын рентгендік сәуле. Гамма – сәулелері тірі организмнің клеткалық тобына оңай енеді, олар организм арқылы ешқандай әсерін тигізбей де өтуі мүмкін, немесе өткен жолында иондануды қоздыруы мүмкін. Иондайтын және кейбір иондамайтын электр магниттік (инфрақызыл, ультракүлгін т.б) сәулелердің әсерінен адамның белгілі бір органдары мен ұлпалары зақымдалады.

Мысалы, альфа- сәулелену беретін көздер- радий, уран, плутоний, Бэта – сәулелену көздері – стронций және иттрий, гамма – сәулелену көзі – цирконий сүйектерде жинақталады. Иондайтын сәуле мөлшеріне қарай адамды сәулелік аурудың жедел немесе созылмалы түрлеріне шалдықтырады. Организм арқылы өткен сәуле мөлшері 100 рентгеннен аспаса ауру жеңіл түрде байқалмай өтуі мүмкін, ал 100 рентгеннен жоғары мөлшерлер аурудың белгілерін айқын көрсетеді. Ауруға шалдыққан адамның сүйек кемігінің қызметі бұзылады, қан азаяды, тіршілік әрекеті және иммунитеттік қабілеті төмендейді. Тірі организмдердің әр түрлі органдарының өздеріне ғана тән сәулелену сезімталдықтары бар. Бүкіл денені өлтіретін сәулелену дозасы келесі шамалар деңгейінде: бас арқылы енсе – 2000 радиан, іштің төменгі бөлігі арқылы өтсе – 5000 радиан, көкірек қуысы – 10000рад, аяқ- қол – 20000 рад. Электр магниттік сәулеленуден қорғану үшін құрылыс практикасында олардан қорғайтын материалдарды кеңінен қолдану қажет. Интернационалдық жүйе (ИЖ) өлшем бірлігінде сәулелену дозасы зивертпен (Зв) өлшенеді (1Зв -100бэр, 1 зиверт 100 бэрге тең). Ішкі және сыртқы сәулелену нәтижесінде адам бір жыл ішінде орта есеппен 0,001 Зв доза алады. Адам өміріне қауіп- қатерсіз 0,35 Зв немесе 35 бэр радиация дозасын қабылдауы мүмкін. Шу, діріл (вибрация), магнит өрістері әсерлеріне және басқа да зиянды физикалық әсерлерге қатысты шекті рауалы деңгейлердің нормативтері. Шу, діріл, магнит өрістері және басқа физикалық әсерлер шартты түрде адамды қоршаған ортаның акустикалық ластануына жатады.

Бірінші кезекте акустикалық ластанудың әсер тигізетін объектісі болып адам және оның денсаулығы саналады. Адам құлағы қабылдайтын сыртқы ортаның механикалық теңселуін дыбыс деп атайды. Естілетін дыбыс 16 Гц- 20Гц, инфрадыбыс – 16 Гц-тен төмен, ультрадыбыс – 21кГц – 1ГгЦ. Инфрадыбыс пен ультрадыбыс адам құлағы қабылдамайтын дыбыстарға жатады. Ультрадыбыстың жиілік диапазоны - төменгі жиілікті (20-100кГц) және жоғары жиілікті (100кГц-1000МГц) болып бөлінеді. Қатты үздіксіз дыбыстарды шу дейді. Деңгейіне қарай шу адамға қолайлы және қолайсыз әсер тигізеді. Шу деңгейі дыбыстық қысыммен өлшенеді, өлшем бірлігі децибел (дБ). Шу әсерінің шекті рауалы деңгейі децибелмен белгіленеді. Шудың мөлшері 20-30 дБ-ге дейін болса ол адам организміне зиянын тигізбейді. 130дБ шамасындағы шу адамға қолайсыз әсер етеді. 150 дБ асса, оны организм көтере алмайды. Шудың шектік деңгейі 80дБ. Айналадағы ортаның (биосфераның) табиғи ерекшеліктері жөнінен Республика аумағының жартысынан астамы шөл және шөлейт аймақтарға жатады, ал табиғи-тарихы жағдайлары және табиғатты пайдаланудың қалыптасып отырған негізінен алғанда ресурстық-шикізаттық жүйесі жөнінен өндіруші және құсатушы кәсіпорындардың, халық шаруашылығы кешені өнеркәсіп аймақтарының, әскери объектілердің экологиялық тұрғыдан шетін табиғат жүйелеріне (биогеоценоздар) және оларда тұратын халыққа түсіретін техногендік салмағы төтенше ауыр болып отыр. Соның салдарынан елімізде қолайсыз, ал бірқатар аймақтарда дағдарысты экологиялық ахуал қалыптасып отыр. Қазақстан географиялық тұрғыдан Евразия алып құрлығының кіндігінде орналасқан. Еліміздің жер биосферасы жүйесінің ауқымды тұтас секторында 46 жатқан негізгі аумағын ауа-райы климаттық сипаттамасы әсіресе, құрлықтық болып келетін далалы, көл және шөлейт жерлер құрайды. Биосферадағы тірі заттардың салмағы жер қабығы салмағының 1/10 000 бөлігін құрайды. Жыл сайын 0,1 масса өндіріп және сондай мөлшерде бұзылып отырады. Зерттеу көрсеткендей, 10 млн. жылда жер қабығы салмағына тең заттар тірі организм арқылы өтеді. Экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі жағдайы. Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсіруде.

 

Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының жақын арадағы таусылу мүмкіндігі, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жоқ болып кетуі және сондай – ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Әсіресе жоғары дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, адамдардың денсаулығы бұзыла бастады. Осының барлығы қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау және қалпына келтіруге жақсырақ айналасуға, сондай- ақ оның ресурстарын үнемді пайдалануға итермелейді. Табиғаттың өзгеруді қаламайтыны белгілі. Экология биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу аумағын дамыта отырып адамзат, қоғам, табиғат ортасындағы қарым- қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс - әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін кешенді ғылымға айналды. Экология ғылымдардың ғылыми деңгейіне көтерілді. Экология организмдердің арасында болатын қарым – қатынастарды айнала табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуды адамның іс - әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы. Экология ғылымының зерттеу нысаны – биологиялық және географиялық микро- және макро- экожүйелер кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы. Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразия құрлығының орталық кіндігінде орналасқан. Еліміздің құрлық жүйесінің ауқымды көлемін орманды – далалы, шөл және шөлейтті жерлер алып жатыр. Қалыптасқан табиғи – тарихи жағдайлар және табиғатты пайдаланудағы жайсыз күйлері жұртшылықты ойландыруда. Қасиетті жердің ресурстық –шкізаттық қорларын өндіруші кәсіпорындардағы ала берсем деген ниет, өнеркәсіп аймақтарында қоршаған ортаға немқұрайлы қараушылық, әскери объектілердің экологиялық талаптарды сақтамауы, тағы да басқа жағдайлар табиғатқа және оларда тұратын халықтың әлеуметтік жағдайын шиеленістіріп отыр. Экологиялық білім мен тәрбие берудің кешенді зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оның теориялық негізін талдауда – И.Д.Зверев, А.Н.Захлебный табиғат қорғау туралы білім берудің мақсат- міндеттерін анықтаса, жалпы орта білім беретін мектептердегі биология, география, табиғаттану пәндерінің И.С.Матрусов, Л.П.Салиев табиғат қорғаудан білім беру ерекшеліктері мен құрылымын сараласа, география пәні арқылы экологиялық білім берудің әдісі мен түрін Н.Н.Радзевич т.б. қарастырды. Сондай-ақ, болашақ мұғалімдерді табиғат қорғауға даярлаудың негізгі міндеттерін И.Д.Зверев қалыптастырды. Ол: педагогикалық ЖОО студенттерінің азаматтық парыз туралы сапасы мен сезімін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау – жалпы мемлекеттік іс екенін, халықаралық маңыз алатынын айқын түсінуі мұғалім – оқушылардың «табиғатты қорғау» адам пайдасы үшін керек деген сенімін қалыптастыру, екенін айта келіп: «Болашақ мұғалімдерді табиғат сүюші және қорғаушы, оны сақтау үшін күресуші және оның байлығын көбейтуші ретінде тәрбиелеу» деп көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғи ортаны қорғауды басқару органдары

2. Техногендік әсерлер және олардың экологиялық регламентациясы 3. Ауадағы, судағы, топырақтағы, өсімдіктердегі зиянды заттектерді нормалау.

4. Аурулар туғызатын заттар мен факторлар

5. Антропогендік физикалық әсерлер және оларды нормалау

6. Радиациялық әсердің шекті рауалы деңгейі –ШРД

7. Шу, діріл (вибрация), магнит өрістері.

 

 

Date: 2016-02-19; view: 1562; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию