Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адамдар экологиясы





Басқа биологиялық организмдер сияқты адамдар да қоршаған ортамен тығыз байланыста болады, онсыз күн көруі мүмкін емес:сондықтан олар табиғат заңдарына бағынып, онда өтіп жатқан заттар айналымына қатысады. Табиғатта болатын заттар айналымына тоқтала келіп Ф.Энегельс былай деп көрсеткен болатын: «Өмір деген белокты дененің күн көріс түрі, оның ішінде қоршаған орта мен болып жататын заттар айналымына қатысуы; егер бұл айналым тоқтап қалса онда өмір де тоқтайды. Дене құрылысы мен түрі бойынша адамдар омыртқалылар типіне, сүтқоректілер класына, маймылдар отрядына, оның ішінде Ескі дүние маймылдары бөлігіне, гоминидтер тұқымдастығына жататыны белгілі. (Гоминид – қазіргі заманның және мұннан 3,5 миллион жыл бұрын болған адамдардың жалпы атауы). Табиғи ортаны өздерінің қажеттеріне жарату үшін адамдар бірлесіп, одақ құрып, ұжым ұйымдастырып, қоғамдастықтың ерекше түрін құрып, онда өмір сүрудің заңдары мен ережелерін бекітеді және қоғам мүшелерінен оның орындалуын талап етеді. Сөйтіп адамдардың өмір сүруі тек биологиялық факторлармен шектелмей, әлеуметтік мәселелеріне, қоғам заңдары мен ережелеріне де байланысты болады.

Сондықтан адамдар экологиясы адамдардың табиғатпен тығыз байланысты, онсыз күні жоқ екенін, олардың ақыл- парасаты басқа организмдерден артық екенін ескере отырып табиғат пен қоғамның арақатынасын зерттегенде биологиялық факторлармен қатар әлеуметтік проблемаларды қамтиды. Адамдардың жыл сайын күшейіп келе жатқан іс - әрекеттерінің қоршаған ортаға тигізетін, әсерін, пайда- зиянын табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланып, қалпына келтіріп отыру жолдары мен әдістерін адамдар экологиясы зерттейді. Оның негізгі тақырыбы - адамдар мен табиғаттың арақатынасы, олардың іс- әрекетінің қоршаған ортаға пайдасы мен зияны. Демек, экология тек биология мәселелерімен айналыспай, әлеуметтік мәселелерді, адамдардың өзара қатынастарын, олардың қоршаған ортаға жасайтын әсерін зерттейтін болғандықтан оны тек биология саласындағы ғылымға жатқызуға болмайды. Адамдар экологиясы жаңа ғылым саласы – экологияның үлкен бір бөлімі болып есептеледі. Р.Парк пен Э.Бюргесс (АҚШ) өткен ғасырдың 20 шы жылдары ғылымға «адамдар (әлеуметтік) экологиясы» деген ұғым енгізді. Олардың айтуынша адамдардың қоғамдағы орны тек өмір сүру үшін тартысу (күресу), арақатынастарының негізгі түрі – биологиялық бақталастық көрінеді. Сонымен адамдар экологиясы табиғаттың, ондағы құбылыстар мен өзгерістердің адамдарға жасайтын әсерін, ықпалын зерттеумен қатар адамдардың қоршаған ортаға, бүкіл табиғатқа тигізетін әсерін, пайда- зиянын үнемі тексеріп, қажетті шаралар ұсынып отыруға тиіс. Адамдардың табиғатпен арақатынастары көп қырлы және көп сырлы болады. Оларды түсініп білуүшін терең білім мен зерттеу әдістерін жете меңгеру қажет. Арақатынастар көп қырлы дегенде мыналарды айтқан жөн:

1)- адамдардың табиғи ортаға көндігуі мен төзімділігі. Қазіргі кезде олар тек қоңыржай климатты өлкелерде ғана емес, шөл мен шөлейт аудандарда, Арктика мен Антарктикада шеңберінде, мұхиттарда тұрып, ғарышты игерумен айналысуда. Ондағы ауа райының өте қиындығына қарамай өмір сүріп, тиісті қызметтер атқарып келеді. Осыған байланысты адам денесінің төзімділігін, оның шыдау шегін білу өте қажет. Қандай суыққа немесе ыстыққа, салмақсыздықпен жоғары қысымға т.б ерекше (төтенше) жағдайларға адамдардың төзе алатынын, үйренетінін зерттеу маңызы зор мәселе. Осындай зерттеулер нәтижесінде адам денесінің мүмкіншілігін білу мен қатар төтенше жағдайда оның өмірін сақтап қалу үшін нақтылы жолдары мен әдістерін көрсету, әрине өте пайдалы.

2) - қоршаған ортада өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлардың санын, сапасын, беретін өнімдерін реттеу, жөнге салу үшін олардың өмір сүру ерекшеліктерін, пайдасы мен зиянын, достары мен жауларын жақсы білу керек. Сонда пайдалыларды көбейтіп, зиянкестерін азайтуға болады.

3)- экологиялық индикацияны жақсы білу қажет. Мысалы кейбір жануарлардың немесе өсімдіктердің түріне, өсуіне, мінез –құлқына қарап қоршаған ортада болып жатқан өзгерістер мен құбылыстардың пайдалы немесе зиянды екенін бақылауға болады. Экологиялық индикатор ретінде бояуының өзгеруін айтуға болады.

4) - қоршаған ортадағы құбылыстар мен өзгерістерді үнемі бақылау (мониторинг) қажет. Осындай бақылау нәтижесінде табиғаттың қазіргі жағдайын, болашақ қауіпті өзгерістерді алдын- ала болжап, күн бұрын шара қолдануға болады. «Табиғат – адам - өндіріс» жүйесінде басты тұлға адам болғандықтан экология ғылыми бақылау, тәжірибе жасау, ғылыми зерттеулер арқылы адамдардың табиғатпен ара- қатынасын дұрыс ұйымдастыру, өндірісті табиғи ортаға зиянсыз ету жөнінде жинақты ұсыныстар даярлауға, тиімді жолдармен әдістер табуға міндетті.

Бақылау сұрақтары:

1. Экология деген не, Э.Геккель анықтамасы.

2. Экологияның ғылымдағы орны.

3. Экологиялық факторлар, олардың түрлері.

4. Биологияның қатпарлы самсасы түсінігі.

5. Ғалымдардың экология туралы берген агықтамалары.

6. Экологиялық жүйелер.Экологиялық жүйе анықтамасы.

7. Экологиялық жүйе түрлері.

8. Қоршаған орта, оны қорғау туралы түсінік.

9. Экологиялық жүйедегі процестер.

 

 

Date: 2016-02-19; view: 1062; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию