Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экологиялық жүйелер





Экологиялық жүйе анықтамасы Тіршіліктің ұйымдасу дәрежесі мен негізгі заңдылықтары биологиялық жүйеге келтірілген. Онда тіршілік ұсақ, көзге ілінбейтін нышаннан бастап, бірте- бірте ірілене береді. Жүйенің үлгісі былай: Ген (тұқым қуалаудың бастапқы нышаны) – клетка- дене мүшесі- тірі дене – популяция (бір түрлі организмдер тобы) – сообщества (бірге өмір сүретін түрлі организмдер тобы). Тірі организмдердің генасы мен клеткасын зерттеу арқылы мысалы, медицина ғылымы, денені немесе дененің жеке мүшелерін түрлі ауру – сырқаудан емдейді, Ал биологиялық жүйенің денеден жоғары сатысын зерттеуге гена мен клетка дәрежесі жеткіліксіз. Жүйенің жоғарғы сатысы болып саналатын популяция мен сообществаны экология зерттейді. Бірге өмір сүретін түрлі организмдер мен олоарды қоршаған табиғи орта ажырамайтын байланыста және тұрақты арақатынаста болады. Тірі организмдер бірге өмір сүретін, өзара және табиғаттың өлі (абиотикалық) бөлектерімен қарым қатыныс жасайтын, жанды және жансыз бөлшектері арасында заттар айналымы болып тұратын ортаны экологиялық жүйе деп атайды. Экологиялық жүйе тіршілікке қажетті жанды және жансыз табиғаттан тұратын болғандықтан ол табиғаттың құрамының негізі болып есептеледі де, барлық ғылыми зерттеулер экологиялық жүйеден басталады. Экологиялық жүйе көлемі жағынан түрлі болып, кішкентай шалшық суда, үлкен орманда жеке жүйе қатарына жатуы мүмкін. Көршілес орналасқан экожүйелер арасында белгілі қалыптасқан байланыстар мен зат айналымы болып тұрады. Бірақ қашанда болса жүйе ішіндегі байланыс пен зат айналымынан көп кем болады. Мысалға көл мен орман экожүйелері арасындағы байланыс пен зат айналымын алып қарауға болады. Орманда шөппен қоректенетін жануарлар, оларды азық ететін жыртқыш аңдар, өзара тығыз байланыстары бар ұсақ организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрт- құмырсқалар т.б) өмір сүреді. Сондай байланыстар көлдеде бар. Ондағы фитопланктондар (су қабатында «қалқып» жүретін ұсақ өсімдіктер, негізінен микроскоппен көрінетін балдырлар) мен зоопланктондар (су қабатында өмір сүретін ұсақ жәндіктер) қоректенеді. Оларды балықтар, балықты су жануарлары мен жыртқыш балықтар жеп күн көреді.

Былай алып қарағанда орман мен көл арасында байланыс жоқ сияқты. Бірақ, шынында олай емес. Күзде жапырақтар қурап желмен көл суына түсіп, шірігеннен кейін судағы жәндіктерге қорек болады. Суда өмірге келген жәндіктер өсе келе құрлыққа шығып орман тұрғынына айналады. Экологиялық жүйелер арасында бекітілген шекара болмаған соң, жеке жүйелердің ерекшеліктері бірте- бірте азайып, араласып, келесі жүйеге тән қасиеттермен ауысып жатады. Осындай екі экожүйе арасындағы ауыспалы аймақты ЭКОТОН деп атайды.

Date: 2016-02-19; view: 1157; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию