Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сүлбесі





Ұңғыма өнімін жинаудың жалпы жүйелік сүлбесі 15.1-суретте көрсетілген. Мұнда мұнай, газ және қабаттық суды жинау мен дайындау сүлбесі келтірілген. Жекеленген технологиялық сүлбелерге байланыссыз барлық жағдайларда кейбір процестер мен операциялар, сонымен бірге орындалатын жұмыстар мынадай болып келеді:

-эмульсияны бұзу, оны құбырмен тасымалдау мен газды сепарациядан өткізу; бұл процестер – тасымалдаушы жүйенің тұтқырлығын төмендету, парафиннің шөгуін болдырмау;

- суды мұнайдан бөлу, өлшеу-тапсыру операциясы, тауарлы және шикізатты резервуарларды толтыру.

-шайынды суларды біріншілік тазалау және құбырлардағы мұнайды деэмульсиялау, оны мұнайды дайындаудың технологиялық циклында кері қайырып отыру;

- мұнай мен судың сапасын бақылау және оларды өзара тазалау;

-тауар паркына қызмет көрсету мен мұнай сапасын жақсарту.

Біріктірілген сүлбеде (15.1-сурет) ұңғыманың өнімі өлшеуіш «Спутник» қондырғысына келіп түседі. Одан шыққан газдалған мұнайсулы эмульсия деэмульгаторда өңделіп, оның эмульсиялық брондалған қабыршағы турбулентті режимде (Re=2000-25000) кәсіпшілік құбырында қиратылады. Қиратылған эмульсия алдын ала дренажды сумен араластырылып, ары қарай секциялы тамшытүзгішке жіберіледі. Эмульсия ағынына жіберілген дренаж суы тамшытүзгіште су глобулының іріленуіне әкеліп, сепараторда ол фазаның жылдам ажырауына әкеліп соғады.

Сепаратордан шыққа дегаздалған құрамында аздаған су тамшылары бар мұнай 400 С-қа дейін ысытылады да, тамшы түзуші секциядан толық сусыздану үшін тұндырғышқа келіп түседі. Бөлінген газ компрессор арқылы газ жинағышқа келіп түседі, ал сусызданған мұнай тұщы сумен өңделгеннен кейін тамшы түзгіш арқылы тұзсыздану мақсатында тұндырғышқа жіберіледі. Ол жерден мұнай буферлі ыдысқа келіп, ары қарай сораптармен бас құрылымдарға, сонан соң мұнай магистралына жіберіледі.

Ұңғыма өнімін жинау мен дайындаудың технологиялық сүлбесі жабдықтардың негізгі тобын бөліп қарауға мүмкіндік береді.

 

Сурет 15.1. Мұнайды, қабат суы мен газды жинау және дайындау сүлбесі

 

Тораптар бойынша біріктірілген операциялар: А -сұйықты тасымалдау, тұтқырлықты азайту, парафин шөгіндісін болдырмау, эмульсияны бұзу, ағын қабатын біртіндеп ажырату; Б - орта өлшемдегі тамшыларды ірілендіру, турбулентті режимде мұнай ортасындағы дренажді су тамшысын тазалау, газды сепарациядан алдын ала өткізу, газ қосылыстарын коалесценциялау; В - газ көпіршіктерін бұзу, газды бұрып алу, су глобулын дренажды су құрамына ығыстыру, гидрофильді сұйықты сүзгіде газдың ұлғаю энергиясымен глобулды бұзу, сұйықтық флотация, суды ағызып жіберу; Г -ыстық сепарация мен деэмулсиялау, жылыту, жұқа дисперсті эмульсия бөлігіндегі брондалған қабықшаны бұзу, турбулентті режимде коалесценциялау, мұнай және су ағындарын бөлу; Д -жеңіл фракцияларды іріктеп алу, конденсатты мұнайға кайтару, тұзды жуу, ағынды бөлу, суды ағызып жіберу, мұнайды бұрып алу; Е - гидродинамикалық эффектілердің есебінен мұнайды тасымалдау мен сапасын жақсарту, мұнайдың резервуардан өту операциясын бөлініп шыққан сумен ортақтастыру; З -турбуленттік режимде лас судағы шөгінділерді ірілету және тасымалдау; И - сұйықтық гидрофобты сүзгіде суды тазалау, дренаж суының коррозионды белсенділігін азайту; 1-ұңғымалар; 2-өлшеу құрылғысы; 3-деэмульгаторды беру; 4-құбыр; 5-I, 5-II, 5- III тамшы тузушілер; 6-үшфазолы сепараторлар; 7- жолдық жылытқыш; 8-сусыздандыру сатыларының тұндырғыштары; 9-компрессор; 10- тұщы суды беру; 11- тұзсыздандыру сатыларының тұндырғыштары; 12- мұнайдың буферлі ыдысы; 13,16 - мұнай сораптары; 14- мұнай сапасын талдағыш, өлшеу құрылымы, 15 - тауар резервуары; 17 – су сорабы; 18- судың буферлі ыдысы; 19- тотықтырғыш ингибиторын беру; 20 – гидрофобты сүзгілі тұндырғыш; 21 – суды гидродинамикалық өңдеуге арналған құбыр; 22- мунайды жинағыш ыдыс; 23 – шығым өлшеуіш.

Жинағыш жабдықтарына жататындар – бұл өлшеуіш қондырғылары, біріншілей газ сепараторлары, реагент беретін құрылғы, кәсіпшілік сорап станциялар мен құбырлар.

Ұңғыма өнімін дайындау жабдықтарына – сепараторлар, тұндырғыштар, қыздырғыштар, деэмульгаторлар, резервуарлар, сораптар, тасымалдауға дайындалған кәсіпшілік өнімдерін өлшеуге арналған құралдар.

Date: 2016-02-19; view: 1105; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию