Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Батырмалы электроқозғалтқыш





М-249 Батырмалы электроқозғалтқыш үш фазалы асинхронды қысқа тұйықталған қозғалтқыш болып табылады, оның ішкі аумағы маймен толтырылған. Ол ішінде статор мен ротор орналасқан тұрқыдан 12, подшипниктерге қондырылған біліктен 11, ал головкасында өкшеден (пята) 3 және өкшеастылықтан 4 тұратын тіреуіш подшипник орналасқан. Статор бөлек магнитті 8 және магнитті емес 9 секциялардан кезектесіп жиналады. Ротор роторды қаңылтырлар пакетінен 10 құралады. Магнитті емес секцияларда радиалды сырғанау подшипниктері 7 орналасқан. Статордың орамы және “тиін торының” мыс стерженьдері арнайы паздарына жатқызылған. Статор орауының шығарымдары (вывод) головкада 2 орналасқан кабельдік енгізудің 5 (ввод) колодкасымен байланыстырылады.

 

Сурет 13.1. Батырмалы электроқозғалтқыш

 

Электроқозғалтқыш ішіндегі майдың циркуляциясын (айналымы) қамтамасыз ету үшін қозғалтқыштың бос білігіне турбина 6 орнатылған. Оның айналуы кезінде май ротор және статор арасында қозғалады да статордың жинағындағы (набор) арнайы тесіктерден ағып, біліктің төменгі жағында орналасқан сүзгіден 13 өтеді. Осы кезде май подшипниктерді майлайды және жылуды қызу көзінен тұрқыға жеткізеді, ал ол өз кезегінде қабат сұйығымен суытылады. Қозғалтқышты толтыру үшін тұтқырлығы аз, жақсы майлау қасиеттері бар және тесу кернеуі жоғары май қолданылады (40 кВ-тан төмен емес).

Сораптың табанында 14 гидрооқшаулағыш компенсатор орнатылады, ол электроқоғалтқышпен фланецті қосылыс арқылы байланысады.

Электроқозғалтқыштың тұрқысының жоғары бөлігі протектормен фланецті қосылыспен байланысады, электроқозғалтқыштың білігі протектор білігімен шлицті муфта 1 арықылы байланысады.

Протектор электроқозғалтқышты қабат сұйығынан гидравликалық қорғау және температура өзгергенде майдың көлемінің өзгеруін компенсациялау қызметін атқарады. Ол электроқозғалтқыш пен сораптың арасында орналасады.

Протектордың құрылымын Г типті гидроқорғау үлгісінде қарастырамыз (сурет 13.2).

 

Сурет 13.2. Гидроқорғау протекторы

 

Протектор І электроқозғалтқыштан ІІ төмен орналасқан май көлемінің компенсаторынан ІІІ, майысқақ диафрагамасы бар бөлгіш камерадан 4, қапталдық нығыздауыштары 1 және 3 бар біліктен және тіреуіш өкшеден 2 тұрады.

Протектор келесі әдіспен жұмыс істейді: А ішкі қуысына тұтқырлығы аз маймен толтырылады, мысалы электроқозғалтқыш толтырылған трансформатор майы. Бұл қуыс электроқозғалтқыш аумағы арқылы май аумағының компенсаторылық қуысы В-мен байланысады. Иілгіш элемент қоршаған ортаның қысымын Б қуысына жібереді.

Майдың жұмсалуы кезінде компенсатор көлемі азаяды. Қызу нәтижесінде майдың көлемі ұлғайған кезде компенсатордың көлемі де үлкейеді.

В қуысында екіжақты өкшені - сорап білігінен осьтік қысымды қабылдайтын тіреуіш пошипникті майлауға арналған май орналасады. Өкшеден жоғары және төмен жақтарда қапталдық нығыздауыштар орналасады: төменгісі – электроқозғалтқышпен жалғанған ішкі қуысты В герметизациялайды, ал жоғарғысы – тіреуіш подшипникті майлауға арналған майдың ағып кетпеуі үшін арналған.

Майдың жұмсалуы кезінде Б- қуысыан А- қуысына клапан 7 арқылы қабаттың сұйығы келіп түседі, ол жерде сұйық тұндырылып мұнай және суға бөлінеді. Майдың толық жұмсалуынан кейін мұнай түтік 5 және тесік арқылы В қуысына түседі де ротордың білігінің подшипниктерін майлайды.

М-251 ЭОТСҚ қолдануға арналған ұңғы сағасының құрылғылары СКҚ-ның агрегаты мен кабельдің ілінуін, ұңғы өнімінің манифольдқа түсірілуін, СКҚ тізбегімен шегендеуші тізбегі арасындағы кеңістікті герметизациялауын, кабель кіруін, манифольдқа газдың қысымының артуы кезінде құбыраралық кеңістіктен газдың қайта кіруін, ұңғыны зерттеуге арналған приборлардың орнатылуын – СКҚ тізбегінде және құбыраралық кеңістіктегі қысымды өлшеу үшін манометрлер, ұңғыда сұйықтың деңгейін өлшеу және т.б. қамтамасыз етеді.

Шегендеуші тізбекте орнатылатын сағалық жабдықтың ішінде кабельмен СКҚ -ны герметизациялайтын нығыздауыштар және алынып салынатын тұрқылары орналасқан құбыр басы (трубная головка) бар. Нығыздауыштар алынатын фланецпен қысылады. Құбыр сыртындағы кеңістіктен газды шығарып жіберу үшін тізені (колено) орнату қарастырылған, ол құбыраралық кеңістікті кері клапан арқылы манифольдпен байланыстырады. Құбыр басы ұңғыны зерттеу кезінде қолданылатын және аспаптарды қосу үшін арналған тесіктермен жабдықталған.

 

Date: 2016-02-19; view: 1145; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию