Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері





Сурет 11.4

Ұңғылық штангалы сораптық қондырғының гидрожетегі (11.4-сурет) атқарушы механизмнің жұмыс режимін реттейтін мүшелерге жұмыстық сұйықты беретін, яғни реттеуіш дроссель 4 және жіберуші клапан 7, содан кейін сұйық ағынын реттейтін золотник 6 және атқарушы механизмге 5 сұйық ағынын беретін күштік сорабы бар 1, 2 қозғалтқыштан құралған.

Атқарушы механизм қайтымды-ілгерілмелі немесе айналатын қозғалыстар жасай алады. (сурет 11.4.). Қайтымды-ілгерілмелі қозғалыс кезінде жұмыстық сұйық кезекті түрде поршеннің бір немесе екінші жағына, яғни атқаратын механизмнің цилиндрінің қуысына немесе уақыт сайын цилиндрдің бір қуысына беріледі. Одан кейін сұйық атқарылатын механизмнен золотник арқылы ыдысқа 9 барады да, одан ол қайтадан сораппен алынады. Ыдыс нығызданбаған болуы мүмкін, ол кезде сораптың қабылдау жағында атмосфералық қысым ұсталынып тұруы мүмкін. Нығыздалынған ыдыста 10 жоғары қысым ұсталынып тұрады, сондықтан оны қолдану нәтижесінде сораптың жұмыс циклын орындау - поршеннің бір жақтан екінші жаққа қарай жүріс құруын жеңілдетеді. Ыдыстар негізінде сүзгіштермен, металды өнімдерді жаңқаларды ұстап қалатын магнитті ұстағыштармен жабдықталған. Сұлбада қауіпті жоғарылатылған қысым кезінде жіберу каналын ыдыспен 9 біріктіретін сақтандырушы клапан 8 қарастырылған. Гидрожетекте, сонымен бірге сүзгіш 3 қарастырылған.

Золотникті 6 басқару қолмен және автоматты түрде іске асады. Автоматты басқару кезінде золотниктің жетегі механикалық датчиктардан келетін белгілермен басқарылады, олар жүйенің құбырларына қосылған. Гидрожетектегі сорап, әдетте аксиалды-поршеньді болады және жетекте жұмыстық сұйық ретінде майды қолданады. Атқарушы механизмнің жұмыс режимін реттеу 11.4-суретте келтірілген гидрожетек сұлбасы бойынша келесі түрде атқарылады. Реттеуші дроссельдің 4 өту қимасын төмендете отырып өзінде және сораппен дроссель арасында орналасқан құбырда ағынның кедергісін жоғарылатады. Қысымды жоғарылатқан кезде өткізгіш клапан 7 шамалы ашылады және сораппен 2 берілетін сұйықтың бір бөлігін ыдысқа 9 жібереді. Нәтижесінде атқарушы механизмге сұйықтың келуі төмендейді де, атқарушы механизмнің поршенінің қозғалуының жылдамдығы азаяды. Дроссельді аша отырып және онда кедергіні азайту арқылы, поршеннің 5 қозғалысын жылдамдатуға болады. Атқарушы механизмге түсірілетін жүктемені өзгерткен кезде сораптың шығар жеріндегі қысым автоматты түрде өзгереді және өткізгіш клапанның соған сәйкес реттеуі кезінде оның жұмыс режимі сақталады немесе өзгереді. Гидро және пневмо жетекті қоңдырғылардың штангалы сораптардың қоңдырғысында штангаларды қозғалысқа келтіретін негізгі түйіндердің сұлбалары бірдей болады. Штангалар шток цилиндрде орналасқан поршеньмен біріктіріледі. Шток сальник арқылы өтеді. Поршеньге жоғарғы қысымды сұйықты немесе газды берген кезде, ол штангалардың қозғалысын жоғары бағытқа қарай көтерілуін іске асырады. Штанагалар төменге қарай механикалық жетектегідей ауырлық күштерінің салмағының арқасында қозғалады.

Бұл қоңдырғының құрылымында барлық жабдықтар басқару жүйесі мен жұмыстық сұйығы бар бакты қосқанда ұңғының шегендеуші тізбегінің фланеціне бекітілетін етіп орындалған.

 

1. Сұйықтың және штангалардың ауырлық күштерінен болатын статикалық жүктемелерден, цилиндрлі плунжерлердің және штангалардың үйкеліс күштері.

2. Штангалар түзбегінің үдеуінің және сұйық бағанасының қозғалысы кезінде пайда болатын, қозғалатын массалардың инерция күштері.

3. Штангалар дірілдеуінің нәтижесінде пайда болатын динамикалық жүктемелер.

 

Date: 2016-02-19; view: 820; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию