Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Корреляциялық талдау





Корреляция латынның correlation деген сөзінен шыққан, ол өзара бір-бірімен байланыстылық, қатынастылық, төуелділікті көрсетеді. Биологиялық зерттеулер ксзінде бір организмнің белгілері арасыңдағы байланыстарды немесе организмнің белгілерімен сыртқы орта жағдайларының арасындағы тәуелділікті тексеру қажеттігі жиі кездеседі.

Жоғарғы математика курсывда екі ауыспалы шамалар арасындағы функциялық төуелділіктің негізгі қағидалары баяндалады. Онда бір ауыспалы шаманың әрбір мәніне - аргументке - басқа ауыспалы шаманың - функцияның - әбден белгілі бір мәні тура келеді.

Функциялық төуелділікке мысал ретінде ушбүрыштың ауданы әрқашанда оның биіктігі мен табаны арқылы анықталатынын, дөңгелектің ауданы оның радиусы арқылы анықталатындығын келтіруге болады т.б.

Tipi объектілерді - өсімдіктерді, жануарларды, микроорганизмдерді зерттеген кезде, олардың белгілері арасындағы байланыс тек корреляция немесе корреляциялық байланыс ретінде ғана байқалады, онда бір белгінің әрбір мәніне басқа белгінің бірнеше мәндері, яғни оның таралуы дөл келеді.

Мысалы адамның биіктігімен онын салмағы арасында бай­ланыс бар екені белгілі, бірақ биіктігі бірдей адамдардың (айталық 160 см) салмағы бірдей болмай, 55; 60; 65 кг шегінде өзгере алады. Сондықтан корреляциялық байланысты зерттеудің мәнісі - жекелеген белгілер арасындағы немесе белгілердің дамуымен орта жағдайлары арасындағы байланыстың сипатын және байланыстың қаншалықты тығыз екендігін анықтау болып табылады.

Корреляциялық байланыстарды зерттеу үшін зерттелетін материалға жан-жақты сапалық анализ жасаудың шешуші маңызы бар. Мысалы, тұқымдағы белоктың мөлшері мен өсімдіктердің өсу жағдайларының арасындағы төуелділікті зерттеу керек болсын дейік. Ол үшін бір сорттың үлгілерін әртүрлі, бірақ белгілі жағдайларда өсіріп, олардың әрқайсысынан белгілі бір көрсеткіштер алу керек те, сол көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру қажет. Мысалы, егер біз Безостая-І қыстық бидайы тұқымындағы белоктың мөлшері азот тыңайтқыштарын қолдануға тәуелді екенін анықтағымыз келсе, онда тек азот тыңайтқыштарының берілу дозасын ғана өзгерту керек те басқа жағдайлардың бәрі (топырақ типі, топырақты өндеу әдістері, себу мерзімі, бұған дейін егілген өсімдіктер т.б.) бірдей болуы қажет.

Корреляциялық төуелділікті есептеуге кіріспестен бұрын зерттелетін құбылыстар арасыңда байланыстың болу немесе болмау мүмкіндігін талдап қарастырған жөн, өйтпесе мүддем қате Нәтижелер алынуы мүмкін.мысалы, Устиновтың жүмысында астық онімділігі мен әрттер саны арасында корреляция бар екендігі айқындалды.

Қуандпылық әр уақытта егін онімділігін кемітетіндігі, құрғақшылық жылдары әрт шығу қаупі көбейетіндігі кімге болса да белгілі. Бір-біріне ешқандай байланысы жоқ құбылыс (әрт және астық өнімділігі) үшінші құбылыс - жауын-шашынның санымен анықталатыны көрініп түр, соңдықтан бұл екі құбылысты салыстыруға ешқаңдай негіз жоқ.

Date: 2016-02-19; view: 1905; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию