Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тәжірибе учаскесін бөлу және ондағы орындалатын жұмыстар





Егістік тәжірибе программасын және тәжірибе схемасын дайындаған соң оның әдісінің негізгі элементтерін: мөлдектің көлемі мен пішінін, тәжірибе нәтижесінің дәлдігін арттыру үшін керекті қайталаулары, учаскеге мөлдектер мен қайталауларды орналастыру әдістерін анықтайды. Ол үшін егістік журнал күнделігіне схеманың тәжірибелік жоспары құрастырылады, мөлдектің ені мен ұзындығын, қорғау алқаптарын, көршілес шөлдер және т.б. құрылыстардың қашықтығы учаскедегі варианттар мен қайталаулар орналастыру белгілері көрсетіледі.

Егістік алқапқа орналастыруда тексерілетін дақылдың агротехникалық ерекшелігін есепке алады.

Тыңайтқыштарды енгізу. Егістік тәжірибеде тыңайтқышты енгізу ең бір жауапты мәселенің бірі болып саналады. Минералдық тыңайтқыштарды енгізуде есептелетіні оның қоректік заттарының мөлшері (N, P2O3, H2O) тыңайтқыштардың керекті мөлшері мөлдекке килограммен шаққанда мына формула арқылы анықталады:

Х-мөлдекке керекті тыңайтқыштың мөлшері – кг.

 

Мұндағы: а – қоректік заттың әсерлі зат – кг/га

в- тыңайтқыштағы қоректік заттың құрамы - %

С- мөлдек ауданы(м2)

Көң және басқа органикалық тыңайтқыштарды жалпы салмағымен (гектарына тонна) енгізеді, бірақ дұрысы оларды құрғақ затқа айналдырып есептеген жөн. Көңді егістікке қолданар алдында ылғалы мен қоректік заттары құрамын анықтайды. Мөлдектің көлемі 200-400м2 болғанда органикалық тыңайтқышты қолмен шашады, егер көлемі 1000шаршы метр болса, тыңайтқышты енгізуді механикаландыруға болады.

Тәжірибе учаскесінде дақылдарды себу, отырғызу – үлкен ұқыптылықты талап етеді. Мөлдектегі топырақты өңдеу сияқты себу мен отырғызуды да оның ұзын қабырғасына тек перпендикулярлы бағытпен жүргізеді - ондағы кездесетін кездейсоқты ақаулар барлық варианттарға бірдей бөлінеді (сеялка шүмегінің топырақ қабатында қақалуы).

Тәжірибедегі дақылдардың себу мөлшерін тұқымның салмағымен емес, өнгіштік саны арқылы анықтайды. Себу мөлшері мына теңдеу арқылы анықталады:

 

К – себу мөлшерінің салмағы, кг/га

М- себу мөлшері (1га-миллион дене)

А- 1000 дана тұқымның массасы (г)

П – тұқымның себуге жарамдығы (%)

Тәжірибе учаскесіндегі мөлдектерге бір тәулікте дақылды сеуіп үлгереді.

Көпжылдық тәжірибелердің себу мөлшерін көлеміне тұқым санымен анықтаған тиімді, себебі тұқымның ірілігі жыл сайын біркелкі емес, сондықтан массасы арқылы жыл сайын анықталған мөлшерінің өнгіштік саны әр түрлі әсер етеді.

Ұсақ тұқымдарды (жоңышқа, беде, атқонақ, еркекшөп, судан шөбі, т.б.) себу мөлшері оның салмағы арқылы анықталады. Тұқымның санын, сапасын, себу мерзімін егістік күнделігіне жазады.

Себетін сеялканы ұқыпты дайындап, себетін механизмдерді ретке келтіреді. Егістік тәжірибедегі мөлдектерді себердегі негізгі қағидалар мыналар:

1. Барлық мөлдектердегі варианттарды тек бір ғана сеялкамен себу

2. Мөлдек ішінде тұқым себу кезінде сеялканы тоқтатпайды.

3. Мөлдекке 2-3метр қалғанда сеялка шүмектері жұмысқа қосылады, мөлдектен 2-3метр шыққасын сеялка шүмегін көтереді.

Date: 2016-02-19; view: 1141; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию