Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Егістік тәжірибені жүргізуді жоспарлау





Егіншілікте тәжірибе арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау негізінен үш кезеңге бөлінеді: 1. Жоспарлау

2. Егістік тәжірибе жүргізу, бақылау және есептеу

3. Тәжірибе нәтижелерін талдап қорытындысын дайындау.

 

1. Егістік тәжірибені жоспарлау деп – зерттейтін объектіні анықтап, тәжірибе схемасын құру, учаскесін және оның тұрақты орнын таңдауды айтады.

Зерттеу кезеңіне дейін жұмыстарға қосылатындары:

1. Зерттелетін заттың (өсімдіктің) тақырыбын таңдап алу

2. Зерттелетін заттың қазіргі жағдайын тексеру

3. Ғылыми жорамал жасау

4. Егістік тәжірибе схемасы мен методикасын жасау

Егістік тәжірибе жоспарын дайындау кезеңінде жіберілген қателіетерді кейіннен немесе ұқыпты орындаған жұмысымен де, мақтаулы әдісті қолданумен де, мәліметтерін статистикалық өңдеумен де оны дұрыстауға болмайды.

Сондықтан жоспарлау жұмысында асығыстық болмайды.

Егістік тәжірибені жоспарлауда зерттелетін мәселе туралы ғылыми әдебиеттер арқылы жорамал ұсынылады – оның программасында тәжірибе жүргізгендегі байқаулар мен есептеулер көрсетіледі.

Програманың ең күрделі әрі жауаптысы оның схемасы мен жоспарын дайындау.

Бір факторлы тәжірибе схемасын дайындау үшін сол факторларды бірнеше вариантқа бөледі. Мысалы, дақылдың себу мөлшерін алатын болсақ, яғни тұқымды қандай мөлшерде сепкенде дақылдың өнімділігі артатынын тексереді.

 

 

Егістік тәжірибедегі факторлардың деңгейі – 6-дан 8-ге дейін бөлсе жетеді. Мұндай жағдайдағы маңыздысы фактордың негізгі деңгейін орналастыру, орталық нүктесінен сызығын құрған кезде тәжірибенің шеткі мағынасы шеткі тұрақты және ингибирлі алқаптары қамтылады. (1,2-сурет)

 

Бір факторлы егістік тәжірибе схемасының «А» - фактордың жалпы түрі бірнеше мөлшерінің әсерін зерттегенде былай белгіленеді:...а0, а1, а2, а3........аn.

Мұнда зерттеудегі «А» факторының индексін «а» көрсеткіші арқылы белгілеп, ал а0 – ең төменгі мөлшерін нөл арқылы белгілеген.

Мысалы, Солтүстік Қазақстанның жеңіл сазды топырағына жаздық бидайдың себу мерзімі мен себу мөлшері.

Тәжірибе схемасы

Себу мерзімі Тұқым себу мөлшері
А: а0 – 30сәуір а1- 5 мамыр а2 – 10 мамыр а3 – 15 мамыр (бақылау) а4 - 20 мамыр а5 – 30 мамыр а6 – 5 маусым   1,5 млн/га 2,0 млн/га 2,5 млн/га 3,0 млн/га (бақылау) 3,5 млн/га 4,0 млн/га 4,0 млн/га

 

Мысалы, күріш егісінде гербицидтерді қолдану.

1. Бақылау

2. Пропанид 4га/кг -2-4 жапырақ шығар кезең

3. Пропанид 5 га/кг – түптену кезеңі басталғанда

4. Пропанид 9 га/кг– түптену кезеңі басталғанда

5. Пропанид 4 га/кг– 2-4 жапырақ шығар кезең

6. Пропанид 5 га/кг– түптену кезеңі басталғанда

Бір факторлы тәжірибе схемалары оңай – оларда варианттардың айырмашылығын сапасы жағынан – мысалы, әр түрлі дақылдардың сорттарын сынау тәжірибелері, алғы дақылдары тыңайтқыштардың, химикаттардың түрлерін тәжірибе арқылы бағалайды.

(1-сурет)

 

Егер тәжірибе 1-мөлшермен зертелсе онда жалпы схема былай жазылады: А, В, С....

Егер тәжірибе схемасында бір немесе көп факторлар қатарлары бірнеше мөлшерден келтірілсе, онда тәжірибе схемасы мынадай болады: А(а0, а1, а2........аn) В(в0, в1, в2........вn) және т.б. Бас әріппен - зерттелетін факторлар, кіші әріппен – олардың мөлшері белгіленеді.

Егістік тәжірибе жұмысын жоспарлауда зерттеудің мақсатына, методиканың негізгі элементтерінің үлкеюіне қарай, мысалы – тәжірибе схемасы, учаскелерде техникаларды қолдануға мүмкіндік, мөлдектердің көлемі мен пішіні, қайталаулары, мөлдектерге варианттар орналастыру жатады. Егістік тәжірибенің алаңын дайындағанда дақылдарды жаппай орып жинауды неғұрлым қысқа мерзімде орындауға тырысады.

Date: 2016-02-19; view: 1518; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию