Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы





Ғылым мен техника салаларының жетістіктерін қолданбай электронды жүйелерімен, радиобайланыс және телекоммуникациялар жүйелерімен айналысатын өмірдің саласын атау мүмкін емес. Бұл салада жетістіктер таң қалдырғандай: жылжымалы және жерсеріктік байланысы, радиохабар және теледидар, компьютер және ақпарат жүйелері, ғаламды интернет желісі-осыларсыз қазіргі өмірді елестету мүмкін емес. Осының бәрі-радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметі. Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметіне телекоммуникациялар, радиобайланыс, теледидар, радиохабар, радиолокация мен навигация, радиобасқару, жылжымалы байланыс, телевизиялық және дыбыс белгілерін радиоберу мен радиохабарлау, микробақылаушы және микроЭЕМ көмегімен басқарылатын жүйелер мен электронды және компьютерлі жүйелер кіреді. Осы мамандық түлектерінің кәсіптік қызмет объектісіне:

-байланыс тораптары мен коммутациялар жүйелері;

-көпарналы телекоммуникациялық жүйелер;

-радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, оның ішінде радиорелейлік, жерсеріктік және жылжымалы байланыс жүйелері;

-дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары;

-электронды жүйелерді, соның ішінде беріліс объектілерін басқарудың, ақпаратты өңдеу мен жаңғыртудың электронды жүйелерін;

-телекоммуникациялық жүйелерде және тораптарындағы ақпараттық қауіпсіздік құралдарын пайдаланатын мемлекет экономикасының барлық салалары болып табылады. Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бакалаврының болашағы жарқын. Бұл мамандардың алдында Қазақстан телекоммуникациясының ұлттық желісін жаңарту мен кеңейту, жаңа талшықты-оптикалық тораптарын салу, жаңа цифрлі АТС-ті іске қосудың маңызды міндеттері тұр. 2020 жылға қарай Қазақстан Жер орбитасына бес байланыс жерсерігін шығаруды болжап отыр, бұл жерсеріктік байланысты дамытуға кең мүмкіншілік береді. Елдің элетроэнергетикалық саласын ауқымды жаңарту ішінара заманауи телекоммуникацияларды енгізу және ғаламдық корпоративтік ақпарат желісін құру негізінде жүргізіледі.

 

Тапсырма №2. Сөздікпен жұмыс істеңіздер, мәтіннен табыңыздар.

Жетістік-успех, достижение

Ақпарат-информация

Жылжымалы-подвижной

Жүйе-система

Құрылғы-устройство

Қауіпсіздік-безопасность

Желі-сеть

Жерсерік-спутник

Талшықты-оптикалық-волоконно-оптический

Жаңарту-обновлять

Сала-сфера

 

Тапсырма 1.Сұрақтарға жауап беріңіздер

1.Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметіне не кіреді?

2.Қазақстан 2020 жылға қарай нені болжап отыр?

3.Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының алдында қандай міндеттер тұр?

 

Тапсырма 2.Термин туралы не білесіз? Мәтінді оқып шығып, өз ойыңызды білдіріңіз

Термин және оның аударылуы

Термин-ойды дәл жеткізуге, аса мағыналық дәлдікке, ең бастысы сол саладағы дәл білімге негізделеді. Терминдерді аудару-ең қиын аударма түрі. Терминдер арнайы ғылыми, техникалық, өндірістік т.б. салалар түрлерінде қолданылады. Арнайы заттарды белгілеуге және арнайы ұғымдарды дәл жеткізуге қолданылатын немесе басқа тілден кіріккен сөздер. Терминдерді қажетті жерінде ғана қолдану пайдалы. Ілеспе аударма-тыңдау арқылы мәтінді басқа тілдің құралдарымен ауызша қайта баяндап шығу. Ілеспе аударманың негізінің қалануы, дамуы Женева университеті жанындағы аудармашылар мектебінен басталады. Ілеспе аударма келіссөздер, мемлекет және саяси басшылар кездесуінде, баспасөз мәслихаттарында, түрлі комиссиялар жұмысында, делегация сапарында, халықаралық жиындарда, форумдарда жүргізіледі.Ілеспе аударма келесі бөліктерден тұрады:

-ақпарат көзі(немесе жіберуші).

-ақпарат.

-ақпаратты өз тілінен екінші тілге жеткізуші.

-ақпарат арнасы.

-аударманы басқа тілден қайта жасап шығарушы.

-алынған ақпарат.

Тапсырма 3.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар

Тапсырма 4.Берілген сөздердің жалғауларын анықтаңыздар

Дәлдікке, бастысы, білімге, терминдерді, түрлерінде, ұғымдарды, тілден, тілінен, жерінде, тілдің, тілінен, жерінде, тілдің, құралдарымен, мектебінен, басшылар, кездесуінде, сапарында, арнасы, бөліктерден, аударманы.

Тапсырма 5.Берілген сөздердің түбірін анықтаңыздар

Келіссөздер, мәслихат, халықаралық, ақпараттық, техникалық, өндірістік, баспасөз, аудармашы, саясаттанушы, дәлдікке, қажетті.

Тапсырма №6. Тест жұмысы.

1.«Ақпаратты» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

2.«Жүйе» сөзінің аудармасы:

а) успех

ә) система

б) деятельность

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) саласы

ә) радиохабар

б) дыбыстық

4.«Ақпарат жүйелері» тіркесінің аудармасы:

а) информационные системы

ә) информационные ресурсы

б) информационные сферы

 

Date: 2016-02-19; view: 2556; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию