Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Болашақ мамандықтары





Американың «Money Magazine» журналы және «Salary.com.» зерттеу компаниясы АҚШ-тағы жақын арадағы он жылдықта табысты және үлкен сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жариялаған. Осындай елулікке АҚШ-тағы жылдық табысы 50 мың долларды құрайтын адам денсаулығы мен өміріне зиян келтірмейтін мамандықтар енген. 2016 жылы ең үлкен сұранысқа ие болатын компьютер, медицина саласы мамандары мен қаржылық талдаушылар. Ал терапевтер мен хирургтар алғашқы ондыққа енбеген, оның себебі оқу мерзімінің ұзақтығы және де бұл саладағы бәсекелестіктің жоғары болуы екен. Аталмыш рейтингте бірінші орында бағдарламалық қамтамасыз ету инженері, оның орташа жалақысы бір жылда 80 мың долларды құрайды.Сонымен қатар келешекте профессорлар мен колледж оқытушыларына сұраныс көп болады деп болжайды мамандар. Келесі орында қаржы кеңесшісі тұрады екен. Өйткені қазіргі АҚШ-та қалталылар қатары көбейіп отырғаны белгілі. Ал кадрлар жөніндегі маман жылына миллион долларға дейін жалақы ала алады. Ол үшін трансұлттық корпорацияларда жұмыс істеу керек. Бесінші орынды дәрігерлердің ассистенттері иеленген, ал екінші бестікте нарықты зерттеушілері ІТ администраторлар, фармацевтер мен психолог мамандар еніп отырғанын зерттеушілер айтып отыр.

 

Сөздік

Зерттеу-исследовать

Сұранысқа ие-имеет спрос

Тәуекелсіз-без риска

Денсаулыққа зиян келтірмейтін-без ущерба для здоровья

Қаржылық талдаушылар-финансовые аналитики

Оқу мерзімінің ұзақтығы-длительность времени учебы

Бәсекелестіктің жоғары болуы-высокая конкуренция

Қамтамасыз ету- обеспечение

Болжау-прогнозировать, прогноз

Кеңесші-консультант

Нарық-рынок

Бестік-пятерка

Ондық-десятка

Алғашқы ондық-первая десятка.

 

Тапсырма1. Сұрақтарға жауап беріңіздер

-Не себептен осы мамандықты таңдадыңыз

-Мамандық таңдауда ата-анаңның ықпалы болды ма?

-Қазақстанда осы мамандықтың мақтанышына айналған тұлғаларды білесіз

бе?

-Болашақта өз мамандығын бойынша жұмыс істейсің бе?

-Қазір көп жастар өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді.

Себебі неде деп ойлайсыз?

-Болашақта қандай мамандықтарға сұраныс көп болады?

-Қандай мамандықтарға сұраныс болмайды?

- Бірінші орында қандай мамандықтар тұр?

- Қандай мамандықтың бір жылдық жалақысы көп болады екен?

- Мамандық тақырыбына байланысты 3 мақалды дәптерге жазып,

бір мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.

 

Тапсырма 2.Берілген сөздердің түбірін анықтаңыз

Қаржылық талдаушылар, мамандыктар,бәсекелестің, заңгерлерді, байланысшы,

Дәрігерлер, зерттеушілер.

 

Тапсырма №3. Тест жұмысы.

1.«Мамандықты» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

2.«Зерттеу» сөзінің аудармасы:

а) советник

ә) исследовать

б) специалист

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) табыс

ә) трансұлттық

б) шеберхана

4.«Қаржылық талдаушы» тіркесінің аудармасы:

а) финансовый расчет

ә) финансовый аналитик

б) финансовый прогноз

 

Date: 2016-02-19; view: 1030; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию