Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Практикалық сабақ 6





Тапсырма 1. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

 

Өзіңе де, қоғамға да пайдалы, ең қажетті мамандықты таңдап алу өте қиын. Мамандықтың жаманы болмайды. Мамандық таңдауда көп нәрсе әсер етеді. Әке-шешең, туған-туыстарың, ұстаздарыңның, достарыңның да әсері болуы мүмкін. Дегенмен, мамандық таңдауда өз біліміңе, икеміңе, мінезіңе сай келетінін, болашақ мамандығыңның ерекшеліктерін де ескеру керек. Жақсы маман болу үшін жақсы білім алып, көп іздену, еңбектену қажет. Кәсіби білікті, еңбекқор, тәрбиелі, әдепті, ұстамды, төзімді, ізденгіш, парасатты адамдармен тіл табыса білетін адам ғана жақсы маман бола алады.

 

Тапсырма 2. Жаттап алыңыз.

Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге. Кетігін тап та, бар, қалан!

(Абай)

 

Тапсырма 3. Өздеріңіз білетін мамандықты атаңыздар. Сол сөздерге сәйкес анықтауыш сөздер жазыңыздар.

Тақырыпқа байланысты сөздік.

Заңгер-юрист

Зергер-ювелир

Кәсіби-профессиональный

Кәсіпкер-предприниматель

Мүсінші-скульптор

Сәулетші-архитектор

Табыскер-бизнесмен

Хатшы-секретарь

Қаржыгер-финансист

Қызметкер-служащий, сотрудник

Шебер-мастер, умелец

 

Тапсырма 4. Мамандығыңыз қай салада?Мамандығыңыз туралы айтыңыз

 

Тапсырма 5. Мамандық атауларын сала бойынша қойып жазыңыз.

а) Ой еңбегі саласы -...

б) Ауыл шаруашылық саласы -.............

 

Тапсырма 6. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазіргі үлкен сұранысқа ие мамандықтар қандай?

Компьютер саласына қатысты қандай мамандықтарды білесіз?

Медициналық салаға қатысты мамандықтар қандай?

 

Тапсырма 7. «Менің мамандығым» тақырыбында мәтін құрастырыңыз.

Ол үшін мәтінге қажет мына етістіктермен танысамыз:

Жұмыс істеймін, жұмыс істеп жүрмін, қызмет атқарамын, қызмет атқарып жүрмін, ауыстым, бардым, келдім, оқыдым, аяқтадым, бітірдім, таныдым, білдім, білім алдым.

 

Тапсырма 8. Зат есімдер және сын есімдермен танысамыз:

Оқу орны, мамандық, маман, білім, қызметкер, лауазымды тұлға, әріптестер, жақсы, білікті, біліктілігі жоғары, әділ, адал, еңбек, тартымды, ұсыныс, тексеріс, сүйікті, табыс.

Мәтінге қажет үстеулер мен есімдіктер:

Бұрын, бүгін, кезінде, әлдеқашан, әлдекім, қазір, былтыр, алдыңғы жылы.

 

Тапсырма 9.Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтарын еске түсіріңіз, әр жұрнаққа қосымша 3 зат есімнен мысал келтіріңіздер

1. шы, -ші: қойшы, суретші

2. шылық, -шілік: адамшылық, молшылық

3.–лас.-лес, -дас,-дес,-тас, -тес: замандас, жолдас

4.–лық, -лік,-дық,-дік,-тық,-тік: орындық, жолдас

5.–хана: аурухана

6. -ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе: көрме, қойма

7.–ым,-ім, -м: бөлім, сөйлем

8.–ыс,-іс,-с: жеңіс, айтыс

9.–ау,-еу,-к,-қ,-ық,-ік: жүрек, қонақ

10.–ыш,-іш: қуаныш,қызғаныш

 

Тапсырма №10. Тест жұмысы.

1.«Еңбекқор» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

2.«Кәсіби» сөзінің аудармасы:

а) профессия

ә) профессиональный

б) мастер

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) хатшы

ә) мүсінші

б) итмұрын

4.«Қоғамға қажет» тіркесінің аудармасы:

а) нужный обществу

ә) общественный фонд

б) общественное начало

 

Date: 2016-02-19; view: 675; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию