Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лттық мүдде





Ұлт халықтан, халық ұлыстан, ұлыс рудан, ру адамдар тобынан құралып, белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациялардан өтіп қалыптасатыны белгілі. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде ру мен тайпалар пайда болса, құлдық қоғам мен феодализм кезінде ол халық дәре­же­сіне жетеді, ал халықтың ұлтқа айналуы фео­дализмнің ыдырап, капитализмнің дамуымен байланыстырылады. Әртүрлі қоғамдық формациялардан өтіп, ұлттардың, олар құрған ұлттық мем­ле­кет­тер­дің пайда болуы дүние жүзінде бір кезеңде бірдей жағдайда болған жоқ. Ең алдымен бұл үдеріс батыста, Атлан­ти­каның екі жаға­лауын­­да қалыптасты. Бұл аймақта ұлттық мем­лекет негізінен ішкі күштердің әсерінен автохтонды әлеу­мет­тік-саяси даму шең­берін­де, сырттан ай­тар­лықтай бөгде ық­пал­сыз жағдайда өтіп, негізінен тарихта жа­ңа ағарту­шылық (ренессанс) дәуіріне тұспа-тұс келді. Іле-шала бұл үдеріс Германия, Польша, Ресей қа­тар­лы елдерді қамты­ды. Бүгінгі күні халқымыздың алдында тұр­ған үлкен тарихи жауапкершілік-мем­лекетіміздің, оның билік жүйесінің ұлттық мүдденің берік қорғаны болуын қамтамасыз ету. Қазақтың ұлттық мүддесін қамтамасыз етудің маңызды материалдық негізі-ұлан-бай­тақ жеріміз бен оның қой­науын­дағы ұшан-теңіз кен байлықтарын өз игілігімізге жарату болса, рухани тұрғыдан тарих сахна­сында сақталуымыздың кепілі-ана тілі­міз­дің мемлекеттік мәртебесін іс жүзінде ор­нық­ты.

 

Сөздік

Әлеуметтік-социальный

Тайпа-племя

Үдеріс-процесс

Ықпал-влияние

Кепіл-залог

Рухани-духовный

Мәртебе-статус

Аймақ-регион, край

Маңызды-важный

Қамтамасыз ету-обеспечивать

 

Тапсырма 1.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар

 

Тапсырма 2.Берілген сөздерге синонимдер табыңыздар

 

Іс, аймақ, ел, мүдде, әйгілі, қатты, намыс, байлық, алғашқы, кезі, әсері.

 

Тапсырма 3.Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыздар

 

Тапсырма №3. Тест жұмысы.

1.«Ұлттық» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

2.«Мүдде» сөзінің аудармасы:

а) спрос

ә) интерес

б) содержание

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) дәреже

ә) радиобайланыс

б) кәсіби

4.«Материалдық негіз» тіркесінің аудармасы:

а) материальная основа

ә) свободная страна

б) единство общества

 

Date: 2016-02-19; view: 581; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию