Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органдар





1.Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар жүргізеді. 2.Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде ауыл, кент, ауылдық округ әкімі өздерінің аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін (тууын, неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын), қайтыс болуын) тіркеуге арналған құжаттарды қабылдауды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және осы Кодексте көзделген мерзімде Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін оларды әділет органдарына беруді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер беру мен тапсыруды жүргізеді.3.Ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарының азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру тәртібін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша аумақтық әділет органдары айқындайды. 4.Тіркеуші органдардың лауазымды адамдары өздеріне, өздерінің жұбайларына және жақын туыстарына қатысты азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізуге құқылы емес. Мұндай жағдайларда азаматтық хал актілерін тіркеуді тіркеуші органның басқа да лауазымды адамы немесе басқа тіркеуші орган жүргізеді.
180-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің қағидалары мен тәртібі. 1.Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің қағидалары, сондай-ақ некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасылық жағдайы туралы бір-бірін өзара хабардар етуі, олардың болашақ ерлі-зайыптылар және ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібі осы Кодекске сәйкес белгіленеді.2.Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібін әділет органдары айқындайды.

181-бап. Акт кітаптары. Оларды сақтау тәртібі мен мерзімдері 1.Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.2.Қатаң, жүйелі түрде тігілген және нөмірленген, оны құрастырған, тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген акт кітаптары бірдей жүз акт жазбасын қамтып, екі данада жасалады. Акт жазбаларының бірдейлігін аумақтық әділет органдарының лауазымды адамдары қамтамасыз етеді.Акт кітаптарының бірінші даналары - азаматтық хал актісін бастапқы тіркеу орны бойынша ауданның (қаланың) тіркеуші органының мұрағатында, екінші данасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тіркеуші органының мұрағатында сақталады.3.Акт кітаптарының бірінші және екінші даналарын бір үй-жайда (ғимаратта) сақтауға тыйым салынады.4.Республика бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған уәкілетті органда Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың орталық серверінде сақталады.5.Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары жетпіс бес жыл бойы сақталады, содан кейін тиісті мемлекеттік мұрағатқа беріледі.6. Екінші даналардың акт кітаптары белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылуға жатады.

 

 

Date: 2015-05-23; view: 847; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию