Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Суррогат ана болу шарты: түсінігі мен мазмұны





Суррогат ана – суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала (балалар) туатын әйел;Суррогат ана болу – сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы шарт бойынша, күні жетпей босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балаларды) көтеру және туу; Суррогат ана болу шарты - некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) және балалы болғысы келетiн адамдар мен қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану жолымен бала көтеруге және тууға өз келiсiмiн берген әйел арасындағы нотариатта куәландырылған жазбаша келiсiм;
54-бап. Суррогат ана болу шарты.1.Суррогат ана болу шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптары сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалады және міндетті түрде нотариатта куәландыруға жатады. 2.Суррогат ана болу шартының жасалуы қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туған балаға ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) ата-аналық құқықтары және міндеттерінің болуын әдейі көздейді.3. Суррогат ана болу шартымен бір мезгілде ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) тиісті қызметтер көрсететін, қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен шарт жасасады.

55-бап. Суррогат ана болу шартының мазмұны.Суррогат ана болу шартында:
1)ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) және суррогат ананың деректері;2)суррогат ананың күтіміне арналған материалдық шығыстарды төлеу тәртібі және шарттары;3)тараптардың шарт талаптары орындалмаған кездегі құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;4)57-баптың 1-тармағында көзделген өтемақының мөлшері және оны төлеу тәртібі;

57-бап. Суррогат ана болу шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері. 1. Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер):1) суррогат ананың медициналық зерттеп-қараудан өтуімен байланысты материалдық шығыстарды көтеруге міндеттіф;

5) өзге де, оның ішінде төтенше оқиға жағдайлары қамтылуға тиіс.

35. Суррогат анаға қойылатын талаптар. 56-бап.1.Суррогат ана болуға тілек білдірген әйел жиырмадан отыз беске дейінгі жаста, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған, қанағаттанарлық тән денсаулығы, психикалық және репродуктивтік денсаулығы, сондай-ақ өзінің дені сау баласы болуға тиіс.2.Егер суррогат ана тіркелген некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) жағдайда, суррогат ана болу шартын жасасу кезінде жұбайының нотариат тәртібімен куәландырылуға тиіс жазбаша келісімі ұсынылуы қажет.3.Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйым балалы болуға тілек білдірген адамдардың өздерінің не донор банктің биоматериалдарының сол үшін пайдаланылғаны туралы толық әрі жеткілікті ақпаратпен оларды қолдану туралы қорытынды шығаруға міндетті. Қорытындының бір данасы нотариатта куәландырылған суррогат ана болу шартына қоса беріледі және мәміленің жасалған жері бойынша сақталады.

36. Суррогат ана болу шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері 57 бап1.Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер:1)суррогат ананың медициналық зерттеп-қараудан өтуімен байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;2)қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылуына байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;3)қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйымға тән саулығы, психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық зерттеп-қараудың нәтижелерін ұсынуға;4)суррогат ананың жүктілігі, босануы кезеңінде және босанғаннан кейін елу алты күн ішінде медициналық қызмет көрсету бойынша шығыстарды төлеуге, ал жүктілікпен және босанумен байланысты асқыну болған жағдайда, жетпіс күн ішінде шығыстарды төлеуге міндетті.2. Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде суррогат ана 56-баптың талаптарына сәйкес:1) тапсырыс берушілерге өзінің тән саулығы, психикалық және репродуктивтік денсаулығы туралы медициналық қорытындыны ұсынуға;2) дәрігердің үнемі бақылауында болуға және оның ұсынымдары мен тағайындаған емдерін қатаң сақтауға;3) өзімен шарт жасасқан адамдарды суррогат ана болу шартында ескерілген кезеңділігімен жүктіліктің барысы туралы хабардар етуге;4) туған баланы өзімен суррогат ана болу шартын жасасқан адамдарға беруге міндетті.3.Суррогат ана баланы өзге адамдарға беруге құқылы емес.4.Суррогат ананың тұрақты жұмысы болған кезде еңбек қызметін жалғастыру мәселесі суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келісімі бойынша шешіледі.5.Суррогат ана репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін суррогат ана болу шартында көзделген жүктілік үшін жауаптылықта болады және табиғи жүкті болу мүмкіндігін болғызбауға міндетті.6.Көп құрсақ көтеріп жүкті болу туралы мәселе суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келісімі бойынша шешіледі.

37.Суррогат ана болу шартының немесе қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданудың құқықтық салдары.1. Ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) суррогат ана болу шарты негізінде қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туған баланың ата-аналары болып танылады.Мұндай әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде не суррогат ана болу шартына сәйкес екі және одан да көп бала туған жағдайда ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) әрбір туған бала үшін тең жауаптылықта болады.2. Суррогат ана болу шартын жасасқан жұбай (тапсырыс беруші) бала туғаннан кейін туу туралы медициналық куәлікте оның анасы болып жазылады.Ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) баладан бас тартуы оның туылғаны тіркеуші органда тіркелгеннен кейін белгіленген тәртіппен ресімделеді.Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолдануға өз келісімін берген не суррогат анамен шарт жасасқан ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) баладан бас тартқан жағдайда, суррогат анадан материалдық шығыстарды өтеуді талап етуге құқылы емес.Суррогат анамен шарт жасасқан ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) баладан бас тартқан жағдайда, ана болу құқығы өз қалауы бойынша суррогат анада қалатын болады, ал ол бас тартқан жағдайда, бала мемлекет қамқорлығына беріледі. Ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) баладан бас тартқан кезде және баланы суррогат ана қабылдап алған кезде бұл адамдар суррогат анаға шартта белгіленген мөлшерде және тәртіппен өтемақы төлеуге міндетті.Ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған жағдайда, суррогат ана болу шарты бойынша туған бала үшін жауапкершілік ерлі-зайыптылардың екеуіне де жүктеледі. Ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) біреуі қайтыс болған жағдайда суррогат ана болу шарты бойынша туған бала үшін жауапкершілік олардың көзі тірісіне жүктеледі. Ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) екеуі де қайтыс болған және олардың жақын туыстары туған баланы асырап алудан бас тартқан жағдайда, бұл бала суррогат ананың тілегі бойынша - оған, ал ол бас тартқан жағдайда, мемлекет қамқорлығына берілуі мүмкін. Қорғаншылық нысанында баланың суррогат анаға не мемлекеттік ұйымдарға берілуі оның суррогат ана болу шарты бойынша ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) мұрагері ретіндегі құқықтарын тоқтатпайды.Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейін шартта көрсетілген мерзім ішінде қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялардың пайдаланылмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейін суррогат ана табиғи түрде жүкті болған жағдайда шарт бұзылады, ол суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер жұмсаған барлық шығыстарды төлей

38. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы. Өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-аналарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығында болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар.Баланың өз ата-анасының тәрбиесіне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуіне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзінің адами қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.Ата-аналары болмаған кезде, олар ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген кезде және ата-ана қамқоршылығынан айрылған басқа да жағдайларда Кодекстің бала асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық және патронат туралы тарауларында белгiленген тәртiппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етедi.

39. Баланың ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласу құқығы.Баланың ата-анасының екеуiмен де, аталарымен, әжелерiмен, аға-iнiлерiмен, апа-сiңлiлерiмен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар. Ата-аналары некесiнiң (ерлі-зайыптылығының) бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-аналарының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиiс. Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен араласуға құқығы бар. Сондай-ақ, ата-аналары әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда, баланың олармен араласуға құқығы бар.2. Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған баланың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар.

40. Баланың өз пікірін білдіру құқығы. Бала отбасында өз мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкiмшiлiк iсін қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған баланың пiкiрi міндетті түрде ескерiлуге тиіс. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарнемесе сот он жасқа толған баланың және заңды өкілдердің қатысуымен өзі берген келiсiмiмен ғана шешiм қабылдай алады.Баланың пікірі ата-аналарының немесе баланың тұратын жері бойынша басқа да заңды өкілдердің қатысуымен қабылданған, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен ресімделеді.

41. Баланың атын, әкесінің атын және тегін алуға құқығы 1.Баланың атын, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы бар.Баланың атын өзара келісім бойынша ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері береді. Әкесінің аты ата-аналарының немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің тілегі бойынша оның әкесі болып көрсетілген адамның аты бойынша беріледі.Бөлек жазылған жағдайда қосарланған ат беруге рұқсат етіледі, бірақ ол екі аттан аспауға тиіс.Әкесінде қосарланған ат болған жағдайда, балаға әкесінің аты ретінде олардың біреуі не әкесінің екі аты бірге жазылып беріледі. Әкесі атын өзгерткен кезде - оның кәмелетке толмаған баласының, ал кәмелетке толған бала бұл туралы өтініш берген кезде, оның әкесінің аты өзгереді.Баланың тегi ата-аналарының тегiмен айқындалады. Ата-аналарының тегi әртүрлi болған кезде ата-аналарының келiсiмi бойынша балаға әкесiнiң немесе анасының тегi берiледi. Ата-аналарының қалауы бойынша баланың тегi ұлттық дәстүрлер ескерiле отырып, әкесi сияқты, анасы тарапынан да әкесінің немесе атасының аты берілуі мүмкін.Ата-аналар арасында баланың атына және (немесе) тегiне қатысты туындаған келiспеушiлiктер сот тәртiбiмен шешiледi.Егер әкесі анықталмаса, баланың аты анасының көрсетуі бойынша беріледі, әкесінің аты баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі – анасының тегі бойынша немесе ұлттық дәстүрлер ескеріліп, баланың атасының аты бойынша беріледі. Егер баланың ата-аналарының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, әкесінің атын қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, медициналық немесе баланың тұрған жері бойынша оның құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын басқа да ұйымдар береді.

42. Баланың атын және (немесе) тегін өзгерту.Ата-аналарының екеуi де тегiн өзгерткен кезде кәмелетке толмаған балалардың тегi өзгередi.Бала он алты жасқа толғанға дейiн ата-аналарының бiрлескен өтiнiшi бойынша тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берiлген тектi ата-анасының екіншісінің тегiне өзгертуге рұқсат береді.Неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған немесе неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған жағдайда бала өзiне туған кезде берiлген тегін сақтайды. Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тіркеуші органда ресімдеместен бөлек тұрса және бала өзімен бiрге тұратын ата-анасы оған өзiнiң тегiн бергiсi келсе, тіркеуші орган бұл мәселенi баланың мүдделерiне қарай және нотариатта ресімделген басқа ата-ананың пiкiрiн ескере отырып шешедi. Ата-ананың тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған, ол ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, әрекетке қабiлетсiз деп танылған кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтіп-бағудан және тәрбиелеуден дәлелсіз себептермен жалтарған жағдайларда, ата-ананың пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тіркеуші органда ресімдей отырып, бөлек тұрса және бала өзімен бірге тұратын ата-анасы оған өзінің тегін бергісі келсе, тіркеуші орган бұл мәселені ата-аналарының екіншісінің пікірін ескерместен, баланың мүдделеріне орай шешеді. Егер бала бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамдардан туса және әкесi заңды тәртiппен анықталмаса, тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, оның тегiн анасының осындай өтiнiш жасаған кезде болған тегiне өзгертуге рұқсат етеді.Он жасқа толған баланың аты және (немесе) тегi заңды өкілдердің қатысуымен алынған оның келiсiмiмен ғана өзгертіледі.

Баланың ұлты. Баланың ұлты оның ата-аналарының ұлтымен айқындалады. Егер ата-аналарының ұлты әртүрлi болса, ұлты балаға жеке куәлiк немесе паспорт берiлген кезде оның қалауы бойынша әкесiнiң немесе шешесiнiң қай ұлтқа жататынына сәйкес айқындалады.Одан әрi баланың ұлты оның өтiнiшi бойынша тек қана ата-аналарының екіншісінің ұлтына өзгертiлуi мүмкiн.

43-48?

49. Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері.1. Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi. Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес.

50. 75-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру. Егер ата-аналар 1) ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;2) өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсіз себептермен бас тартса;3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;4) балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса; 5) спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады.2. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айрылады.

51.76-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру тәртібі. Ата-ана құқықтарынан айыру сот тәртiбiмен жүргiзiледi. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер ата-аналардың бiреуiнiң немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың өтініштері, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен қаралады. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде сот ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардан алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешедi. Егер сот ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде ата-аналардың iс-әрекетiнен қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерін байқаса, ол мұны жеке қаулымен прокурордың назарына жеткiзуге мiндеттi. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде сот бұл шешiмнiң үзінді көшiрмесiн баланың тууын мемлекеттiк тiркеу орыны бойынша тіркеуші органға және баланың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жіберуге мiндеттi.

52. 77-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары. Ата-ана құқықтарынан айыру баламен туыстық фактiсiне негiзделген барлық құқықтардан, оның iшiнде одан күтіп-бағу қаражатын алу, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен мемлекеттiк жәрдемақыны алу құқықтарынан айрылуға әкеп соғады. Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз баласын күтіп-бағу мiндетiнен босатпайды, бұл міндет оны асырап алуға байланысты тоқтатылады. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрi бiрге тұруы туралы мәселе сот тәртiбiмен шешiледi.Ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған бала тұрғын жайға меншiк құқығын немесе тұрғын жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ ата-аналарымен және басқа да туыстарымен туыстық фактiсiне негiзделген мүлiктiк құқықтарын, оның iшiнде мұра алу құқығын сақтайды.Баланы басқа ата-анаға беру мүмкiн болмаған кезде немесе ата-аналарының екеуi де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына берiледi. Егер бұл балаға теріс әсер етпесе, ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың өтініші бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баламен жолығуға рұқсат етеді. Ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала асырап алуға соттың ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң жол берiледi. Ата-аналарының біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған баланы асырап алуға екінші ата-анасының келісімімен жол беріледі.

53.78-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру. Егер ата-аналар мiнез-құлқын, тұрмыс салтын және бала тәрбиесіне көзқарасын өзгерткен болса, сот олардың ата-ана құқықтарын қалпына келтiруi мүмкiн. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың өтініші бойынша сот тәртiбiмен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы iстер ата-ананың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтiру баланың мүдделерiне қайшы болса, сот баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. Он жасқа толған балаға қатысты ата-ана құқықтары оның келiсiмiмен ғана қалпына келтiрілуі мүмкiн. Егер бала асырап алынса және асырап алудың күшi жойылмаса, ата-ана құқықтарын қалпына келтiруге жол берiлмейдi.

 

54-58-?

 








Date: 2015-05-23; view: 761; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.008 sec.) - Пожаловаться на публикацию