Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






МАЗМҰНЫ





ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

« Өндірістік объектілерін еңбек жағдайы бойынша куәландыру» пәні бойынша практикалық сабақтар

 

 

II бөлім

 

 

 

Арағанды 2014

 

 

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСТИТЕТІ

Кафедра «Кендік аэрология және жұмысты қорғау»

 

 

Н.Н. ӘКІМБЕКОВА, М.О. БАЙТУҒАНОВА,

М.Ж. КАКЕНОВА, Е.В. КОМЛЕВА.

 

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

«Өндірістік объектілерін еңбек жағдайы бойынша куәландыру»

пәні бойынша практикалық сабақ

 

 

барлық оқыту формасындағы

5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

мамандығының студенттері үшін

ІІ бөлім

 

Арағанды 2014

 

УДК 622.4:533.6

 

Әкімбкова Н.Н., Байтуғанова М.О., Какенова М.Ж., Комлева Е.В« Өндірістік объектілерін еңбек жағдайы бойынша куәландыру» пәні бойынша практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқама. ІІ бөлім.Қарағанды: ҚарМТУ, 2014. - 43 бет.

 

«Өндірістік объектілерін еңбек жағдайы бойынша куәландыру» пәнінің оқу жоспары бойынша жасалған және практикалық сабақтарына арналған қажетті барлық оқу ақпараттарын қамтитын әдістемелік нұсқаулар.

Әдістемелік нұсқаулар «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының барлық оқу формасындағы студенттеріне арналған.

 

 

Рецензиялаушы: ҚарМТУ – дың редакциялық баспа кеңесінің мүшелері

 

 

Университеттің редакциялық баспа кеңесі бекіткен

 

© Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті, 2014

МАЗМҰНЫ

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ 5

 

Жұмыс аймағындағы ауадағы зиянды заттардың концентрациясын

анықтау 4

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ 6

 

Діріл және шу 13

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ 7

 

Еңбек жағдайын микроклимат көрсеткіштері бойынша

бағалау 30

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ 8

 

Еңбек жағдайын жұмыс орындарында бағалау 36

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

 

№5 практикалық сабақ

 

Тақырыбы: «Жүмыс зонасындағы зиянды заттардың концентрациясын анықтау».

Сабақтың мақсаты: жұмыс зонасындағы зиянды заттарды практикалық жолмен анықтау.

 

Сабақтың мазмұны

1.Ауаның тазалығы, ондағы зиянды заттардың кездесуімен анықталады. Зиянды заттар-организммен жанасқанда қауіпсіздік талаптарын бұзып, аурулар туғызатын заттарды айтады. Оларды заманауи әдістермен анықтауға болады. Бұл аурулар ұзық уақытқа созылып, ұрпаққа берілуі мүмкін.

Химиялық заттарыдын адам организіміне әсері келесідей болады:

- Жедел эффектілер (мысалы,өткір интоксикация)

- Созылмалы зардаптар (онкология,имундық бұзыдыстар)

- Созылмалы спификалық және спицификалық емес потология

Жедел эффектілерді анықтау үшін арнайы әдіс енгізілген,оның негізі арнайы шектері бар. Бұл әдіс екі кезеңнен тұрады. Біріншісі белгілі бір мөлшер мен уақыт аралығындағы ағзаның бұзылуының эпидемиологиялық сипатына негізделген. Екіншісі – тәжірибелер нәтижесінде анықталатын бастапқы ақпараттарды қолдануға негіздеген.

Ауадағы адам ағзасына зиян заттарды бағалауда:

- түр және жыныстық сезімталдықты ескере отырып жұмыс талаптарына токсиологиялық эксперименттер жүргізу

- эмпирикалық интегралды функция бойынша ауырғандарды белгілеу үшін берілген медициналық статистикалық нақты өндірістік аурудың қаупін бағалау.

Практика жүзінде жұмыс талаптарына келесі заттарадың әсерімен баға береді

· Химиялық фактор;

· Биологиялық фактор;

· Фиборгенді басымдылыққа ие аэрозолдердің әсері;

· Аэроионизация.

Осылар арқылы есептеу мүмкін болмаған кезде бағалау арнайы теңдеулермен есептеледі. Бұл жағдайда есептеу Prob = а + b/gd үшін коэфицентті анықтауға негізделген:

 

Фиборгенді басымдылыққа ие аэрозолдер үшін

Металл және металл оксидтері үшін:

Басқа жағдайлар үшін:

Зиянды заттардың максималды мүмкін мөлшері – барлық жұмыс тәжәрибесінде адам ағзасында және ұрпақтарында аурулар мен зиянды өзгерістер туғызьбайтын мөлшерді айтады,оны заманауи әдістермен есептейді.

Зиянды заттардың мөлшері ПДК мәні және токсикометриялық заттардың сипатымен есептеледі(кесте 1).

 

Кесте 1 – әсер ету дәрежесі бойынша зиянды заттардың классификациясы.

Көрсеткіштер Қауіптілігі бойынша норма классы
       
ПДК жұмыс зонасында, мг/м3 <0,1 0,1-1,0 1,1-10,0 >10,0
Орта өлім дозасы (ССД),мг/кг асқазанда <15 <100 15-150 100-500 151-500 501-2500 >500 >2500
Ауадағы орташа өлім концентрациясы(ССК), мг/м <500 500-5000 5501-50000 >50000
Ингаляторлық улану коэффиценті (КВИО) >300 300-30 29-3 <3
Өткір әсер ету зонасы (Zac) созылмалы (Zch) <6 >10 6-18 10-5 18,1-54 4,9-2,5 >54 <2,5

 

ССД (DLS0)асқазан- бір рет салғанда жануарлардың 50%, тері - бір рет салғанда 50% өлңмге әкеледі.

ССК в воздухе (CL50) – 2-4 сағат ингаляторлық әсері кезінде жануарлардың 50% өлімге әкеледі.

20 °С кезінде ауадағы зиянды заттардың максималды мөлшері:

ССК тышқан үшін 2 апта кезеңінде 2 сағаттық экспозиция кезінде:

 

КВИО=

 

Zac = CL50/ Limас;

Zch = Limас/ Птос;

Limас биологиялық өзгерістер туғызатын,бір рет әсер еткендегі бастақы концентрация, Lima – созылмалы (4 ай көлемінде 4 – 5 сағаттн әсер ету)әсері кезіндегі бастапқы концентрация:

 

CLS0>Limас>Limаh>ПДК.

Ауадағы зиянды заттардың кездесуіне байланысты жұмыс жағдайының бағасы ауада кездесетін максималды зиянды заттардың орташа концентрациясын ПДК мен салыстыра отырып анықтайды.Сонымен қатар жеке топтарға өткір уландырушы заттар енгізіледі,аллергендер,конценгендер,ісікке қарсы дәрәләк гормондар,наркотиклық анальгетиктар және 1-2,3-4 топтағы қауіпті заттар.

Өткір уландырушы заттарға:қышқылдар,сілтілер,хлор,фтор,күкірт,азот кездесетін заттар,бромид,хлорид,сутек цианиді,фтор сутек,озон,толуол және т.б. Бірінші кезекте олар нашарландырғыш реакция жүргізеді,тыныс жолдарын,тері, көзді зақымдайды.

 

Аллергендер – пиридиан,алколойд,амнипласт,хлорофос,кейбір органикалық қышқылдар,синтетикалық жуғыш заттар,табак,эпоксиддті смола және т.б. заттар кіретін никель қослыстары.Аллергендер әр түрлі сипаттағы аллергиялық реакциялар жүргізіп,ағзаның реактивті қабілетін өзгеріске ұшыратады.

Концерогендер ісіктердің пайда болуына алып келеді.Оларға мұнайдың,тас көмір смоласының және пектің,ароматикалық аминдердің,бенпиреннің,асбест шаңының,бензолдың,бирилийдің және оның қосылыстары күшала,никель,саждың құрамына кіретін полициклді ароматты көмірсутектер жатады.

Ісікке қарсы дәрілік заттар,эстроген гормондар (диоксадэт,диоксорубицин,экстрон,имифос,рубомицин,этинелэстрдиол)және наркотикалық анальгетиктер (наркотин,кодеин,морфилин, тебаинпромедол,фентанил,поросодол) бірінші топтағы қауіпті заттараға жатады,олармен өте абай болу керек.Бұл заттардың ауадығы концентрациясы қанша екеніне қарамастан жұмыс зонасының жағдайы 2-ші дәрежеге(анальгетикер үшін) және 4-ші дәрежеге(ісікке қарсы заттар) 3 дәрежелерге жатқызылады.

Для веществ, ПДК которых представлены одной максимальной величиной, определяют среднесменную концентрацию (за исключением раздражающих веществ и веществ с остронаправленным механизмом действия) и сравнивают величины фактических максимальной и среднесменной концентраций веществ в рабочей зоне с установленными для них ПДК.

Зияндылық әсері бірдей ауда кездесетін бірнеше заттардың ағзаға әсерін олардың фактілік концентрацияларын олардың ПДК ларына қатысымен есептейді есептейді.

 

Жұмыс орнына мүмкін болатын мөлшер:

Мұндағы Сi і дегі фактілі концентрация,мг/м3;

АШКi – осы заттың мүмкін болатын мөлшері.Басқа жұмыс жағдайларын оссы суманы кестедегі мәндерге көбейту арқылы табады.

Бірнеше зиянды заттар кездесетін жағдайлар кезінде әрбір компаненттің фактілі концентрациясы олардың АШК на шартты коэфицентпен алынады.Мысалы:азот және көмір оксиді комбинацисында былай есептеледі:

Мұндағы, - жұмыс зонасынадағы фактілі концентрация;

- сол заттардың ПДК лары

Жұмыс зона ауасындағы бірдей әсері бірдей емес зиянды бірнеше заттардың АШК сы оңашаланған түрінде алынады.Жұмыс жағдайының бағасын келесідей жүргізеді.

- Зияндылық дәрежесі ең жоғарғы топқа жататын заттың концентрациясымен

- 3.1 топтың кез келген затары қолайсыз жұмыс жағдайын жоғарылатпайды

- 3.2 топтың заттары жұмыс жағдайын 3.3 дәрежеге дейін әкеледі

- 3.3 топтың екі не оданда көп заттары жұмыс жағдайын 3.4 жәрежеге әкеледі.Ұқсас жағдай 3.4 топтағы заттар 4 топтың қауіпті жағдайын туғызады

2 кесте – Химиялық зиянды заттардың кездесуіне байланысты жұмыс зонасы жағдайының топтары

Зиянды заттар Еңбек жағдай классы
Мүмкін шегі Зиянды қауіпті
  3.1 3.2 3.3 3.4  
1-2 топтың зиянды заттары ≤ПДК 1,1-3,0 3,1-6,0 6,1-10,0 10,1-20,0 >20,0
Төмендегі заттарды қоспағандағы қауіптілері            
Төмендегілерден басқа 3 – 4 топтың зиянды заттары ≤ПДК 1,1-3,0 3,1-10,0 >10,0    
Өткірулануды туғызатын зиянды заттар: ≤ПДК 1,1-2,0 2,1-4,0 4,1-6,0 6,1-10,0 >10,0
Аллергендер ≤ПДК   1,1-3,0 3,1-10,0 >10,0  
Канцерогендер ≤ПДК 1,1-3,0 3,1-6,0 6,1-10,0 >10,0  
Ісікке қарсы заттар, гормоны (эстрогены)         +  
Наркотикалық аналгетиктер     +      

Егер бір заттың бірнеше зиянды әсері болса (канцерген,аллерген,өткір бағытталған механизмді зат),есептеу жоғары дірежелі зияндылықпен жүргізіледі.

Тері жабындарынан өтертін зиянды заттармен жұмыс істеу кезінде – ПДУ нормаларына сәйкес,жұмыс жағдайының қауіптілік тобы 2 кесте негізінде «3-4 топтағы зияндылық тобына енгізіледі».Тері жабынынан өтетін 1 топ зиянды заттары үшын «ісікке қарсы дәрілік заттар,гормондар» жолын 2 кестеден қолданады.

2.ТО және ТР машиналары ауадағы химиялық заттардың мөлшерін сақтап тұру үшін денсаулыққа,жұмыскерлердің өзін жақсы сезінуінде маңызды рөл атқарады.

Химиялық таза ауада: азота - 78,06 %, оттек - 20,95 %, аргон - 0,93 %, көмірқышқыл газы - 0,03 %, басқа газдар - 0,01 % болуы керек.Алайда аталған заттардың құрамы зиянды заттардың әсерінен әлдеқайда өзгеріске ұшырайды.Автомабилдерді және тракторларды техникалық реттеу және жөндеу жұмыстары сияқты өндірістік процестерден атмосфераға әр түрлі зиянды газдар бөлініп ағзаны улайды.

Өндіріс бөлмелерінің ауасы көп мөлшерде зиян қоспалардан тұратын(көмір қышқыл газы,азот оксиді,альдегиттер,көміртегі оксиді, күкірт қышқыл газы және т.б.)машинаның пайдаланылған газдарымен және жұмыс кезіндегі зиянды бөліністермен(лактау,қашау,вулканизациялау, аккумуляторлық,дәнекерлеу,медициналық және т.б.) улануы мүмкін.

Зиянды газдармен және булармен улану өткір немесе созылмалы болуы мүмкін.Өткір улану улы заттардың ағзаға кенеттен көп түсуі әсерінен болады және ауру белгілері тез білінеді.Созылмалы улану кезінде зиянды заттар ағзаға ұзақ уақыт бойы аздап түсіп отырадыда ағзаның жайлап өзгеруіне әкеледі.

Өнірістік уланудың негізгі себептері келесілер болуы мүмкін:қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитариясының бұзылуы,гигиеналық талаптарға сай келмейтін құрылғыларды және технологияларды қолдану,өндіріс бөлмелерінің дұрыс желдетілмеуі,индивидуалды қорғаныс заттарын дұрыс қоланбау және т.б.

Өндіріс орындарын жобалау санитарлық нормаларымен зиянды заттардың жұмыс орынында мүмкін болатын шегі бекітілген (АШК).АШК –бұл күнделікті тыныс алғанда күн бойына,көп жылдық бір қалыпты қабылдау кезінде ағзада өзгерістер тудырмайты концентрация мөлшерін айтады.

АШК ның мөлшерін асырмау үшін жұмыс бөлмелеріндегі ауаның құрамын үнемі өлшеп отыру керек. Ауаның зиянды газдармен және булармен улануын тексеру үшін арнайы индикаторлық трубкаларды және гозанализаторларды қолданатын әдәстермен өлшейді.Ең көп тараған қарапайымдары химиялық газанализаторлар ГХ(ГХ-4,ГХ-5,ГХ-6)және УГ-2.

Бұл газанализаторлардың жұмыс істеу принципі шыны трубкага бекітілген,белгілі бір ауа мөлшері үрленетін зиянды заттардың арнйы реактивке тус беру реакциясына негізделген. Реактивті бағананың боялған бөлігі уланған заттың мөлшеріне пропорционалды.3 кестеге есептеулер нәтижесіндегі көрсеткіштер енгізілшен.

3.ГХ аспабы мехты аспиратордан,индикатор трубкаынан тқрады.Есептеуді жеңілдету үшін индкаторда сақиналар орнатылған.Жұтылып отқан газбен әрекеті кезінде реактивті ұнтаққа байланысты соңғысы СО дан – жасыл, S02-қара – көк, H2S – қоңырқай, NO-NO2– күңгілт түске боялады.
1 сурет – мехті аспиратор

 

2 сурет – индикаторлы трубкалар

 

Мехті аспиратор АМ – 5 индикаторлық трубканы жұтылатын ауамен қамтамасыз ету үшін қолданылады.Ол іске қолмен қосылады.Бір дегенде трубка арқалы 100 мл ауа сорылады.

УГ – 2 типті әмбебап газанализатор шкала үшін алынбалы пдставкасы бар ауа сорғыш құрылғыдан,штоктан,өлшеіш штоктан,индикаторлық трубкадын,фитірлеуші потроннан және индикаторлық трубкалны және филтрлеуші потронды жасайтын набордан тұрады.

Индикаторлық трубка зерттеліп отырған зиянды заттың мөлшерін анықтауға негізделген,индикаторлық ұнтақпе толтырылған шыны трубкадан тұрады.

Анализатормен қатар қосалқы индикаторлық трубкалар салынған ЗИП қорабы,химиялық реактор,сонымен қатар индикаторлық трубканы жіне филтірлеушң птронды дайындау үшін қажетті құрадалдар берліледі

Индикаторлық трубкаларды жуу кезінде қолды жарақаттап немесе көзге шыны ұнтақтары түмпеу үшін абай болу керек;химиялық реактивтермен абай болып олардың теріге түсіп кетпеуін қадағалау керек.

 

Орындау реті

 

1.Жеке топтарға өткікр улану қауіпін туғызатын қауіпті заттарды,аллергендерді,концергендерді,ісікке қарсы дәрілік заттарды,наркотикалық аналгетиктерді және 1-2 және 3-4 топқа кіретін қауіпті заттарды біріктіру.

2.Максимальды мен салыстырып немесе, норматив бойынша, орташа қауіпті заттар концентратын ПДК-дан (кесте 1)

3.Зерттеліп отқан зиянды заттың концентрациясын анықтау үшін:

1) индикаторлық трубкаларды және филтрлеуші потрондарды ампуладағы қажетті химиялық реактивтермен толтыру;

2) прибордың бағыттаушы втулкасына штокты канавкасымен стопорға сорылуы қажет ауаның көлеміне есептеп қоюы керек;

3)қолдың күшімен штоктың басындағы сильфонды стопордың ұшы канавканың жоғарғы бөлігіне жеткенше қысып ұстап тұру керек

4) сүйенішке шкаланы,шток втулкага қойылған ауаның көлеміне сәйкес қою керек

5) индикаторлық трубканың бір ұшын құрылғының резеңке трубкасына жалғап,екінші ұшын резеңке трубканың көмегімен филтрлеуші потронға және тіреуішке ұнтақтың шегі бағананың нөл бөлігімен сәйкес келетіндей етіп бекіту керек;

6)Бір қолмен штоктың басын басып тұрып,екінісімен стопорды апару.. Шток жоғары қарай жылжи бастағанда стопорды жіберу.Стопордың ұшы штоктың төменгі жағына жеткенде дыбыс естіледі.Осы кезде индикаторлық трубка арқылы зерттелліп отыған ауа сорылады.

Егер ауада зиянды заттар байқалса,индиаторлық ұнтақтың бағанасының ауа кіретін бөлігі түсін өзгертеді,ал трубкадағы баялған ұнтақтың бағанадағы шегіне сәйкес келетін бағана сандары газдың немесе будың концентрациясын көрсетеді мг/м3

Практикалық жұмыс тапсырмалары

1. Бояу цехының жұмыс жағдайын анықтаның,егер жұмыс зонасының ауасында ПДК-дан 2 есе асатын концергендер кездессе.

2. Жұмыс зонасының ауасынды 3 топтың қауіпті заттары 4 есе көп болса еханикалық цехты қандай жұмыс жағдайының тобына жатқызуға болады

3. Жұмыс орынында газонадизатор ГХ мен газда өлшеу үшін қажет:

1) Аспиратордың проушинасынағы индикатолық трубканың екі ұшын сындыру;

2) Трубка арқылы ауа сру.Ол үшін аспиратор қолға алып,мехты толық қысып,трубканы миндштук аспираторына тілін аспираторға қаратып қойғанан кейін мехты толық ашылғанша жібері керек;

3) Мехтың бір жүрісінен кейін индикаторлық трубкага қарау.Егер ұнтақтың түсі трубканың соңына жетсе немесе одан аса тез арада жұмысты тоқтатып бөлмеден сыртқа шығу керек,себебі ондағы ауа АШК мөлшерінен асып тұр

4) Егер мехтың бір жүрісінен кейін түс пайда болмаса өлшеуде тағы тоғғыз рет қайталау керек.Бірақ әр дайым трубканың түсіне мән беріп отыру кекер;егер одан асатын қауіптер туатын болса бөлмені тез арада босатып,есептеу санын сақтап алу керек;

5) Газдың концентрация мәні қаптамада көрсетілген шкалалар бойынша анықталады.Ол үшін индикаторлық трубканы шкалаға трубканың боялған бөлігіндегі сақинасы мен шкаланың сол түсіне сәйкестендіріп қойып,зиянды зат концентрациясын анықтайды.Егер өлшеу бірнеше жүрістен тұрса,өлшеу келесі формуламен есептеледі:

Х= ,

Мұндағы,К – шкала көрсеткіші;n – мехтың жүріс саны.

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Қандай жағдайларда созылмалы және өткір аурулар пайда болад

2. ГХ арқылы ауа сор қалай жүргізіледі

3. Газанализатор ГХ ның жұмыс принцпі қандай

4. Химиялық заттардың адам ағзасына әсері қандай

5. Өткір улану қауіпін туғызатын затттарға не жатады

6. Адама ағзасына зиянды заттар қандай өзгеріс әкеледі

7. Зиянды заттардың кездесуіне байланысты жұмыс жағдайының бағасы неге негізделеді

8. Жұмыс зонасында зиянды заттардың кездесуіне байланысты жұмыс жағдайының топтары

9. Бірдей ісерге ие емес бірнеше заттардың жұмыс жағдайына баға беруі қалай жүргізіледі

10. Жұмыс зонасының жұмысқа қабілетті жағдайы қандай

11. Бірдей әсер ететін бірнеше заттардың кездесуі езіндеге жұмыс зонасының жағдайына қалай баға беріледі

12. Егер бір заттың бірнеше әсері болса баға беру қалай жүргізіледі

 

СӨЖ тапсырмалары

 

1. Биологиялық факторлардың әсер етуі бойынша жұмыс жағдайына баға бер

2. Басымды фиброгенді әсерге ие жұмыс жағдайына баға беру

3. Зиянды заттардың классификациясы

4. Жұмыскердің тыныс алу мүшесіне шаңның әсері

№6 практикалық сабақ

 

Тақырыбы: «Діріл және шу».

Сабақтың мақсаты және тапсырмасы: Студентті негізгі сипатта діріл және шу туралы таныстыру, діріл және шу классификациясымен, жұмыс орнындағы қол жетімді шу деңгейіменжәне сипаттамасымен.

 

САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

 

1. Діріл кәсіби зияндылық болып табылады, және оның адам организміне үнемі, ұзақ уақыт әсер етуі, көптеген физиологиялық функциялардың бұзылуына әкелетін, кәсіби аурулар – дірілдік ауруларды тудырады.

Діріл көздері технологиялық процесстерде қолданылатын әртүрлі машиналар, механизмдер, жабдықтар, қол аспаптары және басқа да құрылғылар болуы мүмкін.

Діріл серпінді дененің механикалық тербелетін қозғалысымен немесе тепе-теңдік жағдайына жақын механикалық жүйемен түсіндіріледі.

Діріл келесі параметрлермен сипатталады: тербеліс жиілігі, f Гц; орын ауыстыру амплитудасы, А м; тербеліс жылдамдығы (виброжылдамдық), V, м/с;тербеліс үдеуі (виброүдеу) W, м/с2. виброжылдамдықтың бастапқы мәнінің шамасы V0 =5·10-8, м/с; ал виброүдеудің бастапқы мәнінің шамасы W0= 3·10-4, м/с2. Олар есептеудің басы болып саналады.

Дірілдің абсолютті параметрлері өте кең диапазонда өзгеруіне байланысты, виброакустикалық өлшеу практикасында меншікті деңгейдегі параметрлер қолданылады. Параметр деңгейі абсолютты параметр мәнінің бастапқы мәніне қатынасының ондық логарифмі болып табылады. Дірілдің деңгей параметрлері децибелмен (дБ) көрсетіледі. Онда виброжылдамдық пен виброүдеудің логарифмдік деңгейлері,сәйкесінше, келесі формулалармен есептеледі:

 

L V= 20ℓq , qБ; (9)

и

L V= 20ℓq , q. (10)

Дірілді октавты белдеуді толықтай сипаттайтынжиіліктер ретінде зерттесек, онда орташагеометриялық жиілік алынады

f c.г= . (11)

 

октавтық белдеудің орташагеометриялық жиілігі стандартталған және: 1, 2, 4, 8, 16, 32, 63, 125, 250, 500, 1000, 2000 Гц. құрайды.

Діріл жалпы және локальдық (жергілікті) болып ажыратылады. Жалпы діріл тіреуіш жазықтықтар арқылы отырған немесе түрегеп тұрған адам денесіне беріледі және барлық организмнің шайқалуын тудырады. Локальдық діріл – бұл дененің жеке бөліктерінің вибрациясы, мысалы, қолмен басқарылатын механирленген құрал-жабдықтармен жұмыс істегенде қолдың вибрациясы. Жалпы және жергілікті вибрация бір мезгілде әсер етуі де мүмкін.

.Пайда болу көздеріне байланысты вибрация ажыратылады:

локальдық діріл, адамға қолмен басқарылатын механирленген құрал-жабдықтармен (қозғалтқыштармен) берілетін, дене мүшелеріне қолмен басқарылатын машиналар мен жабдықтардан берілетін;

локальдық діріл, адамға қолмен басқарылатын механирленбеген құрал-жабдықтармен (қозғалтқыштарсыз) берілетін, мысалы, тегістеуші балғалардың әр түрлі моделдері мен өңдеуші бөлшектер;

жалпы дірілдің 1-ші категориясы – жол-көлік дірілі, адамға тіркемелі және тіркемесіз машиналары бар жұмыс орындарыында әсер ететін, тасымал құралдарының жергілікті, агрофондарда және жолдардағы қозғалысы (сонымен қатар оларды құрылысы кезінде)

жол-көлік дірілдің көздеріне жатады: өндірістік және ауылшаруашылық тракторлар, тіркемесіз(өздігінен жүретін) ауылшаруашылық машиналар; жүк көліктері, қартазалайтын, өздігінен жүретін, тау-кен шахталық рельсті көлік.

жалпы дірілдің 2-ші категориясы - жол-көлік-технологиялық дірілі, адамға жұмыс орнындағы машина арқылы әсер ететін, өндірістік ғимаратта арнайы беттікте қозғалатын, өндірістік аймақтарда, тау-кен қазба жұмыстарында.

Транспорттық-технологиялық дірілдің бастауларына жатады: экскаваторлар (соның ішінде роторлы), крандар индустриялық және құрылыстық, металлургиялық өндірісте мартен пешіне арналған жүктеуші (бір жерге жинайтын) машиналар; тау-кен комбайны, шахталық артушы машиналар, өздігінен жүретін бұрғылаушы кареткалар; тасымалдайтын машиналар, бетонтөсегіштер, едендік өндірістік көлік;

- жалпы дірілдің 3-ші категориясы - технологиялық діріл, жұмыс орындарында адамға діріл көзі болып табылмайтын,стационарлық немесе жұмыс орнына тасымалданатын машина арқылы әсер ету. Технологиялық вибрацияның көздері болып табылады: метал – және ағашөңдейтін станоктар; ұсталық-баспақты (кузнечно-прессовое) жабдықтар,, құю машиналары, электр машиналары, стационарлық электр қондырғылары, насосты агрегаттар және вентиляторлар, ұңғыманы бұрғылаутын жабдықтар, бұрғылау станоктары, мал шаруашылығы үшін машиналар, дәнді тазалау және сорттау (сонымен қатар кептіру), құрылыс материалдар өнеркәсібінде жабдықтар, (бетонтөсегіштерден басқа), химиялық және мұнай химиясы өндірісінің қондырғылары және басқалар.. жалпы вибрацияның 3-ші категориясын әсер ету жерінебайланысты келесі типтерге бөлінеді:

а) кәсіпорынның өндіріс аймағының тұрақты жұмыс орнында;

б) жұмыс орындарында, складтарда, асханада, кезекшілікте және басқа да өндірістік орындарда, вибрация беретін машина жоқ жерлерде;

в) зауытты басқару ғимараттарындағы жұмыс орындарында, конструкторлық бюро, лаборатория, оқу пунктері, есептеуші орталықтар, дәрігерлік жәрдем беру орындарында, кеңселерде, жұмыс бөлмелері және ой еңбегі жұмыскерлеріне арналған орындарда:

тұрғын жайларда және қоғамдық ғимараттарда сыртқы көздерден,жалпы вибрация болып,

- тұрғын жайларда және қоғамдық ғимараттарда ішкі көздерден,жалпы вибрация болып;

- дірілді іс-әрекет бағытына байланысты бөледі, сәйкесінше координаттық жүйенің ортогональды осьтеріне бағыттас:

- локальды вибрацияны әсер етуші координаттық жүйенің ортогональды осьтерінің бойына жіктейді Хл, Ул, Zл, мұндағыось Хл вибрация көзін қамтитын оське параллельді (тұтқыштар (рукоятки), меңгеру дөңгелегінің ложементі, басқару рычагтары, қолмен ұсталынатын өңделуші өнім және т.с.с.), Yn осьіалақанға перпендикуляр, ал Zл осьі жазықтыққа жатады, образованной Хл осьіарқылы және жіберу бағыты немесе қосымша күш арқылы құрылған (немесе күш түсірілмегенде, осью предплечья,);

Жалпы дірілді әсер етуші координаттық жүйенің ортогональды осьтерінің бойына жіктейдіX0, Y0, Z0 мұндағы Х0 (арқадан кеудеге дейін) және У0 (оң иықтан солға қарай) – горизонтальды осьтер, тіреуші беттікке параллель бағытталған; Z0 – вертикальды ось,тіреуші беттікке перпендикуляр дене орындықпен, еденмен және т.с.с. байланысқан жерінде.

Уақытша сипаттамасы бойынша діріл бөлінеді:

- тұрақты діріл, яғни бақыланбалы параметрлер шамасы бақылау уақытында 2 еседен артық өзгеретін (6 дБ-ға)

- тұрақты емес діріл, яғни бақыланбалы параметрлер шамасы бақылау уақытында 2 еседен кем емес өзгеретін (6 дБ-ға), тұрақты 1с сайын өлшеу кезінде 10 минуттан кем емес. сондай-ақ:

а) діріл уақытында тербелетін, нормаланушы параметрлер шамасы үшін үздіксіз уақыт бойынша өзгеретін;

б) үзілісті діріл, адам мен діріл байланысы, интервал ұзақтығы, үзілгенде, байланысы бар жері 1с артық аралықта болғанда.

в) импульсті діріл, бір немесе бірнеше діріл әсерінен тұратын, (мысалы, соққылар), әр қайсысының ұзақтығы 1с кем емес.

2. Адам организміне дірілдің зиянды әсерлері жеке мүшелерде және толықтай ағзада пайда болатын резонансты құбылыстар арқылы анықталады. Резонансты жиілік массаға, дене жағдайына, қосымша діріл әсерінің бағытына тәуелді болады.

Жалпы дірілдің қауіптілік әсері көптеген ішкі мүшелердің өзіндік тербелу жиілігі 6-12 Гцдиапазонында болуымен қорытындыланады. Сондықтан адам организміне ішкі тербелістердің әсері, мұндай жиіліктегі, ішкі органдардың резонансын тудыруы мүмкін, ол өз алдына олардың орнынан қозғалып кетуін, механикалық жарақат, тіпті жарылу қаупін әкеледі.

Жалпы дірілдің ұзақ уақыт әсер етуі орталық нерв жүйесіне айрықша зиянын тигізеді және организмнің физиологиялық функциясының тұрақты бұзылуына әкеледі, бас ауыру, басайналу, ұйқысыздық, жағымсыз сезіну, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, жүрек ырғағының бұзылуы сияқты.

Локальды діріл тамырдың тарылуына әкелуі мүмкін, қолдың буынының қанайналымы, саусақтардың, жүрек тамырларыныңнашарлауы, буын аурулары, қолдың ұюы және организмге басқа да потологиялық өзгерістерге әкеледі.

Организмдегі ауыртпалықты өзгерістер жиынтығы, діріл арқылы пайда болған, дірілдік аурулар деп аталады. Бұл ауыр, қиын емделетін кәсіби ауру, соңы мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Діріл аз уақыт әсер етсе, тітіркендіргіштік және басқа да жағымсыз әсерлер береді.Вибрациялық ауру, аз жиілікте локальды діріл әсерінен туындаған, жүке-бұлшықеттік және тірек-қимыл аппаратына айтарлықтай бұзылыс әкеледі.

виброинструменттермен жұмыс істейтін жұмыскерледе дірілдік бұзылыстардың болу мүмкіндігін болжаудың бірнеше моделдері бар.

Көп таралған моделдердің бірі болып табылатыны дозо-эффектілік тәуелділік:

С= ·100 %, (12)

Мұндағы: С – вибрациялық бұзылыстармен күтілетін пайыздық түрі;

а – виброжылдамдық энергиясының жилікті-өлшенді мәні, 4-м сағ келтірілген үздіксіз әсері (м/с);

Т - вибрацияның экспозиция уақыты, жұмыскердің қолын шалғырттануға дейін бақыланған.

Бұл тәуелділік тек вибрация деңгейі 50 м/с2-ке дейін болғанда қолданылады, экспозиция уақыты 25 жылға дейін және 10-50 %мүмкіндік шегінде.

Басқа моделі логарифмдік тәуелділікті көрсетеді:

 

ln T = 20 ln L +KP , (13)

 

где Т – 1-ші дәрежедегі вибрациялық аурулардың дамуының (жыл ішінде) латенттік периоды;

L – вибрацияның эквиваленттік түзетуші деңгейі (дБ);

Кр ауыспалы коэффициент, жиілікке тәуелді (немесе Р ықтималдығы) вибрациялық аурулар дамуы және арнайы кестемен анықталатын;

Еңбек шартын бағалау тұрақты вибрация үшін виброжылдамдықтың түзетілген деңгейімен (дБ) жүргізіледі.

Жұмысшыларға әсер ететін тұрақты емес вибрацияны бағалау виброжылдамдықтың эквивалентік түзетілген деңгейімен (дБ) жүргізіледі. Егержұмысшыларғатұрақты емес, сонымен қатар тұрақтывибрация әсер етсе, еңбек шартын бағалау виброжылдамдықтың эквивалентік түзетілген деңгейімен, олардың әсер ету ұзақтығына байланысты анықталады.

Виброжылдамдықтың түзетілгенжәне эквивалентік түзетілген деңгейінің ақырғы шектік мәні, жұмыс орнындағы вибрация категориясы мен әсер ету бағытына байланысты, 4 кестеде көрсетілген.

 

 

4 кесте – вибрацияның ақырғы шектік деңгейі

 

Жұмыс орынындағы вибрациияның категориясы АШД вибржылдамдық, дБ
Z0 Х0, Y0
1 деңгей - транспорттық    
  Z0 , Х0, Y0
2 деңгей - транспорттық-технологиялық  
3 деңгей - технологиялық тип «а»  
3 деңгей - технологиялық тип «б»  
3 деңгей - технологиялық тип «в»  
Тұрғын жайлар, аурухана палаталары, санаториялар 67*
Ұйымдастырушы-басқарушылықжайларжәнеқоғамдық ғимараттары 75**

*1.Күндізгі уақытта жайларда босатылатын жоғары нормативті деңгейі 5 дБ.

2.Тұрақты емес вибрация үшін босатылатын вибрациядеңгейі 10 дБ-ға жоғарлайды.

3.аурухана палаталары, санаторияларда вибрация деңгейі 3 дБ-ден төмен

**4. тұрақты емесвибрация үшін босатылатынвибрация деңгейі 10 дБ-ға жоғарлайды.

5. мектеп аймағында, оқу орындарында, оқу залдарында,кітапханаларда вибрациядеңгейі 3 дБ–ге жоғарлайды.

 

Дірілдің жұмыс орнындағы ақырғы шектік деңгейі санитарлық нормалармен белгіленеді, жұмыс күнінің ішінде үздіксіз әсері кезінде. Осы нормалармен қолмен дірілдік құрал-сайман массасы және онымен жұмыс істеушіге түсірілетін қысым орнатылған, сонымен қатар виброқұрал массасы және оның бөліктері, әртүрлі жағдайда қолда ұсталынатын, жұмыс кезінде 100 Н, ал қысу күші 200 Н аспауы керек.

3. Іс-шараның зерттемесі,жұмыс орындарындағы дірілден қорғау бойынша, технологиялық үрдістерді жобалау кезеңінде, машиналардың және тетіктердің, өндірістік бөлменің жұмысын жопарын құрастыру, ұйымдар жұмысының сызбасы кезінде басталуы керек.

Жұмыс істеп тұрған жабдықтардан зиянды дірілді азайту әдісін екі негізгі топқа бөлуге болады:

1) әдістер, дірілдің пайда болу көзіне ықпал ететін күштерді азайту арқылы әлсіреуіне негізделген;

2) әдістер, дірілдің әлсіреуі, оның таралу жолы тіреуіш байланыстырғыш ошақтары арқылы қорғалатын аймаққа негізделген. Дірілдің пайда болу көзіндегі әлсіреуі, соғу конструкциясының ерекшелігінен, ілгермелі-қайтармалы бөлшектер қозғалысынан, машина бөлшектерін тиянақты құрастыру және теңестіру, резонансты тәртіп жұмыстары, яғни қозғаушы күштер жиілігінен агрегаттың өзіндік жиілігін құру, бөлшектерді біріктіргенде минимальды шектер жіберу арқылы, виброөшіру және виброжұтылу әдістерін қолдану арқылы жетеді.

Виброжұтылу – бұл дірілдің жүйеге динамикалық және басқа да тербелісті басқыштарды енгізу арқылы азайтылуы. Динамикалық дірілбасқыштар өзімен бірге қосымша жүйені көрсетеді, ол вибрацияланатын агрегатқа бекітілген және агрегат тербелісімен бірге қарама-қарсы фазада тұрып, уақыттың әрбір сәтінде тербеліс туындайтындай етіліп икемделген.

Дірілбасқыштар негіз бен агрегат арасына массивті плита төсеу немесе жеке фундаменттерге орнату жолымен вибрация беруші агрегеттар массасын азайтумен жеткізіледі.

Дірілдіңжұтылуы (вибродемпфирование) – бұл қорғалушы объектте дірілді төмендету берілген тербелетін жүйенің механикалық тербеліс энергиясын жылулық энергияға айналдыру жолымен. Виброжұтылу әдісі вибрацияланатын бетке серіппелі тұтқыр, үлкен ішкі үйкеліс қабілеті бар материалдарды төсеуге негізделген (резиналар, пластиктер, мастик және т.б.)Вибрацияның әлсіреуі серіппелі материялда тербеліс энергиясының жұтылуы әсерінен жетеді, нәтижесінде жылулық энергияға ауысатын. Материалдардың вибродемпфирлеуші құрамы жоғалу коэффициентінің шамасымен анықталады, бұл коэффициентқанша жоғары болса, виброжұтылу әсері соғұрлым көп.

Дірілді оқшаулау тербелiстер көзінен таралуы жолында вибрацияны азайтудың негiзгi құралы болып табылады Діріл оқшаулау тербелуші жүйеге қосымша серпілмелі байланысенгізу арқылы жүзеге асады, вибрацияның берілуіне негіз болатын көздерге кедергі жасайтын, конструкцияның іргелес элементтеріне, жұмыс аймағына және қорғалатын агрегатқа.

Дірілді оқшаулау активтіжәне пассивті болып бөлінеді. Дірілді оқшаулау активті деп аталады, егер ол ауытқу көзінен (машиналар) ұстап тұрған конструкцияға (негізіне) вибрацияның берілуін төмендету үшін қолданылса. Пассивті виброизоляция қолданылады, егер ұстап тұрған негіздің тербелісінен виброоқшаулайтын объект керек болса.

Діріл оқшаулағыштың әсерлілік көрсеткіші болып беру коэффициенті Кп табылады. Ол діріл көзінен туындаған динамикалық күш үлесін көрсетеді және қорғалатын нысанаға амортизаторлар арқылы беріледі, келесі формуламен анықталады:

Кп = = , (14)

где F0–берілетін динамикалық күш, Н;

F –тудыратын күш, Н;

f 0–жүйеге тән тербелу жиілігі, Гц;

f - туындайтын күштің жиілігі, Гц.

 

Дірілді оқшаулау жақсырақ, Кп коэффициентінің мәні аз болған сайын, яғни, туындаған жиілікпен салыстырғанда өзіндік жиілік төменірек болса, дірілді оқшаулау әсерлілігі соғұрлым жоғары. Сондықтан беру коэффициентінің жеткілікті аз мәнін алу үшін, өзіндік жиілік f0 туындаған күштен f әлдеқайда аз болуы керек. Дірілдің нормаланған параметрлері 5 кестеде көрсетілген.

5 –кесте Діріл параметрлерін нормалау

Діріл түрі Орташагеометриялықжиіліктер, Гц
                     
Транспорттық   7,1 2,5 1,3 1,1 1,1 1,1 - - - -
             
Транспортты-технологиялық - 3,5 1,3 0,63 0,56 0,56 0,56 - - - -
           
Технологиялық - 1,3 0,45 0,22 0,2 0,2 0,2 - - - -
           
Локальдық (жергілікті) - - -     3,5 2,5 1,8 1,3 0,9 0,65
               
Ескерту: тағында- виброжылдамдықтың абсолюттімәні, V, 1·10-2м/с, жұпта виброжылдамдықтың октавтыбелдеулердегі логарифмдікдеңгейі, дБ.

 

Техникалық құралдармен діріл дәрежесін төмендете алмаған жағдайда жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін жеке қорғану құралын (жққ) қолданады. Бұл құралдарға адамға аяқ арқылы берілетін вибрациядан қорғайтын микрокөпіршікті табанды қалың аяқ киім жатады, қола арқылы берілетін вибрациядан адамды қорғау үшін вибрация жұтқышы бар жұмсақ жаймадан тұратын жең немесе қолғап, сонымен қатар вибрацияғе қарсы буынға тартқыштар, жастықтар, кілемшелер, төсемелер т.б.

Діріл ауруының алдын алу үшін дірілді қондырғымен жұмыс істейтін адамдар үшін арнайы еңбек және демалыс режиімі ұсынылады, физиопрофилактикалық шаралар кешені жүргізіледі, жиі медициналық тексерістен өтіп тұрады. Дірілдік аурудың белгілері табылған жағдайда дірілмен байланысы жоқ жұмысқа ауыстырлуы қажет. Дірілді машиналармен жұмысқа жасөспірімдер мен жүкті әйелдер жүрек және тағы басқа аурулармен ауыратын адамдар жіберілмейді.

4. Шу – әр түрлі жиіліктегі және интенсивті күштегі дыбыстардың жиынтығы. Шуды ауыр тондардың ретсіз ауысу сәйкестігі ретінде қарастыруға болады. Шуға дыбыстық қолайлылық шеңберінен шығатын кез келген дыбыс жатады.

Аккустикалық шудың негізі болып қатты, сұйық немесе газ тәрізді ортада шектен тыс механикалық тербеліс табылады.

Ажыратылады: механикалық, қатты денемен соқтығысқанда болатын вибрация, аэро- және гидродинамикалық, қысымның флуктуациясы нәтижесінде сұйықта және турбулентті газ ағыстарында туындаған; термодинамикалық шу, газ тығыздығының флуктуациясына шартталған (мысалы, жану үрдісінде), сондай-ақ қысымның бірден жоғарлауы (мысалы, жарылыста, электрлік разрядта); кавитационды, бос газдар мен көпіршіктердің суықтықта жарылуымен байланысты;

Дыбыс дегеніміз серпімді ортаның бөлшектерінің тербелмелі қозғалысы, мысалы толқынды таратушы ауаның. 20…20000 Гц жиілікті тербеліс адамның есту аппаратымен дыбыс ретінде қабылданады. 20 (инфрадыбыс) және 20000 Гц (ультрадыбыс) жиіліктегі дыбыс естілмегенімен адам организіміне биологиялық кері әсерін тигізеді.

Шу дыбыстық энергиясы жиіліктің бар спекторының бойымен таралған болса кеңжолақты деп аталады. Белгілі жиіліктегі дыбыс анық естілетін шу тональді деп аталады. Жеке импульстар естілетін шу импульсті деп аталады. Уақыттық сипаттамаларына қарай шу келесі түрлерге бөлінеді:

- тұрақты, 8-сағаттық жұмыс күніндегі дыбыс деңгейі, (жұмыс ауысымы) уақыт бойынша, 5 дБ(А)-дан артық өзгермейді, шумомермен өлшегенде уақытша «жай» сипаттамада;

- тұрақты емес, 8-сағаттық жұмыс күніндегі дыбыс деңгейі, (жұмыс ауысымы) уақыт бойынша, 5 дБ(А)-дан артық өзгереді, шумомермен өлшегенде уақытша «жай» сипаттамада;

Тұрақты емес шуды келесідей жіктейді:

- тербелуші, дыбыс деңгейі уақыт бойынша үздіксіз өзгеретін;

- үзілісті, дыбыс деңгейі сатылай өзгеретін (5 дБ(А)-ға, және одан көп), сондай-ақ интервал ұзақтығы, деңгей тұрақты болып қалатын аралық 1 с және одан көп құрайтын;

- импульстік, бір немесе бірнеше дыбыстардан тұратын, әрбірінің ұзақтығы 1 с аз, сонымен қатар дыбыс деңгейі дБ(А1) және дБ(А)-де, өлшенген «импульс» және «жай» уақытша сипаттамаларға сәйкес, шумомер ГОСТ бойынша өзгешеленуі7 дБ-дан артық емес.

Жазық толқындар үшін интенсивтілік дыбыстық қысыммен мынадай тәуелділікте байланысқан:

I = р2/(2рс), (15)

 

мұнда р – орта тығыздығы, кг/м3;

с – берілген ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы, м/с.

 

Шудың организмге зиянды әсері есту мүшесінің спецификалық жарақаттануы түрінде көрінуі мүмкін, сондай-ақ басқа да мүшелер мен жүйелердің, бірінші кезекте орталық нерв жүйесінің бұзылуы түрінде.

Дыбыстық аппарат әртүрлі жиіліктегі дыбыстарға біркелкі емес сезімталдыққа ие. Дыбысты қабылдау жиілік диапазоны 16 дан 20000 Гц-ке дейін, максимум сезімталдық 2000-нан 4000 Гц-ке дейін. Дыбыстық дабылдардың дыбыстық анализаторға әсері олардың интенсивтілігі немесе қысымымен анықталады.

Қалыпты жағдайдағы адамның құлағы дыбыс интенсивтілігінің айтарлықтай кең диапазонын қабылдайды: мысалы,жиілігі 1 кГц от I 0 =10-12 Вт/м2немесе р0 =2·10-5 Па (естудің алғашқы сатысы) I тах =10 Вт/м2немесе ртах= 60 Па-ға дейін(естудің алғашқы сатысы) ол 1013 құрайды. Сондықтан оны ұстау үшін логарифмдік шкала қолданылады. Дыбыс интенсивтілігінің децибел шкаласыбойынша өлшеу бірлігі болып дыбыс күшінің деңгейі табылады. Ол 10 логарифмнің дыбыс интенсивтілігіне қатынасымен анықталады, шақыру көзі (I), стандарттықбастапқы интенсивтілікке 1баст. ол шамамен дыбыстың минимальды интенсивтілігіне шамамен сәйкес келеді, адам құлағы ажырата алатын (10-12 Вт/м2) жиілігі 1000 Гц.

Дыбыс қабылдайтын есту қабілеті субъективті болып табылады, дыбыстық қысым мен жиілікке қарағанда. Есту қабілетінде биіктік, тембр және дыбыс дауысы түсініктері қолданылады.

 

ОРЫНДАЛУ РЕТІ

 

1. Өздігінен жүретін машинаның подрессорлықорындығының вибрация параметрлерін анықтау.

2. жұмыс орнындағы тұрақты шудың сипаттамасы болып табылады:дыбыстық қысымның деңгейі децибелда октавты белдеуде орташагеометриялық жиіліктерде 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000 и 8000 Гц, формуламен анықталады:

 

L=20ℓq , дБ, (16)

мұндағы: Р – дыбыстық қысымның орташаквадраттық мәні, Па;

Р0 - дыбыстық қысымның ауадағы бастапқы мәні:

 

Р0=2·10-5Па (17)

 

Жұмыс орнындағы тұрақты кеңжолақты шудың сипаттамасы ретінде шамамен бағалау кезінде дыбыс деңгейін дБ(А) алуға болады, шумомерГОСТ бойынша «жай» уақытша сипаттамасындағы өлшеулерде мына,формуламен анықталады:

 

LА = 20ℓq , (18)

Мұндағы РА- «А» шумомер, Па түзету есебімен дыбыстық қысымның әсерлілік мәні.

Жұмыс орнындағы тұрақтыемес шудың сипаттамасы болып табылады, интегралдық параметр, дыбыстың эквиваленттік (энергиямен)деңгейі дБ(А), ҚР Денсаулықсақтау министрі бекітуіне сәйкес «Жұмыс орнындағы шуға гигиеналық бағалау және өлшеулерді жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар»анықталады.

 

Тұрақты емес шудың сипаттамасы ретінде жұмыс орындарында шу мөлшерін қолдану немесе шудың меншікті мөлшерін ҚР Денсаулықсақтау министрлігімен бекітілген «өнеркәсіптік шудың мөлшерлік бағасы бойынша әдістемелік рұқсатнамалар»-ға сәйкес рұқсат етіледі.

6 кесте- Дыбыстың жұмыс орындарындағыұтымды деңгейі, еңбектің ауырлығы мен қауырттылығының әр түрлі категориясы бойынша, дБ(А)

Еңбектің ауыртпалық категориясы Еңбектің ауыртпалық категориясы
жеңіл I Орташа ауыртпалық II ауыр III Өте ауыр IV
Азқауырттылықты I        
Аса-қауырт II        
Қауыртты III     - -
Өтеқауырт IV     - -

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА ТАПСЫРМА

1. 3 суреттегі өздігінен жүретін машинаның подрессорлықорындығының 1 вибрация параметрлерін тексеріңіз.Конструкциялық подрессорленгенорындық рессор-серіппелерден 2 жәнеорындық тербелісін болдырмайтын 3 (гидроамортизатор-демпфер)-ден тұрады. под­рессорленген орындық салмағы т с (Н), жүргізуші салмағы т о (Н), серіппенің қаттылық коэффициенті С (Н/м), демпфердің қарсыласу коэффициенті В (Н·с/м), тербеліс жиілігі f (Гц), негізгіорындықтың виброжылдамдығы V (м/с). 7 кестедегі мәндерді ала отырып, вибрацияны есептеу.

 

7 кесте – Бастапқы деректер

<
Параметры Нұсқалар
                   
тс, Н   тс, Н   тс, Н   тс, Н   тс, Н   тс, Н
то, Н   то, Н   то, Н   то, Н   то, Н   то, Н

Date: 2015-05-22; view: 1383; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию