Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Стрелкалық қосын кезекшілері қызмет көрсетпейтін станциялардың аудандарындағы маневрлік жұмыс





11.61. Маневрлік локомотивты жүк аудандарының, көмір қоймала-рының, вагондық немесе локомотивтік деполардың және т.б. жолдарына кіруі қажет болса, станция кезекшісі немесе поездарды құрастырушы ва-гондарды беру немесе шығарудың мүмкіндігін сол аудандағы жұмыс жетек-шісімен алдын ала келісіп алуы тиіс.

Келісу тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

11.62. Стрелкаларын стрелкалық қосындардың кезекшілері күтімге алмайтын аудандардың жолдарына маневрлік құрам кірмес бұрын по-ездарды құрастырушы жолдар мен стрелкалардың жағдайын ерекше мұқияттылықпен қарап шығып, қозғалыс үшін кедергілердің жоқ екендігі-не көз жеткізіп отыруға міндетті.

Ондай аудандарда стрелкаларды бұру ісін поездарды құрастырушы не-месе станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетілген өзге қызметкер орындайды.

11.63. Станциялық жолдарға стрелкалық қосын кезекшісі қызмет көрсетпейтін аудандардан маневрлік локомотивтердің немесе құрамдардың станция кезекшісінің рұқсатынсыз шығуына тыйым салы-нады.

Аталмыш аудандардан маневрлік локомотивтердің шығу тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

Тарау

Ескертпелер беру тәртібі

ТПЕ-нің 16.31-тармағына сәйкеспоездардың қозалысы кезінде локомотивтік бригадалардыңерекше сақтығын қамтамасыз етіп, олар-ды жұмыстардың жүргізіліпжатқаны туралы ескерту қажет болғанжағдайда поездарға жазбаша ескертпелер беріледі.

Ескертпелер төмендегі жағдайларда беріледі:

жол, түйіспелі торап құрылғылары, өтпелік сигнал беру, жа-санды және өзге құрылыстар ақауланған жағдайда, сонымен қатар жылдамдықты азайтуды немесе жол бойы тоқтауды қажет ететін жөндеу және құрылыс жұмыстарын орындау кезінде;

қолданысқа сигнал беру мен байланыс құрылғыларының жаңа түрлерін енгізген жағдайда, сондай-ақ жаңаларын қосқан кезде, қолданыстағы бағдаршамдардың орнын ауыстыру немесе оларды қолданыстан алған және бағдаршамды жабық қалпына келтіру мүмкін болмайтын түрде ақауланған жағдайда;

жолдың автоматтық локомотивтік сигнал беру құрылғылары ақауланған жағдайда;

тиеу габаритінің шектерінен шығатын жүктері бар поез-ды жөнелткен кезде, аталмыш поезд жүрген кезде жылдамдықты төмендету немесе ерекше шарттарды ұстану қажет болған жағдайда;

қос жолды аралықта қартазалағыш, балластағыш, жол төсегіш, көтеру краны, қиыршықтас тазалағыштар мен өзге машиналар жұмыс істеген кезде;

поезға аталмыш телімге арнап белгіленген жылдамдықпен қозғала алмайтын жылжымалы құрамды тіркеген кезде;

алынбалы жылжымалы бірліктердің көрінім нашар болған жағдайларда, сондай-ақ жол шағын вагондарымен ауыр жүктерді та-сымалдау кезінде;

Жылдамдықты төмендету немесе жол бойы поезды тоқтату қажет болатын қалған барлық жағдайларда, сондай-ақ локомотивтік брига-даларды поездың қозғалуының ерекше шарттары туралы ескертпе қажет болған жағдайда.

Ескертпелердің барлығы үш түрге бөлінеді:

а) өздері белгіленген сәттен бастап тиісті басқарушы жұмыстарды жүргізудің шарттары бойынша олардың аяқталуының дәл мерзімін анықтай плмайтын күшін жойғанға дейін қолданыста болатын;

б) мерзімі ескертпелер беру жөніндегі өтінімде көрсетілетін, жұмыстарды басқарушы белгілейтін белгілі бір уақыт бойы күшін с.іқтайтын;

в) жекелеген поездарға арнап оларды жіберудің ерекше шарттарын орындауды қажет болғанда белгіленетін (мысалы, поезда жүк болғанда иічиесе белгіленген жылдамдықпен жүре алмайтын жылжымалы құрам Оолганда, кестеде ескерілген аялдамаларды тағайындау кезінде және т.б.).

12.2. Алдағы уақытта орындалуы жоспарланып отырған жұмыстарға байланысты ескертпелер беру жөніндегі өтінімдерді төмендегілер береді:

а) жол шеберлері, түйіспелі торап аудандарының бастықтары және
электрмеханиктері, сигнал беру және байланыс дистанцияларының электр-
механиктері, - жұмыстардың жүргізілу уақытына, алайда ары кеткенде
12 сағатқа арнап;

б) жол, сигнал беру және байланыс дистанциясының, электрмен қамту
дистанцияларының директорлары - 5 тәулік мерзімге дейін.

Одан артық мерзімдерге арналған ескертпелер «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығының бұйрығымен белгіленеді, бұл ретте ескертпені белгілеу туралы бұйрығында тиісті қызметкерлерге ескертпенің күшін қажетті жұмыстар орындалғаннан кейін және қалыпты жылдамдықты қалпына кел-тіргеннен кейін жою құқығы беріледі.

Жолды жол өлшегіш және ақаутапқылаушы вагондармен тексеру кезін-де поездардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жерлер анықталса, ескертпелер беру туралы өтінімдерді аталмыш вагондардың бастықтары не-месе олардың орынбасарлары беруі мүмкін.

Жол шеберлері, түйіспелі торап аудандарының бастықтары мен элек-трмеханиктері, сигнал беру және байланыс дистанцияларының электрме-ханиктері ескертпелер беру туралы өтінімдерді келесі жағдайларда береді: алынбалы бірліктердің нашар көрінім жағдайларындағы жұмысы кезінде, жол шағын вагондарымен ауыр жүктерді тасымалдау кезінде, қос жолды және көп жолды аралықтарда материалдарды жол аралығына түсірген кез-де немесе поездар жүріп жатқан жол арқылы іргелес жолда тұрған поездағы жүктер тиеліп немесе түсіріліп жатса.

Жол шеберлері сонымен қатар алдағы уақытта жұмыстардың орын-далуы жоспарланғанына байланысты ескертпелер беру туралы өтінімдерді береді, аталмыш жұмыстарды басқаруға жол бригадиры құқылы. Мұндай жұмыстардың тізбесі Жол жұмыстарын жүргізу кезіндегі поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.

12.3. Ескертпелер беру жөніндегі өтінімдер жазбаша түрде «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілеген ескертпелер беретін станция кезекшілерінің атына жіберілген жеделхат немесе телефонограмма түрінде беріледі; өзінде ескертпе орнатылатын аралықты шектеп жатқан станциялардың атына, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған тел імдерде сонымен қатар поезд диспетчерінің атына жіберіл еді. Жоғарыда аталған станциялардың атына жіберілген жазбаша өтінім оған қол қойған тұлғамен, басқа белгіленген адрестерге жіберілген жеделхатпен немесе телефонограммамен расталуы тиіс.

Егер де ескертпелер беру жөніндегі өтінім жол дистанциясының ди-ректорымен немесе өзге аға агентпен берілсе, оның көшірмесі жұмыс же-текшісіне жөнелтіледі.

Ескертпелер беру жөніндегі өтінімдері бар жеделхаттар (телефонограм-малар) ескертпелерді беру станциясының кезекшісі оны ескертпенің күшіне енуіне дейін кем дегенде 3 сағат бұрын, ал поездар тоқтаусыз 3 сағаттан

артық жүретін бағыттарда «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілеген уақыттан кешіктірмей алынатындай есеппен берілуі тиіс.

Ескертпе беру немесе күшін жою туралы өтінім жеке түрдегі жеделхат (телефонограмма) етіп ресімделуі және өзіне ескертпелер берілетін станция кезекшісіне тек жазбаша түрінде ғана жеткізілуі тиіс.

Өтінімдерді, жеделхаттар мен телефонограммаларды белгіленген ме-кенжайлары бойынша дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз ететін ескертпе-лерді белгілеу және күшін жою туралы өтінімдерді, жеделхаттар мен теле-фонограммаларды берудің тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

Өтінімнің орындауға қабылданғаны туралы растау болып келесі құжаттар табылады:

а) қабылдау уақыты көрсетілген және телеграф қызметкерінің (теле-
фаф жоқ жерде - станция кезекшісінің) жеделхатты (телефонограммалар-
ды) белгіленген адрестар бойынша тапсыруға арнап қабылдап алғаны ту-
ралы қолы қойылған жеделхаттың (телефонограмманың) көшірмесі немесе
телефонограмманың мәтінінде тіркелген оның белгіленген адрестар бойын-
ша берілген уақыты сол телефонограмманы қабылдап алған қызметкердің
лауазымы мен тегін көрсетумен;

б) ескертпелерді беру станциясы кезекшісінің жазбаша өтінімді алғаны
туралы қолхаты немесе сол станция кезекшісінің ескертпелер кітабындағы
өтінім жасаған қызметкердің жазбасының астындағы қолы.

12.4. Поезд диспетчері немесе станция кезекшісі арқылы поездарға
ескертпелер беріліп жатқанына көзін жеткізіп алмай жұмыс жетекшісіне
жұмыстарға кірісуге, ал жұмыстардың қауіпсіз түрде орындалуына жауап-
ты қызметкерге жұмыстарды бастауға рұқсат беруге тыйым салынады.

12.5. Ескертпелер беру туралы өтінімдерде төмендегі деректер
көрсетілуі тиіс:

а) ескертпенің қолданылатын жерінің анық көрсетілуі (аралық, жолдың
километрі мен нөмірі);

б) поездардың қозғалысы кезіндегі сақтандыру шаралары;

в) ескертпенің қолданысқа енуінің басы мен мерзімі.

12.6. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және тоқтау сигналдары-
мен немесе «Токқабылдағыш түсірілсін» деген жылдамдықты азайту сиг-
налдарымен қоршауды қажет ететін жол мен құрылыстардың анықталған
ақаулылықтарын жою жөніндегі аяқ-асты жұмыстарды (ақаулы рель-
сті, жапсырмаларды, стрелкалық үшкірлерді, теңдестіру аспаптарының
элементтерін жекелеп ауыстыру, ісінулердегі жолдарда жатқан жолды
түзетпелеу және т.б.) орындау үшін ескертпелер беру туралы өтінімдерді
жол шебері (ол болмаса - жол бригадирі), түйіспелі торап аудандары
қызметкерлерінің талабы бойынша энергодиспетчер немесе электрмен
қамту дистанцисының бастығы, СОБ электрмеханигі бұл туралы артын-
ша жол дистанциясының бастығына немесе соған сәйкес электрмен қамту
дистанциясының бастығына, түйіспелі торап ауданының немесе сиг-
нал беру және байланыс дистанциясының бастығына хабарлаумен беруі
мүмкін.

12.7. Қозғалыс қауіпсіздігае қауіп төндіретін күтпеген жағдайлар орын алғанда ескертпелер беру туралы өтінім аралықты шектеп жатқан станциялардың кезекшілеріне (немесе осы станциялардың біреуіне арнап) тікелей беріледі.

Аралықты шектеп жатқан станцияның кезекшісі алган өтінімге немесе ір-гелес станция кезекшісінің хабарламасына негізделумен ең алдымен радиобай-ланыс арқылы аралықта қауіітгі жерге қарай бағыт алған поездардың машини-стеріне километрі мен одан жүріп өту кезіндегі қауіпсіздік шараларын хабарлап, өзінің хабарды дұрыс түсінгеніне көз жеткізіп, бұл туралы поезд диспетчеріне баяндауы тиіс. Осы бағьпта поезд қозғалып келе жатса бүл туралы радиобай-ланыс арқылы машинисті ескергіп оны станцияға жақындаған жерінде немесе станцияда шығу (маршруттық) бағдаршамының жанына тоқтатуы тиіс.

Поезд диспетчері станция кезекшісінен хабар алып аралықты шектеп жатқан станцияларға, және ескертулер берілетін станцияларға поездарға арнап ескертулерді берудің тәртібі туралы тіркелетін бүйрықты береді.

Поездық диспетчерлік байланыс үзілісте болған жағдайда аралықты шектеп жатқан станцияның кезекшісі диспетчерлік байланыс қалпына келтірілгенше қауіпті жерге қарай жөнелтіліп жатқан барлық поездарға ескертпелер беріп отыруға, ал бұдан әрі поезд диспетчерінің нұсқауларына сәйкес әрекет етуге міндетті.

«ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейтін жекелеген телімдерде жүріп келе жатқан поездардың машинистеріне жазбаша ескертпе беру үшін аяқ-асты туындаған ескертпелер туралы хабарламаларды радиобайланыс бой-ынша поезды тоқтатпастан беру тәртібі ескерілуі мүмкін. Мұндай хабарла-маларды станциялардың кезекшілері, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде - поезд диспетчері поезд аралықты шектеп жатқан станцияға жақындап қалған кезде шығу сигналы ашылғанға дейін, аталмыш хабарламаны поездар қозғалысының журналында немесе диспет-черлік өкімдер журналында тіркеумен берілуі тиіс.

Кутпеген жерден туындаған, поездардың қозғалысы үшін қауіпті болып табылатын жолдың түйіспелі торап пен өзге құрылғылардың ақаулылықтарын жою жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ аталмыш жұмыстармен байланысты дрезиналардың, жол шагын вагондарының, электрстанциялар мен өзге де алынбалы бірліктердің жылжулары жұмыстар орындалатын жерді тиісті түрде қоршап қоюмен ақаулылық анықтала салысымен дереу орындалуы тиіс. Ескертпе беру қажет болса оларды беру туралы өтінімдер белгіленген тәртіппен ресімделеді.

12.8. Ескертпелер туралы өтінімдер мен жеделхаттардың барлығын (соның ішінде поезд диспетчерінің бұйрығымен берілген) станция (парк) кезекшісі немесе оператор ескертпелер тіркелетін арнайы кітапқа жазып отырады және нөмірлейді.

Ескертпелерді тіркеу кітабын жүргізу мен поездарға ескертпелерді беру тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

Өзіне қатысты ескерту берілген аралықты шектеп жатқан станцияның кезекшісі өтінімді алғаны туралы поезд диспетчеріне баяндайды.

Ескертпелерді нөмірлеу ісі айдың алғашқы күнінен нөл сагаттан бастап әр ай сайын бірінші нөмірінен бастап жүргізіліп отырады.

Әр айдың алғашқы күнінде әрекеттегі ескертпелердің барлығы кітапқа қайталап жазылады.

Кітаптағы барлық белгілер станция (парк) кезекшісінің қолымен рас-талуы тиіс.

Станциялардағы ескертпелерді жазуға арналған кітаптар, әдетте, әрбір жанасып жатқан бағытқа арнап жеке түрде жүргізіледі.

Станцияның бастығы немесе оның орынбасары ескертпелер кітабын жүйелі түрде тексеріп отыруға міндетті.

12.9. Ескертпелер поездарды құрастыру станцияларында және поездар техникалық қажеттерге байланысты тұрақтап тұратын станцияларда бері-леді. Қаламаңы поездары үшін ескертпелер аталмыш поездарды бастапқы жөнелту станцияларында берілуі мүмкін.

Поездарға ескертпелер берілетін станциялардың тізімі мен оларды беру тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді. Осы станцияларға, соның ішінде іргелес жолдарда орналасқан іргелес телімдерден жұмыс жетекші-лері (жұмыстардың қауіпсіз түрде орындалуына жауапты) ескертпелердің орнағаны туралы жеделхаттарды жөнелтуі тиіс.

12.10. Жекелеген поездардың ерекше шарттармен қозғалуы туралы __ ескертпелер поездар құрастырылатын станцияларда немесе поездарға бел-

гіленген жылдамдықпен қозғала алмайтын жылжымалы құрамды тіркеу станцияларында беріледі. Мұндай ескертпелерді локомотивтер мен локо-мотивтік бригадаларды ауыстыру станцияларында телімге жылжымалы құрамы тіркелген немесе ерекше қозғалыс шарттарын орындауды қажет ете-тін жүгі бар поездарды ескертпесіз жөнелтуге жол бермейтін беру тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекітуі тиіс және аталмыш тәртіп станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетілуі тиіс.

12.11. Ескертпе қиғаш сары жолағы бар ақ түсті арнайы бланкіде (ДУ-61 нысанындағы бланк 147-бетте келтірілген) жазылады және локомотив (моторвагондық поездың) машинисіне немесе оның көмекшісіне жеке қолхатын алумен станция (қосын, парк) кезекшісі көзбе-көз түрде немесе соның тапсыруымен оператор, станциялық технологиялық орталықтың қызметкерлері, стрелкалық қосын кезекшісі, сигнал беруші немесе өзге қызметкер береді. Егер ескертпе машинистың көмекшісіне берілсе, ол оны дереу түрде машиниске тапсырып, ал машинист өз кезегінде көмекшісінен ескертпенің берілген-берілмегендігін тексеріп шығуға міндетті.

Ескертпелер дербес компьютерлерді және телетайптық аппараттар-ды қолданумен сары жолағы жоқ ақ қағазда шығарылуы мүмкін. Бұл рет-те оларды локомотивтердің машинистеріне тапсырудың әрекеттегі тәртібі сақталады.

12.12. Ескертпелер бланкілері алдын ала (поездың нөмірінен басқа) тол-тырылады және оған станция (парк, қосын) кезекшісі қол қояды.

Ескертпелер бланкілерін көшірме қағаз салып отырып толтырған кезде әрбір данасындағы ескертпе мәтінінің жазбасы нақты және анық болуы тиіс.

Жөнелтілетін поездың нөмірі ескертпе бланкінде оны машиниске не-месе оның көмекшісіне берудің алдында қойылады.

Поезд қосарланған тартыммен келе жатқан кезде ескертпе жетекші локомотивтің машинисіне беріледі, соңғысы екінші локомотивтің машини-сін ескертпе бар екендігі туралы хабардар етеді. Поезд итермелеуші локо-мотивпен келе жатқан кезде ескертпе сонымен қатар итермелеушінің ма-шинисіне беріледі.

Қаламаңы, шығарушы және тапсырушы поездарға, сондай-ақ итерме-леуші локомотивтерге ескертпе беру тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді. Бұл ретте оларды әр поезға емес, белгілі бір мерзімге арнап (бригадалар ауысқан сайын) беруге болады.

Ескертпе берілген бірінші поездың нөмірін соларды беретін станциялардың кезекшілері поезд диспетчеріне хабарлауға міндетті, ал соңғысы орындалған қозғалыс кестесінде бұл туралы белгі жасайды.

12.13. Ескертпе орнатылған аралықты шектеп жатқан станцияның ке-зекшісі оның қолдану мерзімі басталмас бұрын поезд диспетчері арқылы оның жақындап келе жатқан поездардың машинистеріне берліген-берілме-генін анықтап алады.

Ескертпе берілмеген поездар оны тапсыру үшін тоқтатылуы тиіс неме-се ескертпенің болғаны туралы радиобайланыс арқылы осы Нұсқаулықтың 12.7-тармағына сәйкес темір жол көлігі кәсіпорнында ескерілген тәртіппен машиниске хабарлануы тиіс.

12.14. Поезд қос жолды аралықтағы теріс жолмен жөнелтілген кезде станция кезекшісі поезд диспетчері арқылы ол жолда ескертпе қолданыла ма, соны тексеріп, және ол қолданылса, оны жөнелтілгелі тұрған поездың машинисіне тапсыруы тиіс.

Көп жолды аралықтарда поездарды сол не өзге жол бойынша жөнелткен кездегі ескертпелер беру тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

12.15. Күші жойылғанша белгіленетін ескертпелер поездарға олардың күші жойылҮаны туралы хабарламаны алғанша беріле береді.

Белгілі мерзімге арнап енгізілетін ескертпелер поездарға тек осы мерзім бойы ғана беріледі. Мұндай ескертпелердің күшін жою туралы өтінімдер берілмейді және жұмыс жетекшісінен ескертпенің қолданыста болу мерзімін ұзарту туралы хабарлама келмесе, олардың поездарға бері-луі тоқтатылады.

Жұмыс жетекшісі ескертпені туындатқан жұмыстарды қайсыбір се-бептермен өтінімде көрсетілген мерзім ішінде аяқтай алмайтын болса, ол осы мерзім аяқталғанша жылдамдықты азайту туралы қойылған тасымал-данатын сигналдарға сигнал берушілерді жіберіп, аралықты шектеп жатқан станциялардың кезекшілерін ескертпе күшін сақтау мерзімінің ұзартылғаны туралы жұмыстарды аяқтаудың жаңа мерзімін көрсете отырып хабардар етуге міндетті.

Мұндай өтінімді алған станция кезекшісі осы Нұсқаулықтың 12.7-тар-мағына сәйкес әрекет етуі тиіс.

12.16. Күшін жойғанша тағайындалған ескертпенің күшін аталмыш ескертпені тағайындаған қызметкер ғана, немесе оның тікелей бастығы ғана жоя алады.

Ескертпелерді тағайындайтын лауазымдық тұлғалар өздеріне бағына-тын желілік бөлімшелердің бастықтарына тиісті жұмыстар орындалғаннан кейін тағайындалған ескертпелердің күшін жоюды тапсыруы немесе ескер-тумен белгіленген поездар қозғалысын арттыруы мүмкін. Мұндай тапсыр-ма туралы ескертпелерді беру жөніндегі өтінімде көрсетілуі тиіс.

Жол өлшегіш және ақаутапқылағыш вагондары бастықтарының өтінімдері бойынша берілетін ескертулердің күшін жою ісін жол дистанциясының директоры немесе оның орынбасары жүргізеді.

12.17. Өздерін туындатқан себептерді жоюға арнап күшін жойғанша тағайындалған ескертпелер дереу түрде оларды тағайындау кезінде жі-берілген адрестер бойынша жеделхат (телефонофамма) жіберу арқылы қолданыстан алынады.

Ескертпенің күшін жою ісі жазбаша түрде немесе олар берілетін станциядағы ескертпелерді тіркеу кітабына оның күшін жойғаны тура-лы хабарлайтын тұлғаның оның күші жоюдың айын, күні мен уақытын көрсетумен жазба жасауымен және артынша аталмыш жазбаны белгіленген адрестар бойынша жіберілген жеделхатпен (телефонограммамен) растала отырып орындалады.

Ескертпенің күшін жойғаны туралы хабарламаны станция кезекшісі ескертпелерді енгізу кітабына ол жердегі жазбалардың қарсы шетіне оның күшінің жойылғаны туралы хабарды кім және қашан (сағаты, минуты мен күні) бергенін көрсете отырып енгізеді. Күші жойылған ескертулер, сондай-ақ күшін сақтау мерзімі өтіп кеткен ескертпелер сызылып тасталады.

Поездардың аралықта қозғалыс жылдамдығын төмендетумен қатысты, немесе осыған ұқсас ескертпелердің егер олар белгілі мерзімге дейін тағайындалса, мерзімінен бұрын аяқталғаны туралы ескертпелердің күшін жойғаны туралы хабар алғаннан кейін станция кезекшісі бұл туралы поезд диспетчерін хабардар етуі тиіс.

12.18. Локомотивтердің (моторвагондық поездардың) машинистері мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның жүргізушілері телім арқылы жүрген кезде берілген ескертпелерді басшылыққа алып, жол бойын-да орнатылған тасымалданатын сигналдарды мұқият бақылап отыруы тиіс.

Поезд жұмыстар орындалып жатқан жерден ескертпеде көрсетілген мерзім ішінде жүрген кезде ескертпеде белгіленген жылдамдық қоршау:игналдарының болу-болмауына байланыссыз сақталуы тиіс.

Қоршау сигналдары болмаған жағдайда машинист бұл туралы поезд аиспетчеріне немесе аралықты шектеп жатқан станцияның кезекшісіне палмыш бұзушылықты жою шараларын қабылдау үшін хабарлауы тиіс.

Жұмыстар жүргізіліп жатқан жерден ескертпеде көрсетілген мерзім-іен ерте немесе кешірек өткен кезде немесе жолдарда жылдамдықты азайту іемесе аялдау сигналдары болмаған жағдайда поездың жүріс жылдамдығы омендетілмейді.

Жұмыстардың ескертуде көрсетілген мерзімнен бұрын аяқталғаны туралы, немесе ескертуде белгіленген жылдамдықты арттыру тура-лы хабарландыру локомотив машинисіне радиобайланыс арқылы поезд диспетчерінің тіркелетін бұйрығы бойынша берілуі мұмкін.

12.19. Кез келген тұлғадан оның аралықтағы жолдың, түйіспелі тораптың, құрылыстар мен құрылғылардың ақауланғаны туралы хабар алған жағдайда станция кезекшісі оның тексеру журналына жазып, дереу түрде поезд диспетчерін, іргелес станцияның кезекшісі мен құрылғыны күтімге алатын қызметкерді (жол шеберін, СОБ электрмеханигін, түйіспелі торап электрмеханигін және т.б.) хабардар етуге міндетті.

Егер де жоғарыдағыдай ақаулықты аралық арқылы келе жатқан локомотивтың (моторвагондық поездың, арнайы өздігінен жүретін жыл-жымалы құрамның) машинисі анықтаған болса, ол жылдамдықты азайтып, қажет болса поезды тоқтатып, бұл туралы поездық радиобайланыс бойын-ша өзінің соңынан келе жатқан поездардың машинистеріне, жақын жердегі станцияның кезекшісіне немесе поезд диспетчеріне ақаулылықтың сипатын және табылған жерін (километрін) көрсетумен хабарлауға міндетті.

Егер де станция кезекшісі (машинистен немесе өзге тұлғадан) алған хабарламада поездардың қалыпты қозғалысына кедергілердің бар екенді-гі туралы айтылған болса, ол аталмыш хабарламаны аралық арқылы келе жатқан поездардың машинистеріне беру шараларын қабылдауға, ал егер хабарламаның сипаты поездар қозғалысының мүмкін болмайтыны туралы айтса - оларға кедергілердің жойылғаны туралы хабарландыру келгенше бұдан ары қозғалуға тыйым салуға міндетті. Станция кезекшісі аралықтың (жолдың) жабу туралы бұйрықты күтпестен іргелес станцияның кезекшісі-не аралыққа өзге поездарды жіберуге тыйым салуы туралы хабарлама беру-ге міндетті. Аралықта тұрған поездар локомотивтерінің машинистері келіп түскен хабарламаға байланысты қауіпті жерден ерекше абайлықпен, қажет болса төмендетілген жылдамдықпен және тоқтауға даяр түрде жүріп өтуге, немесе поезды тоқтатып, қозғалысты кедергінің жойылғаны туралы хабар-ландыру алғаннан кейін қайта жандандыруға міндетті.

Өзінен қалыпты қозғалыс үшін кедергінің бар екендігі туралы хабар алынған аралыққа алғашқы поезд жол шеберін немесе ол молмаған кезде - жол бригадирының бірге ілесуімен, ал түйіспелі торап зақымдалған кезде түйіспелі торап электрмонтерінің бірге ілемуімен жөнелтілуі мүмкін.

Жол шебері немесе жол бригадирі аралықта болған кезде және олардың тұрған жері белгілі болғанда поездың машинисіне поезды тоқтатып, аталмыш қызметкерлерді поезға қауіпті жерге дейін ілесіп баруы үшін отырғызып алу туралы ескертпе беріледі.

Ескертпеде ақаулылық анықталған жерден бір километр шектерінде тоқтау және одан ары қарай поезға ілесіп жүрген немесе қауіпті жер ауда-нында тұрған қызметкердің нұсқауы бойынша қозғалуы туралы көрсетіледі.

Поезға ілесіп жүрген қызметкер келесі поездарды өткізудің тәртібін белгілейді, ал қажет болса белгіленген тәртіппен поездарға ескертпелер беру туралы өтінім береді.

12.20. «ҚТЖ»¥К»АҚ-ның ескертпелер туралы бұйрықтары тиісті бөлімшелердің бастықтарына жіберіледі және поездық диспетчерлерге, нұсқаушы-машинистерге, поезд машинистеріне, станциялардың кезекші-леріне, жол шеберлері мен өздерінде ескертпелер тағайындалатын телім-дерді күтімге алуға қатысы бар жол бригадирлеріне олардың қол қоюымен дереу түрде хабарлануы тиіс.

Бұл бұйрықтар станция кезекшілері мен локомотивтік депо кезекшілерінің бөлмелерінде ілінеді, сондай-ақ ескертпелер кітабына жап-сырылады, ал олардың қысқаша көшірмелері поездық локомотивтердің ма-шинистеріне беріледі.

Деполардың директорлары бұйрықты алғаннан кейін үш тәулік мер-зім ішінде ескертпелер берілетін станциялардың бастықтарын локомотив-тік бригадаларды «ҚТЖ»¥К»АҚ-ның бұйрығымен таныстырып шығуы тиіс, артынша поездарға жазбаша ескертпелерді беру тоқтатылады.

Ескертпелердің және жолда сигналдардың болу-болмауына байланыс-сыз нөсер жауын кезінде «ҚТЖ»¥К»АҚ арнайы бұйрығында көрсетілген қауіпті жерлер бойынша журу кезінде локомотивтік бригадалар ерекше абайлық танытуы және қажет болса жылдамдықты төмендетуі тиіс.

Date: 2015-05-19; view: 603; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию