Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тарау Поезд диспетчерінің жұмысы





10.1. ТПЕ-нің 16.1-тармағына сәйкестелімдегі поездардың қозғалысын тек бір ғана қызметкер - өзі күтімге алатын телім бойынша поездардың қозғалыс кестесінің орындалуына жауап беретін поезд диспетчері басқаруы тиіс.

Поезд диспетчерінің бұйрықтары аталмыш телімдегі поездардың қозғалысымен тікелей байланысты қызметкерлердің бұлтарыссыз түрде орындауына жатады.

Телімдегі поездардың қозғалысы жөніндегі жедел нұсқауларды, поезд диспетчерінен өзге қызметкерлерге беруге тыйым салынады.

Поезд диспетчері төмендегі әрекеттерді орындауға міндетті:

а) техникалық құралдарды қозғалыстың берілген мөлшерлерін қамтамасыз ету үшін, поездардың жылжуын үдету, оларды станциялар-да өңдеуден өткізудің уақытын қысқарту, вагондық паркты, локомотивтер мен өткізу қабілеттілігін одан да тиімді түрде пайдалану үшін барынша пайдалануға;

б) станциялардың жұмысын бақылап отыруға және поездарды қозғалыс кестесі мен поездарды құрастыру жоспарына сәйкес құрастыру мен жөнелту жөніндегі тапсырмаларды орындауға арналған шараларды қабылдауға;

в) станция кезекшілеріне, ал қажет болған жағдайда поездық локомотивтердің машинистеріне поездардың қозғалысы жөніндегі і іұсқауларды дер кезінде беріп отыруға;

г) поездардың аралықтар арқылы жүруіне, станциялардың, әсіресе локомотивты жалғыз машинист жүргізген кезде, СОБ және байланыс құралдарының қалыпты жұмысы бұзылған кезде, жолаушы, пошта-қол-жүктік, жүк-жолаушы, адам тасымалдайтын, салмағы мен ұзындығы шек-тен тыс, ұзын құрамды, ауыр салмақты, қауіпті 1 (ЖМ) класты және габа-риттен тыс жүктері бар поездардың өзге поездарды басып озулары және қиылысуы кезінде дер кезінде қабылдап, жөнелтіп және өткізіп отыруға;

д) қозғалыс кестесін орындау, қаупсіздікті қамтамасыз ету, локомотив-тік бригадалардың үздіксіз жұмысының белгіленген уақытының бұзылуына жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдауға.

Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде, сондай-

ақ іс-әрекеттер аз болып келетінтелімдерде, станция кезекшілерінің кезекші-

ліктері болмайтын станцияларда жалғыз машинист жүргізетін поездардың

қозгалу тәртібі, сондай-ақ осындай телімдердің тізбесін «ҚТЖ»¥К»АҚ

Оасшылығы белгілейді. І Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталмаған өзінде қозғалыс

лса қарқынды және қарқынды болып келетін телімдерде поездардың жалғыз

і'апа машиниспен жүргізілуіне станция кезекшілері болған жағдайда ғана щ жол беріледі.

10.2. Поезд диспетчері кезекшілікке кіріскен кезде поездың ережесімен

тапысып шығуы, станция кезекшілерінің түгелдей кезекшілікке кіріскенін,

105

оларға сағаттарын қоюүшінанықуақыттыхабарлап,станциялардағыереже-мен, телімде қолданылып жүрген ескертулермен танысып, жағдайға қарай станцияларға алдағы жүмыс туралы, соның ішінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қажетті нүсқаулар беруі тиіс.

Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде по-езд диспетчері кезекшілікке кіріскен кезде техникалық құралдардың жарамдылығын тексеріп, станциялардың бастықтары немесе өздеріне поез-дарды қабылдау және жөнелту жөніндегі әрекеттерді орындау ісі жүктелген өзге қызметкерлер арқылы телім станцияларындағы ережемен танысып шығуы тиіс.

10.3. Орындалған қозғалыс кестелерін автоматты түрде жазып отыруға арналған қүрылғылармен (поездографтармен) жабдықталмаған телімдер-де поезд диспетчері телімдерде орналасқан станциялардан әр поездың ке-ліп жеткені, жөнелгені немесе жүріп өткені жайлы хабарламаларды алып отыруға міндетті. Мұндай хабарламаларды алған кезде станциялардың поездардың, әсіресе 1 (ЖМ) класты және габариттен тыс жүктері бар, ауыр салмақты және ұзын құрамды, салмағы мен ұзындығы шектен тыс поездардың бекітілген нөмірленуі мен индекстелуін қатаң түрде ұстануына ерекше назар аудару қажет.

Қозғалыс қарқынды болып келетін, сондай-ақ қозғалыстың орындалу кестесін автоматты түрде жазып отыруға арналған құрылғылармен «поез-дографтармен» жабдықталған телімдерде хабарламаларды берудің тәртібін осы Нұсқаулықтың Жалпы ережелерінің 11-тармағына сәйкес «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекітеді.

10.4. Поезд диспетчері орындалған қозғалыс кестесін жүргізіп оты-рады, онда ол поездар қозғалысы туралы деректерді, сондай-ақ қалыпты жұмыстың барлық бұзылулары мен олардың себептерін тіркеп отырады.

Орындалған қозғалыс кестесінде төмендегідей деректер көрсетіледі:

а) поездар мен поездық локомотивтердің нөмірлері, машинистердің тегі, поездардың салмағы мен шартты ұзындығы, өткізудің ерекше шартта-рын қажет ететін поездар. Тиісті әріптер мен индекстермен толықтырылған поезд нөмірлері орындалған қозғалыс кестесінде осы әріптер мен индекс-термен бірге тіркеледі;

б) поездардың телім станциялары бойынша жөнелуі, келіп жетуі мен жүріп өту уақыттары;

в) локомтивтердің пайдаланылғаны жайлы деректер;

г) станциялардың тәуліктің белгіленген кезеңдері бойынша поездық және жүктік жұмысы туралы деректер;

д) аралық станциялардағы қабылдау-жөнелту жолдарының же-келеген вагондармен немесе құрамдармен басылуын төселген теже-гіш табандықтардың немесе вагондарды бекітуге арналған тұрғылықты құрылғылардың санын көрсетумен;

е) телім станциялары мен аралықтардың басты және қабылдау-жөнелту жолдарындағы түйіспелі тораптарындағы кернеудің алынуын;

ж) жылдамдықты азайтуды қажет ететін қолданыстағы ескертулер;

з) поездардың теріс жол арқылы қозғалысы;

и) аралықтардың, жолдар мен қозғалысты қамтамасыз ететін өзге де құрылғылардың жабылуы.

Қозғалыс қарқынды болып келетін жекелеген телімдерде поезд диспет-черіне қажетті поездар қозғалысы мен жүктік жұмысқа қатысты деректерді жазуға арнап автоматтандырылған жұмыс орнының аспаптары мен аппа-раттарын қолдануға болады, сондай-ақ диспетчерге көмек ретінде оператор-лар немесе тасымалдау бөлімшелерінің басқа қызметкерлері тағайындалуы мумкін.

10.5. Поезд диспетчері телімдегі поездар қозғалысы жөніндегі барлық өкімдерді станциялардың кезекшілеріне немесе поездардың қозғалысымен, қажет жағдайда диспетчерлік өкімдер журналында тіркелетін (жазылатын) бүйрықтармен қатысы бар басқа қызметкерлерге береді.

Поезд диспетчерінің диспетчерлік байланыс құралдары бойынша жүргізген барлық келіссөздері келіссөздерді тіркегіште тіркеліп отыруы тиіс.

10.6. Диспётчерлік өкімдер журналында келесі бұйрықтар міндетті гүрде тіркелуге жатады:

а) аралықтардың немесе арал ықтардың жекелеген жолдарының ашылуы және (соның ішінде кернеудің алынуына байланысты электрпоездарының қозғалысы үшін) жабылуы туралы;

б) екі жолды қозғалыс түрінен бір жолды қозғалысқа ауысу және екі жолды қозғалысты қалпына келтіру туралы;

в) поездардың қозғалысы кезінде сигнал беру мен байланыстың бір қүралдарынан екіншілеріне ауысу туралы;

г) поездарды екі жақтық автоблоктаумен жабдықталмаған теріс жол-мен жөнелту туралы;

д) поездарды уақытты айырумен жөнелту туралы (осы Нұсқаулықтың 14-тарауында ескерілген жағдайлар мен тәртіп бойынша);

е) 1 (ЖМ) кластық қауіпті жүктері мен габаритсіз жүктері бар поездар-ды жөнелту туралы;

ж) жолаушы, пошта-қол жүктік, жүк-жолаушы және адам таситын по-ездарды станцияның техникалық-жарлық актісі бойынша бұл әрекеттерге, арналмаған жолдарға қабылдау және олардан жөнелту туралы;

з) кестеде ескерілмеген поездарды тағайындау, және олардың жүруі мен поездардың күшін жою туралы. Телім бойынша жалғыз локомотивтер-ді, алынбалы емес типіндегі дрезиналар мен шаруашылық поездарды өткізу жоніндегі бұйрықтарды тіркемесе де болады;

и) автоматтық локомотивтік сигнал беру ақауланған кездегі поездардың қозғалысы туралы;

к) кешігіп келе жатқан жолаушы поездарының жүріп өту тәртібі туралы;

л) локомотивын бір ғана машинист жүргізіп келе жатқан жолаушы по-езын жөнелту туралы;

м) осы Нұсқаулықтың 1.15, 1.22-тармақтарында ескерілген жагдайларда;

Телімдегі поездардың қозғалысымен қатысы бар басқа бұйрықтарды тіркеу ісі диспетчерлердің білгенінше орындалады.

Диспетчерлік өкімдер журналында сонымен қатар поезд локомтивтерінің машинистеріне арналған барлық тіркелетін бұйрықтар мен іргелес телімдердің поездық диспетчерлерінің аталмыш телімнің поезд диспетчеріне арналған бұйрықтары тіркелуі тиіс.

Диспетчерлік бұйрықтарды жазуға арналған уақытты қысқарту үшін «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясының рұқсаты бойынша аса жиі бері-летін бұйрықтардың мәтіндері түсірілген арнайы мөрқал ыптарды қолдануға болады. Диспетчерлік бұйрықтар дербес компьютерлерді қолданумен мәтіндерін осы Нұсқаулықта ескерілген нысандар бойынша қағазға басып шығарумен тіркелуі мүмкін.

Диспетчерлік өкімдер журналында сонымен қатар поезд диспетчерлерінің кезекшілікті қабылдаулары мен өткізулері тіркеледі.

10.7. Тіркелетін диспетчерлік бұйрықтарды станция кезекшілері неме-се операторлар диспетчерлік өкімдер журналына жазып отырады.

Станция кезекшісі немесе оператор диспетчерлік бұйрықты жазып болып диспетчерге өзінің тегін атаумен оның мазмұнын сөзбе-сөз қайталап береді. Диспетчер бұйрықтың дұрыс қабылданғанына көз жеткізіп, оны «Орындаңыз» деген сөбен растайды.

Бұйрықты тексеру уақыты мен оны қабылдап алған тұлғаның тегі по-езд диспетчерінің немесе станцияның журналдарында тіркеледі. Осы сәттен бастап бұйрық күшіне енеді.

Егер поезд диспетчерінің бұйрығын оператор қабылдап жазған болса, соңғысы оны дереу түрде станция кезекшісіне оның танысып шығуы мен оқығаны туралы қолын қоюы үшін ұсынуға міндетті.

Машиниске арналған бұйрықты поезд диспетчері қолма-қол түрде не-месе станция кезекшісі арқылы машиниске береді.

Станция диспетчері немесе станция кезекшісі берілген бұйрықты машинистың дұрыс түсінгеніне көз жеткізуі тиіс машинистың тегі мен бұйрықтың беріл генуақыты соған сәйкес поезд немесе станция диспетчерінің журналында тіркеледі.

10.8. Диспетчерлік бұйрық бірнеше станцияларға арналған жагдайда бұйрықтың мәтінін оны тексеру үшін беру ісі станция кезекшісінің бірі по-езд диспетчерінің нұсқауы бойынша орындалады, ал қалған станциялардың кезекшілері бұл кезде бұйрықтың дұрыс жазылған-жазылмағанын тексеріп шығуы тиіс.

10.9. Бір жолды аралықтың немесе екі жолды және көп жолды аралықтардағы бір немесе бірнеше басты жолдарды жабу ісін поезд диспет-чері төмендегілерге негізделе отырып орындайды:

а) «ҚТЖ»¥К»АҚ Тасымалдау дирекциясының өкімі бойынша жөндеу-жол немесе құрылыс жұмыстарының, сондай-ақ түйіспелі тораптағы жөндеу жұмыстарының жоспарында ескерілген жағдайларда;

б) жолда тоқтап тұрып қалған поезд машинисінің талабы бойын-ша, немесе жол сигнал беру және байланыс, электрмен қамту және т.б.

дистанциясы қызметкерлерінің талабына негізделумен аралықтағы по-ездар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жол, құрылыс және құрылғылардың күтпеген жағдайда ақауланғаны кезінде;

Поезд диспетчері алынған талапты оның келіп түскен уақыты мен оны жіберген тұлғаны көрсете отырып диспетчерлік өкімдер журналына жазып қоюға міндетті.

Барлық жазбаша талаптар, хабарландырулар, жеделхаттар мен теле-фонограммалар диспетчерлік өкімдер журналымен бірге сақталуы тиіс.

10.10. Поезд диспетчері аралықтың (жолдың) жабылуы туралы бұйрықты аралықты шектейтін станцияларға, және аралықта бар болса жол қосындарына төмендегі (шамалы) нысандардың бірі бойынша береді:

«Осындай жұмыстарды жүргізу үшін аралықтың.....жолы....сағ.....

мин бастап, жабық аралыққа жұмыстарды басқарушының..............(лауа-

зымы мен тегі көрсетіледі) өтінімі бойынша жөнелтілетін №№..............

шаруашылық поездарын есепке адмағанда қозғалыс үшін жабылады».

«......км-де тоқтап тұрып қалған №..........поезына көмек көрсету

үшін аралықтың........ жолы....сағ...мин бастап тоқтап тұрып қалған

поезды.......станциясына шығару үшін» немесе «тоқтап тұрып қалған

поезды итермелеу үшін және артынша станцияға қайтуы үшін...........

станциясынан жөнелтілетін қосалқы локомотивты есепке алмағанда» барлық поездар үшін жабылады».

«........км-де қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін аралықтың

............жолы.....сағ........мин бастап қалпына келтіруші поездарды есеп-

ке алмағанда барлық поездар үшін жабылады».

Қос жолды және көп жолды аралықтарда жолдардың бірі жабық болған кезде қалған жол бойынша дұрыс бағытпен жөнелтілетін поездар үшін, ал екі жақты автоблоктау кезінде қос бағытта жөнелтілетін поездар үшін сигнал беру мен байланыстың қолда бар құралдары сақталады. Қалған жол бойынша по-ездарды теріс бағыт бойынша жөнелту қажет болған жағдайда (егер екі жақты пвтоблоктау болмаса) бұл жол бойынша қолда бар сигнал беру және байла-иыс құралдары жабылады және поездардың қозғалысы телефондық байланыс құралдары бойынша төмендегі нысандағы бұйрықты берумен орнатылады:

«.....сағ......мин бастап......... аралықтың.........жолы бойын-

ніа блоктаудың әрекеті жабылады және поездардың қозғалысы іелефондық байланыс бойынша бір жолды қозғалыс ережелеріне с ойкес орнатылады».

Поездық жағдайға байланысты қалған жол бойынша поездардың телефондық байланыс бойынша қозғалысы жөніндегі бұйрық жолдың жа-Гшлуы туралы бұйрықпен біріктірілуі мүмкін.

10.11. Егер де аралықты шектеп жатқан станциялардың бірі іргелес та-сымалдау бөлімшесі поезд диспетчерінің иелігінде болса, жабылуы туралы бұйрық сол поездық диспетчермен келісіледі және оған оның көшірмесі беріледі.

10.12. Аралықты немесе жекелеген жолды жабу жөнінде бұйрық бер-мес бұрын поезд диспетчері аралықты шектеп жатқан станциялардың ке-зекшілерін өзі шақыртып алып, оларды алдағы жабылу туралы ескертіп, жұмыс жетекшісінің тегі мен лауазымын, поездарды қалған жол бойынша өткізудің көзделіп отырған тәртібі мен өзге де қажетті деректерді хабарлауға міндетті.

10.13. Поезд диспетчері аралықты немесе жолды ашу ісін пайда болған кедергілердің жойылғаны, жұмыстардың аяқталғаны және аралықтың босағаны туралы хабарландыруды алғаннан кейін осы Нұсқаулықта еске-рілген тәртіп бойынша орындайды.

Поезд диспетчері өзі алған хабарландыруды оның келіп түскен уақытын, жіберген тұлғаның лауазымы мен тегін көрсетумен диспетчерлік өкімдер журналына жазып қоюға міндетті. Жұмыстардың аяқталғаны және поездар қозғалысының мүмкіндігі туралы жазбаша хабарландыру немесе телефонограмма диспетчерлік өкімдер журналымен бірге сақталуы тиіс.

10.14. Аралықтың немесе жолдың ашылғаны туралы бұйрықты поезд диспетчері аралықты шектеп жатқан станцияларға, егер аралықта бар бол-са жол қосындарына береді:

«... күнгі.......№ бұйрықтың күші жойылады. Поездардың

...аралығының..жолы бойынша....... сағ........ мин қозғалысы.......бойын-

Date: 2015-05-19; view: 728; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию