Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аралыққа № . қарсы бағыттағы шаруашылық поезы жөнелтілді. Ерекше абайлық танытыңыздар»





Әртүрлі бөлу пунктілерінен жабық аралыққа бір біріне қарама-қарсы бағытта жөнелтілетін поездар тек рұқсат-қағазында көрсетілген жерге дей-ін жүруі тиіс, аталмыш жерде жұмыс жетекшісінің нұсқауымен аялдаудың тасымалданатын сигналы орнатыдады, оны соның жанында тұрған қол қызыл сигналы бар сигналист күзетеді. Қарсы бағыттағы поездардың аял-дау пунктілерінің арақашықтығы 1 км-ден кем болмауы тиіс. Шаруашылық поезы локомотивінің (өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның) машинисі рұқсат-қағазында көрсетілген жерге тоқтағаннан кейін радио-байланыс бойынша қарсы бағыттағы шаруашылық поезы локомотивінің машинисі және соңынан келе жатқан шаруашылық поездары мен өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның машинистеріне өзінің тұрған же-рін хабарлайды.

Шаруашылық поездарының (өздігінен жүретін арнайы жылжыма-лы құрамның) аялдағаннан кейінгі аралық бойынша ары қарай қозғалуы жұмыс жетекшісінің нұсқауымен сағатына 20 км-ден аспайтындай жылдамдықпен ерекше абайлықпен жүзеге асырылады. Қарсы бағыттағы поездардың (өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның) машини-стері өздерінің жұмыстарды жүргізу орны басталғанша (басына дейінгі) ары қарайғы қозғалыстары туралы бір бірін радиобайланыс арқылы ха-бардар етеді.

8.7. Егер де жұмыстар автоблоктаумен жабдықталған аралықта орында-лып жатса, поезд диспетчерімен келісіп шаруашылық поездарын, машина-

лары мен агрегаттарды жұмыс орнына автоблоктау сигналдары бойынша, аралықтың жабылуын күтпей-ақ жөнелте беруге рұқсат етіледі.

Әрбір поездың машинисіне жұмыс жетекшісінің өтінімінде көрсетілген аралықтың жеріндегі жағдай жөнінде ескерту беріледі. Аталмыш поездарды жабылуға жататын аралыққа жөнелту кезінде қиғаш қызыл жолағы бар ақтүсті бланкідегі рұқсат-қағазы (ДУ-64 нысанындағы бланк) жұмыс жетекшісіне неме-се оныңуәкілетті қызметкеріне тапсырылады, соңғысы поезд аралықтағы алдын ала белгіленген жерде тоқтап, поезд диспетчерінің аралықты жабу жөніндегі бұйрығын алғаннан кейін оны локомотив машинисіне ұсынады. Аралық немесе тиісті жол шаруашылық поездарының, машиналары мен агрегаттарының ал-дында жөнелтілген поездардан босағаннан кейін поезд диспетчерінің бұйрығы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылады.

8.8. Жоспар-жобасы мен пішіні қолайлы болып келетін автоматты блок-таумен жабдықталмаған жолының, жүріс уақыты бойынша үлкен болып келетін аралықтарда поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша шаруашылық поездарын, машиналары мен агрегаттарын жұмыс орнына аралықтың жа-былуын күтпей-ақ, бұрынырақ жөнелтілген поездың соңынан, алайда оны жөнелткеннен кейін жөнелтуге болады. Рұқсат-қағазы аралықты шектей-тін станциялар мен жұмыс жетекшісіне поезд диспетчерінің тіркелетін бұйрығымен беріледі.

 

Жұмыстарды жүргізу мақсатында... аралығын (аралықтың.... жо-лын) алдыңғы уақытта көзделген жабумен байланысты осы аралыққа... жолы арқылы... станциясынан №... поезының соңынан шаруашылық поездарын жөнелтуге рұқсат етемін. ДНЦ... (қолы)».

 

Бұл жағдайда әрбір шаруашылық поезы немесе машина қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат-қағазы бойынша жөнелтіледі. Жетекшінің өтініміне сәйкес рұқсат-қағазында әрбір поездың аралықта лл ғаш рет аялдауының орны (километрі) көрсетіледі. Алғашқы шаруашылық поезының машинисіне сонымен қатар төмендегідей ескерту беріледі:

 

Date: 2015-05-19; view: 739; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию