Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Глоссарий. Гравитациялық байыту процесі-суда не ауада минералдар түйіршіктерінің тығыздық айырмашылықтарына қарай бөлуге





Гравитациялық байыту процесі- суда не ауада минералдар түйіршіктерінің тығыздық айырмашылықтарына қарай бөлуге негізделген.

Гранулометриялық құрам - заттың ірілік құрамын көрсетеді.

Сегрегация - әр түрлі диаметрлі түйіршіктердің қозғалыс кезінде әр түрлі қабаттарға бөлінуі

Бірдей құлау -әр түрлі тығыздықты және диаметрлі минерал түйіршіктерінің суда не ауада бірдей жылдамдықпен құлауы.

Бірдей құлау коэффициенті -суда не ауада бірдей жылдамдықпен шөгетін түйіршіктердің диаметрлерінің қатынасы.

Ірілік класы -елеуден не сұрыптаудан алынған ішіндегі кесектердің (түйіршіктердің) ең ірілері және ең ұсақтары белгілі өлшеммен шектелген өнім.

Шекаралық түйіршік -затты екі ірілік кластарына бөлгендегі шекаралық түйіршіктер.

Дренаждау -судың ағып бөлінуі

Жинағыш столдың декасы -гравитациялық байытуда қолданылатын жинағыш (концентра-ционный) столдың негізгі бөлшегі.

Гравитация -жердің тарту күші

Үлесті салмақ -заттың белгілі бір тұтас көлемді бірлігіне (куб. сантиметр, куб. метр, куб. дециметр) сай тұрақты салмағы.

Бутаралар- цилиндрлі елеуіш. Кендерді жууда қолданылады.

Фракция- заттың белгілі бір қасиетті бөлегі(ірілігі, тығыздылығы ж.т.с.)

Фракциялық талдау - затты белгілі қасиетіне қарай фракцияларға бөліп, олардың қасиеттерін, көрсеткіштерін анықтап қорытынды шығару.

Ортаның тығыздығы - ауаның, сулы ортаның, суспензиялардың және ерітінділердің тығыздықтары.

Бөлу тығыздығы -кенді әр түрлі тығыздықты фракцияларға бөлгендегі шекаралық тығыздықтар.

Түйіршік тығыздығы -егер таза минерал түйіршігі болса, оның тығыздығы сол минерал тығыздығына тең. Егер екі не одан көп минералдан тұрса онда оның тығыздығын көлемі мен салмағын білу арқылы табу керек.

Пневматикалық байыту (ауамен байыту)- гравитациялық байыту құрғақ түрде жүргізілсе, әр түрлі ауырлықты түйіршіктер үзілімді және қысыммен берілетін ауаның әсерімен әр түрлі қабаттарға жиналып бөлінеді.

Трафарет-бұдыр. Кенді шлюздерде байытқанда шөккен ауыр түйіршіктер ақпай орнында қалу үшін науа түбі бұдырланады.

Тар шекте классификациялау (сұрыптау) кенді ірілік кластарға бөлгенде әр класс ішіндегі ең ірі және ең ұсақ кесектердің (түйіршіктерінің) диаметрлерінің жақын болуы.

Фракциялық талдау -затты белгілі қасиетіне қарай фракцияларға бөліп, олардың қасиеттерін, көрсеткіштерін анықтап қорытынды шығару.

Тербеліс саны - отсадкалау машиналарында судың жинағыш столдардың декасының тербеліс саны.

Тербеліс амплитудасы - тербелістің ең шеткі нүктелерінің екі аралық қашықтығы.

Аэролифт- ауамен көтергіш.

Винттік сеператор -бұрама жолды бөлгіш.

Драга- су көздері астында кездесетін шашыранды кендерді байыту үшін қолданылатын қалқымалы байыту фабрикасы.

 

Date: 2015-05-18; view: 894; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию