Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Денелердің қысыла қозғалуының жылдамдығы





Жоғарыда қарастырылған минерал түйіршіктерінің суда қозғалу заңдарын тек олардың еркін шөгу жағдайында ғана толық қолдануға болады. Бұл заңдар гидравликалық әрекеттесу процесін жан-жақты сипаттай алмайды. Себебі, минерал түйіршіктерінің шөгуі қысылысты жағдайда және шектелген кеңістікте болады. Минерал түйіршіктерінің жаппай қозғалысы кезінде (жүзінді түйіршіктер қосылып), кейбір түйіршіктерге басқа түйіршіктер әсер етеді. Сонымен бірге, ортаға әр түйіршік жекелей және минералдық түйіршіктердің толық массасы динамикалық әсерін тигізеді.

Тәжірибе жолымен дәлелденгендей, қысылысты шөгу жылдамдығы еркін шөгу жылдамдығымен салыстырғанда едәуір төмен, мысалы: кварц үшін 2,76 есе, ал галенит үшін 3,47 есе. Түйіршіктердің қысылыс жағдайда шөгуін олардың сумен салыстырғанда тығыздығы жоғары сұйықтықта тұтастай бір дене түрінде шөгуімен теңестіруге болады.

Түйіршіктердің қысылысты жағдайда шөгу жылдамдығын анықтау үшін Ричардс Риттингердің біршама өзгертілген формуласын пайдалануды ұсынады

; , (19)

мұнда к- Риттингер формуласындағы коэффициент;

Р- ортаның тығыздығы – сұйық тығыздығымен минералдық түйіршіктердің

арасындағы орташа тығыздық.

Осы формула арқылы есептелген түйіршіктердің қысылысты жағдайда шөгу жылдамдығы біршама жоғары және жұмыс тәжірибесіне толықтай сәйкес келмейді. Жүргізілген тәжірибелер мен теориялық жұмыстардың ең маңыздысы: түйіршіктердің қысылысты шөгу жылдамдығы суспензияның тұтқырлығына байланысты. Тұтқырлық қатты заттың көбеюіне байланысты өсіп отырады.

Сондай-ақ, суспензияның немесе пульпаның тұтқырлығы минерал түйіршіктерінің қопсу дәрежесіне немесе судың өрлеу ағындысындағы жүзінділігіне байланысты.

Қопсу коэффициенті судың өрлеу ағындағы жылдамдығына байланысты. Ол жылдамдық қопсу басында еркін шөгу жылдамдығының 1/20 шамасында болу керек. Түйіршіктердің қысылысты жағдайда шөгу жылдамдығы, еркін шөгу жылдамдығы және қопсу коэффициенті арасындағы байланысты П.В.Лященко тауып ұсынған

, (20)

мұнда - қысылысты шөгудің ақырғы жылдамдығы;

- еркін шөгудің ақырғы жылдамдығы;

-қопсу коэффициенті;

n- пульпадағы минералдар қоспасының ірілігінің азаюына қарай өсу

дәрежесінің көрсеткіші (n=5-7)

Қопсу коэффициентінің шамасы пульпадағы минерал түйіршіктерінің арасындағы ортаның көлемі және пульпаның жалпы көлемі ара қатынасы мен анықталады. Түйіршіктердің көлемін V2 деп, ал пульпаның жалпы көлемін V1 деп белгілесек:

. (21)

Date: 2015-05-18; view: 897; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию