Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мультипликатор теориясы 4 page





2) құрылымдық жұмыссыздық – еңбек ұсынысы мен еңбекке деген сұраныстың сәйкес келмеуінен пайда болатын мәжбүрлі ұзақ мерзімді жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі өндірістегі технологиялық алға жылжулармен байланысты және осыған сәйкес жұмыс күшіне деген сұраныстың құрылымы өзгереді. Бұл жұмыс-сыздық мамандықтары «ескірген» немесе ғылыми-техникалық прог-ресстің дамуына байланысты экономикаға қажеті шамалы болып табылатын азаматтардың арасынан көрініс табады. Құрылымдық жұмыссыздыққа тап болған азаматтар өз еңбек қызметтерін «дайын» күйінде еңбек нарығына ұсына алмайды және жаңа жұмыс орын-дарына орналасу үшін кәсіби қайта даярлаудан өтулері қажет. Қайта даярлаудан өту үшін аса көп уақыт кетеді және көбінесе мемлекет тарапынан қосымша шығындар жұмсауды талап етеді.

3) циклдік жұмыссыздық – өндіріс деңгейінің құлдырауынан немесе жиынтық сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты кез-келген мамандық бойынша жұмыс таба алмаудан орын алатын жаппай жұмыссыздықтың аса ауыр түрі. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейінен ауытқуымен байланысты. Экономикалық құлдырау кезеңінде циклдік жұмыссыз-дық фрикциондық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады, ал экономикалық өсу (өрлеу) кезеңдерінде циклдік жұмыссыздық жоғалады.

Бірақ, еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайында болғанда да фрик-циондық және құрылымдық жұмыссыздықтың деңгейі орын алады. Ал циклдік жұмыссыздық болса құлдырау кезеңдерінде орын алады да, соның салдарынан жұмысбастылық жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңсіздігінен қысқарады. Циклдік жұмыс-сыздықтың орын алуы күрделі макроэкономикалық мәселеге айнала-ды, макроэкономикалық тұрақсыздықты туындатады, ресурстардың толық қамтылмауын болдырады.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдары американдық экономистер, Нобель сыйлығының лауреаттары Милтон Фридмен мен Эдмунд Фелпс «толық жұмысбастылық» және «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деген ұғымдарды енгізді.

Толық жұмысбастылық – бұл жұмыс күшінің жалпы санында 5,5% және 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін сақтап тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын алады. Бұл көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға болмайды.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – бұл әлеуетті ЖІӨ-ге сәй-кес келетін толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтың табиғи (теңгерімді) деңгейі фрикицондық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең. Шетел-дік тәжірибеде жұмыссыздықтың табиғи деңгейін басқаша «NAIRU» деп атайды.

«NAIRU» (Non-Accelerations-Infliacion Rate of Unemployment) түсінігі – бұл инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздықтың дең-гейі немесе инфляцияны тұрақтандыратын жұмыссыздықтың қалып-ты деңгейі. Жұмыссыз-дықтың табиғи деңгейін ресми бағалау алғаш рет АҚШ-та 1960-жылдары жүргізілді және оның шамасы 4%-ды құрады. Кейіннен Р.Рейган, Б.Клинтон және Дж.Буш әкімшіліктерінің орын алған саясаттары нәтижесінде оның шамасы 6,5%-ға дейін өзгерді. Дегенмен, жоғарыда аталып өткендей, көптеген экономистер-дің айтуынша, әртүрлі елдерде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі-нің шамасы тәжірибе жүзінде 7%-дан 20%-ға дейінгі аралықта жүруі мүмкін.

Жұмыссыздық пен өнім көлемі арасындағы өзара байланыс Оукен заңы деп аталады. Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейі өзінің табиғи деңгейінен 1%-ға өссе, онда нақты ЖІӨ деңгейі әлеуетті ЖІӨ-ге қарағанда 2,5%-ға қысқарады. Ал 2,5% Оукен коэффициенті деп аталады. Оукен заңы игіліктер нарығы мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты сипаттайды. Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:

Y* – Y / Y* = γ (u – u*),

мұндағы, Y* - толық жұмысбастылық жағдайындағы өндірістің әлеуетті көлемі; Y – ұлттық өндірістің нақты көлемі; u – жұмыссыз-дықтың нақты деңгейі; u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; γ – Оукен коэффициенті. Осының нәтижесінде өндіріс көлемінің жұмыс-сыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне бірқатар факторлар әсер етеді:

а) демографиялық факторлар;

ә) елде бекітілген жалақының төменгі деңгейі;

б) кәсіподақтардың ықпалы және т.б.

Табиғи жұмыссыздықтың өзгеруі ЖІӨ-нің әлеуетті деңгейінің өзгеруімен тығыз байланысты болғандықтан бұл мемлекет саясаты-ның басты мәселесі болып табылады.

 

Жұмыссыздықтың экономикалық және экономикалық емес салдарлары бар, олар жеке және қоғамдық деңгейде көрініс табады.

Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары – бұл жұмысты жоғалтудың психологиялық, әлеуметтік және саяси салдарлары.

Жұмыссыздықтың экономикалық салдарлары табысты немесе табыстың белгілі бір бөлігін (яғни, ағымдық табыстың төмендеуінен) жоғалтудан, сонымен қатар, біліктілікті жоғалтудан (әсіресе, жаңа мамандық иелері үшін) көрінеді және сондықтанда болашақта жалақысы жоғары беделді жұмыс орнын табу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін.

Жұмыссыздықтың осындай экономикалық және экономикалық емес зардаптарының болуы еңбек нарығына мемлекеттің араласуын әрдайым талап етеді. Мемлекет еңбек нарығын реттеуде мақсатты бағытталған саналы түрдегі экономикалық саясатты жүргізеді. Ол ұлттық деңгейде еңбек қатынастарын (жұмыс күнінің ұзақтылығы, жұмысқа жалдау және жұмыстан босату тәртібі, еңбек қауіпсіздігі, ең төменгі жалақы деңгейі, демалыс күндерін және еңбек демалыстарын ұйымдастыру, т.б.) реттейтін заңдылық жүйесін әзірлейді.

Еңбек нарығын реттеудің негізгі мақсаттарын мыналар жатады:

- толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету, бұл жерде жұмыссыздықтың «табиғи» деңгейін сақтай отырып циклдік жұмыссыздықты болдырмау;

- экономикалық дамудың ішкі және сыртқы өзгерістеріне тез бейімделе алатын «икемді еңбек нарығын» қалыптастыру, бұл жерде жұмыс істеуге ынталы әрбір азамат өзінің қабілетіне қарай жұмыс орнын таба алуы тиіс.

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің мынадай бағыттарын атауға болады:

1. Еңбек ресурстарын жұмыспен қамтудың санын арттыруды ынталандыру және мемлекеттік секторда жұмыс орындарының санын ұлғайту бойынша бағдарламалар.

2. Жұмыскерлерді даярлау және қайта даярлау бойынша бағдар-ламалар.

3. Жұмыскерлерді жалдауға қолдау көрсету бойынша бағдарла-малар.

4. Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бойынша бағдарла-малар (жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар).

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің алғашқы үш бағытында мемлекеттің саясаты белсенді, ал соңғы төртінші бағытында мемле-кеттің саясаты енжар болып табылады.

Белсенді саясат әрқашанда толық жұмысбстылыққа қол жеткізу-ге бағытталады және дамыған елдерде еңбек нарығының басым бағыттарына жатады.

Белсенді саясат кезінде атқарылатын іс-шаралар:

- экономикаға инвестициялардың құйылуын мемлекеттік ынта-ландыру, бұл шара жаңа жұмыс орындарының ашылуына көмектеседі;

- құрылымдық жұмыссыздыққа тап болғандарды қайта оқыту және олардың өз біліктілігін арттыруына жағдай жасау;

- еңбекпен қамту орталықтарын, еңбек биржаларын ашу және оларды дамыту, бұл шара фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықты төмендету мақсатында бос жұмыс орындары туралы ақпараттармен қамтамасыз етуге жағдай жасайды;

- жеке немесе отбасылық бизнесті қолдау, бұл шара дамыған елдерде халықты жұмыспен қамтудың аса маңызды әдісі болып саналады;

- жастар мен мүгедектер сияқты халықтың ерекше топтарына жұмыс берушілердің жұмыс орындарын тауып беруі үшін мемлекеттің салықтық және заңдық шаралар арқылы ынта-ландыруы;

- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

- жұмыс табу үшін қажет болғанда тұрғылықты мекен-жайын ауысты-руына көмектесу;

- халықаралық еңбек миграциясымен байланысты жұмысбас-тылық мәселесін шешуде халықаралық ынтымақтастық шара-ларын жүргізу;

- білім беру, медицина, коммуналдық шаруашылық, қоғамдық ғимараттарды тұрғызу сияқты мемлекеттік сектор салала-рында жұмыс орындарын ұйымдастыру.

Енжар саясат кезінде мемлекет еңбек нарығында жұмыссыз қалғандарды мемлекеттік қолдау және оларды әлеуметтік қорғау шараларын жасайды. Мұндай жағдайда жұмыссыз азаматтарға келесі-дей кепілдемелер беріледі:

- материалдық көмек, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер түрінде әлеуметтік қолдауды іске асыру;

- тегін медициналық қызмет көрсету.

Дамыған едерде жұмыссыздарға қаржылай көмек беру жұмыс-сыздық бойынша сақтандыру жүйесі негізінде жүзеге асырылады және сол арқылы жұмыссыздардың өмірлік ең төменгі шығындарын қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталып өткендей, еңбек нарығын реттеуде маңызды орынды еңбек биржалары алады. Осыған да жеке тоқталып кетуге болады.

Еңбек биржасы – бұл жұмыс күшін сату және сатып алуды жүзеге асыратын жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасында делдалдық қызметтер көрсететін ұйымдар болып табылады. Бұлар жұмыс-сыздықты түгел жоя алмаса да, жұмысқа орналастыру және жұмыс-керлерді жалдау үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуына және тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Сонымен, бұл жердегі мемлекеттің рөлі толық, тиімді және еркін жұмысбастылықты қамтамасыз етуге көмек беру үшін оңтайлы саясатты жүзеге асыру шараларынан көрінеді.

Елбасының тікелей тапсырмасымен қазіргі уақытта елімізде еңбек нарығын реттеудің және жұмыссыздықты жоюдың жаңа бағыттары қалыптасып іске асырылу үстінде. Жаңа қабылданған «Жұмыспен қамту-2020» Мемлекеттік бағдарламасы және елді индустрияландыру картасы аясында 370 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы үш бағытты қамти-ды:

1. Кәсіптік оқытудан кейін жұмысқа орналастыруды қолға алу.

2. Жеке ісін бастаушыға ең алдымен ауылда ұйымдастыруға жәрдемдесу;

3. Тұратын жерінде жұмыс, не бизнес жасауға мүмкіндік болмаған жағдайда осы бағдарлама бойынша дамыған өңірге баруға мүмкіндік беру.

Сондай-ақ, осы бағдарлама аясына «Дипломмен - ауылға» бағдарламасын да кіріктіріп оны сәтті түрде жүзеге асыру назардан тыс қалмайтын болады.

Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің ресми мәлі-меттері бойынша еңбек нарығының қазіргі экономикалық жағдайы туралы бірқатар мәліметтерді қосымша беруге болады.

2011 жылғы I-тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды құрады, бұл 2010 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,6%-ға көп. Республика экономикасында 8,1 млн. адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,2%. Өткен жылғы I-тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 105,2 мың адамға (1,3%-ға) артты.

 

Кесте 13.2 Қазақстан Республикасы еңбек нарығының қазіргі жағдайы

  15 жастағы және одан жоғары халықтың саны
I тоқсан 2010ж. IV тоқсан
2009ж. 2010ж. 2011ж.
Экономикалық белсенді халық, мың адам 8413,5 8555,5 8610,4 8616,1
Экономикалық белсенді халықтың деңгейі, % 70,3 70,7 71,2 71,2
Экономикалық белсенді емес халық, мың адам 3548,8 3544,1 3487,8 3483,4
Экономикалық белсенді емес (енжар) халықтың деңгейі, % 29,7 29,3 28,8 28,8
Жұмыспен қамтылған халықтың саны, мың адам 7830,4 8029,3 8134,5 8141,4
Жұмысбастылық деңгейі, %-бен: 1) 15 жастағы және одан жоғары халық санына шаққанда 2) экономикалық белсенді халыққа шаққанда     65,5   93,1     66,4   93,8     67,2   94,5     67,3   94,5
Жалдамалы жұмысшылар, мың адам, жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы үлесі, %-бен   5199,1     66,4   5347,8     66,6   5465,9     67,2   5460,0     67,1
Өздігінен қамтылғандар, мың адам жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы үлесі, %-бен   2631,3     33,6   2680,6     33,4   2668,6     32,8   2681,4     32,9
Жұмыссыз халық, мың адам 583,1 526,2 475,9 474,7
Жұмыссыздық деңгейі, % 6,9 6,2 5,5 5,5
15-24 жас аралығындағы жұмыссыздар, мың адам 100,5 81,5 60,6 56,3
Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-24 жастағы) 7,7 6,1 5,0 4,7
Ұзақ мерзімдік жұмыссыздық деңгейі, % 2,7 2,3 2,0 2,1

Дерек көзі: www.stat.kz

 

Жұмыспен қамтылғандардың құрамындағы жалдамалы жұмыс-шылардың пайыздық үлесі 67,2% болды, ал өздігінен қамтылғандар (самозанятые) 32,8%-ды құрады. Жалданып жұмыс істейтіндердің негізгі үлесі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыспен қамтылды – 81,7% (4,5 млн.адам). Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,7 млн. адамды құрады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың негізгі бөлігі өз қызметін ауыл шаруашылығында (62,1%), сондай-ақ, сауда саласында (22,6%), көлік қызметін көрсетуде (4,9%) және құрылыста (4,0%) жүзеге асырды.

2011 жылғы I-тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 475,9 мың адамды құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 50,3 мың адамға немесе 9,6% қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі 5,5% (2010 ж. I-тоқсанда – 6,2%) құрады.

Ағымдағы жылғы I-тоқсанда жұмыссыз ерлердің үлесі 43,5%, әйелдердің үлесі – 56,5% құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 269,0 мың адамды құрады, бұл ерлердің санынан 62,1 мың адамға (30,0%-ға) көп.

2011 жылғы I-тоқсанда жұмыссыздардың жалпы санындағы жастардың (15-24 жастағы) үлесі 12,7% немесе 60,6 мың адамды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 5,0% (2010 ж. I-тоқсанда – 6,1%) болды.

 

Кесте 13.3 2011 жылдың 1-тоқсанында жыныстық және жас құрамы бойынша жұмыссыз халықтың саны

  Барлығы соның ішінде
мың адам жұмыс-сыздық деңгейі, % ерлер әйелдер
мың адам жұмыс-сыздық деңгейі, % мың адам жұмыс-сыздық деңгейі, %
Жұмыссыздар, барлығы 60,6 5,0 32,3 4,9 28,3 5,1
Соның ішінде, 15-24 жастағы 100,2 7,5 45,2 6,4 55,0 8,7
25-29 жастағы 77,4 5,8 31,9 4,7 45,5 7,0
30-34 жастағы 50,1 5,6 20,3 4,5 29,8 6,7
35-39 жастағы 42,9 4,4 18,1 3,8 24,8 4,8
40-44 жастағы 49,4 4,8 19,2 3,8 30,2 5,7
45-49 жастағы 49,6 5,1 18,8 4,0 30,8 6,1
50-54 жастағы 32,4 5,8 13,1 5,1 19,3 6,4
55-59 жастағы 13,3 6,1 8,0 5,6 5,3 7,2
60-64 жастағы 60,6 5,0 32,3 4,9 28,3 5,1

Дерек көзі: www.stat.kz

 

2011 жылғы наурыздың соңында жұмыссыздар ретінде тіркел-ген адамдар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 53,7 мың адамды құрады, бұл 2010 жылғы осы кезеңге қарағанда 22,7 мың адамға немесе 29,7%-ға аз. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,6% (2010 жылғы наурызда – 0,9%) болды.

 

13.2 Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Филлипс қисық сызығы. Инфляцияға қарсы саясат

Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәреже-сінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бәсендеуі дезинфляция деп атайды.

Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында, инфля-ция ұзақ уақыт бойы тарихи негізінде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақшаның шығуымен және оның қызметімен байланыстырады. «Инфляция» термині латын сөзі – «inflatio» – қампаю, тұнғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес үкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-шы жылдардың орта кезінде көрінді.

Ақша, тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда, құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаны алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі, тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуы-мен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты.

Сонымен, инфляция – бұл бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді.

Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық және монетарлық емес болып бөлінеді.

Монетарлық емес себептер:

- экономикадағы диспропорциялар;

- әскери-өнеркәсіптік кешеннің дамуына шектен тыс ақшаның бөлінуі;

- тым күшті импорттық тәуелділікте болу кезінде экспорттық сектордың әлсіз дамуы;

- ЖІӨ көлемінің құлдырауы;

- халықтың инфляциялық күтулері.

Монетарлық себептер:

- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы;

- ақша массасы көлемінің инфляция қарқынына әсері. Орталық банк активтерінің ұлғаюы барлық жағдайларда ақша массасының өсіп отыруына алып келеді, бұл төлем қабілет-тілігі бар сұраныстың артуын білдіреді. Нәтижесінде игілік-терге жалпы баға деңгейі өседі;

- ақша айналымы жылдамдығының артуы.

Инфляцияның әртүрлі жіктелу критерийлеріне байланысты көпте-ген түрлерін ажыратуға болады:

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің «тереңдігіне», инфля-цияға қарсы саясаттың инструментарийлеріне байланысты, инфляция айқын (ашық) және басылған-бүркемеленген (жабық) түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді.

Бағалардың еркін құбылуы жағдайларында орын алатын ашық инфляция-ның деңгейін келесі формуламен анықтауға болады:

π = Р – Р-1 / Р-1 × 100%.

мұнда, Р – ағымдағы жылғы бағалардың орташа деңгейі; Р-1 – өткен жылғы бағалардың орташа деңгейі.

2. Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме және бөлшек сауда бағалары-ның динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы құрайды.

Date: 2015-05-09; view: 686; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию