Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мультипликатор теориясы 3 page





Соңында, экономикалық өсудің институционалдық фактор-ларын да атап өткен жөн. Меншік құқығын мемлекеттік қорғау, қоғамдық тәртіпті орнату және қолдау, тәуелсіз сот сияқты институционалдық факторлар экономикалық өсуге оң әсер беріп еңбек өнімділігінің артуында ерекше рөл ойнайды.

Бүгінгі күнге дейін ұзақ мерзімді тұрақты, әрі теңгерімді экономикалық өсудің нәтижелері туралы ортақ пікір жоқ. Сол себепті, әртүрлі макроэкономикалық мектеп өкілдерімен түсіндіріле-тін экономикалық өсудің үлгілері әртүлі алғышарттар мен болжам-дарға сүйенеді.

Экономикалық өсудің теорияларын көптеген экономистер дамытты. Соның ішінде, Дж.Кейнс, Ч.Кобб, П.Дуглас, Э.Денисон, С.Кузнец, Й.Шумпетер, Р.Харрод, Е.Домар, Р.Солоу, Э.Фелпс, П.Ромер, К.Эрроу, Г.Мэнкью, Д.Уэйл, Д.Ромер, Р.Лукас, Х.Юзава сияқты ғалымдар ерекше үлес қосты.

Әдебиеттер тізімі

 

1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672.

8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.

13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.

15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Циклдік толқулардың себептері қандай?

2. Экономикалық цикл неше фазадан өтеді?

3. Экономикалық дағдарыстардың түрлері қандай?

4. Экономикалық циклдің ұзақтылығына байланысты типтері қандай?

5. Экономикалық циклдің факторлары қандай?

6. Экономикалық циклге қарсы саясат шаралары қандай?

7. Экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштері қандай?

8. Экономикалық өсудің факторлары қандай?

9. Экономикалық өсудің Қазақстандағы ерекшеліктері қандай?

10. «Қазақстан-2030» Стратегиясының негізгі басым бағыттары қандай?

11. Экономикалық өсудің негізгі үлгілері қандай?

12. Экономикалық өсудің жағымды және жағымсыз жақтары қандай?

Студенттің өзіндік жұмыстары

1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).

2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

1) Ростоу моделі.

2) Қазақстандағы экономикалық өсудің негізгі бағыттары.

 

4. Тест тапсырмалары:

1. Экономикалық өсу қалай бейнеленуі мүмкін:

A) Өндірістік мүмкіншілік қисығының солға жылжуымен.

B) Өндірістік мүмкіншілік қисығының оңға жылжуымен.

C) Өндірістік мүмкіншілік қисығымен нүктенің қозғалысы арқылы. D) Өндірістік мүмкіншілік қисығы ішінде бір нүктеден екіншіге қозғалу арқылы.

E) Өндірістік мүмкіншілік қисығынан тыс бір нүктеден екіншіге қозғалу арқылы.

2. Қай көрсеткіштің сандық мәні өрлеу фазасында азайып, құлдырау фазасында өседі?

A) Құнды қағаздар бағамы.

B) ЖҰӨ көлемі.

C) Жұмыс аптасының орташа ұзақтығы.

D) Жалақы деңгейі.

E) Өңдеуші өнеркәсіптегі тауар қорларының көлемі.

3. Дж. Кейнстің тұжырымдамасына сәйкес, экономикалық циклдің себебі мынаған байланысты:

A) Тек сыртқы факторлар әсеріне.

B) Тек ішкі факторлар әсеріне.

C) Жиынтық сұраныс динамикасына басымды әсер ететін факторларға.

D) Жиынтық ұсыныс динамикасына басымды әсер ететін факторларға.

E) Тек кездейсоқ саяси факторларға.

4. Экономикалық цикл (кезең) дегеніміз – бұл:

А) Экономикада кезең кезеңмен қайталанатын өрлеу құбылыстары. В) Тұтыну мен инвестициялардың өзара қатынастарының ауытқуы. С) Бір экономикалық фазаның басталуынан екінші бір фазаның басталуына дейінгі кезең.

D) Экономикада кезеңділікпен орын алатын құлдыраулар.

Е) Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара ауытқулары.

5. Жұмыспен толық қамтылған экономикадағы экономикалық өсудің жоғары қарқыны мынаны талап етеді:

A) Қор жинақтау мен инвестицияның төменгі мөлшерін.

B) Қор жинақтаудың жоғары мөлшерін және инвестицияның төменгі мөлшерін.

C) Қор жинақтаудың жоғары мөлшерін және инвестицияның жоғары мөлшерін.

D) Қор жинақтаудың және инвестицияның төменгі мөлшерін.

E) Қор жинақтаудың төменгі мөлшерін және инвестицияның жоғары мөлшерін.

6. Экономикалық циклдің сыртқы факторлары – бұлар:

А) Тұтыну. В) Инвестициялау. С) Соғыстар. D) Үкімет шаралары.

Е) Инфляция.

7. Қысқа мерзімді экономикалық циклдер кімнің атымен аталады?

А) П. Самуэльсонның. В) С. Кузнецтің. С) Дж. Китчиннің.

D) Н. Кондратьевтің. Е) К. Маркстің.

8. Мыналардың қайсысы экономикалық өсудің жағымды жақтарына жатпайды?

А) Әлеуметтік көмектерді арттыру.

В) Адамның табиғатқа белсенді түрде араласуы.

С) Адамдардың мәдени деңгейін арттыру.

D) Адамдардың тұлға ретінде даму мүмкіндіктіктерін өсіру.

Е) Тұтыну стандарттарын арттыру.

9. Экономикалық циклдің өрлеу немесе шың фазасында экономикада не байқалады?

А) Бағалардың едәуір өсуі. В) Жалақының артуы. С) Фрикциондық жұмыссыздықтың мардымсыз орын алуы. D) Жинақтау көлемінің артуы. Е) Осы аталғандардың барлығы.

10. Экономикалық өсудің қарқынын графикалық түрде қандай қисық нақты бейнелей алады?

А) Жалпы шығындар қисығы. В) Инвестиция мен жинақтар қисығы. С) Өндірістік мүмкіндіктер қисығы. D) Сұраныс қисығы. Е) Ұсыныс қисығы.

11. Экономикалық өсу дегеніміз – бұл:

A) Құлдырау алдындағы өндіріс деңгейінің өсуі.

B) Бір экономикалық циклдің басынан екінші экономикалық циклдің басына дейінгі кезең.

C) Ұлттық өнімнің сандық және көлемдік жағынан ұлғаюы.

D) Ұлттық өнімнің сандық ұлғаюы және сапалық жетілдірілуі.

E) Берілген жылдағы инвестиция өсімінің алдыңғы жылғы ұлттық табыс өсіміне сандық қатынасын көрсететін жағдай.

12. Алғашқы экономикалық тоқырау қай елде болды:

A) АҚШ-та. B) Қазақстанда. C) Германияда. D) Англияда.

E) Канадада.

13. Елімізде тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы экономикалық өсу қарқыны қай жылы байқалды деп айтуға болады?

А) 1992 жылы. В) 1995 жылы. 1999 жылы. С) 2000 жылы. D) 2001 жылы. Е) 1997жылы.

14. Экономикалық өсудің ұсыныс факторлары қалай сипатталады?

А) Табиғи ресурстармен.

В) Еңбек ресурстарымен.

С) Негізгі капиталдың көлемімен.

D) Технологиямен.

Е) Аталғандардың барлығы дұрыс берілген.

15. Мына көрсеткіштердің қайсысы проциклдік параметрлерге жатады?

А) Экспорт көлемі. В) Корпорациялардың пайдасы.

С) Жұмыссыздық дәрежесі. D) Дайын өнім қорлары.

Е) Фирмалардың банкроттыққа ұшырауы.

16. Н.Д. Кондратьевтің «ұзын толқындары» теориясын кім дамытты:

А) С. Кузнец. В) Дж.М. Кейнс. С) Й. Шумпетер. D) В. Леонтьев.

Е) Э. Хансен.

17. Домар мен Харродтың экономикалық өсу үлгілерінде қандай факторға басты назар аударылады:

А) Салықтарға. В) Мемлекеттік шығындарға. С) Адам капиталы факторына. D) Инвестициялық факторға. Е) Ұлттық табысқа.

18. Экономикалық өсу типтеріне мыналар жатады:

A) Экстенсивті, интенсивті және аралас. B) Экстенсивті және аралас. C) Интенсивті және аралас. D) Еңбектік және капиталдық.

E) Шикізаттық және ақшалай.

19. Экономикалық циклдің форрестерлік типінің басты ерекшелігі:

А) Өркениеттердің дамуы. В) Энергия мен материалдар. С) Тұрғын үй құрылысы. D) Техникалық проресс. Е) Тауарлық қорлардың көлемі.

20. Экономикалық циклдің құлдырау фазасында қандай құбылыс байқалады?

А) Жаппай жұмыссыздықтың орын алуы.

В) Жалақының төмендеуі.

С) Бағалардың айтарлықтай өсуі.

D) Инвестициялардың артуы.

Е) Тауарлардың кем өндірілуі.

21. Мына алғышарттардың қайсысы экономикалық өсудің неоклассикалық моделін құруда қарастырылмайды?

А) Бағалардың икемділігі.

В) Жетілген бәсеке.

С) Өндіріс факторларының өзара алмастырылуы.

D) Өндіріс ауқымының тұрақтылығы.

E) Мемлекеттік реттеуді жүзеге

асыру.

22. Экономикалық циклдың фазалары – бұлар:

A) Өндіріс, еңбек бөлінісі, мамандандыру, сауда.

B) Жиынтық сұраныстың қысқаруы, жиынтық ұсыныстың қысқаруы, бағалардың құлдырауы, өндірістің жандануы.

C) Өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну.

D) Өрлеу, құлдырау, тоқырау, жандану.

E) Туу, өсу, кемелдену, шегіне жету.

23. Экономикалық өсу мынадай түрде бейнеленеді:

A) Өндіріс мүмкіндіктері қисығының оңға жылжуымен.

B) Өндіріс мүмкіндіктері қисығындағы нүктенің жылжуымен.

C) Өндіріс мүмкіндіктері қисығының солға жылжуымен.

D) Өндіріс мүмкіндіктері қисығының ішінде орналасқан нүктелердің біреуінен екіншісіне жылжумен.

E) Өндіріс мүмкіндіктері қисығының сыртындағы нүктелердің біреуінен екіншісіне жылжуымен.

24. Экономикалық циклдің фазаларын алғаш рет кім зерттеп қарастырып еді?

А) Н. Кондратьев. В) С. Кузнец. С) К. Жугляр. D) К. Маркс. Е) Дж. Китчин.

25. Жуглярдың циклдерін қандай себептермен байланыстыруға болады?

А) Ақша айналымымен.

В) Жиынтық сұраныстың үнемі жеткіліксіздігімен.

С) Инвестициялық процесстердің кезеңділігімен.

D) Тауардың өмір сүру уақытымен.

Е) Инновациялармен.

26. Экономикалық өсудің интенсивті типі кезінде өндіріс көлемінің ұлғаюы ненің есебінен орын алады?

А) Жаңа өндірістік куаттылықты енгізу арқылы.

В) Еңбек өнімділігінің артуымен.

С) Өндірістің тиімділігін арттырумен.

D) Ғылыми жетістіктерді енгізу жолымен.

Е) Осы аталғандардың барлығы дұрыс.

27. Қазіргі уақытта Қазақстанда адам басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші қанша долларға жетіп отыр?

А) 6500-7000 долл. В) 3500-4500 долл. С) 5500 долл. D) 1200 долл.

Е) 1000 долл.

28. С. Кузнецтің циклдері – бұл ұзақтылығы қанша жылға созылатын экономикалық толқулар?

А) 10 жылға.В) 18-25 жылға. С) 2-4 жылға. D) 48-65 жылға. Е) 200 жылға.

29. Экономикалық өсудің қандай моделінде ҒТП басты фактор ретінде қарастырылады?

А) Солоу үлгісінде. В) Кейнстің моделінде. С) Харродтың үлгісінде. D) Домардың үлгісінде. Е) Кобб-Дуглас моделінде.

30. Мыналардың қайсысы экономикалық циклдің фазаларына жатпайды?

А) Инфляция. В) Құлдырау. C) Тоқырау. D) Шың. E) Көтерілу.

31. Қазақстанда алғашқы экономикалық өсім қанша пайыз болды?

А) 1998 жылы 2 % болды. В) 1999 жылы 2,7 % болды. С) 2000 жылы 10 % болды. D) 1995 жылы 0,5 % болды. Е) 1996 жылы 9.6 % болды.

32. Мына көрсеткіштердің қайсысы контрциклдік парамертлерге тән болып табылады?

А) Корпорациялардың пайдасы.

В) Экспорт. С) Жұмыссыздық дәрежесі.

D) Өндірістік қуаттардың қолданылуы. Е) Баға деңгейі.

33. Экономикалық өсудің экстенсивті жолының көздері қандай?

А) Технологиялық өзгерістер. В) Жұмыскерлердің біліктілік деңгейі. С) Жұмысшылар санының артуы. D) Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар. Е) Еңбек өнімділігінің артуы.

34. «Ұзын толқындар» теориясы кімнің атымен байланысты:

А) К. Маркстің. В) Дж.М. Кейнстің. С) Н.Д. Кондратьевтің.

D) Й. Шумпетердің. Е) С. Кузнецтің.

35. Кез-келген елде экономикалық өсуді өлшеудің басты көрсеткіші:

А) Мемлекеттік бюджет. В) Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. С) Жан басына шаққандағы ЖІӨ. D) Инвестициялар. Е) Ұлттық байлық.

36. Экономикалық циклдің өрлеу фазасында қандай параметрлер байқалады?

А) Несие пайызының ең төменгі деңгейі.

В) Бағалардың едәуір өсуі.

С) Жинақтардың төмендеуі.

D) Жұмыссыздықтың сәл азаюы.

Е) Тауарлардың артық өндірілуі.

37. Экономикалық өсудің сұраныс факторлары қалай сипатталады?

А) Жиынтық шығындардың деңгейімен.

В) Ресурстарды тиімді пайдалану арқылы.

С) Технологиямен.

D) Еңбек ресурстармен.

Е) Адам капиталын жетілдіру жолымен.

38. Экономикалық циклдің тоффлерлік типінде басты ерекшелік ретінде не қарастырылады?

А) Инфляция мен жұмыссыздық. В) Негізгі қорлар. С) Өркениеттік даму. D) Миграция мәселелері. Е) Демографиялық факторлар.

39. Орта мерзімдік экономикалық циклдің толқулары қанша жылға дейін созылуы мүмкін?

А) 40 жылға дейін. В) 65 жылға дейін. С) 12 жылға дейін. D) 5 жылға дейін. Е) 25 жылға дейін.

 

13-ТАҚЫРЫП

Жұмыссыздық пен инфляция мәселелері макроэкономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде

Мақсаты: макроэкономикалық тұрақсыздықтың негізгі белгілері ретінде көрінетін жұмыссыздық пен инфляцияның негізгі себептеріне, түрлеріне, көрсеткіштеріне және оларға қарсы реттеу шараларына кеңінен тоқталу.

 

Талқылау сұрақтары:

13.1 Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері, зардаптары, оған қарсы күрес шаралары. Оукен заңы

13.2 Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Филлипс қисық сызығы. Инфляцияға қарсы саясат

 

Негізгі ұғымдар: жұмыссыздық, толық жұмысбастылық, жұмыссыздық деңгейі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, фрикциондық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік жұмыссыздық, Оукен заңы, жұмыссыздықтың зардаптары, инфляция, дефляция, дезинфляция, инфляция қарқыны, баяу инфляция, үдемелі инфляция, гиперинфляция, импортталған инфляция, ашық инфляция, жабық инфляция, Филлипс қисық сызығы, инфляцияға қарсы саясат, т.б.

 

13.1 Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері, зардаптары, оған қарсы күрес шаралары. Оукен заңы

 

Жұмыс күші – бұл адамның еңбекке деген қабілеттілігі; адам-дардың игіліктерді өндіру үрдісіндегі физикалық және ой қабілеттіліктерінің жиынтығы; елдегі жұмыскерлердің жалпы саны; жұмыспен қамтылған мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір бөлігі.

Жұмыссыздық – бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұра-ныстан артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы. Еңбек нарығында тепе-теңдік орын алғанда экономикада толық жұмысбастылық қалыптасады. Бірақ ақпараттың жетілмегендігінен еңбекке қабілетті халықтың белгілі бір бөлігі жұмыс таппай қалады.

16 жастан бастап және одан жоғары жастағы халықты мынадай екі топқа бөліп қарастырады:

1) экономикалық белсенді халық (бұл топқа жұмыс күші жатады, ол өз кезегінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар болып бөлінеді);

2) экономикалық белсенді емес халық (бұлар жұмыс күші құрамына кірмейтін оқушылар, зейнеткерлер, т.б.).

Жұмыссыздықтың негізгі көрсеткіші болып жұмыссыздық деңгейі табылады, ол жұмыссыздар санының жұмыс күшінің жалпы санына (жұмыс істейтіндер мен жұмыс істемейтіндер санының сомасына) қатынасы арқылы анықталады және пайыздық көрсеткіш-ке ие болады:

немесе,

мұндағы, u – жұмыссыздық деңгейі, U - жұмыссыздар саны, L – жұмыс күші, E – жұмыспен қамтылғандар саны.

 

Төмендегі кестеден Қазақстандағы еңбек нарығы көрсеткіш-терінің динамикасын көруге болады (сурет 13.1).

Кесте 13.1 2001-2010 жылдардағы Қазақстандағы

еңбек нарығының динамикасы

мың адам

                   
Жұмыс күші
7479,1 7399,7 7657,3 7840,6 7901,7 8028,9 8228,3 8415,0 8457,9 8610,7
Жұмыспен қамтылғандар
6698,8 6708,9 6985,2 7181,8 7261,0 7403,5 7631,1 7857,2 7903,4 8114,2
Жалдамалы қызметкерлер
3863,3 4030,2 4229,6 4469,9 4640,5 4776,6 4973,5 5199,4 5238,8 5409,4
Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер
2835,5 2678,7 2755,6 2711,9 2620,4 2626,9 2657,6 2657,8 2664,6 2704,8
Жұмыссыздар
780,3 690,7 672,1 658,8 640,7 625,4 597,2 557,8 554,5 496,5
Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен
10,4 9,3 8,8 8,4 8,1 7,8 7,3 6,6 6,6 5,8
Жастар жұмыссыздығының деңгейі, пайызбен
19,1 17,3 14,5 14,3 13,4 12,1 9,4 7,4 6,7 5,2
Экономикалық белсенді емес халық
3175,8 3155,3 3278,6 3383,4 3476,9 3493,9 3463,2 3416,2 3500,3 3487,7

Дерек көзі: www.stat.kz

 

Кестеден көріп отырғанымыздай, осы жылдар аралығында еңбек нарығы көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалып отыр. Жалпы халық санындағы экономикалық белсенді халықтың үлесі, яғни жұмыс күшінің саны жылдан жылға артып келеді. Жұмыс күші жұмыспен қамтылғандар санының өсуімен бірге жүріп отыр және керісінше, оның құрамындағы жұмыссыздар санының, сонымен қатар, жұмыс-сыздық деңгейінің жылдан жылға азайып келе жатқандығын байқай-мыз.

Жұмыссыздықтың мынадай негізгі үш түрі орын алады:

1) фрикциондық жұмыссыздық – адамдардың әртүрлі өмір кезеңдерінде бір жұмыс орнынан басқа бір жұмыс орнына тұрақты түрде ауысып отыруына байланысты туындайтын қысқа мерзімдегі еркін жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыс іздеумен және оны күтумен байланысты. Азаматтардың кәсіби біліктілігі мен жеке талғамдарына сәйкес келетін жұмыс орындарын іздеу белгілі бір уақытты талап етеді. Мұндай жағдайда, бос жұмыс орындары және оған лайық азаматтар туралы ақпараттар жетілмеген болып табыла-ды. Жұмыскерлердің территориялық жағынан орын ауыстыруы да белгілі уақытты талап етеді. Жұмыс күшінің бір бөлігі кәсіби мүдделерінің, тұрғылықты мекен-жайларының өзгеруімен және басқа да себептердің болуымен байланысты өз қалауы бойынша жұмыстан шығып кетіп отырады. Сондай-ақ, жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген азаматтар да жұмыссыздықтың осы категориясына кіреді. Мысалы, оқу бітіріп диплом алған жас маман иесі өз біліктілігін іске асыру үшін аса қолайлы жұмыс орнын іздеуі мүмкін. Фрикциондық жұмыссыздыққа тап болған азаматтар жұмысқа деген қабілетті-ліктерін еш жоғалтпай оны кез-келген уақытта еңбек нарығында іске асыра алады. Еңбек нарығының үнемі өзгеріп отыруына орай және адамдардың жұмыспен қамтылғандар категориясынан жұмыссыздар категориясына үнемі ағылуынан және керісінше ағылуынан жұмыс-сыздықтың бұл түрінен құтылуға болмайды.

Date: 2015-05-09; view: 1156; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию