Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Фирма теориясы. 6 page





1. Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – мемлекеттің салық салу және мемлекеттік шығындар арқылы экономикаға әсер етуі.

2. Ақша-несие (монетарлық) саясаты – мемлекеттің елдің ақша, несие және банк жүйелері жолымен экономикаға әсер етуі.

3. Әлеуметтік саясат – ел азаматтарының әлеуметтік жағдайларын қорғау және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған макроэкономикалық реттеудің маңызды бір бағыты.

4. Сыртқы экономикалық саясат – мемлекеттің ашық экономика жағдайында халықаралық сауда қатынастарына араласа отырып, ұлттық экономиканың өсуі мен тиімділігін арттыру, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспортты реттеуге араласуы.

Экономикалық саясаттың осындай түрлеріне біз алдағы тақырып-тарда жеке-жеке тоқталып өтетін боламыз.

Макроэкономикалық талдау микроэкономикалық талдаумен тығыз байланысты, өйткені, микроэкономикалық байланыстар макроэкономи-калық құбылыстардың негізі болып табылады.

Сонымен, макроэкономика – бұл экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым. Ол экономикада болып жатқан өзгерістерді түсіндіруге, нарықтық жүйенің қызмет етуін жақсарту бойынша экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.

 

10.2 Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы

 

Макроэкономикалық теорияда ұлттық экономика шеңберінде табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы туралы зерттеледі.

Нарықтық қатынастар жағдайында алуан түрлі тауарлар мен қызметтердің көптеп өндіріледі, ал олардың өндірісіне әртүрлі фактор-лар қатысады. Нарықтың белгілі субъектілері әртүрлі факторлардың иелері ретінде табыстарды алып отырады. Бірақ осындай субъектілердің табыстары бір уақытта нарықтағы басқа бір субъектілердің шығындары ретінде көрінеді. Сондықтанда, макроэкономикалық талдау тұрғысынан табыстар мен шығындардың айналымы туралы қарастырудың маңызы зор болып табылады.

Негізінен, ұлттық экономика шеңберінде айналатын табыстар мен шығындардың қалыптасуына нарықтың барлық субъектілері қатысады. Ол қарапайымнан күрделіге қарай кете береді. Осындай айналымның бірнеше түрлері орын алады.

1. Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуынсыз табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.

2. Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуымен табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.

3. Ашық экономикадағы табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.

Біздің мысаламызда мемлекет және сыртқы орта қатыспайтын табыстар мен шығындардың қарапайым айналым үлгісі сөз етіледі (сурет 10.1).

 

Сурет 10.1 Ұлттық экономикадағы табыстар мен шығындардың шеңберлі айналым үлгісі

 

 

Осы сызбадан көріп отырғанымыздай, сағат тілі бойымен жүретін бағыт бойынша үй шаруашылықтарынан өндіріс факторлары нарығына факторлық қызметтер (еңбек, капитал, жер қызметтері) келіп түседі. Өз кезегінде, игіліктер нарығы арқылы фирмалардан үй шаруашылықтары-на әртүрлі материалдық және материалдық емес игіліктер келіп түседі. Сағат тілі бойымен жүретін ресурстар мен соңғы өнімдер ағынын нақты ағындар деп атайды. Нақты ағындар ақшалай ағындармен қамтамасыз етіліп отырады. Сондықтан сағат тіліне қарсы жүретін бағытты ақшалай ағындар деп атайды. Фирмалардан үй шаруашылық-тарына факторлық қызметтердің төлемдері келіп түседі. Үй шаруашы-лықтары үшін – бұл олардың табыстары болып табылады. Ал фирмалар үшін – бұл олардың шығындары ретінде көрінеді. Әріқарай сағат тіліне қарсы бағыт бойынша үй шаруашылықтарынан фирмаларға соңғы тауарлар мен қызметтерді сатып алғаны үшін төлемдер келіп түседі. Үй шаруашылықтары үшін бұл ақшалай төлемдер шығындары, ал фирма-лар үшін табыстары болып табылады.

Сонымен, бұл суретте жабық экономикадағы нақты игіліктер ағыны мен ақшалай ағындардың шеңберлі айналымы көрсетілген.

 

10.3 Ұлттық шоттар жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері

Экономикалық теория ұлттық өндірістің жиынтық көлемі мен нәтижелерін өлшеу үшін ұлттық шоттар жүйесін және оның құрамындағы агрегатталған макроэкономикалық көрсеткіштерді қолданады.

Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) – бұл елдің экономикалық қызметінің жалпы нәтижелері туралы көрсеткіштерді алу үшін құрылатын кестелер мен есеп-шоттар түріндегі өзара байланысқан статистикалық көрсеткіштердің жүйесі. ҰШЖ-н алғаш рет американдық экономист, Нобель сыйлығының иегері (1901-1985) Саймон Кузнец жасаған. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап ол Біріккен Ұлттар Ұйымымен мақұлданып, барлық елдерге стандартты жүйе ретінде ұсынылды. ҰШЖ-не кіретін әртүрлі көрсеткіштер ұлттық өндірістің деңгейін белгілі бір уақыт мезетінде өлшей алады, экономиканың қызмет етуіне әсер ететін факторларды ашып көрсете алады, экономиканың болашақтағы даму үрдістерін анықтай алады, мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыруға және оны жүргізуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, ҰШЖ ұлттық экономиканың тепе-теңдік жағдайын және оның жағдайына әсер ететін экономикалық саясаттың жай-күйін анықтайды. ҰШЖ-де бір жағынан, қолда бар ресурстардың жалпы көлемі, ал екінші жағынан, сол ресурстардың қолданылу деңгейі анықталады. Ол экономикалық қатынастарға қатысушылардың арасындағы жиынтық айырбас операцияларының тепе-теңдігін көрсетеді.

ҰШЖ құрамында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) аса маңызды көрсеткіш болып табылады. ЖІӨ - бұл бір жыл ішінде белгілі бір елдің территориясында өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық ақшалай құны. ЖІӨ-ді дұрыс есептеу үшін берілген жылы өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің құны есепке алынуы тиіс, яғни бұл жерде қайта есептеу болмау керек. Бұл соңғы игіліктер үй шаруашылықтары немесе фирмалар шеңберінде тұтынылады және аралық өнімдерге қарағанда қайта өңдеуге қатыспайды. Мысалы, азық-түлік тауарлары, кір жуғыш машиналар, шаштараз қызметі, т.б. Ал осылармен салыстырғанда, мәселен, нан зауытының нан пісіру үшін сатып алатын ұн өнімі аралық өнім болып табылады.

ЖІӨ көрсеткішінің құрамына кейбір келісімдер бойынша жасалған құндар кірмейді:

1. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес келісімдерді есепке алмайды. Оларға таза қаржылық келісімдер мен ұсталған тауарларды сату жатады. Қаржылық келісімдердің үш түрі орын алады: а) мемлекет-тің трансферттік төлемдері (сақтандыру жарналары, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар, шәкіртақылар, т.б.); ә) жеке трансферттік төлемдер (студенттерге ата-анасының ақша аударуы, туыстарының берген сыйлықтары, т.б.); б) құнды қағаздар бойынша келісімдер (акцияларды, облигацияларды сату-сатып алу, т.б.).

2. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес қызметтің түрлерін есепке алмайды. Оларға үй шаруасындағы отбасылық жұмыстар, көршіге көмек беру, қайырымдылық қызметтері және қызметтің басқа да түрлері жатады.

3. Бір жыл ішінде жасалған қоғамға зиян алып келетін кейбір келісімдерді есепке алмайды. Мәселен, есірткіні сату.

ЖІӨ-ді есептеудің негізгі үш әдісі бар:

1. Қосылған құн әдісі. Қосылған құн көрсеткіші ЖІӨ-де қос есептеуді болдырмайды. Ол дайын игіліктерді сату құны мен материалдарды, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, басқа да ресурстарды сатып алу құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Басқаша айтқанда, қосылған құн – бұл фирманың басқа фирмалардан сатып алып тұтынған шикізаттары мен материалдардың құнын алып тастағандағы өнімінің нарықтық бағасы. Елдегі барлық фирмалардың өндірген қосылған құндарын қосу арқылы ЖІӨ-ді анықтауға болады, яғни ол соңғы нәтижесінде шығарылған тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын сипаттайды.

2. Шығындар әдісі бойынша ЖІӨ-ді есептеу. Шығындар негізінде ЖІӨ-ді есептеу кезінде ұлттық экономика масштабындағы барлық экономикалық субъектілердің шығындары есепке алынады:

1) Үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары (C).

2) Фирмалардың жалпы жеке инвестициялары (I).

3) Мемлекеттік шығындар (G).

4) Таза экспорт (NX).

Осы шығындар ЖІӨ көлемін (Y) құрайды және ол жылдық өндірістің нарықтық бағасын көрсетеді:

Y = C + I + G + NX.

Бұл формула негізгі макроэкономикалық теңдестік деп аталады.

3. Табыстар бойынша ЖІӨ-ді есептеу әдісі. ЖІӨ-ді осы әдіс арқылы факторлық табыстардың жиынтық сомасы деп қарастыруға болады. Жалақы, пайыз, рента, пайда сияқты факторлық табыстардың есепке алынуымен қатар, жанама салықтар, амортизация, меншіктен түскен табыстар, бөлінбеген пайда көрсеткіштері де ЖІӨ-ге жатқызылады.

Шығындар мен табыстар бойынша есептелетін ЖІӨ-ді төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады:

 

Кесте 10.1 ЖІӨ-ді есептеу әдістері

Шығындармен есептелген ЖІӨ Табыстармен есептелген ЖІӨ
1. Тұтыну шығындары (С) 1. Жалақы (w)
2. Жалпы жеке инвестициялар (І) 2. Пайыз (r)
3. Мемлекеттік шығындар (G) 3. Рента (R)
4. Таза экспорт (NX) 4. Пайда (P)
5. Жанама салықтар (Tindirect)
6. Амортизация (d)

 

Осы екі әдіс арқылы ЖІӨ бойынша шығындар мен табыстар бір-біріне тең болады, яғни нәтижесінде бірдей шаманы көрсетуі тиіс.

ҰШЖ-гі екінші макроэкономикалық көрсеткіш – ол жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖҰӨ - бұл ел азаматтарының ел ішінде және оның сыртында ұлттық факторлардың көмегімен өндірген соңғы тауарлар мен қызметтерінің жылдық құны.

ҰШЖ-гі ЖІӨ мен ЖҰӨ-нен басқа макроэкономикалық көрсеткіштер бар. Оларға таза ішкі өнім (ТІӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ) және қолда бар табыс (ҚБТ) жатады.

ТІӨ - ЖІӨ мен амортизациялық аударымдар арасындағы айырма.

ТІӨ көрсеткіші тозған құрал-жабдықтарға амортизациялық аударымдарды аударып болғаннан кейінгі тұтынуға қажетті түпкілікті өнімдер мен қызметтердің соңғы нарықтық құнының жиынтығын көрсетеді. ТІӨ-нің құрамында акциздер, кедендік салықтар және қосылған құн салығы сияқты жанама салықтардың түрлері болады. Осы салықтарды ТІӨ-нен азайтсақ, макроэкономикалық көрсеткіштің келесі түрін аламыз.

ҰТ – ел тұрғындарының еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет сияқты ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының иелері ретінде жалақы, пайыз, рента және пайда түрінде тапқан табыстарының жиынтығы. Алайда осындай табыстардың барлығы түгелімен тұтыну мен жинақтауға кетпейді. Олай болса, ҰТ-тан жеке табыс көрсеткіші алынады.

ЖТ – ел тұрғындары мен фирмалардың салықтық төлемдерді төлегенге дейінгі тапқан табыстарының жиынтығы. ЖТ-ты табу үшін ҰТ-тан әлеуметтік сақтандыру жарналарын, корпорацияның бөлінбеген пайдасын, корпорациялық табыс салығын алып тастап трансферттік төлемдерді қосу керек.

ҚБТ - ел азаматтарының барлық салықтық төлемдерді төлегеннен кейінгі тапқан табыстарының жиынтығы. ҚБТ көрсеткішін есептеу үшін ЖТ-тан салықтық төлемдерді алып тастау қажет. ҚБТ көрсеткішін соңында азаматтар екі мақсатпен жұмсайды, яғни оның бір бөлігі тұтынуға кетеді, ал қалған бөлігі жинақталады.

Сонымен, ҰШЖ-гі аталған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жиынтық өнім мен жиынтық табыстың сандық нәтижелерін бағалап көрсетеді. Сандық көрсеткіштермен қатар сапалық көрсеткіштерді де атап өткен жөн. Мәселен, жан басына шаққандағы ЖІӨ, таза экономикалық әл-ауқат және ұлттық байлық деген көрсеткіштер тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін, экономикалық өсудің жағымды жақтарын, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін сипаттай алады.

 

10.4 Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі

 

ЖІӨ және ҰТ сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштер болғандықтан, олардың көлемі елдегі бағалар деңгейіне тәуелді болып табылады. Өндіріс көлемінің шамасын анықтау үшін индекс түрінде көрінетін бағалар деңгейінің қандай екендігін білу қажет.

Бағалар индексі – бұл осы жылдағы (ағымдық) тауарлар мен қызметтердің белгілі бір жиынының (тұтыну себеті) жиынтық бағасы мен өткен жылғы (базистік) тауарлар мен қызметтердің сондай тобының жиынтық бағасы арасындағы арақатынас.

 

Осы жылғы бағалар индексі =

осы жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы / өткен жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы × 100%.

 

Мысалы, 2012 жылы тұтыну қоржынының нарықтық құны 64 долларға тең; ал өткен 2011 жылы 50 долларға тең болса, онда 2012 жылғы бағалар индексі мынадай болады:

2012 жылғы бағалар индексі = 64 / 50×100% = 128%.

ЖІӨ-нің бағалар индексі. ЖІӨ-нің бағалар индексін ЖІӨ дефляторы деп атайды. Ол тұтынушылық тауарлар мен қызметтер-дің бағаларынан, инвестициялық тауарлардың бағаларынан, мемле-кеттің сатып алатын тауарларының бағаларынан және әлемдік нарықта сатылған және сатып алынған тауарлар мен қызметтердің бағаларынан құралады. ЖІӨ дефляторы ақшалай нысандағы, яғни атаулы ЖІӨ-ді бағалардың өзгеруіне байланысты түзетуші көрсеткіш болып табылады.

ЖІӨ дефляторы арқылы әртүрлі жылдар арасындағы өндіріс көлемін салыстыруға болады. Әртүрлі жылдар үшін алынатын бағалар индексінің жиыны бағалардың қаншалықты өскендігін немесе төмендегендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, біз ЖІӨ-нің ақшалай, уақытша және сандық көрсеткіш екендігіне көз жеткіземіз. Оның шамасына өндірілген өнімнің санымен қатар, бағалар деңгейі де әсер етеді. Олай болса, біз ЖІӨ-нің екі түрін бөліп көрсетеміз:

1. Атаулы ЖІӨ - ағымдағы нарықтық бағалармен есептелетін ЖІӨ-нің деңгейі.

2. Нақты ЖІӨ - бағалар деңгейінің шамасын (инфляция және дефляция) есепке ала отырып түзетілген немесе тұрақты бағалармен есептелетін ЖІӨ-нің деңгейі.

Осыған байланысты ЖІӨ дефляторы төмендегі формуламен есептеледі:

 

ЖІӨ дефляторы = атаулы ЖІӨ / нақты ЖІӨ.

 

Сәйкесінше:

Нақты ЖІӨ = атаулы ЖІӨ / ЖІӨ дефляторы.

Біздің мысалымызда, 2012 жыл үшін атаулы ЖІӨ деңгейі 64 долларға тең, ал ЖІӨ дефляторы – 128, онда нақты ЖІӨ 50 долларға тең болады.

Нақты ЖІӨ ұлттық экономиканың даму деңгейін аса нақты түрде есептей алады.

Тұтынушылық бағалар индексі. ЖІӨ дефляторынан басқа бір индекс тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ) де аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оның құрамына тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің бағалары кіреді. Бұл жерде тұтынушылық тауарлар мен қызметтер құрамының жиынын «тұтыну себеті» (потребительская корзина) деп атайды. Тұтыну себеті адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және олардың өмір сүруінің негізі болып табылатын бірінші қажеттіліктегі ең маңызды заттарды есепке алады. Мәселен, АҚШ-та ТБИ тұтыну себетінің құрамына кіретін 300-ден астам тауарлар мен қызметтердің бағаларын есепке алады.

ТБИ-дың ЖІӨ дефляторынан басты айырмашылығы мынадан көрінеді, яғни ТБИ нарықтық тұтыну себетінің құрамын тұрақты, өзгермейді деп болжайды. Жылдан жылға тауарлар мен қызметтердің құрылымы өзгеріссіз қалады. Ал ЖІӨ дефляторы нарықтық тұтыну себетінің құрамы жылдан жылға өзгеріп отырады деп болжайды.

Бірақ, біз белгілі бір дәрежеде бағалар индексінің салыстырмалы көрсеткіштер болып табылатындығын және ЖІӨ дефляторының да, ТБИ-дың да өзіне тән кемшіліктерінің бар екендігін айтып өткеніміз жөн.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672.

8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.

13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.

15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері қандай?

2. Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері қандай?

3. Макроэкономикалық саясаттың негізгі құралдары қандай?

4. Ұлттық экономикада табыстар мен шығындар айналымы қалай жүреді?

5. Ұлттық шоттар жүйесі дегеніміз не?

6. Жалпы ішкі өнім мен жалпы ұлттық өнімнің арасында қандай айырмашылық бар?

7. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер қандай?

8. Жалпы ішкі өнімді есептеудің қандай әдістері бар?

9. Елдегі бағалар деңгейі жалпы ішкі өнімнің қарқынына қалай әсер етеді?

10. Бағалар индексі дегеніміз не?

Студенттің өзіндік жұмыстары

1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).

2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

1) Көлеңкелі экономика және оның түрлері.

2) Ұлттық байлық және оның құрылымы.

 

4. Тест тапсырмалары:

1. Еңбекақы қандай көрсеткішті есептегенде ескеріледі:

А) ЖҰӨ-ді табыс бойынша. В) ЖҰӨ-ді шығын бойынша.

С) Мемлекеттік кәсіпорындарға таза субсидияны. D) Соңғы өнімді.

Е) Аралық өнімді.

2. Макроэкономиканың негізін қалаған кім?

А) М.Фридмен. В) И.Фишер және Хидоури. С) Й.Шумпетер.

D) Дж.М.Кейнс. Е) К.Маркс.

3. Францияда жұмыс істейтін Италияндық жұмысшылар сол жақтан жалақы алады. Олардың табыстары қандай көрсеткішті арттырады?

A) Францияның ЖҰӨ-ін; B) Францияның ЖІӨ-ін; C) Италияның ЖІӨ-ін; D) Италияның ТҰӨ-ін; E) Францияның ЖҰӨ мен Италияның ЖІӨ.

4. Атаулы ЖҰӨ-гі тауарлар мен қызметтер қандай бағамен анықталады:

A) Ағымдық бағамен; B) Нақты бағамен;

C) Базистік кезең бағасымен; D) Өткен жылдың бағасымен;

E) Натуралды көрсеткішпен.

5. Егер, ҰТ-тан корпорация пайдасына салықты, бөлінбеген пайданы, әлеуметтік сақтандыру нормасын айырып, сосын трансферттік төлемді қосса, не шығады:

A) ЖТ; B) Амортизация; C) ЖҰӨ; D) ТҰӨ; E) ҚБТ.

6. Төмендегілердің қайсысы негізгі макроэкономикалық мақсатқа жатпайды?

A) экономикалық өсу; B) толық жұмысбастылық; C) тауар бағасын түсіру; D) табысты шынайы бөлу; E) сыртқы сауда балансы.

7. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

А) Жалпы ішкі өнімге территориялық сипат тән;

В) ЖІӨ - қосылған құндар сомасы;

С) ЖІӨ резиденттердің ел сыртында өндірген тауарлары мен қызметтерінің құнын есепке алмайды;

D) ЖІӨ - белгілі бір уақыт аралығында, белгілі бір елдің территориясында өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны;

Date: 2015-05-09; view: 1817; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию